Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мұхит су және мұхит суының негізгі қасиеттері, оның ендік бойынша ерекшеліктері туралы білім беру



Дата24.01.2018
өлшемі33.27 Kb.
түріСабақ
§9. Дүниежүзілік мұхит суы. (7-сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мұхит су және мұхит суының негізгі қасиеттері, оның ендік бойынша ерекшеліктері туралы білім беру:
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс, тәсілдері: СТО,ОЖТ.АКТ, ОҮБ,т.б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Дүниежүзілік мұхиттар картасы, тест жұмыстары, бір литр судағы 35 грамм тұз, сандар тізбегі сызбасы.
Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларда мұхит суы туралы білім қалыптасады;

  • Мұхит суының қасиеттері туралы біледі;

  • Күннің түсу бұрышының мұхит суына әсерін біледі;

  • Жеке, жұппен, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасай алады:

Бағалау критерийлері:

  • Оқушыларда мұхит суы туралы білім қалыптасауы;

  • Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторлар туралы білуі;

  • Дүниежүзілік мұхиттың географиялық орнын картадан көрсетуі;

  • Мұхит суының қозғалыстарын анықтай алуы;

  • Жеке, жұппен, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасауы.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты- неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Оқушылардан қандай сезімде болғанын сұрау.


Топтар: «Тынық», «Атлант», «Үнді», «Солтүстік Мұзды мұхит».
ІІ.Жаңа сабақ жоспары:

  1. Мәтінмен жұмыс

  2. Тестпен жұмыс

  3. Сандар сөйлейді


Мәтінмен жұмыс: Негізгі мақсаты оқушылар тақырыпты оқып, ашық түрде бір бірімен пікір алысады. Пікір кезінде мынадай сұрақтар төңірегінде өрбиді.

  1. Дүниежүзілік мұхит суы неден пайда болған?

  2. Мұхит суының температурасы неге байланысты өзгереді?

  3. Мұхит суының тұздылығының жоғарлығы мен төмендігі неге байланысты?

  4. Мұздар қалай пайда болады?

  5. Мұхиттардың құрлыққа әсері қандай?


Тестпен жұмыс:

  1. гидросфера қабатының негізгі бөлігін не құрайды? А)өзен Б)мұхиттар С)жер асты суы

  2. Дүниежүзілік мұхиттың алып жатқан ауданы? А)361.2 Б)361.1 С)316.2

  3. Мұхит суының температурасы неге байланысты? А)желге Б)күнге С)тереңдікке

  4. Тұздылық деген не, оны немен өлшеді? Жаз

  5. Тұздылық ең жоғары теңіз? А)Каспий Б)Жапон С)Қызыл

  6. Не себепті тұздылық қоңыржай, поляр маңында төмен? Жаз

  7. Мұздықтар нешеге бөлінеді? А)2 Б)3 С)4

  8. Мұзтаулар қалай пайда болады? жаз

  9. Мұхиттық климат деген не? жаз

  10. Муссондар деген не? А) ағыс Б)жел С)ауа

Оқушылар тестті орындап болған соң сағат бағыты бойынша қасындағы оқушыға беріп, тақтадан тексеріп, шкала бойынша бағасын белгілейді.



Сандар сөйлейді:


34‰

60м

41‰

-2º

36‰

15℅

33‰

+2º -0º

35‰



ЛОТО ойыны
Қорытынды: Оқушылардың дүниежүзілік мұхит суы туралы алған білімдерін қорытындылап, бағалау.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу, кескін картаға мұхиттардың температурасын түсіру.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет