Сабақтың мақсаты: Нуклеин қышқылдарына талдау жасай отырып, олардың құрылысы мен ерекшеліктерін ұғынады



Дата24.08.2018
өлшемі103.71 Kb.
#84122
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

§8 – 10. Нуклеин қышқылдары.

Сабақтың мақсаты:

Нуклеин қышқылдарына талдау жасай отырып, олардың құрылысы мен ерекшеліктерін ұғынады.

Күтілетін нәтиже:

  • Сабақтың мазмұнын аша алады

  • Нуклеин қышқылдарының ерекшеліктерін ұғына алады.

  • Қосымша мәліметтермен жұмыс жасау мотивациясын қалыптастырады.

  • Салыстыруға, түйіндеуге, сараптауға және қорытынды жасауға үйренеді.

Сабақтың типі:

Жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері:

Миға шабуыл, аспалы көпір әдісі, топпен жұмыс, постер құру, есептер шығару, семантикалық карта

Пәнаралық байланыс:

Психология, химия, математика.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, флипчарттар, нуклеин қышқылдарының (ДНҚ мен РНҚ) суреті, ДНҚ – ның макеті, нуклеин қышқылдары (бейнекөрініс), интернет желісінен алынған материалдар.

Сабақтың құрылымы:




І.Қызығушылықты ояту


Үй тапсырмасын тексеру


Тұсаукесер

ІІ.Мағынаны тану

ІІІ. Ой толғаныс

Үйге тапсырмасы:

Бағалау

Психологиялық тренинг.

«Көңіл күй»

Оқушылардың барлығы шеңбер құрып тұрады. Оларға смайликтер көрсетіледі, оқушылар өздерінің көңіл күйлерін бейнелейтін смайликтерді таңдап алады.

Фигураларды таңдап топқа бөлінеді.

«Миға шабуыл»


  1. Нәруыздардың қандай қасиеттері бар?

  2. Нәруыздардың суда ерігіштік қасиеті қандай?

  3. Нәруыздар пішіндеріне қарай қалай бөлінеді?

  4. Денатурация құбылысы қалай жүзеге асады?

  5. Нәруыздар қандай қызмет атқарады?

  6. Құрылыстық қызметі қалай жүзеге асады?

  7. Тасымалдау және қозғалыс қызметтерінің ерекшеліктері неде?

  8. Нәруыздардың қорғаныштық қызметі қалай сипатталады?

  9. Ферментативтік қызмет тің маңыздылығы неде?

  10. Нәруыздардың энергетикалық қызметі жүзеге асу жолы қалай?



«Ән – жұмбақ»

Тірі ағзада кездеседі әрқашан,

Белгілі орын тапқан жасушадан.

Табиғи қосылып боп табылып,

Қасиеті бар атқаратын қышқылдық.

Сәйкесінше комплементарлы болатын,

Азоттық негіздерден құралған.

Қант пенен фосфор қышқылын да,

Қасына бірге жалғап алған.

Әрқилы болып келген құрылысы,

Ал біреуі шиыршықты, екіншісі тізбекті.

Алғашқысыныкі тұқымқуалаушылық қызметі,

Ал тасымал мен ақпарат атқарады соңғысы.

Айтыңдаршы бұл не деп ойлайсыңдар, балалар?



Жауабы: Нуклеин қышқылдары (ДНҚ және РНҚ)

  • Олай болса, балалар, біздің бүгін өтетін жаңа тақырыбымыз

§8-10. Нуклеин қышқылдары.

«Аспалы көпір» әдісі.

Кеше Бүгін

Нәруыздар Нуклеин қышқылдары

Органикалық заттар

Мономерлерден құралады

Жасуша органоидында кездеседі



Нуклеин қышқылдары – тірі организмде тұқымқуалайтын ақпаратты сақтай отырып, жеткізетін күрделі қосылысты молекула.

1868 жылы швейцариялық биохимик И.Ф.Мишер жасуша ядросының құрамынан қышқылдық қасиеті бар затты бөліп алған. Оны алғаш рет ядродан тапқандықтан нуклеин (лат. nykleus – ядро) қышқылы деп атады.



Формативті бағалау.



Оқушының аты - жөні

Миға ша

буыл

Топтық жұмыс

қа қатыс

уы

Тапсырманы орын

дауы

Қорғауы

Есепті шығару

Семан

тикалық карта толтыруы

Жиын

тық ұпайы

Ба

ға

сы


























































































































«Таныс – пікірлес – бөліс» әдісі.

3 – 4 минут



«Постер» құру.

І топ: Нуклеин қышқылы ДНҚ.

ІІ топ: Нуклеин қышқылы РНҚ.

Бейнекөрініс . «Нуклеин қышқылдарының түрлері».

Есептер шығару.


ДНҚ молекуласының бір тізбегінің бөлігіндегі нуклеотидтердің орналасу реті мынадай: А –Т – Ц – Т –Г – А –Ц –Т - Г ... Осы тізбекке сәйкес ДНҚ – ның екінші тізбегін анықтаңдар.

Егер ДНҚ тізбегінің бір азоттық негізінің пайызы белгілі болса: Т – 28%, басқа нуклеотидтердің үлесін есептеңдер.





РНҚ тізбегінің бір азоттық негізі белгілі болса, У – 8%, басқа нуклеотидтердің үлесін есептеңдер.

ДНҚ екі еселенуі нәтижесінде екі жаңа ДНҚ молекуласы түзіледі. Жаңа молекулалардың қайсысында комплементарлық принцип сақталған?

1. 2. 2.


А - Т А - Т А-Т

Т – А Т - А Т-А

Г – Г Г - Ц Г-Ц
Ц - Ц Ц - Г

Ц - Г Ц - Г Ц-Г

А - А А - Т А-Т

Ц-Г




Есептердің берілгені жазылады, сол есептерді шығарып астында жасырынған сурет «Мәңгілік ел» символы шығады.

1.ДНҚ молекуласының бір тізбегінің бөлігіндегі нуклеотидтердің орналасу реті мынадай: А –Т – Ц – Т –Г – А –Ц –Т - Г ... Осы тізбекке сәйкес ДНҚ – ның екінші тізбегін анықтаңдар.

2. Егер ДНҚ тізбегінің бір азоттық негізінің пайызы белгілі болса: Т – 28%, басқа нуклеотидтердің үлесін есептеңдер.

3. ДНҚ екі еселенуі нәтижесінде екі жаңа ДНҚ молекуласы түзіледі. Жаңа молекулалардың қайсысында комплементарлық принцип сақталған?

1. 2.


А-Т А-Т

Т-А Т-А


Г-Г Г-Ц
Ц-Ц Ц-Г

Ц-Г Ц-Г


А-А А-Т

Г-Т Г-Ц


Ц-Ц Ц-Г

4. РНҚ тізбегінің бір азоттық негізі белгілі болса, У – 8%, басқа нуклеотидтердің үлесін есептеңдер.


«Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». «Біз үшін ортақ тағдыр- бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы »

Н.Ә.Назарбаевтың халқына жолдаған жолдауынан



Тарихи мәлімет.

Р.Франклин – ДНҚ молекуласының рентгенграммалық суретін бірінші түсірген ғалымдардың бірі. Ол рентген грамманың көмегімен көмірсулы фасфатты топтың шиыршықтың сыртқы жағында, ал азоттық негіздер ішкі жағында орналасатындығын және шиыршықтың бір оралымында он нуклеотид болатындығын анықтады.

Америкалық биолог Дж. Уотсон мен ағылшын биофизигі Ф.Крик 1953 жылы рентген құрылымдық әдісті пайдаланып, ДНҚ молекуласының құрамын ашып, құрылымдық моделін жасады.

Америкалық биохимик Э.Чаргафф ДНҚ молекуласындағы пуриндік және пиримидиндік негіздердің арасында сандық сәйкестілік бар екендігін, яғни комплементарлығын ашты.

М.Мезельсон мен Ф.Сталь 1960 жылы ДНҚ – ның екі еселенуінің жолдарын ашты.

Америкалық биохимик А.Корнберг ДНҚ – полимераза ферментін ашты.1967 жылы ДНҚ молекуласын ең бірінші синтездеді.



Семантикалық карта.

Нуклеин қышқылдары

Нуклеотидтері

Көмірсу типі

Орналасуы

Молекула құрылымы

Атқаратын қызметі







А,Т,Г,Ц

А,У,Г,Ц

Дезокси

рибо

за

рибоза

Ядро

да

Ядро мен цитоплазмада

Қос шиыршықты

Бір шиыршықты

Тұқымқуалаушылық ақпаратты сақтау

Нәруыз биосинтезін жұзеге асыру




ДНҚ































РНҚ






























Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздік арқасында халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді, еліміздің жүрегі Елорда тұрғызылды. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы Мәңгілік ел» – деген еді.

Мәңгілік ел барлығымыздың бірлігіміз жарасқандығында деп білемін.

Достық тілек.

ДНҚ, РНҚ, Мәңгілік ел, нуклеин қышқылдары, мемлекет, Қазақстан, татулық, дезоксирибоза, рибоза.



Рефлексия парағы

Чемодан – алған керекті ақпарат

Еттартқыш – әлі толықтыруым керек

Қоқыс жәшігі – артық дүние.
ДНҚ мен РНҚ нуклеин қышқылдарының маңыздылығы туралы ақпарат алып келу.

Формативті бағалау.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет