Сабақтың мақсаты: Қатаң азықтардың дайындау технологиясымен танысу



Дата06.07.2017
өлшемі75.16 Kb.
түріСабақ
Қатаң азықтардың дайындау технологиясы.

Сабақтың мақсаты: Қатаң азықтардың дайындау технологиясымен танысу.

Сабактың мазмұны: Пішен, күйіс малын қыс айларында азықтандыратын негізгі азықтардың бірі. Жоғары сапалы пішен протеинге, минералды элементтерге , каротинге, Д,К,В тобының витаминдеріне бай келеді. 1 кг кұнарлы пішенде дейін қант, 40-50 мг каротин болады. Мұндай пішен күйіс малының рационына 20-25% немесе әрбір сиырдың тірідей массасына шаққанда, кем деңгейде 1 кг мөлшерінде еңгізгенде ғана, ас қорыту процесі қалыпты пішен негізімен екпе шөпер егісі мен табиғи шабыңдықтардан орылып дайындалады. Қоректік жұғымдылығы: 1) ботаникалық құрамына, 2) өсіп өну жағдайына, 3) қандай өсу дуіріне орылғанына, 4) дайындау технологиясына, 5) анықтау сапасына тығыз байланысты. Ботаникалық құрамына байланысты пішен мынадай түрлерге бөлінеді:

Бұршақты протеин мен Са көп,

Дәнді (қантқа бай)

Бұршақты дәнді, табиғи шабындық пішені.

Шөптің бір ғана түрінен дайындалған пішеннің химиялық құрамы қарапайым (бұошақтаы немесе дәнді). Ал бұршақты – дәнді өсімдіктердін пішені неғұрлым жұғымдырақ келеді.

Шөпті кептіру барысында өз бойындағы ылғалмен бірге жинақталған қоретік заттарын да жоғалтып алуы мүмкін. Орылған шөпте алғашқы кезеңде клеткалар қосымша жинақталған қоректік заттар қоры есебінен тшршілік ете береді. Бұл кезең сола бастаған өсімдік бойындағы ылғалы 45-55 % кемігенше созылады. Бұны ашыту кезеңі деп атайды. Мұндай жағдайда қоректік заттар қоры өте тез шығындалып, азая түседі.

Мысалы, өсімдік тәулігіне 1% құрғақ затын жоғалталы (негізінен қант мөлшірі есебінен).

Ашыту кезеңі ұзара түскен сайын, протеин құрамыда өзгереді: амидтер мөлшері көбейіп кетеді де, протеин сапасына нұсқау келтіреді.

Сола бастаған өсімдік каротині азайып, пішен азықтың жұғымдылығын төмендетеді.

Сондықтан пішенді тез кептіру үшін оларды жаныштап алған жөн. Бірақ шөптің жапырағы мен гүлдері түсіп қалмауы үшін, оны бойындағы ылғалы кемінде 45-55% сақталатындай дәрежеде қопсытады.

Кептірілген пішенің жоғалтқан қатты заты 21%, азықтық өлшемі 42%, қорытылатын протеин 34% жетеді. Ал жауын шашымға ұшыраса, бұл шығын арта түседі. Пешенді шабындықта кептірудің тиімділігі-күн көз әсерінен пішендегі эргостиринен Д витамині түзіледі. Осыдан мал қыстан шыға алады. Қосымша желдеткіш қолданып кептірілген пішен сапасы мен қоректілігі артады (протеин шығыны 1,5 есе кемиді).

Ылғалдылығы 15-17% дейін кемітілген кептірілген пішен сарайда қалқалы бастырмада престеліп сақталады.

Ботаникалық құрамын анықтау 100-300 г тексеріледі: дәмді өсімдіктер бұршақты өсімдіктер, әр түрлі азықтық шөптер, әлем шөп, жеуге жарамсыз шөртер, улы және зиянды шөптер (немесе 1% аспау керек Мемлекетік стандартты көрсету МС-87).

ПІШЕН САПАСЫН КӨЗБЕН БОЛЖАУ.

Түсі шалғындық шөп жасыл түсті болып келеді (ақшыл жасылдан, жасыл қараға дейін). Көп кептірілген және көп сақталған шөп озінің жасыл түсін жояды. Жауында дайындалған пішен түсті қоңырлау болып келеді, иісі пінен иісі шөптік-жиналған мерзімі жиналу жағдайына, кептіру тәсіліне, сақталуына байланысты. Жақсы пішен тамаша иісті болып келеді. Ескі пішенің исі кетеді. Дұрыс сақталмаған пішенен нашар неесе сасық иіс шығады. Пішнен иісін білу үшін, 50-100 г пішендістаканға салып, ыстық су қүяды да, стаканды шынымен жабады, 2-3минуттан кейін иісті білуге болады.



ЖИНАЛАТЫН УАҚЫТЫ.

Пішен гүлдену фазасында орылып жиналады, егер бидай тұқымдастарынын көбінің басында дәндері болмаса – гүлдері болса, бұршақ тұқымдастары толық гүлденген кезінде шалғыға салады.



ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫ 5 г пішенді + 130˚ да 40 минут кептіріп (қателігі +,- 1%) жылдам анықтауға болады. Шаруашылық жағдайында пішен ылғалдылығын қолмен анықтайды; олмен иленген пішениқатаң болып, сыққырласа, ал ылғалдылығы жоғары пішенді есуға болады.

Жаздағы пішен ылғалдылығы 17%; ал қыста -20% аспауы қажет.



БҰЗЫЛҒАНДЫҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ.

-түсінің қарауы, көгеруі, бал исінің пайдп болуы, пішеннің көгеруі көк түсінің қарайуын маяның ортасына таман жерін тексеріп біледі.



Пішенді шаруашылық көрсеткіштерді бойыеша бағалауы

Көрсеткіштер

Бағалауы

ГОСТ бойынша талаптар

1.Ботаникалық құрамы (процент)







а) бұршақ тұқымдас







б) астық тұқымдас







в) клең шөп







г) желенетіні немесе желінбейтіні







д) ұлы заттар







2.Түрі







3.Иісі







4.Дайындау кезеңі (гүлденгенге дейін, гүлденгеннен кейін)







5.Жапырақтануы







6.Ылғалдылығы







7.Бұзылғаны (шіріген балшық, истенген)







8.Пішенің сапасы туралы қорытынды







9.Класс (І,ІІ,ІІІ)







10. Классыз







11.Пішеннің типі.







Маядағы шөптің көлемін анықтау кестесі.

Көрсеткіштер

Ені

Ұзындығы

Асырма

Көлемі

Салмағы

Қатаң азықтық қорын анықтау үшін маядағы пішенді өлшеп, оның көлемін шығарады



















1.Биік үйілген мая (өнінен биіктігі ұзын)



















2.Тік үйілген мая (биіктігі орташа және аласа) Ө= (А*0,52- Е*0,44) Е*У



















3.Жалпақ үйліген маялар: Ө= (А*0,52- Е*0,55) Е*У



















4.Шошақ үйілген мая Ө=(( А*Е)/4)*Ұ мұндағы: А-ұзармасы,м;



















Е-ені, м;

Ү-Ұзындығы, м.



Сүрлем дайындау технологиясы сапасына қойлатын талаптар.

Сабақтың мақсаты: Сүрлем дайындау технологиясы сапасына қойлатын талаптармен танысу.

Сабақтың мазмұны: Сүрлеу дегеніміз- микробиологиялық және химиялық факторларды пайдалана отырып, азықты маңызды биологиялық қосылыстар мен байыту және консервілеу. Оның маңызы:



  1. Сүрлеу әдісін ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан қолдана беруге болады.

  2. Сүрлемде шырын көп болады және онда қоректік заттардың көпшігігі жақсы сақталады.

  3. Азық микроорганизмдер тіршілігінен түзілген физиологиялық жағына малға пайдалы қоылыстармен байыды.

Сүрлем дайындаудың екі түрі белгілі.

1.Салқын әдіс- оның температурасы 30-35˚ жылыдан аспауы керек (1,5 % дейін сүт қышқылы, 1% дейін сірке қышқылы түзіледі). Мұндай әдіспен дайындалған сүрлем 8-10 күн ішінде малға беруге болады. Оның түсі жасыл сары, иісі тұздалған көкеніс немесе жеміс исіндей болады. Және мал оны сүйсеніп жейді.

2.Ыстық әдіс. Бұл әдіс бойынша траншея азыққа бірден толтырылмайды, алдымен азықты қалыңдығы 1,5 м етіп салады да, бір екі күн нығыздамай сол күйінде қалдырады. Сонда мұндай шөп өздігінен қыза бастайды да 45-50˚- қа дейін көтеріледі. Бұдан соң оның үстіне тағы да қалыңдығы сондай етіп шөп салады, осы шөп салмағынан төменгісі тағы да қыздырылады. Кейінен қымтап қабылады. Бұл әдіспен дайындалған сүрлем жұғымдылығы салқын әдіске қарағында төменірек (Мейралдреакциясы).

Сүрлем негізі. Өсімдік қанытынан сүт қышқылы бактерияларының көмегімен азық қышқылданады. Азықта жиналған қышқыл әсерінен орта шамасына ауасы. Сүрлемде сүт және сірке қышқылдары қажетті мөлшерде жиналғанда, онда шіріту және бсқа да зияеды микроорганизмдер тіршілігі тоқталады.

-Орталық қышқылдығымен.

-ауаның жоқтығы сүрлеудің басты шарттары болып табылады.

Қышқыл мөлшері сүрлемде 0,5 % болуы қажет. Қышқыл мөлшерінің өзгеруі сүрленетін өсімдіктер құрамында болатын буфер заттарына байланысты. Олар органикалық қышқылдарды оңай байланыстырып, бейтараптап жібереді. Азық қышқылдылығы кемиді, егер азықта буфер заттары мол болса, Зубрилиннің “Қант минимумы ” теориясының негізгі- азықтардағы қант мөлшерімен оның сүрлену мүмкіншілігінің анықталуы.

Соған байланысты азықтар:

-оңай сүрленетін (жүгері , сорге, кұнбағыс, капуста, қарбыз, асқабаң т.б. жатады)- ОС.

-сүрленуі



Сүрлемнің сапалық көрсеткіштерін бағалау.



Бағалау көрсеткіштері

Бағасы (балл)

Түсі




Көк (жасыл)

2

Сары көк не қоңыр

1

Қара көк

0

Иісі




Тартымды хош иісті жеміс-әлсіз қышқыл, иісті

4

Сәл сірке қышқылды, қияр иісті

3

Қатты сірке қышқылды, қышқылды иісті

2-1

Тұрып қалған иісті,екі, қатты қышқыл иісті

0

Индикатор бонууы рН бойынша




Қызыл

5

Қызыл ала

4

Күрең

3

Сары

2

Сары жасыл

1

Жасыл

0



Сүрлем сапасын бағалау.



Бағалау көрсеткіштері

Сипаттамасы

Берілген бағасы.

Түсі







Иісі







Қышқылдығы







Жалпы бағасы, жарамдылығы







1 кг сүрлемде







Азық өлшем бірлігі, кг







Қорытылатын протеинге, г







Са, г







Р,г







Каротин, мг







Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет