Сабақтың мақсаты и дыбысы мен әрпін таныстыру и дыбысы бар сөздерге талдау жасау и дыбысы мен әрпінің ұқсас Й



Дата27.10.2018
өлшемі33.1 Kb.
түріСабақ
Оқу  қызметінің технологиялық  картасы.


Күні

06.04.2017ж

Білім беру саласы

Коммуникация

Бөлімі

Сауат ашу

Тақырыбы

И дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

 И дыбысы мен әрпін таныстыру.И дыбысы бар сөздерге талдау жасау. И дыбысы мен әрпінің ұқсас  Й әрпінен айырмашылығын түсіндіру.

И дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту. Сурет бойынша сөйлеуге жетелеу.Өз ойын еркін айтуға дағдырландыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 


Шеңберге тұрып, қол ұстасып*Дос болайық бәріміз* өлеңінің бір шумағын бірігіп айту.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз.

Атсын күліп таңымыз.


Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 



 


*Кім жылдам?* ойынын ойната отырып,жұмбақтың шешуін табу.

                     Тұмсығына жібін байлап

                      Сүңгіп батып,сүңгіп батып, бұл мықты,

                      Бүтіндейді жыртықты

                                                                              (ине)

                      Өзі төрт қанатты,

                      Және алты аяқты,

                      Сөйтсе де тікұшақа ұқсайды

                                                                         (инелік)

-Ине,инелік, ит  сөздері қандай дыбыстан басталады.?

-И дыбысына

-Балалар бүгін біз И дыбысымен танысамыз.

Енді И, и дыбысын айтып көрейік

- И-и-и


- Қалай айтылады екен?

- Созылып айтылады

- Демек бұл қандай дыбыс?

- Дауысты дыбыс

- Оны қандай текшемен белгілейміз?

- Қызыл текшемен

 Кітаптан сөздерді қайталау ит, ине, инелік, итмұрын, иіс, ителгі, итбалық.

   И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі

   И дыбысы бар сөздерді ойлату, буынға бөлу

- Балалар, осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық?

- Й әрпі. «И» және «Й» айырмашылықтарын түсіндіру.


Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Орындарымыздан тұрамыз,

Қолды биікке созамыз,

Содан белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір

Бір,екі,үш

Жоғары қолды созамыз

Тып-тыныш қана отырамыз



Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

1)    Инелік, шие сөздерін жаздыру

2)    И әрпін ауада жазу.Жазу жазғанда түзу отыру, дәптерлерді қиғаш қою ерекшелерін ескерту,әдемі жазуға бейімдеу.

3)    И дыбысының әріп таңбасын жаздыру.

-Қандай дыбыспен таныстық?



-И дыбысы қандай дыбыс?

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

И дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту. Сурет бойынша сөйлеуге жетелеу..

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет