Сабақтың мақсаты: Оқушыларды кітапты құрметтей білуге, ұқыптап ұстауға баулу, білімге деген құштарлығын арттыру



Дата21.01.2018
өлшемі32.32 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Кітап – жеміс ағашы

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды кітапты құрметтей білуге, ұқыптап ұстауға баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.

Ақыл, ой-өрісін дамыту. 2.Білім ордасын, ұстаздарын.құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: нақыл сөздер, ойындар, шығармашылық тапсырмалар.

Ертеңгіліктің жоспары:

1.Кіріспе/Ақ тілек/

2.Кітап – рухани қазына

3. «Ескі кітап» /көрініс/

4.Арнау


6.Ертеңгілікті бекіту

Барысы: Ұйымдастыру:

Жүргізуші:Құрметті қонақтар! «Кітап – жеміс ағашы» атты сабаққа қош келдіңіздер!

Ақ тілегімізді қабыл алыңыздар.

Еліме тыныштық тілеймін,

Күніміз жарқын болсын.

Аспанымыз ашық болсын,

Наның көп болсын.

Қайғымыз жоқ болсын,

Айтқан лебіздеріміз қабыл болсын!

Ән. «Мектеп маршы».

Кітап – рухани байлығымыз.

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпақа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» дейді.

Оқулықты мектебің,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау сен бірақ

Қаншама еңбек кеткенін.

Көрініс: «Ескі кітап»

Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастайды. Айжан мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбінді байқап:

−Қызым, не болды? Біреу ренжітті ме? –деді:

−Жоқ

−Енді не болды?



−Маған мұқабасы мыж-мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді, - деп көзіне жас алды.

Анасы Айжанның қылығына күліп былай деді:

−Қызым, оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алады. Кітаптың сыртына емес ішіне үңілу керек. Ол – әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні-сіңілілеріңе берген жөн.

Анасының сөзін мұқият тыңдаған Айжан кітаптарын желімдеп ретке келтіре бастады.

Ән.

Көрініс: «Кітап – календарь емес»



Ағасы үшінші сыныпта оқитын інісінің ана тілі кітабын көріп таңданды.

− Әділ бері келші

−Не, аға?

−Ана тілі кітабының бас жағындағы алпыс бетін кім жыртып тастаған?

−Мен.

−Неге?


−Керегі жоқ қой.Өтіп кеткен сабақтар.

−Е, сонда оқулық календарь болғаны ма?

−Иә, -деді. Әділ

−Күнде өткен сабақты күнде жыртып тастаймын.Әйтпесе, кейін қай тақырыпты өттік, қай тақырыпты өтпедік білмей шатасып кетемін.

Ағасы қабағын түйіп:

−Бұлай етуге болмайды, -деді.

Ал Әділ нық түрде:

−Болады, -деді. – Біздің сыныпта балалардың бәрі сөйтеді.

Ағасының көзі атыздай болып кетті.

−Кітапты жыртуға болмайды.

Бұл – қылмыс деп айқайлап жіберді.

Берік осыдан кейін кітаптарын жыртпайтын болды.

1. Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Тең емес жиған мүлкің.

Ақылшы жанға серік жолбастаушы.

Ақыл, ой, қазынасы өмір көркі.

2. Кітапты оқымаған, сыйламаған.

Білімге жанын салып қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап кітап ақылшы дос күнде маған.

Көрініс: «Пәндер таласы» /қазақ тілі, ана тілі, математика/

1-оқушы: Біз кітапханаға барып, кітап алып оқығанды жақсы көреміз. Бізге кітапханашы апай көп кітаптар таңдауға көмектеседі, түрлі ертегі кітаптарды оқып береді. Біз еретгі оқығанды жақсы көреміз.

«Дөкей ел» ертегісі /ауызша әңгімелеу/Ән.«Туған жер».

1. Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым-білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіну керек.

2. Кітапты қалай болса солай оқымай, оларды белгілі бір мақсатпен жоспар бойынша оқып дағдылан.

3. Кітапты оқығанды ойға сақтауға, керекті жерлерін жатқа айта білуге, керекті сөздерін жазып алып өмірде пайдалануға әдеттен.

Енді ұлы адамдардың пікірлеріне тоқталайық:

1. Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал.

2. Кітап – асып-таспайтын адал досымыз.

3.Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді. Сезім мен сананды нұрландырады, көркейтеді.

Бәрін, бәрін, білесің, оқи берсең кітапты, - демекші құрметті кітапханашы апайларға, ағайлар, қонақтар! Ертеңгілігімізді зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды

VІІ.Қорытынды Бүгін сабақта не білдік?



VІІІ. Бағалау. Мадақтау.
Каталог: uploads -> doc -> 0a62
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0a62 -> Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар,микроорганизмдер,олардың маңызы
0a62 -> Сабақтың тақырыбы: «Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет