Сабақтың тақырыбы: § 4 Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары, оларға әсер ететін негізгі экологиялық факторлар



Дата01.07.2017
өлшемі41.67 Kb.
түріСабақ
ШҚО. Семей қаласы

№35 жалпы орта білім беретін мектебі

Бигозинова Аяулым Асыловна

биология пәні мұғалімі


Пәні. Биология

Сыныбы: 6 «А», 6 «Ә»

Күні: 13.09.2016

Сабақтың тақырыбы: § 4 Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары, оларға әсер ететін негізгі экологиялық факторлар
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары, оларға әсер ететін негізгі экологиялық факторлар туралы толық мәліметті білу керек, меңгеру керек.

Міндеттері: а) білімділік: тіршілік ету ортасы. Экологиялық факторлар туралы жалпы мағлұмат бере отырып, білімдерін тереңдету, Экологиялық факторлардың үш тобына тоқталу, Өлі табиғат факторлары, тірі табиғат факторлары және адамның қызметін оның табиғатқа әсерін қарастыру арқылы сабақты меңгерту;
б) дамытушылық: оқушылардың ақыл – ой таным қызығушылығын арттыру, өз ойларын ашық айта білуге жеке топта, жұпта жұмыс істей білуге дағдыландыру;
в) тәрбиелік: оқушылардың бойына адамзатқа қажетті құндылық қасиеттерді қалыптастыру, адамгершілікке, имандылыққа сабырлы да ізденімпаз болуға тәрбиелеу, табиғатты, жан - жануарларды қорғауға шақыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі Көрнекілігі: суреттер, тест.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, өмірлік байланыс.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
ІV. Жаңа білімді бекіту
V. Жаңа білімді қорыту
VI. Үй тапсырмасын беру
VII. Оқушылардың білімін бағалау
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.

2. Түгендеу 3. Сабаққа дайындығын тексеру



II. Өткен тақырыптар бойынща біраз қайталап шолу жасайық, яғни сұрақ-жауап арқылы болады. Оқушылар өткен тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, өткен тақырыпты қайталайды.

  1. Ағаштар, бұталар, бұташықтар бір бірінен несімен ерекшелінеді?

  2. Өсімдіктер тіршілік ұзақтығына қарай қалай жіктеледі?

  3. Дәрілік өсімдіктерге мысал келтірініздер?

  4. Сәндік мақсатта өсірілетін өсімдіктерге мысал келтірініздер?

III.Жаңа сабақ: Мағынаны ашу.

Организмге әсер ететін кез-келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды.



Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары. Ол  ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (температура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.),  Х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.),  к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.

Биотикалық фактор, биогендік фактор — ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы, мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді. Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір ағза екінші бір ағзаны қорек етеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді, т.б. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жеке популяциялар арасында да байқалады. Мысалы, ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, ақ бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы, т.б. Биотикалық фактор түрішілік және түраралық болып ажыратылады. Түрішілік Биотикалық факторға жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы әрекеті (демогр. әсер), мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез-құлығы (этологиялық әсер), т.б. әсерлер жатады. Түраралық Биотикалық факторға комменсализм (сіңісу), симбиоз (селбестік), нейтрализм (бейтарап селбесу), масылдық (басқа ағза есебінен күн көру), жыртқыштық әсерлер жатады. Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы ағзалардың қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады. 

Антропогендік факторлар дегеніміз - бұл адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, коршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар.

IV. Білімді бекіту.

  1. Экологиялық факторлар дегеніміз не?

  2. Абиотикалық фактор деген не?

  3. Биотикалық фактор деген не?

  4. Антропогендік фактор деген не?

V. Үйге тапсырма: § 4 оқу, мазмұндау.

V.Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 03f8
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет