Сабақтың мақсаты: Абайдың «Масғұт» поэмасының мәтінімен жұмыс және ондағы берілген өзекті ойды анықтау



Дата24.10.2018
өлшемі36.71 Kb.
#93052
түріСабақ
Алматы облысы

Райымбек ауданы

Шалкөде орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нусипова Мадира

Сыныбы: 9-сынып

Пәні: әдебиет

Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Масғұт» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

Абайдың «Масғұт» поэмасының мәтінімен жұмыс және ондағы берілген өзекті ойды анықтау



Күтілетін нәтиже:

Оқушы мәтін бойынша тапсырмаларды игере отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, қандай да бір шешімге келе алады және өзінің білімінің қаншалықты деңгейде екенін бағалай алатын оқушы тұлғасы қалыптасады.



Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс -тәсілдер: топтық жұмыс, ізденіс, «Джигсо» әдісі, «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі, ВЕНН диаграммасы, «Сұрақтар мен нәтижелер арасында байланыс орнату» әдісі, тест тапсырмаларын құрастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Абайдың портреті, кесте.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен амандасу;

- Шаттық шеңбері;

- Сыныпты Абай өлеңдерінің тақырыптарына сәйкес 3 топқа бөлу:

1-топ – табиғат лирикасы

2-топ – махаббат лирикасы

3-топ - әлеуметтік лирика

Үй тапсырмасын тексеру.

Сынып 3 топқа бөлінгендіктен әр топқа жеке сұрақтар интерактивті тақтаға жазылады.



  1. Абай өмірінен қандай тағлым алдың? Не әсер етті? Не ойландырды?

  2. Абай лирикасының түрлері, оқу-ғылым жайлы түрлерін ата.

  3. Абайдың қара сөздерінің мәні қандай?

(тапсырма плакатқа орындалады).

Жаңа тақырыпты меңгеру. («Масғұт» поэмасымен танысу үйге алдын-ала беріледі).

Бекіту кезеңі.

1-тапсырма. Мағынаны тану. (6 мин)

(«Джиксо»әдісі бойынша әр топтан оқушылар поэманың мазмұнын кезекпен әңгімелейді, қарсы топтан ол оқушыға сұрақтар беріледі, сұрақтар мазмұнды әңгімелеместен бұрын плакатқа орындалады).



  1. Масғұт қашан, қайда өмір сүрген?

  2. Шал қандай қиянатқа ұшырады?

  3. Шалға кім араша түсті?

  4. Шал Масғұтқа деген ризашылығын қалай білдіргісі келді?

  5. Шал қандай адам?

  6. Масғұттың қызыл жемісті таңдау себебі?

  7. Масғұттың «бұл дүниенің күні» аталуына не себеп?

  8. Шын мәнінде не қажет еді? «Бұл дүниенің күні» бола алды ма?

2-тапсырма. (3 мин)

1-топ. ВЕНН диаграммасы

Һарун-Рашид халифа ХХІ ғасырдағы

заманындағы адамдар адамдар

2-топ. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі

Масғұттың жағымды мінезі

Масғұттың жағымсыз мінезі

Ақылдылығы, көрегенділігі, адамгершілігі, білімділігі

Халықпен санаспауы, халифаға ғана қызмет етуі


3-топ. Поэма мазмұны бойынша тұрақты тіркестер тауып жазу, мағынасын түсіндіру.

Жан сақтау- Көз тігу-

Жау жүрек- Құса болу-

Есі шығу-


3-тапсырма. «Сұрақтар мен нәтижелер арасында байланыс орнату» әдісі (5 мин)

Сұрақ: Нәтиже:

Ақ жемісті -бақытты

жеген адам -дәулетті

-ақылды


(Осы мысалға қарай отырып мәтін бойынша әр топ тапсырмалар орындайды).
4-тапсырма. Мәтін бойынша сөздердің мағынасына түсінік. (3мин)

1-топ. Көп қолданылмайтын создерді табу.

Һарун-Рашид заманында- көнерген сөз

Шаһар- көнерген сөз

Хан, патша- көнерген сөз, синоним

Ұрғашы- дисфемизм

2-топ. Мақал- мәтел табу.

Еңбексіз мал дәметпек – қайыршылық.



3-топ. Шағын эссе жазу.

Тақырыбы: «Поэмадан мен не түйдім?»


Қорытындылау.

Ашық және жабық тест тапсырмаларын құрастыру.

  1. Масғұт кеселді жауын жауатынын қалай білді?

А) Халифа айтты

В) Қыдыр шал түсінде аян берді

С) Халық айтты

Д) Масғұттың көріпкелдік қасиеті бар

2. «Аян беру» сөзінің мағынасын қалай айқындап берер едіңіз? Тарқатып жазыңыз.

................................................................................................................................................................................................................................................................



Үй тапсырмасы.

«Масғұт» поэмасын әңгімеге айналдырып жазу
Каталог: uploads -> doc -> 026e
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
026e -> География пәнінен 2 тоқсандық бақылау жұмысы. 7-сынып Мақсаты : Оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет