Сабақтың тақырыбы : Өсімдік жасушасының құрылысы



Дата18.07.2017
өлшемі99 Kb.
түріСабақ
c:\users\123\pictures\2015-10-14\сканировать2.jpg

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ., Т. РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ

БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

БИДАЙШИЕВА БАХЫТ БАХЫТҚАЛИҚЫЗЫ
Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік жасушасының құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өсімдік жасушасының маңызы, құрылысы және атқаратын қызметі туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушылар жасушасының маңызы, құрылысы және атқаратын қызметімен танысады.

  • Оқушылар топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

  • Топта жұмыс жасау арқылы өздігінен білім алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Жасушасының маңызы, құрылысы және атқаратын қызметі туралы біледі.

  • Топтасып жұмыс істеуге дағдыланды.

  • Өз ойларын еркін айта білуге үйренді.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: ізденіс сабақ.

Әдіс –тәсілдер: Топқа бөлу, конверт тапсырма, АКТ, бірге ойлаймыз,

Құрал –жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар, ватман, маркер.


Кезеңдер

Мұғалімнің іс –әрекетті

Оқушының іс - әрекетті

Ұйымдастыру кезеңі.

Салемдесу, түгендеу, мазайка арқылы топтқа бөлу.


Цитоплазма

Жасуша қабықшасы


Пластидтер

Ядро


Вакуоль



Оқушылар салемдеседі, топқа бөлінеді, тынышталып сабаққа дайындалады.

Білу.


Үй тапсырмасын қайталау.

Конверт тапсырма –әдісі:

1 топ: Сөйлемдерді толықтыр:

  • Тірі ағзалардың ортақ белгісі денесі..................................тұрады.

  • Оларды .................................арқылы көруге болады.

  • Микроскоптың негізгі бөлігі -......................................................

  • Көру түтігінің жоғарғы жағындағы бөлігі ...................................................

  • Төменгі жағында орналасқан бөлігі ............................................................

  • Көру түтігі .........................бекітіледі.

  • 1665 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы......................... өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскопен қараған.

2 топ: Микроскоптың бөліктерін жаз.

http://konspekta.net/allrefs/baza4/342049534728.files/image007.jpg

1-.....................................................

2-.....................................................

3-.....................................................

4-.....................................................

5-.....................................................

6-.....................................................

7-.....................................................



3 топ: Атқаратын қызметіне қарай микроскоп бөлімдерінің аттарын кестеге толтырыңдар.

Микроскоптың бөлімдері

Атқаратын қызметі




Жарық түсіру




Көзбен қарау




Көру түтігін қозғау




Көру түтігінің бекітілген жері




Қарайтын затты орналастыру




Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі.




Үлкейтіп көрсететін әйнектер орналасқан бөлімі


Оқушылар үй тапсырмасын қайталайды.

1 топтың жауабы.

  • Жасушадан тұрады.

  • Микроскоп арқылы көруге болады.

  • Көру түтігі

  • Окуляр

  • Объективтер

  • Тұтқа

  • Роберт Гук




  1. топтың жауабы.

1.Окуляр

2.Көру түтігі

3.Объективтер

4.Заттық үстелше

5.Айна

6.Табан


7.Тұтқа
3 топтың жауабы.

Микроскоптың бөлімдері

Атқаратын қызметі

Айна

Жарық түсіру

Окуляр

Көзбен қарау

Бұранда

Көру түтігін қозғау

Тұтқа

Көру түтігінің бекітілген жері

Заттық үстелше

Қарайтын затты орналастыру

Табан

Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі.

Объективтер

Үлкейтіп көрсететін әйнектер орналасқан бөлімі




Түсіну.

АКТ пайдаланып оқушыларға өсімдік жасушасының құрылысымен таныстыру.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2015/05/16/original/9d8f8597a28335e50e74598bca1dc4ef.jpg

Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша – жасунықтан (целлюлоза) тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды (саңылау тесік емес, тек салыстырмалы атауы). Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады. Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді. Ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды.

Цитоплазма (грекше «цитос» – жасуша; «плазма» – сұйықтық) – жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. Цитоплазманың құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, 1% бейорганикалық заттар бар. Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер (органоидтар) цитоплазмада орналасады. Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады. Цитоплазмада жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады.

Ядро – цитоплазмаға

қарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар. Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады. Жасуша қабықшасындағыдай ядро қабықшасында да өте жұқарған (саңылау) жерлері көп. Саңылаулары арқылы цитоплазма сұйықтығымен өзара ұдайы байланысып зат алмасады. Әрбір тірі жасушаның тіршілігі ядро мен цитоплазманың тіршілік әрекетіне байланысты. Ядро жасушаның көбеюіне қатысады.



Пластидтер – тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер – хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді.

Хлоропластар өсімдікке жасыл түс береді. Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кездеседі. Хлоропласта жасыл пигмент – хлорофилл бар. Органикалық зат түзуге қатысады.

Хромопластар гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді.

Лейкопластар – өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Олар өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады.

Вакуоль – цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға

толы болатын бөлігі. Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.



Оқушылар жаңа сабақпен танысады.

  • Жасуша қабықшасы

  • Цитоплазма

  • Ядро

  • Пластидтер

  • Вакуоль

Қолдану.

Топқа тапсырмалар беріледі.

Бірге ойлаймыз –әдісі:

  1. Топ - Жасуша қабықшасы

  2. Топ - Цитоплазма

  3. Топ - Ядро

  4. Топ - Пластидтер

  5. Топ - Вакуоль

Оқушылар топ болып жұмыс жасайды, постерді қорғайды.

Талдау.

Деңгейлік тапсырма:

1 тапсырма. Жасушаның бөліктерін көрсет.

2 тапсырма. Сөйлемдерді толықтыр.

3 тапсырма. Тесті орында.



Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.

Жинақтау.

Біліміңді тексер: Атқаратын қызметіне байланысты тұсына жасуша бөліктерінің атын жазып, кестенің бос орнын толтырыңдар.

Жасушаның құрылысы

Атқаратын қызметі




Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысады.




Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.




Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды.




Көбеюге қатысады.




Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғауды.




Оқушылар алған білімдерін тексереді.


Жасушаның құрылысы

Атқаратын қызметі

Цитоплазма

Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысады.

Вакуоль

Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.

Пластидтер

Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды.

Ядро


Көбеюге қатысады.

Жасуша қабықшасы

Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғауды.




Бағалау.


3 зертханалық жұмыс.

Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, салыстыру.



Оқушылар зертханалық жұмысты орындайды.

Кері байланыс

Кері байланыс парағын толтыру ұсынылады

картинки по запросу кері байланыс

Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.

Үйге тапсырма:

Қайталау. §5 оқып келу

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.


Критериалды бағалау парағы




Рубрикатор

Дискрипторлар

Ұпай

Оқушының аты-жөні:













1

Білу

Үй тапсырмасын қайталау.



Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1













2

Түсіну және Қолдану

Топқа берілген тапсырма бойынша білмедім

0













Топқа берілген тапсырма бойынша көрсете алдым, анықтама бердім

0













Топқа берілген тапсырма бойынша көрсете алдым, анықтама бердім , дәлелдей алдым

1













3

Талдау

Деңгейлік тапсырманы түсінбедім.

0













Деңгейлік тапсырманы түсіндім, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

28













4

Жинақтау

Кестені толтырып бере алмадым

0













Кестені толтырып бердім, әр дұрыс жауапқа бір ұпай.

5













4

Бағалау

Зертханалық жұмысты орындау.

1




























35-30 ұпай - 5; 29-25 ұпай - 4; 24 – 20 ұпай - 3; 19-10 -2;
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет