Сабақтың мақсаты: а оқушыларға терінің қандай қызмет атқаратынын түсіндіру; ә тақырыпты дұрыс түсініп оқуға дағдыландыру



бет1/3
Дата11.07.2017
өлшемі455.38 Kb.
түріСабақ
  1   2   3
9.09.15ж.Сабақтың тақырыбы: Тері -ағзаның қорғаныс мүшесі және оның атқаратын қызметі

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға терінің қандай қызмет атқаратынын түсіндіру;

ә) тақырыпты дұрыс түсініп оқуға дағдыландыру;

б) оқушыларды өз денесін дұрыс күте білуге үйрету;



Көрнекілігі: оқулық,суреттер.

Сабақтың барысы I.Ұйымдастыру бөлімі.Оқушыларды сабаққа дайындау. II.Өткен сабақты еске түсіру.

1.Адам табиғаттан не алады?

2.Адам табиғатпен қандай байланыста?

III. Тері -ағзаның қорғаныс мүшесі және оның атқаратын қызметі.

Суретпен жұмыс.

Адам денесін тері жауып тұрады.Ол дене мүшелерін түрлі жарақаттан, соққыдан, күюден, үсуден қорғайды. Тер мен май терінің бетінде қалады. Оған шаң тұрып, тері ластанады. Үнемі теріні, денені таза ұстауға дағдылан. Жарақат алған жағдайда жедел жәрдем шақыртуды ұмытпа!

IY.Тақырыпты оқушыларға оқытып, сұрақтар қою арқылы жауап алу.

Y.Дәптермен жұмыс. Суретпен жұмыс.

YI .Бекіту. Сұрақ жауап:

1. Тері қандай қызмет атқарады?

2.Май мен тердің тері арқылы шығуының ағза үшін қандай маңызы бар?

3.Теріні таза ұстау жөнінде не білдіңдер?

Дене тазалығын сақтау ережелері:

-дененің ашық жерлерін күніне 2 рет; ал аяқты күнде жатар алдында жу;

-қолды күніне бірнеше рет, әсіресе тамақ ішер алдында жу;

-тырнақтаң астына кір жиналмас үшін уақытында алып отыр;

-жұмасына 1 рет денені сабындап жөкемен ысып жу;

Тестік тапсырмалар беру.



YII. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, мазмұнын айту.

16.09.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Қаңқа және бұлшық ет. Қимыл -қозғалыс мүшелері.

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға қаңқа және бұлшық ет туралы түсінік беру;

ә) тақырыпты дұрыс түсініп оқуға дағдыландыру;

б) оқушыларды өз денесін дұрыс күте білуге үйрету;

Көрнекілігі: оқулық,суреттер.

Сабақтың барысы I.Ұйымдастыру бөлімі.Оқушыларды сабаққа дайындау. II.Өткен сабақты еске түсіру.

1. Тері қандай қызмет атқарады?

2.Май мен тердің тері арқылы шығуының ағза үшін қандай маңызы бар?

3.Теріні таза ұстау жөнінде не білдіңдер?



III. Қаңқа және бұлшық ет. Қимыл -қозғалыс мүшелері.

Суретпен жұмыс.

Қаңқа - адам денесін қозғалысқа келтіретін мүше. Адам қаңқасы бас, мойын, көкірек, қол және аяқ сүйектерінен тұрады..Бас сүйегінде ми сауыты бар. Онда ми орналасады. Ми сауыты миды зақымданудан қорғайды.

Адам денесіндегі сүйектер өздігінен қозғала алмайды. Олар бұлшық еттердің көмегімен қимылдайды. Бұлшық еттің екі ұшы сіңірлі болады. Қаңқа мен бұлшық етті тірек және қимыл- қозғалыс мүшелері дейді.



IY.Тақырыпты оқушыларға оқытып, сұрақтар қою арқылы жауап алу.

Y.Дәптермен жұмыс. Суретпен жұмыс.

Оқушыларға кеңес.

YI .Бекіту. Сұрақ жауап:

1.Қаңқа деген не?

2.Адам денесін қандай сүйектер қозғалысқа келтіреді?

3.Бұлшық ет қандай мүшенің бұйрығымен қызмет жасайды?

4.Бұлшық еттерді қалай жетілдіріп дамытуға болады?

5.Адам денесінде қанша сүйек бар?



YII. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, мазмұнын айту.

23.09.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Қан айналым мүшелері.Жүрек -қан тамырлары .Қанның қызметі.

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға қан айналым мүшелері туралы түсінік беру;

ә) тақырыпты дұрыс түсініп оқуға дағдыландыру;

б) оқушыларды өз денесін дұрыс күте білуге үйрету;

Көрнекілігі: оқулық,суреттер.

Сабақтың барысы I.Ұйымдастыру бөлімі.Оқушыларды сабаққа дайындау. II.Өткен сабақты еске түсіру.

1.Қаңқа деген не?

2.Адам денесін қандай сүйектер қозғалысқа келтіреді?

3.Бұлшық ет қандай мүшенің бұйрығымен қызмет жасайды?

4.Бұлшық еттерді қалай жетілдіріп дамытуға болады?

III. Қан айналым мүшелері.Жүрек -қан тамырлары .Қанның қызметі.

Суретпен жұмыс.

Жүрек көкірек қуысының сол жағында орналасқан. Ол-біздің ағзамызға негізгі қан айдайтын қозғағыш саналады.Жүректен келетін ең ірі қан тамыры- қолқа деп аталады. Жүректен тарайтын қан тамырларын қызыл тамыр немесе артерия деп атайды. Ал жүрекке баратын қан тамырын -көк тамыр дейді.

Қанның ағзаны аралап қозғалуын қан айналымы дейді. Қандағы көмірқышқыл газы өкпе арқылы, басқа зиянды заттар тер, несеп түрінде тері және бүйрек арқылы сыртқа шығарылады.

Темекі шегу мен ішімдікке үйір болу жүрекке үлкен зиян келтіреді.

IY.Тақырыпты оқушыларға оқытып, сұрақтар қою арқылы жауап алу.

Y.Дәптермен жұмыс. Суретпен жұмыс.

Оқушыларға кеңес.

YI .Бекіту. Сұрақ жауап:

1.Жүрегің денеңнің қай тұсына орналасқан?

2.Ағзадағы қанның қызметі қандай?

YII. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, мазмұнын айту.

30.09.15ж.Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелері.

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға тыныс алу мүшелерімен таныстыру;

ә) тақырыпты дұрыс түсініп оқуға дағдыландыру;

б) оқушыларды өз денесін дұрыс күте білуге үйрету;

Көрнекілігі: оқулық,суреттер.

Сабақтың барысы I.Ұйымдастыру бөлімі.Оқушыларды сабаққа дайындау. II.Өткен сабақты еске түсіру.

1.Жүрегің денеңнің қай тұсына орналасқан?

2.Ағзадағы қанның қызметі қандай?

III. Тыныс алу мүшелері.Суретпен жұмыс.

Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Ауа тыныс алу нәтижесінде біресе өкпеге еніп, біресе өкпеден шығып тұрады.Өкпеге сыртқы ортадан енген ауада оттегі көп болады. Тыныс алу мүшелеріне :мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше өкпе жатады. Өкпе көкірек қуысында орналасқан.Ол екі бөліктен тұрады: оң жақ өкпе, сол жақ өкпе. Әр өкпені жұқа қабық жауып тұрады.Таза ауа өкпеге: мұрын қуысы, көмей,кеңірдек,кеңірдекше арқылы енеді.

Шаңды ауамен тыныс алу денсаулыққа зиян. Ондай ауада түрлі ауруларды (тұмау, өкпе ауруы) қоздыратын микробтар көп болады. Сондықтан пәтерді ,өзің оқитын сынып бөлмесін таза ұстау керек. Еденді жуып, бөлме жиһаздарын шаң-тозаң қондырмай , жиі сүртіп отырған жөн.

IY.Тақырыпты оқушыларға оқытып, сұрақтар қою арқылы жауап алу.

Y.Дәптермен жұмыс. Суретпен жұмыс.

Оқушыларға кеңес.

-Күн сайын таза ауада серуендеп, демалыс күндері табиғатта бол.

-Аязды күндері таза ауада серуендегенде ауызды көп ашпай , тек мұрынмен демал.

-Бөлмені жиі желдетіп отыр.

-Бөлме өсімдіктерін өсір.

YI .Бекіту. Сұрақ жауап:

1.Өкпе дененің қай бөлігінде орналасқан?

2.Таза ауаның адам денсаулығына тигізер әсері қандай?

3.Кім қалай тыныс алады?



YII. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, мазмұнын айту.

07.09.15ж.Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері және оның қызметі.

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды ас қорыту мүшелерімен таныстыру;

ә) тақырыпты дұрыс түсініп оқуға дағдыландыру;

б) оқушыларды өз денесін дұрыс күте білуге үйрету;

Көрнекілігі: оқулық,суреттер.

Сабақтың барысы I.Ұйымдастыру бөлімі.Оқушыларды сабаққа дайындау. II.Өткен сабақты еске түсіру.

1.Өкпе дененің қай бөлігінде орналасқан?

2.Таза ауаның адам денсаулығына тигізер әсері қандай?

3.Кім қалай тыныс алады?



III. Ас қорыту мүшелері және оның қызметі.Суретпен жұмыс.

Ас қорыту жолы ауыз қуысынан басталады. Мұнда асты шайнап, тістердің көмегімен ұсақтайды.Ауыз қуысынан бөлінетін сілекей асты ылғалдайды да, тіл арқылы араластырып, жұтады. Жұтылған ас жұтқыншақтан өңешке өтеді, одан әрі қарынға түседі.

Ас қорыту мүшелеріне : ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек жатады.

IY.Тақырыпты оқушыларға оқытып, сұрақтар қою арқылы жауап алу.

Y.Дәптермен жұмыс. Суретпен жұмыс.

Оқушыларға кеңес. Тамақтанудың белгілі тәртіптері.

Ас ішер алдында 1 стақан таза су іш.

Әр тамақты жегенде асықпай ұсақтап шайнап жұт.

Тамақ алдында қолды сабындап жу.

Жеміс-жидекті жуып же.

YI .Бекіту. Сұрақ жауап:

1.Ас қорыту мүшелерін ата.

2.Өңеш қандай қызмет атқарады?

3.Денсаулық пен тамақтану арасында қандай байланыс бар?

4.Тамақтанудың қандай ережелерін білесің?

YII. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, мазмұнын айту.



28.10.15ж. Сабақтың тақырыбы:Табиғатты адам қалай зерделейді?

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам табиғатты қалай зерделейтінін түсіндіру, тәжірибе туралы түсінік беру;

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,оқулық.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жұппен жұмыс.

I. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық:

. II. Өткен сабақты пысықтау.Сұрақ-жауап.

1-топ.Ас қорыту мүшелерін атау./ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек/

2-топ.Ас қорыту жолы қайдан басталады? /ауыз қуысынан басталады/

3-топ.Жұтылған ас қайда түседі?/жұтқыншақтан өңешке, одан әрі қарынға түседі/

Суретпен жұмыс.Балалар, мына суреттерді не арқылы танып білдік? Әрине, көз арқылы.

III.Жаңа сабақ: Табиғатты адам қалай зерделейді?

Адам айнала қоршаған дүниеде түрлі денелермен және табиғат құбылыстарымен жиі кездесіп тұрады. Табиғатты дұрыс түсіне білу және құбылыстарды үңіле зерделеудің нәтижесінде адамның өз көзқарасы қалыптасады.

Табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу жолдарын бақылау әдісі дейді.

Біз бұрын өсімдіктің өсіп жетілуін ғана бақыладық.Оған біз жаз бойғы уақытты жұмсадық. Екінші бір ізденістің қиындау түрі тәжірибе.

Тәжірибе дегеніміз шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу.

Адамдар өсімдік өсіріп, оның сапасын жақсарту үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Терең зерделеу үшін тәжірибе жасау қажет болды.Тәжірибе жасау үшін бақылау мен табиғи денені зерделеу және пайда болған құбылысты анықтай білу керек.



IY.Оқулықпен жұмыс. Тақырыпты оқытып, сұрақтар қою арқылы жауап алу.

Y. Сурет салу.

YI .Қорытынды.

1.Бақылау мен тәжірибенің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

2.Сен тәжірибе жасап көрдің бе?

YII. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, мазмұнын айту.

18.11.15ж.Сабақ тақырыбы: Денелер. Заттар. Құбылыстар.

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға денелердің табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы, дене туралы, түсіктерін қалыптастыруына ықпал ету;ә) балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру;б) есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ- жауап

Көрнекілік: суреттер, кесте,сызба

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

Табиғат-тіршіліксің тұнып тұрған, Сен-күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен-көлсің. Сен-ормансың, сен бұлбүлсың, Адамды сұлулыққа құнықтырған.

. II.Үй тапсырмасын тексеру.Сұрақ-жауап.

III. Жаңа сабақ :Денелер. Заттар. Құбылыстар. Сөзжұмбақ шешу.

.1.Бірінші байлық -............. 2.Адамды адам еткен .......... 3. Асқорыту мүшесі. 4.Жыл мезгілі. 5.Дәм сезу мүшесі. 6.Адамның ішкі мүшесі. 7.Сипап сезу мүшесі.



1

Д

























2

Е































Н













4













Е




 

5







Л




6




Е
















  7







Р




 

IY. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Денелер»-Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар ма? -Ия дұрыс адамның денесі.Адам ұдайы жан-жағынан қоршаған түрлі нәрселердің ортасында өмір сүреді. Олар: үйдегі үстел, төсек, кітап, дәптер, машина, ғимараттар, өсімдіктер мен жануарлар. Адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрі де дене деп аталады. Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Үстелдің үстіне тас, целлофандағы ауа, стакандағы суды көрсетіп қайсысына жататынын айту.

. Денелер

ТАБИҒИ ДЕНЕЛЕР ҚОЛДАН ЖАСАЛЫНАТЫН ДЕНЕЛЕР

Табиғи денелерді табиғат жаратады. Қолдан жасалынатын денелерге адамдардың қолынан жасалынатын заттар жатады. 4.Топпен жұмыс

1-топқа табиғи денелерді тапқызу. 2-топқа қолдан жасалынатын денелерді тапқызу.

Суреттен күн, ай, жұлдыз, тас, аң, құс,адам туралы көрсету. Үй, машина, орындық, кітап, дәптер,доп, т.б жатады.

Денелер

ТАБИҒИ ДЕНЕЛЕР ҚОЛДАН ЖАСАЛЫНАТЫН ДЕНЕЛЕР

Тірі табиғат Өлі табиғат 1-топқа тірі табиғатқа жататын денелерді тапқызу.

2-топқа өлі табиғатқа жататын денелерді тапқызу.



Y.Сергіту сәті. 1- топ: Жасанды денелерді пайдаланып, бүгінгі тақырыпқа сай әңгіме құра.2- топ: Берілген өлеңнің ұйқасын тап. ( тақтаға шығарып қою)

   Дене деген немене?                                                Бізді қоршап тұрған

   Достым білгің  ———— ме?                                Өлі, тірі  —————-

   Дене   ———— баласы                                           Дене неден тұрса

   Зат      ———— анасы                                             Дейміз оны ————

Керекті сөздер : келе, заттың, дененің, табиғат, зат.



YI .Суретпен жұмыс 1-топ Суретті қарап өлі және тірі табиғатты дәптерлеріңе жазыңдар.

2-топ Суреттегі жасанды денелерді анықтап дәптерлеріңе жазыңдар.



YII. Қорытынды.Ал, балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейін.Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады?Жаңбыр судан,Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Ұшақ металлданБалалар, ата-бабаларымыздан қалған «көкті жұлма», «құстың ұясын бұзба», «киелі жануарларды атпа» деген тыйым сөздер бар. Ол-«Табиғатқа қамқорлық жасаған адам-өзі де жақсы болады, жамандық жуымайды»дегенді білдіреді. Бүгін сабақта не білдіңдер? Не үйрендіңдер? (балалар өз ойларын айтады.

YIII. Үйге тапсырма: Бір дененің жасалу жолын қарастыру. Адамдарға дененің қандай заттан тұратындығын білу не үшін керек? Сұраққа жауап іздеу. IX .Бағалау.

25.11.15ж.Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті.

Сабақтың мақсаты: а) Ауа туралы ұғым беру. Ауаның қасиетін меңгерту. Ауаның адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.ә)Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.б)Тәжрибелер жасау арқылы оқушының танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту..

Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Тәжрибе жасау құралдары: стакан, су, қант, шарлар,шырпы, доп, т/б

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.1.Дене деген не?2.Денелер неден тұрады?

3.Тірі және өлі табиғат арасында қандай айырмашылық бар?



ІII. Жаңа сабақ. Ауа. Ауаның қасиеті. Ауа туралы не білеміз? 2 мин

Ауа көзге көрінбейді. Ауа түссіз мөлдір.Ауасыз адамдар өмір сүре алмайды.Ауа барлық жерде болады.

1. Ауызыңды жауып, танауыңды қысып сана.Тұншығасың. Саған не қажет? - Ауа.

2. Ыстықтап терледің. Желпіндің. Не сездің? - Ауа.

3. 2 колыңды екі жаққа соз, суда жүз. Сендер ауада жүрсіңдер ма? – жоқ.

- Яғни сендер ауа мұхитында жүзіп жүрсіз. Ауа бізді қоршап тұр. - Сендер ауаны көрдіңдер ме? - Жоқ. Неге? - Ол түссіз.

4. Шар үрлейміз.І қатар ІІ қатар ІІІ қатар Қызыл Көк СарыШардың ішіне не толды.? - Ауа.

Шар тырсиды ма? - Ия. Неге? Ауа орын алды. Шарға ауа қайдан келді.

5. Допты сығайық. (екі бүйірінен) Допты еркін жіберсек ауа қайта серпілді. (оқушы жасайды.) - Балалар осы жерде не байқадық? Ол қандай қасиет? - Ол серпімділік қасиет.

6. Екі оқушыны тақтаға шығарып, екі стакан беру. Суы бар. Суға қантты салады. Не байқап тұрсыңдар? - Қанттан көпіршік шықты, бұл ауа көпіршіктері, кез келген нәрседе ауа бар екен.



IY.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып, түсіндіру. Оқушыларға оқыту.

Сұрақтар қою арқылы жауап алу.



Y.Суретпен жұмыс.

YI.Қорытынды. Сұрақ-жауап. Топпен жұмыс.

2.12.15ж.Сабақтың тақырыбы: Жер бетінің ауаны жылытуы. Желдің маңызы.

Сабақтың мақсаты: а)Бақылау арқылы адам қоршаған дүниені таныту. Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Жер бетіндегі ауаны жылытуы. Жер бетіндегі ауаның қозғалысын желдің қалыптасуы туралы түсінік беру. Желдің маңызы туралы түсінік беру.Оқушыларға жер бетінің ауаны жылытуы және жел туралы ұғымдарды түсіндіріп, дүниетанымын кеңейту.ә)Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.б)Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, топтық, жұптық.

Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы: I . Қызығушылықты ояту. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық кезеңі

Ортақ ұран – бірге болу! Мақсатымыз - білім алу.Ұлтын сүйген ұрпақ болып Болашаққа бірге бару!



II.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақтар бойынша білім - білік дағдыларын тексеру:

Жер бетінде ауа қалай таралады?Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?

Тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар? Ауаның температурасы қалай өзгереді?

Ой толғау: Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды атап тақтада жазу. (жарық, су, ауа, тағам, жылу)

Адам Өмір Сүруі Үшін

Қане, осылар туралы өлең тақпақтар білеміз бе? Күн - ана Әлемге қуатты,

Сәуле мен қуатты, Алып күн беріп тұр Жарық күн - көрік, нұр. Жер - ана

Аялар анамыз, Саялар панамыз, Құлпырған тірлікпен Жер құтты гүл біткен.

Су - ана Өңірдің өзені Өмірдің өзегі, Сусыз жер - өмірсіз, Нусыз өр, өңір, түз.

Ауа - ана Жер шары дәу әлем Қоршаулы ауамен. Ауасыз кім шыдар? Ауасыз тұншығар.



III.Жаңа сабақ :Жер бетінің ауаны жылытуы. Желдің маңызы.

Ауа түссіз, мөлдір болғандықтан түскен күн сәулелерін тез өткізіп жібереді де, одан тікелей қызбайды.Күн сәулелері жер бетін, топырақты қыздырады. Жылу ауаға пештен таралған сияқты жер бетінен таралады. Соған орай ауаның жер бетіне таяу қабаты ғана жақсы жылынады да, биіктеген сайын жылу мөлшері бірте - бірте азаяды.

Ауа жер бетінен жылынатындықтан оның температурасы құрлық пен судың үстінде де әр түрлі болады.Ауа жылынғанда жеңіл тартып, жоғары көтеріледі. Оның орнына су бетінен салқын ауа келеді, яғни осы алмасу құбылысынан жел пайда болады.Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атаймыз.Желдің түрлері болады самал жел, дауыл, құйын т/б.Жел көкжиектің қай тұсынан соқса соның атымен аталады. Солтүстік желі, батыс желі, т/б.Оны компас деген құралмен білген.Адамдар желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал желбағар деп аталады.Жұмбақ шешу.

Қазақтың халық жұмбақтарыАқ сандығым ашылдыІшінен жібек шашылды.(Күннің көзі)

Қырда қылыш жарқылдайды.(найзағай) Салмағың бар өлшесем,Көрінбейсің көзге сен.(Ауа)

Жерде емес, аспанда емес, арасында,Қол жетпес ұсынғанмен саласына.

Өзінің ұшқырлығы құстан жүйрік,Ойланып бұл жұмбақты табасың ба?/Жел/.

Аспаннан домалап,Көп моншақ төгiлдi. Бусанып жон - алап,Терледi, керiлдi.(Жаңбыр)

Қол - аяғы жоқ болса да,Қақпа есікті аша алған./Жел/.

Ауа - райы туралы халық даналығы (Бұрынғы болжам бойынша)

1. Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.

2. Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғары салса, қыс қатты болады.

3. Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, кешікпей күн суытады. 4. Түтін жер ұшса, қар жауады.

5. Ай қораланса, күн жылы болатынының белгісі.6. Жұлдыз жиі болса, қыста суық, жазда ыстық болады.

7. Мысық қабырғасын тырналаса, ауа райы бұзылады.

IY.Сергіту сәті. Жел улейді: у - у Құйын келіп билейді: зу - зу

Қатты - қатты жел соқты: гу - гу Жапырақтар қол соқты: ду - ду.

Мақал мәтелдер.1. Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады.

2. Жазғытұрым жел жардай атанды жығар.


Каталог: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет