Сабақтың атауы Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі. Сілтеме



Дата03.07.2017
өлшемі62.68 Kb.
түріСабақ

Мерзімі:

8 сынып биология

Нургазинова Асель Амантайкызы

«С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ

Сабақтың атауы

Ас қорытудың маңызы.Ас қорыту жүйесі .

Сілтеме

8 сынып биология оқулығы, Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбеков, А.Соловьева

Сабақ жоспары




Жалпы мақсаты


Ас қорыту жүйесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Ас қорыту жүйесінің адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту, ас қорыту мүшелерінің қызметі туралы білімдерін кеңейту.


Міндеттер:


Жаңа материалды қабылдай отырып, оқушыларды өз  бетімен білімін толықтыру, ойлау, синтездеу, талдау, қорытындылау, нақтылау қасиеттерін дамыту. Ой – өрісі мен білімге деген белсенділігін дамыту:

Өз денсаулығын сақтауда жинақылыққа және зейінділікке үйрету. Салауатты өмір сүруге және дұрыс тамақтануға білуге тәрбиелеу.





Күтілетін нәтиже

Пәндік нәтижелер: ас қорыту жүйесін; адам ағза мүшелерін, олардың маңызын білу; салауатты өмір салтын сақтау;
Тұлғалық нәтижелер: салауатты өмір салтын сақтауынан өз-өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен көрініс табуы тиіс.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер: алған ақпаратты талдап, жинақтап, қорытынды жасау білігінен; танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.


Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

СТО, АКТ, топтық жұмыс, жұптық жұмыс

Пәнаралық байланыс:

ағылшын, орыс тілі.

Қажетті материалдар

оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық, маркерлер, макеттер, плакаттар, шиыршық қағаздар.



Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Уақыты

Оқушының іс-әрекеті

  1. Амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын құрастыру. Пазл әдісі бойынша сыныпты топқа бөліп, топ басшыларын сайлау. Әр топқа бағалау парағын таратып беру

1 топ.Жүрек

2 топ.Қантамырлар

3 топ . Өкпе

4 топ. Кеңірдек

3 мин


Оқушылар берілген пазлдар бойынша мүшелерді анықтап, сол бойынша топқа бөлінеді. Топ басшыларын бір-біріне тілек айту


  1. Үй тапсырмасын сұрау. ҰБТ минуты. Өткен «Тынысалу жүйесі» тарауына байланысты тест сұрақтары беріледі. 10 сұрақ

  1. Егер адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы қалыптағыдан 400 мл төмен болса, онда өкпедегі газ алмасу:
    а) төмендегені; б) өзгермегені; в) ауру тудырғаны.
    2. Тынысалу мүшелеріне жататын ауру:
    а) сколиоз; б) туберкулез; в) рахит.
    3. Тынысалу жүйесінің ауруын жатпайды:
    а) тұмау; б) туберкулез
    в) цистит.
    4. Адам өкпесінің орташа тіршілік сыйымдылығы:
    а) 1000 мл; б)
    3500 мл; в) 5000 мл.
    5. Тыныс алғандағы ауаның микробтар мен шаң - тозаңнан тазаруы, жылынуы:
    а) ауа тамырда;
    б) мұрын қуысында; в) кеңірдекте.
    6. Мұрынның иіс сезімталдығын төмендететін жұқпалы ауру:
    а) туберкулез;
    б) трахейт. в) тұмау;
    7. Адам тыныс алуына қажетті газ:
    а) оттек; б) азот в) көмірқышқыл газы.
    8. Темекі шегу зардабынан болатын өкпе ауруы:
    а) силикоз; б) СПИД;
    в) пәле (рак).

9. Тыныштық күйдегі тыныс алу қозғалыстарының мөлшері:

А)10-12 Б)16-18 В) 20-22



  1. Тыныс алуға қатысатын гормондар:

А)Тироксин мен адреналин Б)Гипофизбен ұйқы безі

В)Гипоталамус безі




Жауаптары: 1 - а, 2 - б, 3 - в, 4 - б, 5 - б, 6 - в, 7 - а, 8 - в. 9 б. 10 а.





3 нұсқалы тест жұмыстары беріледі. Орындағаннан кейін сағат тілімен бір-бірлерінің дәптерлерін тексереді.

3-5 жауап -3

6-8 жауап – 4

8-10 жауап -5


  1. Жаңа сабақ. Ас қорытудың маңызы.Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

5 мин.

Жаңа ақпаратты алады.


  1. Терминмен жұмыс. Жаңа тақырыптан алған терминдерді жазу.

  1. Ауыз қуысы– Полость рта – Oral cavity

  2. Жұтқыншақ – Гортань – Larynx

  3. Өңеш – Пищевод – Esophagus

  4. Қарын - Желудок – Stomach

  5. Аш ішек – Тонкая кишка – Small intestine

  6. Тоқ ішек – Толстая кишка – Large intestine

  7. Тік ішек – Прямая кишка – Rectum

  8. Соқыр ішек – Аппендикс – Appendix

  9. Ұлтабар – Двенадцатиперстная кишка – Duodenum

  10. Ерін – Губы – Lips

  11. Тіс – Зубы- Teeth

  12. Бауыр – Печень - Liver

5 мин.

Термин дәптерлеріне қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде терминдерді жазады.


  1. Топпен жұмыс.

Адам қаңқасына асқорыту мүшелерін орналастырып, құрылысы мен қызметі жайлы қағаз бетіне түсіру

1-топ. Асқорыту мүшелері: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш

2-топ. Асқорыту мүшелері: аш ішек, тоқ ішек

3-топ: Асқорыту бездері: бауыр

4 топ. Ас қорыту бездері: ұйқыбез, сілекей

20 мин


Берілген тапсырмаларды қағаз бетіне түсіреді.

Әр топ ортада қорғап, адам қаңқасына іледі.



  1. Жаңа сабақты бекіту. Иә /Жоқ

  1. Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін

құрайды. иә

  1. Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш кеңірдек, көмекей, өкпе жатады. Жоқ

  2. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады. Иә

  3. Қарын – құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Иә

  4. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – аппендикс деп аталады. Жоқ

  5. Бауырдан бөлінетін сілекей сөлі бөлінеді.Жоқ

  6. Ұйқыбез әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездерінің қызметін атқарады. Иә

  7. Өттің негізгі қызметінің бірі –зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Жоқ.

  8. Бауыр жасушаларында қор заты - гликоген жиналады. Иә

  9. Асқорыту мүшелерінің қабырғасы незінен 4 қабаттан тұрады: сыртқы, ортаңғы, аралық, ішкі






Дұрыс жауап берген оқушы, смайлик арқылы бағаланады. Топ басшылары бағалау парағына бағаларын қояды.

  1. Кері байланыс. Білім шиыршығы стратегиясы. Жаңа тақырып және алдыңғы тарау бойынша алған ұғымдарын (термин) 3 тілде жазып, оқу (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)

Бағалау критерийі

3 тілде-3 ұпай

2 тілде-2 ұпай

1 тілде-1 ұпай


5 мин

Шиыршыққа ұғымдары 3 тілде жазып, ағашқа іледі.


  1. Бағалау парағына оқушылар өздерін және басқа оқушыларды бағалайды.



1 мин.


Топ басшылары бүгінгі істеген жұмысы бойынша, бағалау парағын толтырады.

  1. Үйге тапсырма.

1 мин.

Үйге тапсырма алады

§39 Асқорытудың маңызы.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет