Сабақтың мақсаты: I. Білімділік: Өтілген материал бойынша жаңа тақырыпты меңгерту



Дата22.12.2017
өлшемі77.19 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Заттың қатты күйінің сипаттамасы. Кристалдар. Кристарлардың анизотропиясы. Деформацияның түрлері. Механикалық кернеу. Гук заңы.

Сабақтың мақсаты:

I. Білімділік:

II. Дамытушылық:

Қазіргі заман таллаптарына сәйкес білімді, ойлау қабілеті дамыған адамзат тәрбиелеу;



  • Оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру;

  • Еңбек сүйгіштік, кедергілерді жеңе білуге, сауатты жауп беруге қалыптастыру;

  • Абстрактілі және ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Сөйлеу мәдениетін дамыту.

III. Тәрбиелік.

  • Белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру, адалдық пен тәрбиелілікке үйрету;

  • Оқушылардың сынып ұжымымен бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелеу, ғылыми бәсекелестікке үйрету.

Құрал жабдықтар:

  1. Интерактивті тақта.

  2. Слайдтар.

  3. Сөзжұмбақ.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру:

а) сабақтың мақсатын ашу;

ә) оқушылардың жаңа сабаққа даярлығын қамтамасыз ету;

II. Өткен материалды еске түсіру.
Физикалық диктант


  1. Заттың сұйық күйден газ күйiне өту процесiн .... деп атайды. /буға айналу/

  2. Буға айналудың түрлерi: /булану және қайнау/

  3. Кез келген температурада және тек сұйық бетiнен шығып бу күйiне айналуды .... деп атайды. /булану/

  4. Заттың салқындау немесе сығылуының салдарынан газ тектес күйден сұйық күйге айналу процессi ... деп аталады. / конденсация/

  5. Жер атмосферасындағы су буының бар екендiгiн сипаттайтын шама .... деп аталады. / ылғалдылық/

  6. Ауа құрамындағы су буларының массасы ауаның ... f деп аталады. /абсолюттiк ылғалдылығы/

  7. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өрнегі неге тең?/ φ = (p/pk)· 100 % /

  8. Салыстырмалы ылғалдықты өлшейтін арнайы құрал? /психрометр/

  9. Қатты дене бетiмен үлдiр секiлдi ағып-жайылатын сұйық ... деп аталады. /жұғатын сұйық/

  10. Тамшыға айналып, жиылып тұратын сұйық ... деп аталады. / жұқпайтын сұйық/


Формулаларды дұрсытап жинақтау


  1. Молекула- кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі.





  1. Менделеев-Клапейрон теңдеуі.




  1. Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы.




  1. Термодинамиканың бірінші заңы.






 - қысым; U – ішкі энергия;

V – көлем; - ішкі энергияның өзгеруі;

T – температура; - сыртқы күштердің жұмысы;

R – универсал газ тұрақтысы; Q – жылу мөлшері;



 - заттың массасы;

 - мольдік масса;

m0 – молекулалық масса;

n – молекулалар концентрациясы;

- орташа квадраттық жылдамдық;
Ұлы физик ғалымдарды танып білу


  1. Заттардың қайнау (балқу) температурасы мен қысымды байланыстыратын теңдудi ойлап тапқан француз физигі. /Клапейрон, Бенуа Поль Эмиль (1799 – 1864)/




  1. Жұмыстық дене ретінде идеал газды алып, идеал жылу машинасын ойлап шығарған француз инженері. /Сади Карно (1796 – 1832)/



  1. Температураның абсолют шкаласын еңгізген ағылшын ғалымы. /Уильям Томсон Кельвин (1824 – 1907)/




  1. Кризистік температура түсінігін енгізген ұлы орыс ғалымы. /Менделеев Дмитрий Иванович (1834 – 1907)/


III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Атомдары немесе молекулалары реттелiп орналасқан және периодты түрде қайталанып тұратын iшкi структурасын түзетiн қатты денелер кристаллдар деп аталады.

Кристалдардың қырлары әрқашан жазық және дұрыс геометриялық пiшiндi болып келедi.

Олардың басты ерекшелiгi кристалдың физикалық қасиеттерiнiң ондағы таңдалған бағытына байланыстылығында. Кристалдардың бұл қасиетi анизотропия деп аталады. Бөлшектердiң орналасуының салыстырмалы түрде орныққан скелетi кристалдық торлар деп аталады, ал сол торлардың орналасқан орындары түйiндер деп аталады (1- сурет).





  1. сурет.

Барлық кристалды денелер анизотропты.

поликристаллдар

монокристаллдар

монокристаллдар





Аморфтық денелер.

Аморфтық денелер қатты денелер қатарына жатады. Оларға шыны, смола, пластмасса және т.б. жатады. Барлық аморфты денелер изотропты болып келедi, яғни олардың физикалық қасиеттерi барлық бағытта бiрдей деген сөз.

Сыртқы әсерлердiң нәтижесiнде, аморфтық денелер бiр мезгiлде, қатты денелер секiлдi, серпiмдiлiк қасиетiн және, сұйықтар тәрiздi, аққыштық қасиетiн анықтайды. Бұның мысалы ретiнде әр түрлi смолалардың қасиеттерiн қарастыруға болады. Төменгi температураларда аморфтық денелер өз қасиеттерi жағынан қатты денелердi еске түсiредi. Олардың аққыштық қасиеттерi жоқ дерлiк. Бiрақ , температураның ұлғаю шамасына қарай аморфтық денелер де жұмсарады және олардың қасиеттерi барынша сұйықтың қасиеттерiне жақындай түседi. Аморфтық денелердің белгiлi бiр балқу температурасы болмайды.


Сыртқы күштердiң әсер етуiнiң нәтижесiнде дененiң сыртқы пiшiнi мен көлемiнiң өзгеруi деформация деп аталады

Дененiң әртүрлi бөлшектерi сыртқы күштердiң әсерiнен әртүрлi орын ауыстыру жасайтын болса, онда ол жағдайда қашанда деформация пайда болады. Сыртқы күштердiң әсерi тоқтатылғаннан кейiн жоғалып кететiн деформациялар – серпiмдi деформациялар деп, ал жоғалмайтын деформациялар- пластикалық деформациялар деп аталады.



Сығылу және созылу деформациясы. Егер бiртектi металл стерженнiң екi ұшына шамасы жағынан тең, бағыттары жағынан қарама – қарсы күштермен әсер етсек, онда стерженнiң деформациясы созылу деформациясы деп аталады

Созылу деформациясы мынадай екi шамамен сипатталады:


абсолюттi

Δl = l – l0

және салыстырмалы



ε = Δl / l0
ұзарулары, мұндағы l0 - стерженнiң бастапқы ұзындығы, ал l - соңғы ұзындығы.

Егер осы стерженге бiр – бiрiне бетпе-бет бағытталған күштермен әсер етсек, онда стержень сығылу деформациясына ұшырайды Бұл жағдайда абсолюттiк және салыстырмалы ұзарулар терiс таңбалы болады.

Көптеген қатты денелердiң деформациялары аз ғана созылуға және сығылуға ұшырағанда (Δl<<l0) серпiмдi болып келедi.

Жылжу деформациясы. Деформацияның бұл түрi, тiк қабаттар белгiлi бiр бұрышқа бұрылғанда, жазық қабаттардың өзара бiр-бiрiмен параллель күйде жылжуымен сипатталады.

Дене қабаттарының бiр-бiрiмен салыстырмалы түрде ығысуына әкелiп соғатын деформацияны жылжу деформациясы деп атаймыз.

Үлкен бұрыштарға жылжуы дененiң сынуына – сызаттың пайда болуына әкелiп соғады. Ол қайшымен, қашаумен және т.б. жұмыс iстеген кезде пайда болады.

Иiлу және бұралу. Бұлар деформацияның күрделi түрлерiне жатады. Әлбетте, иiлу және бұралу бiртектi емес созылу (сығылу) және бiртектi емес жылжу деформацияларына келтiрiледi. Мысалы, жүктелiнген бөрене(балка) иiлу деформациясына ұшырайды. Бұранданы бұрағанда, машина бiлiгiн, бұрғыны және т.б. айналдырғанда бұралу деформациясына ұшырайды.


Механикалық кернеу, кез-келген қимасына серпiмдiлiк күштер әсер ететiн, деформацияланатын дененiң кернеулiк күйiн сипаттайды. Бұл, деформация кезiнде дене бөлшектерiнiң орын ауыстыруына қарсылық жасайтын молекулалардың артық тартылыс және тебiлiс күштерi

Механикалық кернеу деп Fсер серпiмдiлiк күшi шамасының дененiң көлденең қимасының S ауданына қатынасын атайды:

(1)

Гук заңы. Стерженнiң созылуы кернеу σ - ның салыстырмалы ұзару ε - ға тәуелдiлiгiн сипаттайды. Бұндай тәуелдiлiктiң графигi созылу диаграммасы деп аталады. Деформация аз болғанда, кернеу салыстырмалы ұзаруға тура пропорционал болады. Бұл Гук заңы деп аталады. Оны мына түрде жазып көрсетуге болады.

(2)

Гук заңына енетiн пропорционалдық коэффициентi Е серпiмдiлiк модулi немесе Юнг модулi деп аталады. Көптеген материалдар үшiн Юнг модулi тәжiрибе жүзiнде анықталған. Басқа шарттары бiрдей бола тұрғанымен, неғұрлым Юнг модулi үлкен болса, соғұрлым стержень аз деформцияланады.



III. Жаңа тақырыпты бекіту.

V. Қорытындылау. Оқушылардын білімін бағалау.
Рефлексия

3.Маған ұнады…

4.Мен мынаған қызықтым…

5.Мен үшін ең маңыздысы…



VI. Үйге тапсырма.

18-22 оқу, 5 – жаттығу № 5 есеп.



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет