Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты



Дата06.07.2017
өлшемі61.67 Kb.
#25100
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Жабық тұқымды (Гүлді) өсімдіктер бөлімі. Олардың жалпы сипаттамасы.
Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі. 
Қосжарнақты өсімдіктердің тұқымдастары. Жабық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. Гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар және даражарнақтылар кластарына бөлінуі.


Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: Оқушылар жоғары сатыдағы өсімдіктер жөнінде мәлімет ала отырып гүлді өсімдіктердің қазіргі кездегі саны жағынан ең көп таралған топ екенін ұғынады, жалпы сипаттама бере алады 
2. Тәрбиелік мақсаты: Гүлді өсімдіктердің маңызымен таныса отырып, оларды қорғауға баулиды және эстетикалық, экологиялық тәрбие алады. 
3. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық деңгейі және білімі артады

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, СТО элементтері , биологиялық диктант, постермен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеппешөптер, маркерлер, постерлер, стикерлер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру



Оқушыларды топқа бөлу. Споралылар, Жабықтұқымдылар және Ашықтұқымдылар. Стикер түсіне қарай

Психологиялық ахуал тудыру:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан әр күнге!

Үй тапсырмасын сұрау:



Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

8-тарау: Ашықтұқымды өсімдіктер бойынша қайталау

Сұрақтар:

1. жоғары сатыдағы өсімдіктер қалай бөлінеді?

( Споралылар және тұқымды өсімдіктер)

2. Тұқымды өсімдіктер қалай бөлінеді?

(ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер)

3. неліктен ашықтұқымдылар деп аталады?

(тұқымдары тұқым қабыршақтың қойнауында қорғанышсыз, бүрде ашық болып жетілетіндіктен, ашықтұқымды өсімдіктер деп аталады)

4. ашықтұқымдыларға қандай өсімдіктер жатады?

5. неліктен оларды қылқанжапырақтылар деп те атайды?

6. қарағай қандай өсімдік? (Тік өсетін, жарық сүйгіш, бірүйлі өсімдік)

7.Ағаш сабағы қалай аталады? (дің) 

8. бірүйлі деген мағынаны қалай түсінеміз?

9.Қарағай бұтағының бүрлері қайда орналасқан? (жас өркеннің ұшында) 

10.Бүрлер жыл мезгілінің қай кезінде пайда болады? (көктемде пайда болады) 

11.Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер қандай бүрлер? (аталық бүрлер) 

12.Аналық бүр неден тұрады? (өзекше мен тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады) 

13. қылқанжапырақтылардың адам өмірінде маңызы қаншалықты?

14. орманды қалай қорғап қалуға болады?

10 мин
Қызығушылықты ояту
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жіктелуі:


Споралы өсімдіктер

Мүктер, плаундар, тұқымды

қырықжапырақтектестер,

қырықбуындар

ашық жабық

тұқымды тұқымды


Біз споралы өсімдіктер және ашық тұқымды өсімдіктермен таныстық.

Бүгін қай өсімдік топтарымен танысамыз?



Дәптерге күнді жазамыз.

Жабық тұқымды (Гүлді) өсімдіктер бөлімі. Олардың жалпы сипаттамасы.
Гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар және

даражарнақтылар кластарына бөлінуі.



Тақырыпты оқып алуға 5 минут уақыт беремін.

Тақырып бойынша сұрақтар:

*Тақырыпта не туралы айтылған? Қандай өсімдіктер жайлы? Кім айтады?

*Дара жарнақты өсімдіктер мен қосжарнақтыларда қандай негізгі айырмашылық бар?

*Оларды тағы да қандай белгілер бойынша ажыратуға болады?

*Гүлді өсімдіктерде атына сай қандай көбею мүшесі бар? (гүл)

*Гүлдің құрылысын еске түсірейік.
c:\users\владелец\desktop\ir0648oy6.jpg
Жатында не түзіледі? (тұқымбүршік)

Тозаңдар қайда жетіледі?

Жабықтұқымды өсімдіктердің тұқымы қайда орналасады екен?

(жемістің ішінде) 5мин

сұрақтар:

Ашықтұқымдылар жабықтұқымдыларға сұрақтар дайындайды

Жабықтұқымдылар споралыларға

Споралылар ашықтұқымдыларға 10мин

Дене жаттығуы



Биологиялық диктант


  1. Жабық тұқымдылардың көбею мүшесі, ол- ..... . (гүл)

  2. Жабықтұқымды өсімдіктердің ..... мыңдай түрі бар. (250)

  3. Аналықтың жатынында ..... ....... орналасады. (тұқым бүршіктері)

  4. Тозаң түйірлері ...... аузына келіп түседі, осы жерде олар өніп, ..... түтіктерін түзеді. (аналықтың, тозаң)

  5. Тозаң түтіктері арқылы аталық ....... тұқымбүршігіне өтеді. (жынысжасушалары)

  6. Тозаң түтігіндегі екі аталық жыныс жасушасының бірі .......... ұрықтандырады. (жұмыртқажасушаны )

  7. Ал екінші ..... жыныс жасушасы тұқымбүршігінің ең үлкен орталық жасушасымен қосылады. (аталық )

  8. Ұрықтанудың тек ..... өсімдіктерге тән мұндай түрін ...... ұрықтану деп атайды. (гүлді, қосарланып)

  9. Гүлді өсімдіктерді ........ және ........ класы деп екіге бөлінеді. (даражарнақтылар және қосжарнақтылар)

  10. Қосжарнақтыларда .... тұқымжарнағы болады (екі) 10минут



Ой-толғаныс

Постермен жұмыс

Споралылар
Венн диаграммасын сызады


Қосжарнақтыларға тән белгілер Даражарнақтыларға тән белгілер

Ұқсас

белгілер


Ашықтұқымдылар
Бес жолды өлен



Гүл

Зат есім: гүл

Сын есім: әдемі, түрлі-түсті

Етістік : өседі, тіршілік етеді, тыныс алады



Сөйлем : Мен анама гүл сыйлаймын.
Жабықтұқымдылар

Табиғат туралы өлең шығару
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды караса
Жер анам менің көгілдір
Суы менен мөп-мөлдір


Үйге тапсырма: 42. Жабықтұқымды өсімдіктер 137-139 бет (қосымша: шаршыгүлділер тұқымдасы)

Бағалау парағы


Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы:

Тақырып бойына сұрақтарға жауап беруі

Жуан-жіңішке сұрақтар

Биологиялық диктант

Постермен жұмыс

























































































Каталог: F3689512BDDBB434
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі. Бунақденелілер класындағы ерекшеліктер
F3689512BDDBB434 -> Саңырауқұлақтар. Төменгі сатыдағы
F3689512BDDBB434 -> Пәні: технология Сыныбы: 6 Күні
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың тақырыбы: Кесіндіге есептер шығару. Сабақтың мақсаты
F3689512BDDBB434 -> Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті
F3689512BDDBB434 -> «Балалардың күлкісі- әлемінің сәні»
F3689512BDDBB434 -> Күні: 14. 01. 2016ж. Пәні: еңбекке баулу Сыныбы
F3689512BDDBB434 -> Тақырыбы: Мамандық түрлері. Өмірден өз орныңды таба біл! Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет