Сабақтың тақырыбы : Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Тынысалу мүшелерінің аурулары



Дата30.06.2017
өлшемі58.2 Kb.
#16977
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы Тасбұлақ ауылы

52 М.Өтемісұлы ж.о.м



Бейсенова Гульчехра Исмаилқызы

Санаты жоғары, ІІІ(базалық) деңгей

8 сынып



Сабақтың тақырыбы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Тынысалу мүшелерінің аурулары.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік:
1)Оқушыларға өкпенің тіршілік сыйымдылығын,тыныс алудың орталығы мен оның гормондар арқылы реттелуін ,тынысалу мүшелерінің аурулары туралы түсіндіру.

2) тынысалу тоқтап қалғанда жасанды тынысалудың жолдарын үйрету



ә)Дамытушылық:оқушыларға тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен маңызын меңгерту арқылы белсенділігін арттырып іскерлікке баулу,дүниетанымдылық көзқарастарын қалыптастыру.


б)Тәрбиелік: ойлау қабілеттерін дамыта отырып алғашқы жәрдем көрсету жолдарын үйрету, ұқыптылық қа,байқампаздыққа,денсаулықты сақтауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1)Сынып оқушыларымен сәлемдесу; 2)Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; 3)Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару; 4)Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. Топқа бөлу әдісі(1,2 сандары жазылған жетондар арқылы бөліну)



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1-деңгей:Терминдік сөздерге анықтама беру

(Тынысалу,көмекей, дыбыс саңылауы,жұтқыншақ шодыры»бидайық), кеңірдек, ауатамыр(тыныс алқымы), ауатамырлық тармақшалар(бронхиола), ауа көпірішіктері(альвеола),өкпе, өкпеқап, тынысалу, тынысшығару, «көкіректі» тынысалу типі, «құрсақты» тынысалу типі, газ алмасу: сыртқы,ішкі.қан арқылы.)

2-деңгей: Деңгейлік сұрақтарға жауап беру

А-деңгейі: 1.Өкпе дененің қай жерінде орналасқан? Сол жақ өкпе мен оң жақ өкпенің қандай айырмашылығы бар? 2.Өкпеқап дегеніміз не? Ол қайда болады? 3.Тыныс алғанда қандай бұлшықеттер қатысады?

В-деңгейі: 1.Тынысалу қозғалыстары дегеніміз не? Кеуде қуысы мен өкпенің көлемі қай кезде кеңейіп,қай кезде тарылады? Себебін түсіндір. 2.Көкет тыныс алуға қатысудан басқа қандай қызмет атқарады? 3.Көкіректі тынысалу, құрсақты тынысалу типтерін қалай түсінесіңдер?

С-деңгейі: 1.Өкпенің құрылысын түсіндіріңдер. 2.Өкпедегі газ алмасу мен ұлпадағы газ алмасудың айырмашылығын салыстырыңдар. 3.Тынысалу мен тынысшығаруда болатын өзгерістерді сызбанұсқа түрінде дәлелдеңдер.

3-деңгей: Шығармашылық жұмыс(реферат,эссе,ғылыми жұмыс қорғау)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

1-деңгей: Тақтадағы сурет бойынша тынысалу мүшелерін көрсету.

2-деңгей: Өкпенің құрылысы мен қызметін,тынысалу қозғалыстарын түсіндіру.

3-деңгей: Тынысалу жүйесі бойынша тірек-сызбанұсқа құру.

ІУ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдер өкпесінің тс орташа есеппен алғанда 3000-3500 мл, ер адамдарда 3500-4800мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000-7500 мл-ге дейін жетеді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы(ӨТС)3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныш тық қалыпта әрбір тыныс алғанда және әрбір тыныс шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады,әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.

Адам қалыпты тыныс алып,артынша терең тыныс алғанда қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.

Адам қалыпты тыныс шығарып, артынша терең тыныс шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады.Бұл ауа мөлшерін тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.

Қаншама терең тыныс шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды.Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.

2. Тынысалу мен тынысшығарудың алмасуы орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты.Сопақша мида тынысалу, тынысшығару орталығы орналасқан.Сонымен қатар тынысалу орталығы жөтелу, түшкіру сияқты қорғаныш рефлекстерін тулырады. Гуморальді реттелуі қандағы адренелин және тироксин гормондарына байланысты жүреді.

3.Жасанды тыныс алу жолдары. Адам суға кеткенде, ток ұрганда,газбен уланғанда есінен танады. Тез арада 5-7 минут ішінде алғашқы әрдем көрсету қажет. Жедел түрде жасанды тыныс алдырып,жүрекке массаж(үгу) жасау керек.

4.Тынысалу мүшелерінің аурулары және оның гигиенасы. Тыныс алу мүшелерінің ішінде ең көп таралған ауруларға : туберкулез және тұмау жатады.

5.Темекі тартудың тыныс алу мүшелеріне зияны. Темекі түтінінде адам ағзасына зиянды 200-ден астам улы заттар бар. Олар тынысалу мүшелерін зақымдап,қауіпті аурулар тудырады.

У.Жаңа сабақты бекіту.

1-деңгей: Миға шабуыл сұрақтары.

2-деңгей: Жасанды тыныс алдыру деген не?

3-деңгей: Тарауды бекіту мақсатында «Біліміңді тексер» сұрақтарына ауызша жауап алу.

1.Ауаның ағзаға кіретін жолы -----мұрын қуысы

2.Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістік----дыбыс саңылауы

3.Ер адамдардағы көмекейдің орташа ұзындығы---44мм

4.Тіршіліктің негізі----------ауа 5.Кеңірдектің ұзындығы----9-12см

6.Ауатамырдың ең жіңішке тармақтары----өкпе көпіршіктері немесе альвеолалар

7.Тынысалғанда ауадағы оттектің құрамы---21%

8.Өкпенің сыртын қаптайтын қабықша-----өкпеқап немесе плевра

9.Кеңсірікте ауаны ылғалдандыратын қабықша---- сілемейлі қабықша

10.Тотығуға жұмсалған газ-----оттегі

11.Өкпені жарақаттайтын ауру-----туберкулез

12.Тыныс шығарғандағы көмірқышқыл газдың мөлшері-----4%

13.Өкпенің тіршілік сиымдылығын өлшейтін құрал----спирометр

14.Көмекейдегі шеміршектердің байланысы-----жартылай қозғалмалы

15.Тыныс шығарғандағы дыбыс саңылауы----тарылып, дыбыс шығады

16.Мұрын қуысында микробтарды жоятын жасушалар-----лейкоциттер

17.Дыбыс сіңірлері қысқа болғанда шығатын дыбыс--- жіңішке

18.Ер адамның көмекейі---үлкен

19.Кеңсіріктегі ауаны жылытатын қантамырлар----қылтамырлар

20.Өкпе көпіршіктерін түгел торлап жатқан қантамырлар---қылтамырлар

21.Тыныс алғандағы қабырғалар қозғалысы---көтеріледі

22.Тыныс шығарғандағы өкпенің көлемі----кішірейеді

23.Атмосфералық ауаның құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері---0,03%

24.Кеңірдектің жалғасы----ауатамыр немесе бронхылар

25.Адамда өкпенің саны----екеу

26.Дыбыс шығаруға көмектесетін мүше---дыбыс сіңірлері

27.Көмекейдің жалғасы---кеңірдек

28.Тыныс шығарғандағы оттектің құрамы---16%

29.Тынысалу орталығының орналасқан жері----сопақша мида

30.Бүкіл ағзаны әлсірететін ауру---тұмау

31.Тынысалудың гуморальдық реттелуі----адреналин мен тироксин

32.Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбезді перде---диафрагма



33.Туберкулез ауруын зерттеген ғалым----Р.Кох

УІ.Бағалау.

УІІ.Рефлексия


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет