Сабақтың аты Адам организміндегі мүшелер жүйелері қызметінің үйлесімділігі.Ішкі секреция бездері тарауын қорытындылау



Дата02.07.2017
өлшемі60.29 Kb.
түріСабақ
Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

№107 орта мектеп

Биология пәнінің мұғалімі

Тулеуова Алтыншаш Шәкибекқызы



Сабақтың аты

Адам организміндегі мүшелер жүйелері қызметінің үйлесімділігі.Ішкі секреция бездері тарауын қорытындылау.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Тарау бойынша алған білімдерін өздігінен оқуға , меңгеруге, жинақтауға толық ақпарат беру.

Бездердің құрылысы мен қызметін салыстыруға, ажырата білуге үйрету.

Топта өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

  • Тарау бойынша алған білімдерін өздігінен оқып, меңгере алады.

  • Бездердің құрылысы мен қызметін салыстыруға, ажырата білуге үйренеді.

  • Топтарда өзара бағалауды жүзеге асыра алады.




Негізгі идеялар

Организмдегі бездер негізінен ішкі және сыртқы секрециялық бездер болып 2 топқа бөлінеді.

Сыртқы секреция бездерінде сөл бөліп шығаратын өзегі болады, ал ішкі секреция бездерінде сөл шығаратын өзегі болмайды.

Сыртқы және ішкі секрециялық қызмет атқаратын бездер болады, оны – аралас бездер деп атаймыз.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс («Миға шабуыл» проблеммалық сұрақтарды шешу)

Тапсырмалар

Топтық жұмыс (тапсырмалар тірек- сызба, топтастыру, кесте толтыру)

Тапсырмалар

Жеке жұмыс ( Тест тапсырмасы)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.2. Топқа бөлу (3минут) «Бездер», « Гормондар», «Гипофиз» сөздерінің қиындылары арқылы 3топқа бөлінеді.

ІІ Тренинг «Жеке тұлғаны дамыту» 5 минут

Аз уақыт ішінде есте сақтау қабілетін дамыту . Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша 10 термин сөздер тізбегі көрсетіледі. 20 секунт ішінде көргендерін есте сақтап, мүмкіндігінше термин сөздерді жазып шығу.

Гормон, гипофиз, акромегалия,тироксин, кретинизм, микседема, адреналин,инсулин, глбкоза, гликоген,

ІІІ . Топтық жұмыс «Миға шабуыл» 15 минут

А) Бездердің адам организмі үшін маңызы зор. Неліктен ? Ағзада олар қандай қызмет атқарады ?

Ә) Гормондар дегеніміз не ? Гормондардың ағзаға әсері қандай ?

Б) Бездердің қызметі бұзылғанда түрлі аурулар пайда болады . Неліктен ?



  1. Топқа «Тірек – сызбаны» толтыр.




Секреция бездері





  1. Топқа «Топтастыру


Гормондар




  1. Топқа «Сәйкестендір»



Бездер

Ауру түрлері

Гипофиз
Қалқанша безі
Бүйрек үсті безі
Ұйқы безі
Жыныс бездері

Қантта диабет

Ергежейлілік

Қантсыз диабет

Микседеме

Акромегалия

Базедов ауруы

Алыптық

Кретинизм

IV. Жұптық жұмыс Концептуалды кесте 5 минут




Ерекшеліктері

Қалқанша безі

Қалқаншамаңы безі

Ұйқы безі

Пішіні мен құрылысы










Бөлетін гормондар










Бездердің қызметінің бұзылуы организмде қандай өзгерістер туғызады?























V Сергіту сәті. «Дәрігер эндокринолог» Суретке қарап диагноз

қою. 5 минут

012023016007

VI Жеке жұмыс « Біліміңді сына» тест тапсырмасы. 10 минут


1.Гормондар дегеніміз не ?

А) Биологиялық белсенді заттар Ә) Физиологиялық құбылыс Б) Дұрыс жауап жоқ



2. Сыртқы секрециялық безді көрсет

А) Жас безі мен май безі Ә) Сүт безі Б) барлығы дұрыс



3. Ішкі секрецияның маңызды бөлігі

А) Гиопфиз Ә) Гормон Б) Эпифиз



4. Гипофиздің массасы қанша ?

А) 0,1 - 0,13г Ә) 0,5- 0,7 г Б) 0,4- 0,7 г



5. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары организмге қалай әсер етеді ?

А) Организмнен зәрдің бөлінуін азайтады және зат алмасуды өзгертеді.

Ә) Артериялық қысымның жоғарлауына септігін тигізеді.

Б) Барлық жауап дұрыс.



6. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары организмге қалай әсер етеді?

А) Организмнен зәрдің бөлінуін азайтады және зат алмасуды өзгертеді.

Ә) Артериялық қысымның жоғарлауына септігін тигізеді.

Б) Жыныс бездерінің дамуы мен өсу процесін реттейді.



7. 1921 жылы гипофиздің өсу гормонын бөлетіні туралы ең алғаш пікір айтқан қай елдің ғалымдары ?

А) Француз ғалымдары Ә) Америкалық ғалымдар Б) Ресей ғалымдары



8. Өсу гормонының жеткіліксіздігі қандай ауруды тудырады ?

А) Ергейжейлілік Ә) Алыптық Б) акромегалия



9. Өсу гормонының артық мөлшері қандай ауруға шалдықтырады?

А) Ергейжейлілік Ә) Алыптық Б) акромегалия



10.Организмдегі бездер неше топқа бөлінеді ?

А) 5 Б) 6 В) 2



11. Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады ?

А) Гипопиз және эпифиз Ә) Қалқанша безі , Тимус, бүйрек үсті безі Б) Барлығы дұрыс



12. Аралас секрециялық бездер дегеніміз не ?

А) Сыртқы секреция бездері Ә) Ішкі секреция бездері Б) сыртқы және ішкі секрециялық бездер



13. Ішкі секрециялық бездерінің ең негізгі жетекші орталығын ата

А) Гипофиз Ә) Тері Б) Гормон



14. Без ауруларының маман дәрігері:

А) Психолог Ә) Эндокринолог Б)Хирург



15.Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, адамдар қандай ауруға шалдығады ?

А) Микседема Ә) Эндемиялық зоб Б) Кретинизм



16. Егер тамақта йод элементі жетіспесе қандай ауру пайда болады?

А) Микседема Ә) Эндемиялық зоб Б) Кретинизм



17. Адам тәулігіне тамақпен бірге қанша мг йод алу керек ?

А) 0,13- 0,20 мг Ә) 0,1 5 – 0,20 мг Б) 0,14 – 0,20 мг



18. Қалқаншамаңы бездерінің жалпы массасы :

А) 0,1-0,13г Ә) 0,1- 0,14г Б) 0,1- 0,15 г



19. Қалқаншамаңы безінің гормоны артқанда

А) кальций мөлшері төмендейді. Ә) Сүйек майысқыш болады. Б) Барлық жауап дұрыс.



20. Тимус безі қандай гормон бөледі ?

А) Тимозин Ә) Инсулин Б) Адреналин



21. Бүйрекүсті бездері қандай гормон бөледі?

А) Тимозин Ә) Инсулин Б) Адреналин



22. Аралас безді ата

А) Қалқаншамаңы безі Ә) Тимус безі Б) Ұйқы безі



23. Инсулиннің төмендеуінен қандай ауру пайда болады ?

А) Қантты диабет Ә) Базедов ауруы Б) Микседема



24. Қалқаншамаңы бездері қандай гормон бөледі ?

А) Паратгормон Ә) Тимозин Б) Адреналин



25. Гипофпиздің жалпы массасы қанша ?

А) 0,5- 0,7 г Ә) 0,5- 0,6г Б) 06- 0,7 г


VII Кері байланыс «Рефлексия» 2 минут. Шаттық шеңберіне жиналып бір- біріне жылы лебіздер айтып және бугінгі сабақта үйренген бір термин сөз айтып тарасады.

Маған ұнады

Сұрақ қою

Маған қиын болды.




Кейінгі тапсырмалар

Термин сөздерді дәптерге түсіру

Кейінгі оқу

Тарауды қайталау.



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет