Сабақтың мақсаты : 1 Оқушыларға ауа туралы ұғым беру. Ауаның қасиеттерін меңгерту. Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру



Дата09.06.2018
өлшемі29.01 Kb.
#74615
түріСабақ
Ауа.Ауаның қасиеттері.Ауаның маңызы.

Сабақтың мақсаты: 1)Оқушыларға ауа туралы ұғым беру.Ауаның қасиеттерін меңгерту.Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

2.Қ оршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

3.Тәжірбиелер жасау арқылы оқушылардың танымын кеңейтіп,қызығушылығын ояту.Лабораториялық жұмыс жасаудың алғы шартын үйрету.

Әдісі: түсіндіру,сарамандық-лабораториялық әдіс,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: дейгейлік тапсырма,тірек плакаты,гербарийлер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушының сабаққа қатысуына назар аударып,ретке келтіру.

2.Сабақ мақсатын хабарлау.

Кіріспе бөлім.

а)Тест ойыны

Дүниетану оқулығын оқыту.

1.Сандар туралы.

2.Сөздер туралы

3.Табиғат туралы.

ә) Адам шөлдегенде не қажет?

1.Тамақ 2.Су 3.Жарық

б) Солтүстік пен шығыстың аралығындағы тұсты тап.

1.Солтүстік – шығыс

2.Батыс

3.Оңтүстік – батыс



в)Өзеннің шартты белгісін көрсет.

Оқушының қолында 1,2,3 сандары жазылған нөмірлер берілген.Қай жауап дұрыс,соған қарай нөмірін жоғары көтереді.



ІІ.Деңгейлік тапсырма.

Барлық оқушының дамуы үшін жұмыс істеу принципі бойынша жоғары деңгей.Әңгіме бойынша Асанның жүрген жолының сұлбасын сыз.

Асан оқитын мектеп темір жолдың арғы бетінде.Асан үйінен шығып,жолмен жүріп отырды.Темір жолдан аспалы көпір арқылы өтті.Одан соң тас жолмен жүріп келіп мектепке кірді.

Орта деңгей:Үстел үстіндегі заттардың сұлбасын сыз.

Төменгі деңгей:Шартты белгісін сал.Көл.Өзен.Тас көмір.

ІІІ.Негізгі бөлім.Ауа.Ауа қасиеті.

1.Бұл жеделдете оқу принципі бойынша.Ауызды жауып,танауды қысып,ішіңнен сана.Тұншығасың.Сонда адамға демалу үшін не керек?

- Ауа

2.Ыстықтап терледің.Салқындау үшін желпіну керек.Сен ауаны сезесің,2 қолынды 2 жаққа соз,суда жүзгендей жүз,ауа мұхитында жүзіп жүрсің,ол бізді қоршап тұр.Сонда ол адам,өсімдік,жануарлар үшін қажет.Ауаны көреміз бе?Жоқ.



Неге? Себебі ол түссіз.

3.Шар үрлейміз.Оның ішіне не толды? – Ауа,яғни ол орын алады.Ол шарға қайдан келді? – Ішімізден,яғни адамда ауа болады.Ол қалай келеді?

- Дем алу арқылы.3 қатарға 3 түрлі қызыл,көк,сары шар үрлеп қояды.Мұндағы ауа қандай түсте?Қызыл,сары,көк түсте сияқты.

Ол шар түсіне байланысты.Ауа-түссіз,себебі шардан шыққан ауа түссіз.

4.Допты сығайық.Ауа сығылып,қайта серпіледі.

Сергіту сәті:

Тәжірбие:

5.Үш шырақты жағайық.Оларды стаканмен,банкамен,төбесі ашық банкамен жабамыз.Қайсысы алдымен сөнеді?Неге?

1.Стаканмен жабылған сөнеді.

2.Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді,себебі ауа көптеу.

3.Төбесі ашық шырақ жана береді,оны ауа толық қоршап тұр.

6.Екі стаканға ыстық су құйылған,беті жабық 1-і үстелге,1-і шырпының бос қуыс қорабына қойылады.

Қайсысы жылуын біраз сақтайды?



  • Қорап үстіндегі.Неге?-қуыстан өткен ауа жылуды нашар өткізеді.

Мысалы,терезенің 2 рамасының ортасына неге бос орын қалдырған?

  • Ауа қалады.Ол жылуды сақтау үшін.

Ескерту:Осылай табылған ауа қасиеттерін оқушылар дәптерге жазып,мұғалім тірек плакатына іліп отырады.

Түссіз Сығылады

Серпіледі


Ауа қасиеттері

Жеңіл Жылуды нашар өткізеді

Орын алады Жанады

Қорытындылау:

Қандай шар суға батпайды?

1.Жанып тұрған май шам төбесін жауып қалсаң не болады?

2.Жұқа киімнен адам неге тоңады?

3.Ғарышта ғарышкерлер қалқып жүреді.Себебі?

4.Ал ауа маңызы туралы не айтуға болады?



Сұраққа жауап алу.

Үйге тапсырма беріп,оқушылардың білімін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 06b1
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
06b1 -> Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
06b1 -> Наша хрупкая планета


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет