Сабақтың мазмұны Мөлшерлеме Әдістемелік нұсқаулар



Дата12.07.2017
өлшемі17.95 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық спорт ойындары 10-сынып
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға ұлттық ойындар туралы мағлұмат беру және үйрету;
2.Оқушылардың денсаулығын,ой-өрісін,икемділігін,шапшаңдығын дамыту және ұлттық ойынға қызығушылығын арттыру;
3.Салауатты өмір салтын ұстануға және шыдамдылыққа,мақсатқа жете білуге тәрбиелеу;
Құрал-жабдықтар: ысқырық,арқан,орамал,қамшы,шытқа түйілген теңге,қазан,ешкі макеті,салмақты доп.

Сабақтың мазмұны


Мөлшерлеме
Әдістемелік нұсқаулар

І Кіріспе бөлім.


Сыныпты қабылдап алу.
Сапқа тұру,кезекшінің рапорты,сәлемдесу.
Сабақтың мақсатымен таныстыру. 2-3 мин. Арнайы спорт киімдеріне,оның тазалығына,жалпы сабақ даярлығына назар аудару.
ІІ Дайындық кезеңі.
1.Жүру аяқтың ұшымен,өкшемен,ішкі және сыртқы қырларымен.
2.Жүгірісте орындалатын жаттығулар.Оң және сол жақ жанымен,тізені жоғары көтеріп,өкшені артқа көтеріп жүгіру.
3.Жүгіріске көшу.
Дем алу,дем шағару жаттығулары.
4.Жалпы днені қыздыру жаттығулары,төрт қатарлы тізбекке тұрып орындалады. 10 мин. Берілген бұйрық бойынша орындау. Еркін тыныс алу. Алдыңғы және артқы әріптестеріне кедергі жасамау. Бұлшық ет топтарын жақсылап қыздыру.
ІІІ Негізгі бөлім
1.Қыз қуу.
Оқушылар екі топқа бөлініп, спорт залдың бір жақ басына тұрады. Бір топтың ойыншысы қарсы топқа барып, біреуін сайысқа шақырады. Берілген белгі бойынша қыз бала алдыға айналыммен жүгіреді де, ер қызды қуып жетіп,қыздың беліндегі бекітілген шағын орамалды жұлып алуға тырысады.Кері қайтарда жігіт қашады,қыз қуып жетіп,қамшымен соғады. 7 мин. Техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.Қыз бала сөре сызығынан 3 метр алда тұрады.Ұсталған ойыншы қарсылас топқа қосылады.Ойын аяғында қай топ көп болса,солар жеңіске жетеді.
2.Теңге алу. Сөре сызығы бойына қатарынан екі топ орналасады.Белгі бойынша екі топтан бір-бір ойыншыдан жүгіреді,жол бойындағы шытқа түйілген теңгелерді жинап қайтады. 7 мин. Жеңімпаз топ жүгірген жұптар бойынша анықталады.

3.Көкпар тарту.


Спорт залдың екі жақ басында қазандық қойылады. Оқушылар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы сызық бойына қазандықтыңОқушылар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы сызық бойына қазандықтың жан-жағына сапқа тұрады.Белгі бойынша көкпаршылар,ортадағы шеңбердің ішінде жатқан ешкінің макетіне (допқа),тұра жүгіреді,бұрын келгені іліп алып бір-біріне беру тәсілімен қарсыластың қазандығына ешкіні қолмен салуға тырысады.
10 мин
Белгіленген алаң сызығынан
шығып кетуге болмайды,шығып кеткен жағдайда ойын ортадан басталады, оған әр топтан бір-бір ойыншы келеді. Ешкіні (допты)қазандыққа лақтырып салуға болмайды. Бір топта бес ойыншыдан болады.
4. Арқан тартыс. 4 мин Берілген белгі бойынша бір мезетте тарту.
ІҮ Қорытынды бөлім.
Ағзаны бастапқы қалыпқа келтіруге арналған тыныс алу жаттығуларын жасау.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үйга тапсырма беру. 5 мин Ұлттық спорт ойындарына байланысты реферат жазып әкелу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет