Сабақтары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



бет1/10
Дата08.07.2017
өлшемі1.6 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
М. М. ҚҰЛДЫБАЕВ, Н. Қ. ШОҚАНОВ

МИКРОБИОЛОГИЯ

пәнінің практикалық

сабақтары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ауылшаруашылық жоғары оқу орындарынық студенттеріне арпалған оқу құралы ретінде мақұлдаған

АЛМАТЫ “БІЛІМ” 1995



Құлдыбаев М. М., Шоқанов Н. Қ.

Микробиология пәнінің практикалық сабақтары. Алма-ты: “Білім”, 1995.— 120 б.

Оқу құралында микробиология ғылымының теориялық қырларын іс-тәжірибеде пайдалану жайы баяндалады. Бұл еңбек студенттердің лабораториялық жағдайда микробиологияның келелі салалары бойынша жұмыс істеу дағдысын жетілдіруге көмектеседі.

Оқу құралы ауылшаруашылық жоғары оқу орындарыны? сондай-ақ микробиология пәні өтетін барлық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.



МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Микробиологиялық лаборатория жәйлі жалпы мәліме.

2. Микробиологиялық лабораторияда қауіпсіздік техникасының ережелері.

3. Микроскоп құрылысы.

4. Микроорганизмдерден препарат даярлау әдістері.

5. Қоректік орталарды даярлау.

6. Лабораториялық ыдыстар мен орталарды зарарсыздандыру әдістері.

7. Микроорганизмдер көмегімен көміртегі қосылыстарының өзгеріске ұшырауы .

8. Азотты заттардың микроорганизмдер көмегімен өзгеріске ұшырауы.

9. Молекулалық азотты топырақта тіршілік ететін микроорганизмдердің сіңіруі .

10. Күкірт, темір және фосфор қосылыстарының микроорганизмдер әсерінен өзгеріске ұшырауы.

11. Фосфор органикалық қосылыстарыңың микроорганизмдер әсерінен өзгеруі.

12. Топырақ микроорганизмдері және оларды зерттеу әдістері.

13. Топырақ микроорганизмдерін экологиялық әдістермен зерттеу.

14. Дәннің “эпифит” микрофлорасын анықтау.

15. Топырақтың биологиялық активтігін анықтау.

16. Ауа және су микрофлорасын зерттеу.

17. Бактериялық препараттар (тыңайтқыштар).

18. Микробтардың коллекциялық культураларын күту мен сақтау.

19. Сыртқы орта жағдайларының микроорганизмдерге әсері.

20. Кейбір реактивтерді даярлау тәртібі.

21. Оқулықта қолданылатын негізгі ғылыми терминдер жә-

не олардың түсініктері.
22. Әдебиеттер тізімі .

КІРІСПЕ

Микробиология пәнінен практикалық жұмыстарды атқару жөнінен ұсынылып отырған оқу құралы теориялық мәселелер саласынан алған білімді іс жүзінде көзбен көріп, қолмен ұстап жақсы ұғынуға көмектеседі. Бұл құрал негізінен ауылшаруашылық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Бірақ микробиология пәнін өтетін басқа да оқу орындарының өздеріне қажетті мәселелерін осы құралдан тауьш пайдалануларына болады.

Практикум құралы негізінен бірнеше мәселелерді қамтиды. Студенттерді лабораториялық жағдайда микробиологияның бірқатар салаларынан жұмыс істеуге дағдыландырады. Әрине, лаборатория жағдайында жұмыс жасау тек жалаң теорияны игерумен бірдей емес. Оның өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен осы ерекшеліктерді барынша түсініп, ұға білуде, сөйтіп оқушылар жадында жақсы сақталып қалуына көмегін тигізу. Осымен қатар микроор-ганизмдерді зерттеудің әдістерін игеру, олармен жұмыс жасау студенттерді тиянақтылыққа үйретеді.

Микроорганизмдердің морфологиясы, культуралық және био-химиялық қасиеттерін көріп-білу, болашақ мамандарды егіншілік технологиясында микроорганизмдер әрекеттерін ескеріп, оларды пайдалана білуге баулиды. Әсіресе микроорганизмдердің топырақта алатын орның олардың құнарлылығын арттырудағы әсерін, кейбір топырақ элементтерінің микроорганизмдер көмегімен сіңімді жағдайға ауысуын білудің студенттер үшін тәжірибеде пайдасы зор. Осымен қатар микроорганизмдерден пайдалы препараттарды даярлау, оның сапасын анықтаудық да баға жетпес маңызы болатыны белгілі. Су және ауа микроорганизмдерін лабораторияда зерттеп білудің халық шаруашылығында айтарлықтай маңызы бар. Міне, осы айтылған мәселелер ұсынылып отырған оқу құралында жеткілікті толық баяндалған.

Баяндалған мәселелер бойынша сын айтып, пікірлерін ортаға салушылар болса біз бұндай қауымға алдын ала шын жүректен рахметімізді айтамыз. Бұл болашақта практикум оқу құралының бұдан да әрі толықтырылып, сапасының жақсаруына зор көмегін тигізеді деп ұғынамыз.

3

I. МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯ

ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛШЕТ

Микробиологиялық лабораторияларда студенттер микробиологияның- әдістерін игереді, топырақ, су, ауа т. б. бізді қоршап тұрған айналадағы субстраттардағы микроорганизмдердің таралуы, биологиясы және басқа

да қасиеттерімен танысады, зерттейді. Әсіресе, топырақ микроорганизмдеріне, топтарына, олардың топырақ құнарлылығын түзудегі роліне назар аударып, олардың өсімдіктермен қарым-қатынасын зерттейді.

Микроорганизмдермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — тазалық сақтау.

Лабораторияда жарық мол түсуі керек. Оның терезелері солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс немесе солтүстік жақта орналасуы керек. Егерде терезелер оңтүстік жаққа қараған болса, күн ашық күндері оны материалмен

жауып, көлеңкелеген дұрыс. Қабырғалары тегіс боялған немесе пластиктермен жабылған болуы тиіс. Лабораториядан шығатын есікте

қол жуғыш, дезинфекциялаушы ерітіндісі бар бутил, сабын және сүлгі болуы керек. Еденді пластикамен жабу қажет, өйткені қарағай еденнің тақтайларының аралығында лас жиналады да тазалыққа нұқсан келтіреді.

Жұмыс үстелдері де терезе алдына орналасуы керек, оған жарық мол түскені жөн. Үстел беті пластикамен қапталған болуы тиіс. Үстелдің ортасына пробиркаларға арналған штативтер, флакондар немесе бояулар құйылған ыдыстар, спирт шам немесе газ жанарғысы орналасады. Студенттерге үстел айналасынан орын бекітіліп беріледі. Жұмыс үстелінің үстінде сабаққа қатысы жоқ бөтен заттар болмауы тиіс. Сабаққа қажетті заттардың барлығы өнебойы стол үстінде болғаны жен. Құрал-жабдықтар-дың жұмысқа сай, дайын болуына лаборанттар жауапты болады. Микробиологиялық лабораторияда халатпен, ақ қалпақпен немесе ақ жау-лықпен жұмыс істелетінін естен шығармау керек.

Жұмысқа пайдаланылған заттарды ішінде дезинфекциялаушы сұйықтары (хлораминнің 1%, фенолдың 3%)

4

бар ыдысқа салып қою керек. Металдан жасалған заттарды (инелерді, ілмешектерді, пинцетті) ж?мыс жасап болғаннан соң спиртовка жалынына жақсылап қарьш алады. Киімге немесе тұтынатын заттарға зерттелетін материалдар кездейсоқ тамып кетсе, ол жерді дезинфекциялаушы сұйықпен жақсылап өңдейді. Ж?мыс біткеннен кейін қолды дезинфекциялаушы с?йық-пен, артынан сабынмен жуып тастайды.



Бөлмені белгілі бір уақыт өткен соң дезинфекциялаушы ерітіндімен, ал боксты (микробтармен жұмыс істейтін бөлме) жұмыс жасап біткеннен кейін бактерицидтік шаммен 30 минуттай өңдеп алады.

Жалпы микробиологиялық лабораториялардың зат жуғыш, автоклав, қоректік орта даярлайтын, термостаттар орналасқан, препараторлық, бокс-бөлме, виварий бөлмелері болуы керек.

Химиялық реактивтер және кейбір биологиялық препараттарды үй асты төлесінде немесе қабырғаға ойып жасалған қараңғы шкафқа орналастырады. Жыл маусымында ол бөлмелер құрғақ, температуралары біркелкі тұрақты болғаны жөн.

2. МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯДА



ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Микробиологиялық лабораторияға тек халатпен кіруге және жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

2. Бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.

3. Қызметкердің бекітіліп берілген өз орны болуы тиіс, ол тек сол жерде жұмыс істеуі керек.

4. Жұмыста тазалық сақтау міндетті.

5. Жұмыс кезінде темекі шегуге, тамақ ішуге тыйым салынады.

6. Жұмыс үстелінде тек жұмысқа керекті ғана құрал-жабдықтар болуы тиіс.

7. Жұмыс біткеннен кейін жұмыс орнын жинастырып, тәртіпке келтіру міндетті шарт.

8. Спиртовкаларды тек сіріңкемен жағу керек. Оның ішінде спирт болғандықтан өртке қауіпті болып есептеледі.

9. Электр тоғына сақ болу қажет.

10. Бөлмедегі лаборатория қызметкерлерінің көмегімен ғана электр жабдықтарын тоққа қосуға болады.

11.Химиялық және басқа реактивтермен жұмыс жасаудың ережелерімен алдын ала танысып алу керек.

5

12. Лабораториядан шығарда қолды сабындап жуу қажет.



13. Лабораторияның едені әлсін-әлі ылғалды шүберекпен сүртіліп алынуы тиіс.

Лабораториялық ыдыстарды өңдеу. Микробиологиялық жұмыстарда қолданылатын ыдыстар химиялық тұрғыдан аса таза, ал кейбір ыдыстар сонымен бірге зарарсыздандырылған болуы тиіс. Ластанған ыдыстарды хром қоспасымен (қосалқы анықтамада келтірілген) өңдейді. Ол негізінен

өте тотықтырғыш зат және шыныларды органикалық қалдықтардан өте жақсы тазартады. Хром қоспасында 30—40 минут ұстағаннан соң ыдыстарды құбыр ағын суында жақсылап жуады.

Жаңадан алынған ыдыстарды 15 минуттай сабынды сумен жуып, содан кейін салқын сумен шаяды. Бұдан кейін ыдыс тазаланбаса, оны 10% тұз қышқылы ерітіндісінде 10—15 минуттай тағы да қайнатып, артынан сумен шаяды.

Өлшеуіш пипеткалар майдан ұқыпты түрде тазартылуы тиіс. Майлы пипеткалар қабырғасында су тамшылары тұрып қалып, сұйықты өлшегенде оның мөлшерін қате көрсетеді. Пипетканы өңдегенде хром қоспасын пипетка ұшымен сорып тартуға мүлде болмайды. Бұл жұмысты пипетка ұшына резина груша кигізіп оңай атқаруға болады.

Заттық әйнектерді де майдан жақсылап тазалау керек. Дұрыс жуылмаған заттық әйнектерде' микробтардың жұғынды препаратын даярлауға болмайды. Сондықтан бұндай шыныларды хром қоспасына бір тәуліктей салып қояды. Содан соң оларды 5% сода ерітіндісінде 30 минуттай қайнатады да, артынан жақсылап жуады. Таза шыныларды пинцетпен Никифоров қоспасына салып сақтайды (қосалқы анықтамада келтірілген). Жуылған ыдыстарды сүртпейді, бөлме температурасында немесе құрғатқыш шкафтарда 100— 105° С температурада құрғатады. Таза ыдыстарды шан~ тозаң түспейтін, тығыз жабылатын ыдыстарда немесе шкафтарда сақтайды.

3.МИКРОСКОПТЫҢ ҚҰРЛЫСЫ

Микроскоппен микрообъектілерді зерттейді. Ол өте сезімтал оптикалық аспап. Студенттер лабораториялары кебінесе МБР-1 микроскопымен

6

1-сурет. Микроскоптың жалпы көрінісі.

1 — микромеханизм тұтқасы; 2 — препаратты ұстап тұруға арналған центрлеуші винт; 3 — стопорлы винт; 4 — тұрпайы фокустеу тұтқасы; 5 — тубусты бекітуге арналған вннт; 6 — диафрагманы ауыстыруға арналған винт; 7 — конденсордық стопорлы винті; 8 — серіппелі клеммалар.

қамтамасыздандырылған. Сонымен бірге қазір лабораториялық МБР-2 микроскоптарымен де жабдықталған (1-сурет).

МБР-1 микроскопының құрылысы. МБР-1 микроскопының механикалық бөлігі, заттық үстелі бар штатив (2) және тубустан тұрады. Заттық үстел оң және сол жағында орналасқан екі бұранда винттің көмегімен (3) горизонтал жазықтықта жылжи алады. Бұл препараттағы кез келген нүктені көру аймағының ортасына ығыстырып әкелуге көмектеседі. Үстел бетінде қысып ұстап тұратын екі қысқышы (клеммасы) бар. Заттық әйнек астында штативке конденсорлық кронштейн (6) бекітілген. Штативтің жоғары жағына тубусты ұстап тұрғыш (5) бекітілген, ол штатив бекітілген механизм көмегімен тубусты 50 мм тік көтеріп, одан соң төмен түсіріп тұруға жәрдем етеді.

Бұл механизм макрометр (4) және микрометр (1) винттердің айналуынан қозғалысқа түседі. Сейтіп зерттейтін объектілерді тұрпайы және шебер көрсетуге мүмкіндік туады. Сағат тілінің айналысына қарай осы винттерді бұрағанда тубус ұстағыш төмен түседі, ал оған керісінше айналдырғанда жоғары көтеріледі. Микрометрдің толық бір айналымы тубустың 0,1 мм қа-шықтыққа жылжуына тең. Тубус-ұстағыштың жоғары жағында өз өсінен айналып тұратын револьвер (14) бар. Оның тесігіне объективтер мен тубус бекіледі. Микроскоптың көлбей орналасқан тубусын оның тік өсінен зерттеуші айналдыра отырып, ыңғайлы жағдайға келтіріп, қозғалмайтын етіп 7

винтпен (5) бекітіп қояды. Тубустың төменгі жағына окулярды орнатады.

Микроскоптың оптикалық бөлігі: окуляр, объектие және жарық бергіш қондырғыдан тұрады. Жарық бергіш қондырғыға айна және заттық әйнектің астына орналасқан диафрагма мен конденсатор жатады. Айна екі жақты және қозғалып тұрады, бір жағы дөңес, ад екінші жағы ойыс болады. Қүн сәулесі түскенде деңес бетің, ал жасанды жарыққа ойыс бетін қолданады.

Конденсатор екі линзадан тұрады. Ол арқылы айнадан шағылысып келген сәуле конденсацияланып (шоғырланып, жинақталып) препараттың тегіс бетіне бағытталады.

Күн сәулесімен препаратты қарағанда конденсатор заттық әйнекке дейін көтеріліп қойылады. Ал жасанды жарық болғанда ол препарат жатқан жерде жарық көрінетіндей деңгейге төмендетіледі. Жарық күштілігі конденсордың астында орналасқан иристі диафрагмамен реттеледі. Ол рычаг күшімен адам көзі сияқты ашылып-жабылып тұратындай етіп жасалған. Объектіні көру үшін тубус екі жүйемен қозғалтылады. Алғашқы көру үшін макрометр винті, ал оны жақсылап, анықтап көру үшін микровинтті қолданады. Соңғы винт нәзік болады. Сондықтан онымен жұмыс істегенде аса сақтық, ептілік керек.

Объективтер микроскоптың ең маңызды бөлігі, ол оның оптикалық қуаттылығын көрсетеді. Объектив металл қорапқа орналасқан линзанын, екі жүйесінен тұрады. Ең бастысы сыртқы (фронтальды) линза, оның фокустық қашықтығына объективтің үлкейткіштігі байланысты. Объективтің үлкейткіштік шамасы оның сыртқы қорабында жазылған. МБР-1 микроскопының 8,40 (құрғақ) және 90 (иммерсиялы) рет үлкейтетін объективтері болады.

Микроорганизмдерді зерттегенде үнемі иммерсиялы немесе майға батып түратын объективтерді қолданады. Бүл үшін объектив пен заттық әйнек арасына самырсын (кедр) майы тамызылады. Сонда препарат пен объектив арасында бос жер болмайды: препарат шынысы — самырсын майы -

объектив шынысы балып біртұтас көру жүйесін түзеді. Осының арқасында барлық сәуле сынбай және бағытын бегде жаққа өзгертпей объективке бірден бағытталады да ұсақ объектілердің көрінуін анағұрлым жақсартады,

8

2-сурет. ОИ-9 жарық бергіші.

Объективтер тубустын төменгі бөлігі, яғни револьверге бұралады. Мйкроскоптың жалпы үлкейткіштігін білу үшін объективтің және окулярдың өздеріне жазылып қойылған жеке үлкейткіштеріне көбейтеді.

Окуляр екі көздік (жоғары жағы) және жинаушы (төменгі жағы) линзалардан тұрады. Окулярдың негізгі міндеті объектив жіберген кескінді үлкейту. 5, 7, 10, 12, 15 және 20 есе үлкейтетін окулярлар болады. Мысалы, алынған объектив көрсеткіші Х8, ал окулярдікі Х7 жазылған делік, сонда микроскоптың үлкейткіштігі 56 есе болғаны, ал объектив керсеткіші Х90, окулярдікі Х20 болса, онда үлкейту— 1800 есе деген сөз.

Осымен қатар микроскоптың жарық бергіш бөлек құралы бар. Онсыз жасанды сәулені микроскопка жіберуге болмайды және жарық бергіш тәуліктің барлық уақытында ешбір жағдайға тәуелсіз жұмыс жасай беруге мүмкіндік туғызады. Әдетте ОИ-19 жарық бергішті қолданады (2-сурет). Оның шамы өте төмен вольтті (8 в, 20 вт). Оның корпусындағы шамның алдына иристі диафрагмасы бар екі линзалы конденсор және жарық сүзгішінің қоятын ұяшығы орналасқан. Жарық бергішті микроскоптың алдына айнаға қаратып кояды. Шам жарығының күшін бәсеңдету мақсатында оған сәуле сүзгішін орнатады.

Жоғарыда объектив күші кебейгенде, мысалы Х90 болғанда иммерсиялы жүйе қолданылады деп айтып кеттік. Бұл жұмысты атқару үшін мыналарды орындаған шарт. Алдымен микроскоптың кішкене үлкейткішін (объективті Х8) жарыққа бағыттайды да препараттағы қаралатын аймақты белгілеп алады. Содан соң таңдап алынған орынға самырсын майын тамызады да,

9

револьверді айналдыра отырып Х90 объективінің линзасын ептеп тигізеді. Объектіні анықтап көру үшін микровинтті жайлап әрлі-берлі бұрау арқылы объективті қозғалтып көреді. Микробтарды қарап болғаннан соң тубусты жоғары көтеріп, препаратты алады да, объективтегі линзадан дәкемен майды жақсылап сүртіп алады. Тубусты окулярсыз қалдыруға болмайды, өйткені оған шаң-тозаң жиналып қалады; Жұмыс аяқталғаннан соң микроскопты таза орамалмен сүртіп, өз қорабына салып қояды. Бұнымен қатар микроскоптың және микробтарды қараудың бірнеше түрлері бар. Бірақ олардың басым көпшілігі ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылатын болғандықтан, оларға біз бұл жерде тоқталып жатпаймыз.



4. МИКРООРГАНИЗМДЕРДЕН ПРЕПАРАТТАР ДАЯРЛАУ ӘДІСТЕРІ

Препарат даярлау үшін культураларды алу. Спиртовка жалынында әбден қарылған микробиологиялық ілмешекпен пробиркадағы культурадан ептеп қана азғана микробты іліп алады. Материалды алу үшін пробирканы спиртовка жалынына таяп, оның тығынын оң қол саусағымен қысып алып, ашады да жалынға қарып, ілмешекпен қармайды. Материал алу кезінде пробирканы жалынға тиер-тимес етіп, келбете ұстаған жөн. Егерде культураны сұйық ортадан алса, сұйық төгіліп кетпес үшін пробирканы тым еңкейтіп жібермеу керек. Кудьтураны алып болғаннан соң пробирканың аузын және тығынды жалынға жақсылап қарып алған дұрыс.

Микроорганизмдердің клеткаларын тірілей зерттеу үшін жаншылған және аспа тамшылар ә д і с і н қолданады. Осы екі жағдайда да микробтарды тірілей бояуға мүмкіндік бар.

Жаншылған тамшы әдісі. Таза заттық әйнек бетінде құбыр суының бір тамшысын тамызады. Бұған ілмешекпен микроб культурасын салып, аралас-тырады да жабын әйнегімен ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп жабады. Шыны таяқшамен жабын әйнекті заттық әйнекке ептеп жанши қысады. Әйнек шетінен шыққан артық суды сүзгіш қағазбен сорғызып алады. Егер де иммерсиялы объективпен қараса жабын әйнек бетіне самырсын майын тамызады. Бұл әдіспен бактериялар қозғалысын және ірі — зең саңырауқұлақтары,



10

ашытқылар сияқты ооъектілерді қараған қолайлы. Сонымен, бұл әдістің клетка ішіндегі қор заттарын қарағанда да көп көмегі бар. Осындай әдіспен микробтарды тірілей зерттегенде концентрациясы 0,001 ден 0,0001 % дейін болатын метил кегі және бейтарап қызыл бояуларды қолдану керек.

Аспа тамшы әдісі. Микроорганизмдер клеткаларын ұзақ уақыт бақылағанда аспа тамшы әдісін қолданады. Сұйық қоректік ортада өсірілген немесе осы мақсатқа арнап физиологиялық ерітіндіде дайындалған микробтар суспензиясын зарарсыздандырылған жабын әйнек үстіне тамызады. Содан соң жабын әйнекті ортасында ойығы бар зарарсыз-дандырылған заттық әйнекке аударып жабады. Сонда ойық бетінде тамшы асылып қалады. Жабын әйнек айналасын вазелинмен қымтап жауып тастайды.

Микроорганизмдердің фиксацияланан препараттарын даярлау. Микробиологияда осындай препаратты көбірек колданады. Препаратты бояғаннан соң микроскоппен карайды. Фиксациялау деп микроскоппен карайтын тірі объектіні алдын ала тез арада өлтіруді айтады. Сонда клетка шіндегі заттар бүлінбей сақталып қалады. Ал фиксацияланған препарат Шыныға жабысады да бояу жақсы сіңеді. Бұл әдіс заттық әйнекті дайындау, жұғындыны әзірлеу, кептіру, фиксациялау және бояу сияқты бірнеше жұмыстардан тұрады.

Жұғындыны д а й ы н д а у. Таза, майсыздандырылған заттық әйнекке құбыр суының бір тамшысын тамызады. Пробиркадан бактериологиялық ілмешекпен зарарсыздандырылған жағдайда микробтың бір түйірін іліп алып, тамшыда езеді. Суспензия қою болып кетсе, сумен сұйылту керек.

Ол үшін қою суспензияның бір тамшысын екінші заттық әйнек бетіне су тамызып соған салып езеді. Жұғындыны жайып, бөлме температурасында немесе спиртовканың жалынының әлсіз жеріне ұстап кептіреді. Ыстық жалында кептіруге болмайды. Өйткені бұнда клетка белогы ұйып, оның пішіні мен құрылымы бұзылады. Кептірілген препаратты фикса-

циялайды.

Жұғындыны фиксациялау. Фиксациялау кезінде микроорганизмдер өледі, әйнекке жабысып қалады. Сонда жұғындыдағы микробтар оңай боялады. Фиксациялауды жалында жүргізеді. Заттық әйнектің микробы бар жағын 11

жоғары қаратып, спиртовка жалынында әлсін-әлі қыздырып алады. Жалпы әйнек ысып, қолға бата бастағанда фиксациялауды тоқтатады.

Әйнек салқындаған соң жұғындыны бояуға кіріседі. Метилен көгі мен негізгі фуксин ең қарапайым және іс жүзінде көп қолданылатын бояулар. Егерде фуксинмен боялса препаратты бұл бояуда 2—3 минут ұстайды, ал метилен көгі қолданылса, онда 3—4 минут керек. Бұдан кейін бояуды сумен жуады немесе таза сумен біраз шаймалайды. Сонда аққан су мөлдір болуы керек. Сузгі қағазбен әйнекті құрғатады, ал жұғындыны сүзгіш қағазды ептеп жабу арқылы дегдітеді. Дайын препараттың бір бетіне бактериялар пішіні, препарат дайындаған студент фамилиясы, оқу тобының нөмірі жазы-лады.

Бактерияларды Грам әдісі бойынша б о я у. Микроорганизмдерді жалпы бояу үшін метилен көгі, карбол немесе сілті ерітіндісінде даярланған гени-циан күлгіні қолданылады. Бұл бояулармен барлық микробтар клеткасы бояла береді. Бірақ микробтар цитоплазмасының құрылысы барлығында бірдей бола бермейді. Кейбір микробтар клеткасы бояуларға талғампаз келеді. Егер де олардың бір тобы бір бояумен боялса, қалған кейбір топтары осы бояумен боялмайтын болады. Міне микроб клеткаларының осындай қасиетін ескере отырып, бояудың күрделі түрлерін қолдану іске асырылды. Күрделі бояу әдістерінен лабораториялық жағдайда Грам әдісі, Циль-Нильсен, Козловский т. б. әдістері қолданылады.

Грам әдісімен бо яу. Бұл әдісті 1888 ж. Дания ғалымы Грам ұсынған болатын. Осы әдіспен боялу және боялмауына байланысты микробтарды

Г р а м оң, Грамтеріс деп үлкен екі топқа бөледі. Бұл әдістің мәнісі мынада: трифенилметан қатарындағы бояулар, мысалы геницианвиолет, метилвиолет, кристаллвиолет протоплазмадағы рибонуклеин қышқылы магний тұзы бар жерде иодпен қосылғанда спиртте ерімейтін күрделі қосылыс түзеді. Осылай боялған бактериялар артынан спиртпен өңдегенде бояу кетпей, көкшіл-күлгін түске боялған күйі қалып қояды. Бүл Г р а м о ң бактериялар. Бұған көптеген шар тәрізді бактериялар, таяқша тәрізді бактериялардың біраз түрі, мәселен Вас. SиЬtіlis, С1. Раstеиrіnum т. б. жатады.

Кейбір бактериялар клеткасында мукополисахарид және фолифосфат нуклеотид қосылыстары өте аз болады және оларды липопротеидтен



12

түратын екі қабат қоршап жатады да, геницианвиолет және иод оған өте жәй енеді және онымен мықты байланыс түзе алмайды. Препаратты жуған кезде ол спиртте тез еріп, клеткадан — шайылып кетеді. Бактериялар түссізденіп қалады. Оларды басқа бояумен бояса, сол түске бояла береді. Бұндай бактерияларды ( Еsсһегісһіа Соlі, Ргоtеиs Уиlgагіs, Рsеиdоmопаs

және т. б.) Г р а м т е р і с деп ажыратады.

Бояу тәртібі. Фиксацияланған жұғындынын. бетін сүзгіш қағаз тілімімен жабады да оның үстіне геницианвиолет ерітіндісін құйып, 1—2 минут ұстайды. Содан соң препаратты сумен жуып, үстіне Люголь ерітіндісін құяды да 2 минуттай ұстайды. Осыдан кейін препаратты сумен жуып, 96° спиртке 0,5—1 минуттай батырып қояды. Препаратты тағы да жуып, фуксинмен 1—2 минуттай бояйды. Бояуды төгіп препаратты тағы да жуады, сүзгіш қағазбен кептіреді, иммерсиялы жүйені қолдана отырып микроскоппен қарайды. Грам әдісімен боялған бактериялар қара күлгін түсті, ал боялмағандары қызыл түсті болады. Грам әдісімен боялғанына анық сену үшін жаңадан дайындалған микроб культураларын алған жөн.

Бактериялар спорасын бояу. Бактериялар қолайсыз жағдайға тап болғанда споралар түзеді. Споралар қолайсыз жағдайға аса төзімді келеді. Олардың пішіні де түрліше болып келеді. Егер де спора диаметрі сол спора түзілген клетка диаметрінен артық болмаса, клетканы бацилды, егерде артық

болса спораның орналасуына қарап, яғни спора ортасында немесе клетка шетінде болса, клостридиалды немесе плектридиалды деп ажыратады. Спораны күрделі әдіспен бояйды, олардын, қабығы өте қалың болады. Бояу алдынан спораны қыздыра отырып карбол қышқылымен өңдейді. Спора қабығы бұнда жұмсарады, мөлдірленеді. Бояу жақсы сіңеді. Сіңген бояуға қышқылмен әсер еткенде, ол тез арада жойылмайды.

Мюллер ептеп өзгерткен Циль-Н ильсен әдісімен спораны бояу. Жоғарыда керсетілген жалпы әдіспен даярланып фиксацияланған препаратқа 5% хром қышқылын қосады. 5—10 минуттан кейін оны жуады. Цильдің карболды фуксинімен ылғалданған сүзгіш қағаздын бір тілімін препаратқа жабады. Спиртовка жалынында бұл пайда болғанша препаратты қыздырып алып, үстіне бояудың жаңа порциясын қосады.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет