Сабақтың атауы XVII тарау



Дата03.07.2017
өлшемі140.68 Kb.
#21459

Сабақтың атауы

XVII тарау

Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан. Жыландар мен кесірткелердің ұқсастығы және айырмашылығы. Жыланның улы аппараты, уының әсері. Жыланның шағуынан қорғану және улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек. Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.



Сілтеме

Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Биология”, Алматы, ”Атамұра” 2012 жыл,

Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков , Ә. Әметов. Ж. Қожантаева.



Жалпы мақсаты



- жорғалаушылар класының жыландар мен кесірткелер отряд тармағына тоқталып, олардың түрлері, ұқсастығы мен айырмашылықтары, улы аппараттары, әсері туралы білім беру.

– оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, құнды пікірлер айтуға ұмтылдыру.

- жыланның шағуынан қорғану және улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек. Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.



Міндеттер


  • ойлау қабілетін дамыту;

  • ойын түсінікті етіп жеткізе білуге баулу;

  • сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастырып дамыту;

  • топтық жұмысқа бейімдеу;

  • өзін-өзі реттеуді үйрету.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

Шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі

оқытуын қалыптастыру

-тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену

- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру

-сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту


Күтілетін нәтиже

- жорғалаушылардың жерде тіршілік етуіне байланысты сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекетін ұғындыру.

Тапсырмалар:

Топқа бөлінеді.

-Пысықтау сұрақтары бойынша сұрақтарға жауап береді.

-Топпен жұмыс

-Постер құру

-Деңгейлік тапсырма

-Өздерін бағалау, бірін-бірі бағалау

- Рефлексия.


Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

АКТ, топпен жұмыс, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,диалогтық оқыту, бірлескен оқу,Блум таксонономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, СТО, оқыту үшін бағалаужәне оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі

Проектор, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, стикерлер.макет , плакат ,түрлі түсті қарындаштар

Жорғалаушылар түрлері бойынша презентация дайындау.Бейнефилм. Макеттер жорғалаушылардың сүреттері





Мұғалімнің іс әрекеті:

І.Ұйымдастыру жұмыстары:

Амандасу


Оқушылардың іс-әрекеттері

Уақыт

Шаттық шеңбері:

Көңіл күй


1мин

ІІ. Топқа бөлу.(4 топ )

Топ ережесін еске түсіру

Топ басшысын сайлап алу

Бағалау өлшемдерімен таныстыру

Р.с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Тест


Жұмбақ

Постер

Сүрет бойынша әңгіме

Қызықты

Деректер



Дұрыс сөйлем құр

Ұп

ай


Са

ны


Баға































1




























2




























3




























4




























5




























6






























Суреттер бойынша

c:\users\lenovo\desktop\2015051212394011.jpgc:\users\lenovo\desktop\i5455k7k5.jpg

c:\users\lenovo\desktop\70d70b6401db-620x465.jpg c:\users\lenovo\desktop\434_ce06892466517e2faa751485e671067a-342x343.gif



1 мин

Таныстыру

ЖЫЛАН-ақыл мен жасырын байлықтың символы және осындай қасиеттерге не болуды армандайды.

1 мин

Білу

Үй тапсырманы тексеру

Жауабы

3мин

1 Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым ?

А зоология

Ә герпетология

Б биология



Герпетология



2 жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты ?

А 3


Ә 4

Б 2


3



3 жорғалаушылар не арқылы тыныс алады?

А бүйрек

Ә Жүрек

Б өкпе


Өкпе



4 жорғалаушылардың терісі қандай ?

А тегіс, безді

Ә ірі қабыршақты

Б мүйізді қабыршақты



Мүйізді қабыршақты



5. жорғалаушылар қалай көбиеді ?

А. Жұмыртқа , тірілей

Ә уылдырық

Б дернәсіл



Жұмыртқа , тірілей



Бағалау

Әр дұрыс жауап берген сұрақтарға- 1 ұпайдан



5 дұрыс болса –«5»

4- «4»


3- «3»

2- «2»


2 мин

Ой шақыру



3мин

Жұмбақ шешу

Иір –иір жүрсе де ініне түзу кіреді





Жауабы :Жылан



Бұлар қандай жануарлар?

(Жорғалаушылар)





1мин

Неліктен жорғалаушылар деп атайды?

(себебі герпетология жорғалаушыларды зерттейтін ғылым)







Бағалау





Күн атауын жазу.

Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан

1мин



Тақырыпты дәптерге жаздыру

Түртіп алады

1мин

ІІ Түсіну.

Жыландар туралы бейнефилм көрсету

Көреді,тыңдайды

5 мин

«Постер »

1 топ Жыландар

2 топ Уының емдік қасиеттері

3топ Жылан шаққандағы алғашқы медициналық көмек

4топ «ЖЫЛАННЫҢ УЫ- ТІЛІНІҢ ҰШЫНДА» деген халық даналығымен келісесің бе? (түсіндіріп; дәлелде)

І ТОП. Жыландар (лат. Serpentes) - бауырымен жорғалаушылар класы қабыршақтылар отрядының бір тармағы.

Жыландар Жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: соқыр жыландар (1 түрі), айдаhарлар (2 түрі), сарыбас жыландар (12 түрі), сұржыландар (2 түрі), бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.



Жыланның шағуы
Сенің әрекетің: - Кешіктірмей аузыңмен уды сорып таста. Егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет 10-15 минут бойы жүргізіледі. - Зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қой. - Қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қой. - Аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып таста. - Зардап шегушіге сусынды көп ішкіз (шай, минерал немесе жай су). -Ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкіз. - Зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткіз.
Назар аудар! Шаққан жердің жоғарғы жағына бұрау қоюға, шаққан жерді күйдіруге, кесуге болмайды!
Жорғалаушылардың адамға пайда - зияны. Ұсақ жыландар мен кесірткелер зиянды бунақденелілер мен кемірушілерді жеп, а. ш. едәуір пайда келтіреді. Ірі денелі кесірткелердің, жыландардың, әсіресе тасбақалардың еті көптеген аймақтарда тағам ретінде пайдаланылады. Сондай - ақ ірі кесіртке, жылан және крокодилдің терісі ежелден - ақ әр алуан бұйымдар жасау үшін таптырмайтын шикізат болып табылады. Тіпті улы жыландар да адам үшін пайдалы, оның уы медицинада құнды дәрі - дәрмектер жасауға пайдаланылатындықтан, улы жыландар арнайы тәлімбақтарда өсіріледі.

ІІТОП. Уының емдік қасиеттері

Мысырлықтар жылан уынан түрлі дәрі-дәрмектерді жасауды ерте кезден білген. Қазіргі уақытта Мысырдағы Суэцк университетінде ұзақ, қажырлы еңбекпен жылан уының химиялық құрамы зерттеліп, таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Жылан уынан жасалған дәрімен ракты, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқтатуға, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады екен. Улы жыланның сілекей безінен бөлініп шығатын ақшыл сары не көкшіл түсті сұйықтың құрамы альбулин, глобулин, ферменттер, су, тұздардан тұрады. Жалпы, удың қасиеті жыланның түріне байланысты бөлінеді. Сұр жылан уында қанға әсер ететін геморрагин, көзілдірікті жылан уында жүйке жүйесіне әсер ететін нейротоксин болады. Жылан уынан кезінде кеңес медицинасы да май, сұйықтар түрінде дәрілер дайындаған. Ол дәрілер дәрігердің рұқсатымен қолқа демікпесін, ревматизм, артрит сияқты көптеген ауруларды емдеуге қолданады. Бір ескертетін жағдай, жылан уынан дайындалған дәрілерді туберкулез, бүйрек, бауыр аурулары бар адамдардың қолдануына болмайды.

Жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болды. Франческо Реди деген адам мұны алғаш ашқан деген мәлімет бар. Ал жүз жылдан соң тағы бір итальяндық ғалым Фелисе Фонтане удың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, адам ағзасына әсер ету механизмін түсіндірген. Бүгінгі медицинаның басты белгісі болған символ – тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген. Бұл символды кеңес елі де 1924 жылы түпкілікті мақұлдаған.

Жылан уына қатысты тағы бір жағымды жаңалық бар. Осыдан бірер жыл бұрын Новосибирскінің дәрігер-ғалымдары ішімдік десе елең ететіндер үшін баламалы сусын жасауды қолға алыпты. Кәдімгі араққа жыланның уын қосады екен. Оның кереметі сонда, алкоголь адам ағзасына қауіп төндіретін қасиетінен айырылып қалады. Және “жылан арағын” ішкеннен адреналинді қоздыратын қуатқа еш залал келмейтін көрінеді.



ІІІ ТОП. Жыланның шағуы кезіндегі алғашқы көмек

Жыланның шағуының әкелер зардабы да өте ауыр. Сондықтан жылан мекендейтін жерлерге барардың алдында ең алдымен жабық  аяқ  киімді, ең жақсысы етікті киген жөн.Жыланның шағуынан зардап шегуші жағдайының ауырлығы оның түріне байланысты. Қазақстанда сұр жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі.


Жыландардын уы қан түйіршіктерін өзгертеді. Жылан шаккан кезде ауру сезімі пайда болады. Шаққан орнында екі қанды нүкте пайда болғанын байқаймыз. Жылан шаққан жердің төңірегі жылдам домбығады. Бірнеше минуттан кейін науқастың басы айналады,журегі айнып құсады,көздің көру қабілеті төмендейді. Жылан уы әсерінің барлық белгілері орташа он екі сағаттан кейін,кейде тәуліктен кейін анық байқалады.

: Жылан шаққандағы алғашқы медициналық көмек


Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оның серіктестерінің бірі жасай алады.Ауыз қуысында жарық немесе жара болмау керек,өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін.Жылан уының сау ауыз қуысының шырыштық қабатына,тіпті асқазанға түсуі мүлдем қауіпсіз.Егер уды өз уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп,жылдам сауыға бастайды. . Науқас көп мөлшерде сұйықтық қабылдау қажет.
Жылан шаққаннан кейін қозғалуға болмайды,өйткені қозғалыс удың қанға өтуін жеделдетеді. Жылан шаққан адам қимылсыз жатуы тиіс. Егер аяқ зақымдаңған жағдайда,оны сау аяқпен бірге қатты таңып тастау қажет.Ал егер қол зақымдаңғанда оны бүгілген қол астындағы бар маталармен орап тастау керек.Жылан шаққан жерді кез-келген сұйықтықпен залалсыздандыру қажет (йод, спирт,1% калии марганец).Сонан кейін жарақат алған орнына суық басу керек.
Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге, жгут салуға болмайды –бұның барлығы ұлпаны қосымша жарақаттайды. Жылан шаққан адамды реанимация қызметі бар кез-келген ауруханаға апару керек, өйткені естен тану жағдайы болуы мүмкін . Қажет жағдайда жылан уына қарсы шипалы сарысу егіледі.
Жыланның адамға еш уақытта бірінші болып тиіспейтіндігін, тек қорғану үшін шағатындығын әрдайым есте ұстау керек.

«ЖЫЛАННЫҢ УЫ- ТІЛІНІҢ ҰШЫНДА» деген халық даналығымен келісесің бе? (түсіндіріп; дәлелде)

5 мин

5мин

Сұрақ –жауап

Бағалау

Бағалау қошеме көрсету

1мин

ІІІ Сүретке қарап не ойлайсын ?Әнгімеле

c:\users\lenovo\desktop\iwi8dlewv.jpg

c:\users\lenovo\desktop\i25fwmvj0.jpg

c:\users\lenovo\desktop\snakes14.jpg

c:\users\lenovo\desktop\9e5969a39a16aaf6c55fa3a1048e861f_big.jpg

Бағалау ұпаймен

Дұрыс жауап 1 ұпай



4мин

ІY Талдау.

Жыландар туралы қызықты деректер

1 Жыландар қаншама құпия жасырып жатқанын елестете де алмайсыз. Одан қорқатындар көп болған соң бұл рептилияны зерттеушілер аз. Осы мақала арқылы сырлы жануар жайлы біршама мағлұмат ала алсыз.

Түр-сипаты сұр жыланған ұқсас африкалық сужылан жұмыртқа жегенді ұнатады және түр-сипатына орай жабайы табиғатта еркін өмір сүреді. Сужылан басынан 5 есе үлкен жұмыртқаларды оңай жұтып алады.



2 Өліп қалған сыңай танытатын әбжіландардың түрі бар. Бұл мүмкіндіктерін олар сирек пайдаланады, тек қарсыласын қарапайым тәсілдермен жеңе алмай жатқанда ғана. Өліп қалғандай сыңай таныту үшін әбжілан арқасымен жата қалып, аузын ашады да, шіріп кеткен сияқты жағымсыз иіс шығара бастайды. Сондықтан қарсыласы оны өлдіге санап кетіп қалады.

3 Жыландардың басында температураны қадағалайтын тетік бар, бұл оларға қараңғыда көруге мүмкіндік береді. Тетік бастағы кішкентай ойыққа ұқсас.

4 Шамамен 300 жұп қабырғасы бар, және ішкі мүшелері бірінен кейін бірі орналасқан жылан түрлері бар, ал ең қызығы, олардың оң өкпесі сол өкпесінен кішірек. Бұл жануарлардың жүрегі денесінде жылжып жүреді. Жылан тағамды дұрыс қорыта алу үшін табиғат әдейі солай жаратқан.

5 Құрамы әртүрлі болып келетін күрделі зат – бұл жылан уы. Кейбір у жүрекке қауіпті, кейбірі жүйкеге, ал үшіншісі ДНҚ-ны жарып жібереді.

Оқиды ,тындайды ,еске сақтайды

5мин







V .Жинақтау :дұрыс сөйлем құра

1 Ажалды жылан, жол үстінде жатады.

Ілмектер: ажал, жылан, жол


2 Ысқырған жылан шақпайды,
Үреген ит қаппайды.

Ілмектер: ит, жылан, жануар



3. Үйге кірген жыланды да
Басына ақ құйып шығарады.

Ілмектер: жылан, ақ, үй


4. Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.

Ілмектер: жылан, сақтық, қырағылық


5 Жыланның өзі өлсе де,
Құйрығы өлмейді.

Ілмектер: жылан, сақтық, қырағылық


6 Ордалы жыланмен ойнама.

Ілмектер: орда, жылан, сақтық, қырағылық


7 Жылы – жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.

Ілмектер: сөз, жылан


8 Адам бір сөйлескенде жылан,
Екінші сөйлескенде құлан,
Үшінші сөйлескенде адам.

Ілмектер: адам, жылан, құлан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар


9 Жылы сөз жыланды іннен шығарады.

Ілмектер: жылан, сөз, парсы мақалы


10 Тәтті тілді адам жыланды іннен шығарар.

Ілмектер: тәтті, тіл, адам, жылан, ін, парсы мақалы



Үйге тапсырам :&мазмқндау .Қазақстанда кездесетін жыландардың түрлері
Бағалау топ жетекші

Рефлексия :
Каталог: uploads -> doc -> 0523
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0523 -> Тақырыбы: ««Әскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары, 1921ж жұт пен аштық» Өткізген мұғалім


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет