Сабақтың тақырыбы : Бұршақ тұқымдастарының жалпы белгілері мен көптүрлілігі Сабақтың мақсаты



Дата22.02.2019
өлшемі50.25 Kb.
#99324
түріСабақ
Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Ә.Жангелдин атындағы орта

мектебінің мұғалімі

Сүлейменова Раушан
Сабақтың тақырыбы: Бұршақ тұқымдастарының жалпы белгілері мен көптүрлілігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды гүлді өсімдіктердің тұқымдастарымен таныстыруды жалғастыра отырып, бұршақ тұқымдастары өкілдерінің көп түрлілігі, жіктелуі, гүлінің, жапырағының, тамырының, жемістерінің құрылыс ерекшеліктерін анықтау;

Дамытушылық: Оқушылардың талдау, салыстыру, мәселені шешу барысында негізгі ойды таңдау, зерттеу-ізденушілік қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Бұршақ тұқымдастарының көптүрлілігі мен шаруашылықтағы маңызын аша отырып, оқушылардың еңбек етуді бағалауды, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Топпен, жеке және жұптасып жұмыс жасауда сыйластық пен сыпайылыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау

Сабақтың кіріктірілуі: география, экология пәндері.


  • Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1. Мәселелік, ізденушілік.

2. Жеке және топтық жұмыс

  1. Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, кестелер, кеппешөптер, жеке және топтық жұмысқа арналған карточкалар, «Бұршақтың тұқымы мен жемісі»,


1.Ұйымдастыру бөлімі:

Сабаққа кіріспе, өткен тақырыптарды қайталау

Мұғалім:

«Өсімдік - өмір тірегі талас бар ма?

Тіршілік өсімдіксіз жарасқан ба?

Нәрленіп, негіз алған тірі дүние

Өсімдіктер таралған: жер, аспанға.»

осы өлең жолдарында айтылғандай, тіршіліктің тірегі – өсімдіктер екенін біз білеміз. Өсімдік әлемінің құпия сырларын сендер, құрметті оқушылар 6 сыныптан бастадыңдар. Олай болса, өсімдіктер дүниесінің қай бөлімі Жер шарының барлық климаттық аймақтарына таралып, саны бойынша ең көп болып келеді?



Оқушылар: Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Жер шарының барлық аймақтарына таралып, саны бойынша ең көп болып келетін гүлді өсімдіктер екен.

Мұғалім: өткен сабақтарда сендер гүлді өсімдіктердің жалпы ерекшеліктерімен, жүйеленуімен таныстыңдар. Алған білімдерімізді қайталап, тағы бір рет есімізге түсіру үшін балалар, келесі тапсырмаға көшейік. Балалар жақсылап ойланып, дәптерімізге осы тапсырманы орындайық.

Тапсырма: Төмендегі суретте не бейнеленген? Сұрақ белгілерінің орнына тиісті дұрыс жауаптарды толтыр.
c:\users\1\desktop\рисунок2.png

Мұғалім: қосжарнақтыларда: тұқымы 2 жарнақты, тұқым бүршігі – 2, тамыры – кіндік, жапырағы - тор жүйкелі, сабағында камбий болады. Дара жарнақтыларда – тұқымы1, тұқым бүршігі – 1, тамыры – шашақ, жапырағының жүйкеленуі – параллель және доға, сабағында камбий болмайды.

Оқушылар жауаптарын салыстырады.



Мұғалім: Сонымен балалар, гүлді өсімдіктер 2 класты біріктіреді екенін есімізге түсірдік. Өткен сабақта сендер қос жарнақтылар класының Раушан гүлділер класс тармағының құрылыс ерекшеліктерін, көп түрлілігін, олардың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызын қарастырдыңдар. Олай болса, құрметті оқушылар, осы класс тармағының құрылыс ерекшеліктерін қайталау мақсатында берілген кластерді толтыру ұсынылады.

Бұршақ тұқымдас тармағы Жер шарының барлық жерінде таралған. Көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы зор. Олар азықтық, мал азықтық, жем-шөптік, дәрілік, сәндік, бал беретін қасиеттері бойынша бағаланады. Бұршақ тұқымдас тармағы 470 жуық туысты біріктіреді. Олардың ішінде сиыржоңышқа туысы, ас бұршақ туысы, беде туысы, жоңышқа туысы, соя туысы, т.б. туыстар жатады.



1. Жапырақ

Күрделі: қауырсын, үш құлақ, саусақ салалы. Қосалқы жапырақтары (гүл серіктері) болады, жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады.



2. Гүлінің құрылысы

Зигоморфты гүлі көбелекке ұқсас болып келетіндіктен, тұқымдастың орысша атауы “мотыльковые” деп аталады.

Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, зигоморфты. Күлтесі 5 күлте жапырақшасынан құралған. Жоғарғы ең ірісі – желкенше, 2 бүйір күлте жапырақшалары - ескекшелер, ал төменгі бірігіп кеткен 2-уі қайықша деп аталады.

Оқушыларға сұрақ қойылады: Күлте жапырақшаларының желкен, ескекше және қайықша пішінді болып күрделенуінің өсімдік үшін қандай маңызы бар?

Жауабы:Біріншіден, ескекшелер мен қайықша “құлып” қызметін, яғни тозаң мен тұқым бүрін ұсақ жәндіктердің зақымдауынан қорғайды.

Екіншіден, тозаңдану кезінде әрбір түрлерінде гүлінің құрылысына байланысты ерекше бейімделушіліктер пайда болады.

3. Гүлшоғыры

Ботрикалық, яғни моноподиальды бұтақтануының өсуі шектелмеген, жанама бұтақтануы жиі, гүлшоғырының негізгі өсі айқын байқалады. Гүлшоғырының түрлері - масақ, шоқпарбас, шашақ.



4. Жемісі

Монокарпты гинецейден құрғақ жеміс – бұршаққап (лат.legumen) дамиды. Піскен кезде бүйір және арқа жағындағы жіктері бірдей қақырайды немесе көлденең бөліктерге де бөлінеді. Бұршаққап ішіндегі тұқымдарының арасы бөлініп жатса, оларды бунақты деп атайды. Сонымен қатар табиғатта серіппе, қақырамайтын бір тұқымды бұршаққап кездеседі.



Бұршаққап түрлері

1 — екі жақтауы арқылы ашылатын (бұршақ); 2 — бунақты бұршаққап(мимоза); 3 —серіппе (жоңышқа); 4 — бұршаққап-жаңғақ (астрагал-таспашөп); 5 — екі тұқымды бұршаққап (арахис).



c:\users\1\pictures\буршак\fabaceae_flor_scheme2.jpg

Бұршақтың мөлшері әр түрлі болады. Бұршақ тұқымдасының тұқымы эндоспермсіз болады немесе эндоспермі нашар жетіледі. Қор заттары тұқым жарнағында жиналады.



Тұқымның қалыптасуы барысында ұрықтың эндоспермді сіңіріп алуы эволюциялық прогресстің белгісі болып есептеледі.

Тұқымы сыртынан жылтыр



3.Қорытындылау бөлімі

Бұршақ тұқымдастарының табиғаттағы экологиялық рөлі.

Бұршақ тұқымдасы қоңыржай және тропиктік белдеудің флорасының негізін құраушылар болып табылады. Ал орманды және орманды дала зонасының 15-20% құрайды. Яғни, бұршақ тұқымдастары осы белдеулердегі өсімдік бірлестіктерінің негізгі қасиеттерін анықтайтын орта түзуші немесе эдификаторлы түрлер (“эдификатор” - құрылысшы) деп аталады.

4. Бекіту сұрақтары

Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді толтыр.

Бұршақ тұқымдастарының жапырағы күрделі: .....................(1), ....................(2), ................ (3) болады.



Күлтесі ............. (4) күлте жапырақшасынан құралған. Жоғарғы ең ірісі – ............. (5) , 2 бүйір күлте жапырақшалары - .............. (6), ал төменгі бірігіп кеткен 2-уі ............ (7) деп аталады.

Үйге тапсырма:

  1. Өзің тұратын ауданның бұршақ тұқымдастыраның түрлік құрамын анықтап, әр түрлі пайдалы қасиеттері бойынша жіктеу.

Каталог: uploads -> doc -> 09a9
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
09a9 -> Мутализм форма симбиоза, при которой два различных организма возлагают друг на друга регуляцию своих отношений с внешней средой, при этом эти партнеры не могут существовать друг без друга


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет