Сабақтың тақырыбы : Ұқсас дыбыстарды ажырату Сабақтың мақсаты



Дата17.11.2017
өлшемі40.11 Kb.
түріСабақ
ҰҚСАС ДЫБЫСТАРДЫ АЖЫРАТУ

АМИРЕШЕВА А.С.

Ақтөбе қаласы Қарғалы селосы М. Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Ұқсас дыбыстарды ажырату

Сабақтың мақсаты:


  1. Ұқсас дыбыстарының дұрыс айтылуын, фонематикалық есту қабілеттерін, сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.

  2. Ұқсас дыбыстарды сөзде, сөйлемде ажырата білуге, жауапты толық беруге үйрету.

  3. Ұқсас дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасау,сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтарды пайдаланып жаңа сөз құрастыруға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ұқсас дыбыстардың фонемаларының артикуляциялық кескіні, тілге арналған артикуляциялық жаттығулардың суреті, айна, кеспе суреттер, текемет, әріптер жинағы, ойыншықтар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (1-2 минут)

(Психологиялық дайындық) Тренинг

Ұқсас дыбыстарға қатысты өлең шумақтарын сұрау.

Көктем.

Көктем кандай _____________________



Күміс жаңбыр ______________________

Мөлдір аспан ______________________

Күннің көзі _________________________

Керекті сөздер: ашылып, көрінді, көңілді, төгілді.

3. Тыныс алу жаттығуы.

«Текеметтің шашақтарын үрлеу»

4. Ұқсас дыбыстарына арналған артикуляциялық жаттығулар.

«Тілазар бала» ойын жаттығуы.

Ат болып шапты, әткеншек тепті 1,2,3 түрі, автомат атып ойнады.

Имитация – есінеу, жөтелу.

5. Фонематикалық дұрыс есту қабілеттерін жетілдіру.

Логопед: Сенің құлағың тыңдай біле ме? Мен С және Ш дыбыстарына сөз айтамын.Сендер сол дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін қолдарыңдағы белгі бойынша көрсетіп анықтайсыңдар.

Мысалы: сана,сағат, шана, асық, қуыршақ, шалбар, кесе, ағаш, шаңырақ, шар, асық, машина, сылдырмақ.

6. Ұқсас дыбыстарды буын ішінде бекіту.

«Бағдаршам» ойыны. Балалардың қолында қызыл,жасыл дөңгелек.

Логопед: Мен әр түрлі сөздер айтамын. Дұрыс сөзде-жасылды, бұрыс сөзде қызыл дөңгелекті көтереді. Мысалы: саңғы, шар, зұлдыз, жеміс, жымыран, қарбыз, қожы, шағат, қайык, кеме, ыдіс, күріс, жүзым, күшык, жұмыртқа, қүлын, бұлдірген, тұлкі, ормекші, өшақ, орік, жолбарыс

7. Ұқсас дыбыстарды сөйлем ішінде ажырату.



Тақтамен жұмыс. Жазу жұмысы. Көктемгі ............ ерекше. Сай-сала ............ толды. Жолдың әр жерінде ........... жатыр. Ағаш басында ................ сайрайды. Ұсақ .......... де тіріле бастапты. Күннің көзі .............. тұр.

Керекті сөздер: құстар, табиғат, жәндіктер, суға, көлшік, ашылып.



Дәптермен жұмыс.

Жәндіктер. Ы - і

Қоң ...з, шег.. .ртке, құм... рсқа, инел.. .к, қаңқ ... з, өрмекш ... , ш ... бын

8. Ертегі тыңдау. Түлкі мен ешкі

Ертеде бір түлкі келе жатып шұңқырға түсіп кетіпті. Шыға алмай, отырғанда шөлдеп келе жатқан бір ешкіні жолықтырыпты. Түлкі айтыпты: « Менің қасыма түс, жанның рахаты, мұздай су ағып жатыр, демалып отырмын» - депті. Аңқау ешкі ойланбастан шұңқырға түсіп кетіпті. Соны күтіп отырған түлкі ешкінің үстіне шығып, мүйізіне мініп, шығып кетіпті. Аңқау ешкі қу түлкіге алданып, шұңқырдың ішінде қалып қойыпты.

9.Ұйқасын табу.

1) Алмастан тыным

Шабады _______________________

2) Жағасында бұлақ

Жайылып жүр __________________

3) Сылдыр қағып

Таудан құлап

Ағады мөлдір ___________________

Керек сөздер: құлын, лақ, бұлақ.

10. Ұ – ы, ү-і дыбыстарының тиістісін орнына қойып, әңгіменің мазмұнын айтып бер.

Құм...рсқа зыр жүгір...п жолдан үп-...лкен дәнд... көз... шал...п қалды. Оны арқалай бастады. Дән сырғанап т...се берд... . Қ...мырсқа дәнд... көтер...п алып кету үш...н көп әуреленді. Оны қайта көтеруге к...р...сті. Ақ...ры дәнд... илеу...не жетк...зді.

11. Санамақ ойыны.

Үш тілде санау.

Бір – один – one

Екі – два - two

Үш – три - three

Төрт – четыре - fore

Бес – пять - five

Алты – шесть – sex

Жеті – семь - seven

Сегіз – восемь - eight

Тоғыз – девять - nine

Он – десять – ten

12. Өлеңнің ұйқасын тауып жаз.

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп .......................

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға .........................

Керекті сөздер: тоңбайсың, қонғайсың

Астанамыз ....................................

Қонақ таң боп..................................

Есіл ағар ......................................

Шамдар нұрын ........................................

Керекті сөздер: көрікті, еркелеп, төгіпті, көріпті

11. Өз өнерлерін көрсету

Біз өмірдің гүліміз

Зеңгір көктен,

Нұрын төккен,

Ортақ біздің күніміз.

Жайнап өскен,

Жайдары өскен,

Біз-өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,

Жолдастыққа,

Шақырады әніміз.

Тыныштықта,

Нұр құштық та,

Бақыттымыз бәріміз.

12.Үйге тапсырма беру. Жаттап ал!

Сылдырмақ, сылдырлап,

Бесікте тұрады.

Бөпешім былдырлап



Сылдырмақ ұрады.

13. Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет