Сабақтың атауы Қаратпа сөз Мақсаты Күтілетін нәтиже



Дата05.02.2019
өлшемі82.83 Kb.
#98137
түріСабақ
Атырау қаласы

Томарлы селосы,

Смағұлов атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі:

Тұрсығалиева Айсауле Қайыржанқызы


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қаратпа сөз

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1.     Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау.

2.     Диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.     Еңбексүйгіштікке баулу.


Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Плакатка і.Жансүгіровтың «Шәркей» әңгімесінен үзінді жазып, тақтаға іліп қою.

 

        Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күніндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетіпті. Шәутен де өсті...  Жамаулы жаман шәркейі кішкене болып, аяғына сыймай қалды.



-         Апа, шәркейім аяғыма сыймай қалды, - деді.

-         Ендеше, ақ марқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам, - деді апасы.

Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды.

Шәутен апасына:

-         Апа, марқаны қырықтырып, жүнін әкелдім. Енді шәркейім дайын болды ма? – деді.

Апасы:


              - Жоқ, балам, жүнді сабаймын, - деді...

 

Сөйлемнің басында, ортасында және соңында келген қаратпа сөздерді табу.



-         Қаратпа сөз дегеніміз не?

-         Қаратпа сөз сөйлем ішінде қандай тыныс белгісімен ажыратылып жазылады?



Сергіту сәті

1.     Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

2.     Кекілік-ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

3.     Сауысқан-ау, сауысқан,

Сақтанасың дауыстан.

4.     Тырау, тырау, тырналар,

Тамаша әнін тыңдап ал.

Ой сергітеді,

шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Шығармашылық диктант.

1.     Өмір жасың ұзақ болсын, ...! 

2. Ой, ..., ...! Ойналық та күлелік.

3. ..., бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері , өз орны бар.

4. Рақмет, ...!

Керекті сөздер:  Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам.

Қаратпа сөздің ережесі.

Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір оның екі жағынан қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады.



Қаратпа сөз сөйлемнің ішінде көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса, леп белгісі қойылады.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcqpakjvssfc3jbmlb8gpfiouounxuurfkaytjtxopbfcelf0juyba

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

3 санына көбейту және бөлу

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар

Жалпымақсаттар

1. Мазмұнына байланысты: 3-ке көбейту және бөлу кестесін жатқа меңгерту. 3 есе артық, 3 есе кем ұғымдарына қатысты есептер шығарту.
2. Сын тұрғысынан ойлау: Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру. Ойларын дамытатын логикалық тапсырмалар арқылы ой шапшаңдығын дамыту.
3. Топпен жұмыс: Оқушыларды топпен жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілігі: Көбейту және бөлу кестесі; тірек сызбалар. дидактикалық материалдар.
Сабақ түрі: Жаңа білім меңгерту.
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, білім беруді ізгілендіру әдісі
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, Еңбек.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламын
Маңыз беріп оқимын,
Есептану сабағын.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


а) Есіңе сақта!
3*3=3*2+3
3*3=9
9: 3=3
4*3=3*3+3
4*3=12
12: 3=4
5*3=4*3+3
5*3=15
15: 3=5
6*3=5*3+3
6*3=18
18: 3=6
Түсіндіру: 3-ке 3-ті көбейту үшін, 3-ті өзінің алдындағы 2-ге көбейтіп, оған 3-ті қосу деген сөз., яғни 3*3-тің көбейтіндісі 9-ға тең, ал 9 бен 3-тің бөліндісі 3-ке тең. Себебі көбейту және бөлу өзара кері амал.
Ә) Топтық жұмыс:
Үш жұртыңды ата?
1. Өз жұртың
2. Нағашы жұртың
3. Қайын жұрт
А тобы: Өз жұрты деп кімдерді айтамыз?
А) 3*3=9
30*3=90
4*3=12
40*3=120
5*3=15
50*3=150
6*3=18
60*3=180
Б тобы: Нағашы жұрт кімнің туысқаны?
Ә) 3*4=12
3*40=120
3*5=15
3*50=150
3*3=9
3*30=90
3*6=18
3*60=180
Б тобы: Қайын жұр деп кімдерді айтады?
9: 3 ------- 12: 3 ---------- 15: 3 -------- 18: 3
90: 3 -------- 120: 3 --------- 150: 3 --------- 180: 3
9: 3 -------- 12: 4 --------- 15: 5 --------- 18: 6
Б) Топ сайыс: «Киіз үй құрастыру»
А тобы:

Киіз үй фабрикасы аптасына 4 киіз үй жасайды. Фабрика 3 аптада неше киіз үй жасайды?


Әр аптада - 4 к/ү
Шешуі: 4*3=12
3 аптада -?
Жауабы: 12 киіз үй
Ә тобы:

Бәйгеге 3 шаруашылық 12 сәйгүлік қосты. Егер әр шаруашылықтың бәйгеге қосқан сәйгүліктерінің саны бірдей болса, онда бәйгеге әр шаруашылық неше сәйгүлік қосқан?


3 ш/қ - 12с
Әр ш/к. сәйгүлік саны - бірдей
Әр ш/қ -? Сәйг. қосты
Шешуі: 12: 3=4
Жауабы: Әр ш/қ - 4 сәйгүлік қосты.
Б тобы:

19 кітапты балалар үш - үштен бөліп алды. Неше бала кітап алды? Неше кітап артық қалды?


Барлығы - 19 кітап
Бөліп алды - үш - үштен
Кітап алды -? Бала
Артық қалды -? кітап
Шешуі: 19: 3=6 (қ1)
Жауабы: 6 бала кітап алды, 1 кітап артық қалды.
Ой толғаныс: Шығармашылық тапсырмалар:
Амал таңбалары мен жақшаларды тауып жаз:
3...... 3..... 3..... 3=4 --------------- 3..... 3..... 3..... 3 =0
Шешуі: (3*3)+3: 3=4 ------------ (3*3): 3 - 3=0

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ы. Алтынсарин. Өнер, бiлiм бар жұрттар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты:  Оқушыларға  өлеңді мәнерлеп оқыту, топтық тапсырма беру арқылы өлеңнің идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Өз ойын нақты жеткізе білуге дадыландыру.

Нәтижесі: Өнер мен білімнің маңыздылығын біледі,  адам өмірінде алатын орнын түсінеді. Топтық жұмыс жүргізу нәтижесінде ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Қолданылған ресурстар

Сәлемдесу.

Топқа бөлу, топ ережесін еске түсіру.

Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Маслоудің қажеттіліктер иреархиясы бойынша бағалау.

1.Белсенділік, әдептілік.

2.Тапсырма орындау.

3.Топтық жұмыс.

4.Жеке жұмыс.

5.Өзін-өзі ұстау әдебі.



Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Бейнежазба көрсету.

Бейнежазбадан нені көрдік?

Осылай болу мүмкін бе?

Осы кереметтерді жасау үшін не қажет?

Сөзжұмбақ сұрақтарын беру.altynsarin.jpeg

Ы.Алтынсарин кім?        

 -Шығармаларын ата              

-Ол туралы қандай шығарма оқыдық?

-Дала жұлдызы кім?

-Неге олай аталды?

-Қазіргі мыңдаған жұлдыздар кімдер?

-Тағы қандай кейіпкерлер бар?

  Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Ыбырай Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңімен танысу.

Оқулықпен жұмыс.

Өлеңнің бірінші шумағын оқу, мағынасын ашу.

1 топ екінші шумақ.

2 топ үшінші шумақ.

3 топ төртінші шумақ.

4 топ бесінші шумақ.

Топ арасында бағалау.

Суретпен жұмыс.

Топтық тапсырма.

1 топ (телефон, хат)

Ғылым мен техника дамыған кездегі тұрмыс заттарын жазу.

2 топ (ат арба, көлік)

Қазіргі заманғы техника түрлерін жазу, қолдану әдісі туралы әңгімелеу.

3 топ (орақ, комбайн)

Жаңа техниканы жасап шығару үшін адамға не қажет болады?

4 топ (қазан, ошақ, газ плита)

Өз өлеңінде ақын ғылым мен техникаға, білімге байланысты не деп атап көрсетті? 

Кері байланыс.

Дәптермен жұмыс.



Ата-ананың еңбегін, өзіңнің еңбегіңді  жеңілдету үшін не ойлап табар едің?

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcqpakjvssfc3jbmlb8gpfiouounxuurfkaytjtxopbfcelf0juyba

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет