Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қалампыр гүлінің қағаздан жасалу жолын



Дата15.10.2018
өлшемі97.78 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қағаздан қалампыр гүлін жасау


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қалампыр гүлінің қағаздан жасалу жолын

таныстыра отырып, гүл туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындағандағы еріктілігін

дамыту .
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке,тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету.
Сабақтық көрнекілігі: үлгі, гүл суреті, семантикалық картасы
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, математика, тарих.
САБАҚТЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алдырту.

  • Сабаққа оқушылардың назарын аударту.

  • Топқа түрлі -түсті қағаз арқылы І-ІІ топқа бөліну

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

скругленный прямоугольник 66скругленный прямоугольник 67скругленный прямоугольник 68скругленный прямоугольник 69скругленный прямоугольник 70скругленный прямоугольник 71скругленный прямоугольник 72скругленный прямоугольник 65 Сиқырлы сандарды таңдау арқылы 

Т Ү Й М Е Д А Қ

1. Түймедағы қандай   гүлдер тұқымдасына жатады?

2. Қазақстаның қай өңірлерінде өседі?

3. Түймедағы гүлінің қанша түрі бар және қалай аталады?

4.Түймедағы гүлінің емдік қасиетін ата?

5. Түймедақ туралы ел аузындағы аңызды баяндап бер.

6. Түймедағы гүлінің жасалу жолын көрсет

7.Түймедақ гүлі қай айларда гүлдеп, қай айда жемісін береді?

8. Жұмбақ . Аппақ өңі тартымды,

Қасиетті гүлқашанғы

Халық одан әртүрлі
Дәрі-дәрмек жасайды. Шешуі: (Түймедақ)


ІІІ. Оқушы білімін тексеру.
Сөзжұмбақты шешу

Жұмбақтарды шешу арқылы




  1. Ағайынды бәрі, шықса- көк, түссе-сары. Жауабы: (жапырақтар)




  1. Жіп-жіңішке денесі, ортасында денесі. Жауабы: (қарындаш)




  1. Бөлінгенді табыстырып,

Біріктірсе қабыстырып,

Жымдастырған жігітте

Байқамасын түгін де Жауабы: (желім)


  1. Екі басты айдаһар

Бәрін қырып жояды

Екі аяқпен жер тіреп

Қағазды жеп қояды Жауабы: (Қайшы)


  1. Біліммен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. Жауабы: (Мектеп)


  1. Үстінде есігі

Өзі орындық, әрі үстел

Оқушылар бесігі Жауабы: (Парта)




  1. Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындықтың өлшемі. Жауабы :(Сызғыш)


  1. Жазу жазып жалықпаған,

Жаза, жаза жалықпаған. Жауабы: (Бор)
прямоугольник 64прямоугольник 63прямоугольник 62прямоугольник 61прямоугольник 60прямоугольник 59прямоугольник 58прямоугольник 57прямоугольник 56
қ

а
прямоугольник 53 прямоугольник 52 прямоугольник 51 прямоугольник 50 прямоугольник 49 прямоугольник 48 прямоугольник 47 прямоугольник 46 прямоугольник 45
л
прямоугольник 43 прямоугольник 42
а
прямоугольник 40 прямоугольник 39 прямоугольник 38 прямоугольник 37
м
прямоугольник 35 прямоугольник 34 прямоугольник 33 прямоугольник 32 прямоугольник 31
п
прямоугольник 29 прямоугольник 28 прямоугольник 27 прямоугольник 26
ы
прямоугольник 24 прямоугольник 23 прямоугольник 22 прямоугольник 21 прямоугольник 20 прямоугольник 19 прямоугольник 18
р


-Сонымен балалар, қандай сөз шықты?

-Қалампыр
ІІІ.Жаңа сабақтың мақсаты

Олай болса, бүгінгі сабағымызда қалампыр гүлінің аңызы мен таныса отырып, қағаздан жасалу жолдарын үйренеміз.


ІV. Жаңа сабақты түсіндіру



Қалампыр (Dianthus) — қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Солардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері — 80. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15 – 50 см-дей, жапырағы таспа немесе қандауыр тәрізді болады. Қалампыр туысының өзіне тән ерекшелігі – бірігіп кеткен тостағанша жапырақшаларының түбі қабыршақтанып келіп, гүл жапыраққа жабысып тұрады. Көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті, хош иісті, дара гүлдері сабағы мен бұтағының басында жетіледі. Гүл жапырақшаларының шеті тілімденген не ара тісті ирек. Көбелектермен тозаңданады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Қытай, түрік, бақша, гренадин, Шабо қалампырлары Қазақстанның гүл өсіретін шаруашылықтарында әсемдік үшін өсіріледі. Ала қалампыр мен қытай қалампыры халықтық медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды.

Жанымызды жадыратып, қуаныш сыйлаудан шаршамайтын тіршілік иелері - гүлдер туралы әңгіме кімнің болсын көңіл-күйіне жақсы әсер етеді. Бүгінге дейін сіздермен олар туралы аз әңгіме қозғаған жоқпыз. Ендеше, қалыптасқан дәстүрміздің қаймағын бұзбастан гүлдер туралы баяндауды жалғастырамыз. Кезек қалампырға жетіпті...



Қалампырдың тарихы

Есте жоқ ерте заманда Диана атты құдай сәтсіз өткен аңшылық сапарынан көңіл-күйі түсіп, мазасызданып келе жатады. Кенет орман жиегінде сыбызғы тартып көңілді отырған бақташы қызға көзі түсіп кетеді. Ай десе аузы, күн десе көзі бар бойжеткенге зығырданы қайнаған Диана: «Сенің сыбызғыңның кесірінен маған олжа болуға тиіс қыр құстарының барлығы үркіп кетті, сондықтан сені жазалаймын!» деп айыптай бастайды. Ештеңеден хабары жоқ бақташы қыз кінәсі жоқтығын айтып ақталады, аяуын сұрап жалынып-жалбарынады. Алайда, көзін шел басқан Диана одан сайын ашуланады да қыздың екі көзін ойып алады.

Арада біраз уақыт өткен соң, ол өз-өзіне келеді де, өкініштің улы запыраны өзегін өртей бастайды. Бәрі де кеш еді... Сонда ол өз айыбын аздап болсын жуу үшін және бақташының есімін тарихта қалдырмақ болып, екі көзді жерге лақтырып жібереді. Сол сәтте көздердің орнына екі қалампыр гүлі өсіп шығады...
Осы оқиғадан орын алғаннан бері қалампыр - бейкүнәліліктің нышаны болып келеді екен.

Қалампырдың мәртебесі

Ежелгі Қытайда қалампырды хош иісі үшін қатты құрметтеген. Хан сарайына кіріп, ханмен кездескісі келген қарапайым халық қалампыр күлтесін шайнауы тиіс. Өйткені, күзетшілер олардың аузынан қалампыр иісінің шығып тұруын қадағалаған екен.

Францияда қалампырдың мәртебесі раушан гүлімен бірдей саналған және француздық сәнқой ханымдар қалампыр күлтелерімен көйлектерін, қалпақтарын сәндейтін болыпты.
Ағылшындықтар қалампырды У. Шекспирдің шығармалары арқылы танып, жақсы көріп кеткен екен.

Ал Испанияда қызыл қалампыр теріс күштер мен сәтсіздіктерден сақтайтын бойтұмар ретінде бағаланады. Жас қыздар әскерге аттанып жатқан сүйіктілеріне қалампыр гүлін береді. Себебі олар қалампыр бәле-жаладан сақтайды деп сенеді. Кейбір елдер қалампырды махаббаты нышаны санап, тек қана ғашық жандар сыйлайтын гүл ретінде танып, қадірлеп жатады.

Қалампырды гректер «Құдіретті гүл» дейді.

Хош иісті қалампыр

Ерекше әсем гүлдейді.

Начало формы

Шығыс халықтарында әр гүлдің белгілі өз мағынасы бар екен. Мысалы:

Ромашка (түймедақ) - романтика, жастық шақ.


Қалампыр - құмарлық.

Қалампыр гүлі — Еуропа елінен тараған. Олардың бір, екі, үш жылдық түрлері болады. Гүлдері ақ, қызғылт, күлгін. Қалампыр гүлі — ерлік пен өрлікті уағыздайтын гүл. Сондықтан оны көбіне ер азаматтарға сыйлап жатады.

Қалампыр.
Жайлауда жел тербесе, 
Иісіңе дала аңқыр. 
Бақшадан да мен неше, 
Көрдім сені Қалампыр.
Ежелден халық бұл гүлді, 
Жалқауларға қимайды. 
Қорғайтын елді, үлгілі,
Батырларға сыйлайды.
Қызыл, сары гүл көрдім,
Ағы да бар не түрлі,
Қалампыр гүл гүлдердің
Ардагері секілді. 

Француздар, испандықтар қалампыр гүлі мен бақытгүлін бақытсыздық белгісі деп санаса, ал бұл гүлдерді күншығыс елінің халықтары және италияндықтар, гректер, ағылшындар бақытгүлі деп қадірлеп, қастерлеген. Германияда қызыл раушан махаббат белгісі болып саналса, Латын Америкасында гүл қан түстес болғандықтан өлім гүлі деп санап, ақ раушанды қадірлеп, қастерлейді екен. Жақсылыққа гүл сыйлағанда гүл тақ санды болу керек, ал қабір басына апарған гүл жұп санды болуы қажет деп санайды халық

Қалампыр. Ғалымдардың айтуынша, қалампырдың құрамында адам ағзасына аса пайдалы микроэлементтер бар екен. Қалампыр туралы алғашқы деректер Қытай, Үндістан, Египет қолжазбаларында кездеседі. Қолжазбадағы мәліметтер қалампырдың алғашында дәмдеуіш емес,дәрі-дәрмек ретінде қолданғандығын көрсетеді. Ет пісірер алдында қалампырдың бір-екі түйірін салып жіберсеңіз, етіңіз жұмсақ әрі дәмді болып піседі.

Vскругленный прямоугольник 7скругленный прямоугольник 6скругленный прямоугольник 5скругленный прямоугольник 8скругленный прямоугольник 9скругленный прямоугольник 10скругленный прямоугольник 11скругленный прямоугольник 12І. Жаңа сабақты түсіндіргенін сұрау.

Қ А Л А М П Ы Р
1. Қалампыр қандай   гүлдер тұқымдасына жатады?

2. Қазақстаның қай өңірлерінде өседі?

3. Қалампыр гүлінің қанша түрі бар ?

4.Қалампыр гүлінің емдік қасиетін ата?

5.Қалампыр туралы ел аузындағы аңызды баяндап бер.

6. Қалампыр гүлінің жасалу жолын көрсет

7. .Қалампыр гүлі қай айларда гүлдеп, қай айда жемісін береді?

8. Шығыс халықтарында қалампыр гүлінің мағынасын қалай атайды?



Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін пысықтау


1. Оқушылар еңбек сабағында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау; 
2. Пайдалы материалды үнемдеп ұстау. 
3. Сәнді бұйымдарды жасай білу. 
4. Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу. 
5. Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау. 
6. Есіңде болсын! 
7. Жасаған бұйымын әсем, әдемі болсын. 
8. Өз жұмысың таза, ұқыпты болсын. 
9. Ұшты нәрсенің, ұшын жоғары қаратып ұстама! Инені жастықшаға түйре. Қайшыны сабымен бер. 
10. Қолыңды сабындап жу.

11.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

12.Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

13.Қайшыны, желімді ашық тастама.




Нұсқау картасы бойынша қағаздан қалампыр гүлін жасау

Сергіту сәті.

Балалар, бір сәт біз де гүл болып жайқалып тербелейікші.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші жайқалып.

VІІ. Бекіту.

Венн диаграммасы арқылы



Айырмашылығы Ортақ қасиеті Айырмашылығы
Түймедағы Қалампыр

овал 3овал 2овал 1

Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма:
Қалампыр гүлін жасап келу
Конец формы
Каталог: uploads -> doc -> 00c0
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
00c0 -> ІІ. Негізгі бөлім Қызанақты өсіріп-баптау және оның адам ағзасына тигізетін пайдасы
00c0 -> Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері
00c0 -> Сырттан келген мейманға
00c0 -> Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай орта мектебі Бағыты


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет