                         Сынып 6
Күні: 03.10.13
ТақырыбыТамыр және тамыр жүйесі.
Мақсаты:
1. Оқушыларға өсімдік мүшелерін, соның ішінде тамырдың атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды мәдениеттілікке, адамгершілікке, ақыл-ой саналылыққа тәрбиелеу.
3. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, өмір көзқарасын қалыптастыруға, өз шығармашылығын жетілдіруге баулу.
Міндеттері:
-
Тамырдың құрылысын ашып көрсету.
-
Табиғатты қорғауға баулу.
-
Биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, суреттер, схемалар, слайд, өсімдік тамырлары, кеппешөптер.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Уақыт
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім іс әрекеті
|
Оқушы іс әрекеті
|
2 мин
|
І. Ұйымдастыру
|
1.Сәлемдесу 2.Түгендеу
|
1.Сәлемдесу 2.Кезекші есебі
|
15 мин
|
ІІ. Үй жұмысы
|
Үй жұмысын сұрау. Сөзжұмбақ.
Өсімдік ұлпаларынын атқаратын қызметінің негізгісін қысқаша жаз.
-
Түзуші ұлпа
-
Жабын ұлпа
-
Негізгі ұлпа
-
Тірек ұлпасы
-
Өткізгіш ұлпа
-
Бөліп шығарушы ұлпа
Үлгермеуші оқушыларға жеке тапсырмалар
І. Карточка
І. Өткізгіш ұлпа қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді. Тамырдың сорып алған минералды тұздарды судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.
ІІ. Сылынған қабық пен сынған ағаштарды қайта қалпына келтіретін ұлпа.
А) Тірек Б) Өткізгіш С) Бөліп шығарушы Д) Жабын Е) Түзуші
ІІІ. Тірек ұлпасы деген не?
ІІ. Карточка.
І. Өсімдіктің жануарлар сияқты керексіз заттарды бөліп шығаратын арнаулы мүшелері болмайды. Өсімдікте орналасуына байланысты бөліп шығарушы ұлпа жасушаларының пішіндері әр түрлі.
ІІ. Түзуші ұлпаның орналасуы.
А) Өңде Б) Жемісте С) Қыртыста Д) Тамыр мен сабақтың ұшында Е) Тозда
ІІІ. Жабын ұлпа деген не?
ІІІ. Карточка.
І. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездесетіндіктен негізгі ұлпа деп аталады. Барлық ұлпалардың ішінде де болады. Жасушалары тірі, пішіндері атқаратын қызметіне қарай домалақ, цилиндр, эллипс тәрізді әр түрлі.
ІІ. Жабын ұлпаға жататын
А) Хлорофилл Б) Қыртыс С) Жаңғақтың сүйегі Д) Сүзгілі түтіктер
ІІІ. Бөліп шығарушы ұлпа деген не?
ІҮ. Карточка.
І. Түріне қарай түзуші ұлпалар өсімдіктің әр жерінде кездеседі. Жасушалары ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады, тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады.
ІІ. Негізгі ұлпаның қызметі
А) Қорғаныштық Б) Заттарды өткізгіштік С) Қор жинаушы Д) Артық заттарды бөлу
Е) Өсімдікті өсіру
ІІІ. Өткізгіш ұлпа деген не?
Ү. Карточка.
І. Тірек ұлпасы жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде болады. Сабаққа, жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беріп, тірек қызметін атқарады.
ІІ. Өткізгіш ұлпа жасушаларының қабырғасындағы саңылаулардң бітелу мерзімі.
А) 3-4 ай Б) 7-8 ай С) 1-2 жыл Д) 3-4 жыл
ІІІ. Негізгі ұлпа дегеніміз не?
|
Ауызша жауап беру.
|
8 мин
|
IІІ. Жаңа тақырып
|
Мүше –өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі. Өсімдік мүшелері өсімді және көбею болып бөлінеді. Өсімді мүшелеріне – тамыр, сабақ, жапырақ жатады.
Өсімді мүшелер екі түрлі жүйе құрайды: өркендер жүйесі (сабақ, жапырақ), тамырлар жүйесі (тамыр). Олар өсімдікке өсу, қоректену, көлемін ұлғайту және тіршілігін сақтап қалу үшін қажет.
Тамыр – өсімдіктің негізгі мүшесі және жер астындағы мүшесі. Ол топырақтың еріген қоректік заттарды таратады және өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды.(мысалы, пиязды, бидайды тамырмен көрсету).
Қызметі:
-
Топырақтан сіңірілген суды және ондағы минералды тұздарды сабаққа өткізеді.
-
Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады.
-
Қоректік заттарды қорға жинайды.
Тамырлар шығу тегіне қарай: негізгі, жанама, қосалқы.
Тамыр жүйе деп өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады. Тамыр жүйесі: кіндік және шашақ.
|
Тыңдау
|
8 мин
|
Зертханалық жұмыс
|
№5 зертханалық жұмыс: Түрлі өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың жəне бидайдың).
Көрнекілігі: кіндік және шашақ тамыр жүйесі бар өсімдіктер, болмаса кеппешөптер, суреттер.
Барысы:
-
Берілген кеппешөптерден тамыр типтерін адыратып, суретін салу.
-
Кіндік және шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, оқулықтың суретімен салыстыру.
|
|
6 мин
|
IV. Бекіту
|
Өсімдік аттары
|
Тамыр жүйесі
|
Кіндік тамыр
|
Шашақ тамыр
|
Асқабақ
|
|
|
Сәбіз
|
|
|
Бидай
|
|
|
Жүгері
|
|
|
Қауын
|
|
|
Қызанақ
|
|
|
Тары
|
|
|
Күріш
|
|
|
Тамыр жүйесінің суретіне зер сала қарап, айырмашылықтарын түсініп талда, кестені толтыр. Толтыруды «+», «-» белгілерін қою арқылы орында.
|
Тақтаға шығып орындау
|
3 мин
|
V. Қорытынды
|
Сұрақтарға жауап бер.
-
Өсімдіктің қандай мүшелерін білесің?
-
Тамырдың қызметі.
-
Тамырдың қандай түрлері бар?
|
Ауызша жауап беру
|
1 мин
|
VI. Үй жұмысы
|
§7 оқу және қысқаша конспект жазу.
|
Күнделікке жазып алу.
|
|
|
|
|
2 мин
|
VI I. Бағалау
|
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
|
Күнделігіне қойдыру.
|
Сөзжұмбақ
Сөзжұмбақ сұрақтары
-
Қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде болатын ұлпа.
-
Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі.
-
Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бңр бөлігі.
-
Жасуша қабықшасының жұқарған жері.
-
Жасушаның көбеюіне қатысатын денешік.
І. Карточка
І. ..............'>....................'>.................... қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді. ................ сорып алған минералды ................ судағы ерітіндісін .................... мүшелеріне жеткізеді.
ІІ. Сылынған қабық пен сынған ағаштарды қайта қалпына келтіретін ұлпа.
А) Тірек Б) Өткізгіш С) Бөліп шығарушы Д) Жабын Е) Түзуші
ІІІ. Тірек ұлпасы деген не?
ІІ. Карточка.
І. Өсімдіктің жануарлар сияқты .............. заттарды бөліп шығаратын арнаулы ................ болмайды. Өсімдікте орналасуына байланысты .......................... ұлпа жасушаларының пішіндері ...........
ІІ. Түзуші ұлпаның орналасуы.
А) Өңде Б) Жемісте С) Қыртыста Д) Тамыр мен сабақтың ұшында Е) Тозда
ІІІ. Жабын ұлпа деген не?
ІІІ. Карточка.
І. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездесетіндіктен ............... деп аталады. Барлық ұлпалардың ішінде де болады. Жасушалары ........, пішіндері атқаратын қызметіне қарай ........., ............, ............ тәрізді әр түрлі.
ІІ. Жабын ұлпаға жататын
А) Хлорофилл Б) Қыртыс С) Жаңғақтың сүйегі Д) Сүзгілі түтіктер
ІІІ. Бөліп шығарушы ұлпа деген не?
ІҮ. Карточка.
І. Түріне қарай ................... өсімдіктің әр жерінде кездеседі. Жасушалары ұдайы .................... өсімдік өседі, .............. жарады. Бітеу гүлдер .................., тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады.
ІІ. Негізгі ұлпаның қызметі
А) Қорғаныштық Б) Заттарды өткізгіштік С) Қор жинаушы Д) Артық заттарды бөлу
Е) Өсімдікті өсіру
ІІІ. Өткізгіш ұлпа деген не?
Ү. Карточка.
І. ............. жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде болады. Сабаққа, жапырақ сағағына, жүйкелеріне ............. қасиет беріп, ........... қызметін атқарады.
ІІ. Өткізгіш ұлпа жасушаларының қабырғасындағы саңылаулардң бітелу мерзімі.
А) 3-4 ай Б) 7-8 ай С) 1-2 жыл Д) 3-4 жыл
ІІІ. Негізгі ұлпа дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |