Сабақтың тақырыбы : Адам эволюциясының кезеңдері. Сабақтың мақсаты



Дата01.07.2017
өлшемі58.67 Kb.
#18432
түріСабақ
Күні: Сынып: 11 «Ә» Пәні: биология

Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының кезеңдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адамның шығу тегі мен тарихи дамуын, адам эволюциясының негізгі кезеңдері туралы толық түсінік беру.

Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолданып, пәнге

деген қызығушылығымен ұштастыру, танымдық қабілеттерін, жаңа білімді игеру, сөйлеу шеберлігін, өз ойын қорытындылай сараптай білу дағдыларын дамыту.



Тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, оқу процесіндегі ұқыптылыққа, қоршаған ортаны қорғауға ұжымдасып еңбек етуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: ізденіс

Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ- жауап,топтық

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, сурет, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

б ) Психологиялық тренинг

( жақсы тілек)



«Ой қозғау» стратегиясы.

1.Тіршілік деген ұғымға түсінік беріңдер?

2. Тіршіліктің пайда болуы туралы қандай теориялар бар?

3. Органикалық дүниенің даму тарихы

қандай замандарға бөлінеді?

4.Антропология нені зерттейді?



ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. « Кім жылдам?» сұрақ - жауап



  1. Антропология ғылымын алғаш ғылымға енгізген ғалым?

  2. Қазіргі кездегі адамдар қандай түрге жатады?

  3. “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” кімнің еңбегі?

  4. Адам мен адамтектес маймылдардың ұқсас белгілерін атаңдар.....

  5. “Оңтүстік маймыл” деген ұғымды білдіретін ежелгі адамның арғы тегі......

2.Адамның тірі табиғаттағы орны ретімен атаңдар

Хордалылар (желілер) типі

Омыртқалылар тип тармағы

Төрт аяқтылар тобы

Сүтқоректілер класы

Ұрық жолдастылар класс тармағы

Приматтар (маймылдар) отряды

Адам тектес маймылдар отряд тармағы

Адамдар тұқымдасы

Адам туысы

Саналы адам

3. Адамның жануарлардан шыққандығына дәлелдер.



645 196 копия 645 196
IІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің іс- әрекеті:

Оқушыларға адам эволюциясының кезеңдері туралы жалпы білім беру. Жаңа терминдермен жұмыс жасау. Өздігінен білім алуына ықпал жасау.



Оқушылардың іс-әрекеті:

Жаңа сабақты өздігінен меңгереді.

І топ: «Ежелгі адамдар» туралы түсінік беру

Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен ДюбуаЯва аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos"маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.



http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/fe/java_man.jpg/300px-java_man.jpghomoer0

Питекантроп

Питекантроптың ортан жілігінің құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға, ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған маймыладам (питекантроп) деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған еді. Сондықтан көп уакытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік. Питекантроптар иесі саналып келді. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін адамға ("ноmо erectus") жатқызады

ІІ топ: «Ертедегі адамдар» туралы сипаттау

Неандерталь адамы (Homo neanderthalensіs) – қаңқа қалдықтары ғана сақталған ертедегі адамдардың жеке тобы. Олар ауызекі сөзде ертедегі адамдар, ал ғылыми әдебиеттерде палеоантроптар (грекше “palaіos” – ертедегі “anthropos” – адам) деп аталады. Адамның тарихи даму кезеңінде Неандерталь адамы ежелгі адамдар (архантроптар) мен қазіргі адамдардың (неоантроптар) арғы тегін жалғастырушылар деп есептеледі. Неандерталь адамының ең алғашқықаңқасы 1856 жылы Батыс Германиядағы Дюссельөзенінің Неандерталь аңғарынан табылды. Сондықтан да оны ағылшын геологі Вильям Кинг 1863 жылы “Неандерталь адамы” деп атауды ұсынды. Неандерталь адамдарының қаңқа-қалдықтары кейінЕуропаның, Африканың және Азияның көптеген аймақтарынан табылған. Ғалымдар бұл қаңқа қалдықтарын зерттеудің нәтижесінде Неандерталь адамының екі бағытта дамығанын анықтады. Олардың бір тобының дене тұрқы ірі, бұлшық еттері өте жақсы дамыған, маңдайы тайқы, шүйдесі қысқа, қабағы шығыңқы, иегі айқын білінбейді және тістері ірі, әрі жалпақ болған. Миының салмағы орташа 1400 – 1500 грамм. Олар топ құрып, бір-бірімен жеке сөздерді пайдалану арқылы қарым-қатынас жасаған.

neandneandпогребение юноши-неандертальца в пещере ле-мустье

ІІІ топ: «Қазіргі адамдар» туралы түсінік беру

 Кроманьондықтар – Ноmо sapiens туысының өкiлi. Неоантроптың қалдықтары алғаш рет 1868 жылы Кроманьон (Франция) үңгiрiнен табылған, сондықтан да сапиенстiң өкiлдерiн осылай атаған.        Кроманьондықтардың неандертальдықтардан  негiзгi ерекшелiгi олардың еңбек етуiнде.

Нелiктен ми және бас қаңқалары ұлғайды. Австралопитектердiн, миы маймылдардың миынан сәл ғана үлкен едi ғой! Әрине, бұл жерде ең негiзгi себеп- тамақ рационының өзегруi және жаңа тiршiлiк ортасына бейiмделу.

Қазбалар бойынша, австралопитектердiң ешбiр түрi, олардың орнын басқан Ноmo бұтағының өкiлдерiнен өзгеше, тастарды өз мүмкiншiлiгiне жаратқан жоқ. Осыған орай, тамақ рационының ауысуы және қоректi табудың жаңа әдiстерi -аншылық бiздiн ата-тегiмiздiң миының ұлғаюына және мамандануына әсер еттi, Мидың дамуына тiк жүруге бейiмделу де әсер еттi деп айтуға да болады. Бас қаңқасы формасының қалыптасуына приматтар кезiнiң тiке қарауы әсер еттi: бас қаңқасы дөңгелендi, ал нәтижесiнде жүйке жүйесi жоғары сатыдағы қурылысты болды. Бас қаңқасының тiк орналасуы мида ‘жаңа сатылардың» пайда болуына әкеп соқтырды.



krom01486
ІY. Сабақты бекіту

1.Оқулықпен жұмыс жасайды

2.Интербелсенді тақтамен жұмыс

3.Үлгерімі төмен оқушылар қима қағаздарға жауап береді

4.Кестемен жұмыс
Ү. Қорытындылау

« Бинго » ойыны



VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма & 43 оқу, сұрақтарға жауап беру.

Ғаламтордан қосымша ақпараттар алып, хабарлама дайындау.



Тексерілді:
Каталог: uploads -> doc -> 0201
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0201 -> Білімділік: Судың кермектігінің сырын ұғуға және оны жою жолдары туралы оқушыларда білім қалыптастыруға ықпал ету. Формула, реакция теңдеуін сауатты жаза білу біліктерін дамыту. Оқушылардың денсаулық мәселесіндегі функционалдық сауаттылығын


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет