Сабақтар топтамасына Бағдарламаның «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер -диалогтік оқыту»



Дата03.12.2017
өлшемі116.16 Kb.
#47434
түріСабақ
«Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мкетеп-лицейі»КММ

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер –диалогтік оқыту» модулі»

Бастауыш сынып мұғалімі:

Кожахметова А.У.

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер –диалогтік оқыту» модулін қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Осы Бағдарламаның негізгі міндеті–мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идея оқыту мен оқудың жаңа тәсілі, бұл диалог арқылы оқыту, себебі олар әлеуметтік –сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. [Мұғалімге арналған нұсқаулық,12-бет].

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын көрсетеді. Выготский когнитивті дамудың оқушылар өздерінің жақын арадағы даму аймағында жұмыс істесе,ал Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін атап көрсетті. Александер оқытудағы әңгімелесу қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдеріс емес, керісінше екіжақты бағытта жүреді деп тұжырымдайды. [Мұғалімге арналған нұсқаулық,39-бет.]

Жеті модульдің ішінен таңдап алған тәсілдің бірі-диалогті оқыту. Осы модульмен таныса отыру арқылы оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіретіндігін, өз идеяларын дәлелдеуге көмектесе алатындығын, мұғалімнің оқыту барысында оқушыларының қандай деңгейде екенін анықтауға болады . Менің ойымша оқушылардың бірлескен сұхбаты олардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді, түсінулеріне және өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі және сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,білім деңгейінің өсуіне үлес қосатын әдістің түрі . Бұл модульді таңдап алған мақсатым, оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандыру; шынайы қызығушылығын анықтау; білімге деген құштарлығын дамытуға үйрету; сөйлеуге,қолдауға, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру. Диалог негізінде білім беру мен оқушының арасындағы еркін пікір алмасуы, яғни оқушы өзіне берілген сұрақты ойланып барып жауап беруімен қатар өзіндік ой-пікірін жүйелі түрде жеткізуі еді.

Бірінші сабағымның тақырыбы: «Өткенді пысықтау.Білімді тексеру» сабағымда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызып, бір-біріне тілектер айтудан бастадық. Сынып 3 топқа бөлінді. Топта жұмыс істеу үшін топ ережесін құрастырдық. Топқа бөлінуде рим мен араб цифрларын таратып, рим және араб цифрларын сәйкестендіру арқылы жұбын тауып , топтарға бөлініп отырды. Жұбын таба алмай жатқан оқушылар да болды, бұл жерде мен сәтсіздікті көрдім. Бірақ бұл сәтсіздікті оқушылар бірін-бірі тексеріп, түзету арқылы шешті. Расында да сыныпта топпен жұмыс жасау кезінде оқушылар бір-бірімен пікірлесу кезінде білім беру жеңіл де, табысты болатынын көрдім. Мен 4-сыныпта оқитын оқушыларды зерттеп, сабақтарда тапсырма беріп, іс-әрекеттерін бақылап, бағаладым. Оқушылардың ынта-жігерін, яғни мотивациясын бақылап, талдап, бағалап қорытынды жасап отырдым. Үй жұмысын тексеруде «Аралас-Жұптас-Бөліс» әдісін пайдалана отырып, оқушылардың жазбаша есептеу дағдыларын тексердім. Жұптық жұмыс түрін ұйымдастырдым. Оқушылар тез арада тексеріп , шапшаңдықтарын көрсетті. Бұл әдістің тиімділігі тез арада дос табу, бір-біріне сенімділік арттыру әрі ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға да игі әсерін тигізеді. Бұның барлығы бір-бірімен сұхбаттасудың нәтижесінде іске асатынына көзім әбден жетті.

Есеп шығаруда «ЖИГСО» әдісін пайдалана отырып келісілген нәтижеге жету үшін есептер берілді. Бұл тапсырманы жұпта талдап, топта талқылап, ұжым алдында постер құрап қорғады. Топтық жұмыс жүргізу барысында А тобындағы балалардың тез ойлап, жылдам шешім қабылдайтын шапшаңдығы байқалды да, сәтті жұмыс жасады. Ал С тобының жұмысы сәтсіз болды, себебі балалар өз ойларынын жеткізе алмай, есептің шешуін дұрыс таппағандықтан, сұрақ қоюдың «қайта бағыттау» техникасын пайдаландым. Мысалы, «Көмектесе алатындарың бар ма?» деп сұрақ қойдым. А тобындағы оқушы осы сұраққа ұтымды жауап берді де, бұл жұмыс сәтті шешімін тапты.

Екінші есепті орындау барысында, суретті слайд арқылы ұсындым. Суретте бассейндегі екі құбырдан су ағып тұрғаны көрсетілген. Есептің шарты: 1). Бассейнде қанша су бар?

2). 1-құбырдан қандай жылдамдықпен су құйылады?

3). 2- құбырдан қандай жылдамдықпен сыртқа төгіледі?

4). 2 сағаттан кейін бассейінде қанша су болды?

Бұл сұрақ арқылы біз нені табамыз?

Осы есепті 1-топ шығарады. Шешуін постер арқылы сәтті қорғады. Ал 2-топ есептің шартын оқып, бірінші есеппен салыстыра отырып шешуін сәтті таба білді. 3-топ 1-есеп пен 2-есепті салыстыра отырып, айырмашылығын «Венн диаграммасы» арқылы дәлелдеді. Себебі бұл жұмысты орындауда осы топта есепке жүйрік оқушы тапсырманы орындауды топтағыларға үйретіп, өзгелерге де түрткі болып отырғанын байқадым. Бұл жөнінде нұсқаулықта, «Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.» (Нұсқаулық, 40-бет) деп берілген. Бұдан шығатын қорытынды - негізгі білімге сүйену арқылы талқылау жасап, ұжым болып тақырыпты түсіну . Сонымен бірге бұл әрекет оқуда табыс әкеледі.

Келесі кезекте шығармашылық пен ізденіске жетелейтін тапсырмалар бердім. Мысалы, 1-топқа : 108-дің - 1/9-і; 1000-теңгенің -1/25-і

2 –топқа : 1 кг-ның ½-і; 2 сағ-тың 1/3-і;

3-топқа: 1-т-ның 1/500-і ; 175-тің 1/7-і тапсырма берілді.

Тапсырманы орындау барысында 1-топта бір-бірлерін төзімділікпен тыңдап , талқылап оқушылар бір-біріне кезекпен орындауға мүмкіндік берді де, тапсырма сәтті орындалды. Себебі шаманы дұрыс тапты. 2-топта тапсырма сәтсіз орындалды, өйткені бірлесіп істеуден гөрі көбіне бәсекелестік байқалды да, есеп аяқсыз, қатемен орындалды. Бұл тапсырманы өзге топтағы Т деген оқушы осы топқа барып түсіндірді, олар осы арқылы есепті шығарды. Нәтижесінде қателіктерін жоя білді. Бұл сәтсіздіктен кейінгі сәттілік болып табылады. Ал 3-топта бұл тапсырманы балалар шамаларына қарай орындады, талдау кезінде келісімге жету үшін қарсы пікір айтылып, талқылау жақсы жасалынды да, нәтижеге қол жеткізе білді. Бұл - мен үшін болашақтағы нәтижелі әрекет екені сөзсіз. Әр тапсырманы ұпай арқылы беріп, ортақ қорытынды бағалау жасалынды. Бағалау кезеңі сәтті шықты, өйткені олар өз-өздерін критерийлерге сүйене жасалған бағалау парақтарын толтырды. Бағалау әділ болды. Бағалау туралы ойларын жақсы әңгімелеп жеткізуге де диалогтік тәсілдің әсері мол болды, сол сияқты ауызекі сөйлеу барысында олардың әңгімелеу шеберліктері де жақсы қалыптаса бастады.

Кері байланыс мен үшін сәтті болды. Себебі, оқушылар сабақтан алған әсерлерін көңілді смайликтерге және түсті стикерлерге жазып ұғынықты етіп көрсетті. Бұл арада ауызекі сөйлеудегі стилі, жазбашада айқындалып тұрады.

Екінші сабағымды білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда өрнектер берілді. Мысалы: Тиімді тәсілмен есепте:

1-топ: 695·50·2 2-топ:(2500+155):5 3-топ.25·4·132·3

605·4·25·4 (9639+693):3 10985·25·40

Бұл тапсырмалар ауызша есептеу дағдыларын сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар еді, топта талданып,талқыланды. Әр топ өзінің есептеу жолын ұсынды. Басқа топтар өзінің ойын білдірді.

Келесі тапсырма қозғалысқа берілген есептер болды.Есепті оқып,талқылап постер арқылы қорғады. Бұл тапсырманы орындағанда қызу пікірталас жүрді. А оқушы басшы ретінде өз топтарында оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына, сөйлесуіне басшылық жасады. В оқушы ойын еркін жеткізіп, құнды пікірлерін ортаға салды. Өткізілген сабақтарымнан байқағаным С оқушы оқуға деген көзқарастарын өзгертті, оқу барысында өз пікірлерін ашық айтып, сабаққа қызығушылықтарын танытты. Бұл жерде диалог арқылы да ынталандыруға болатынын аңғардым.

Оқушылар «мағынаны ажырату» кезеңінде «Үш қадам сұхбат» әдісі бойынша диалогтік тәсіл арқылы бір-бірімен сұхбаттаса отырып, есепті шешудің тиімді және өзіне түсінікті тәсілді түсіндірді, құнды пікірлер айтуға, өз ойын еркін дәлелдеуге талпынды, сабақтың өн бойында топпен жұмыс белсенді түрде жүргізілді. Оқушылар үшін бұл сәтті болды, себебі сұхбаттасу арқылы есептерді шығара алды. Әрі тақырыпты ашу мақсатында әр тапсырмаға уақыт беріп, бақылағанда, оқушылар есептің шығару жолдарын түсініп, постер арқылы қызу жұмыс жасады және жетік сөйлеу арқылы жұмысты қорғады. Сабақ барысында топтық тапсырмалар орындаған сайын бағалау жүріп отырды. Сабақта өзін-өзі бағалау жүрді. Орындаған тапсырмалардың жанына белгілер қойды: көк түсті дөңгелек - өте жақсы, жасыл түс-жақсы, сары түсті дөңгелек–орташа, қызыл–ойдағыдай болмауы. Осы критерий бойынша оқушылар түсінікті әрі нақты мәлімдеме жасады. Осыдан оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін және сөздік қорын да байқадым. Осындай бағалау оқушы бойына сенімділік ұялатады және әр сабақта белсенді, ықыласпен қатысады. Бағалау баланы мадақтап, мақтап, көтермелеп отырудың да маңызы зор екенін түсіндім. Өйткені бала қашанда мақтағанды қалап, сол мақтауға лайық болуға тырысады деп ойлаймын.

3-сабағымның тақырыбы: «Үлестер мен бөлшектер». Сабақ басында оқушыларым: «Бүгін не істейміз?», «Қалай бөлінеміз?» -деп қызығушылық танытты. Бұл –қуантарлық жайт.

Топқа бөлуде үш түсті кәмпит таратып «Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақ не туралы?» деген сұрақ қойдым. Оқушылар: «Сіз бізді бөлдіңіз. Сондықтан біз бөлуді өтеміз,» - деп нақты жауап берді.

Жаңа тақырыпты өткенде «Ой қозғау» стратегиясын қолданып, бөлшектің алымы мен бөлімі туралы білімдерін тиянақтадым. Топтық жұмыс ұйымдастырғанда, әр топқа шығармашылықпен орындайтын тапсырмалар берілді. Сабақтың тақырыбын, мазмұнын жете түсінуге мүмкіндік тудыратын тапсырмалар беріп, сұрақтар қойылды.

Бөлшектің алымы және бөлімі нені білдіретінін сұрағанда, қима қағаздарға жазылған бөлшек түрлері берілді. Оны алған оқушылар өзара ақылдасып,өсу ретімен тұра қалды. Бұл реттілікті көрсетеді. Осыдан соң бөлшектерді жазып және салыстыруға тапсырма берілді. Әрбір тапсырманы дәлел ретінде кезекпен түсіндірді, қалып қойған оқушы болған жоқ. Ұтымды жақтары: практика жүзінде көрсетті: өлшеді, бөлді, салыстырды және сәйкестендірді. Өз қолдарымен өлшеп көрнекілік арқылы дәлелдемелер болды, топта талқыланып, ұжымда қорғады. Осы арада «Тіл-тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады». (Нұсқаулық 29-бет). Нұсқаулықтағы бұл тұжырымдаманың маңыздылығын әр кезеңде байқадым.

Сабақта логикалық есеп ұсынғанда, топта талқыланып, әр топ өз шешімін ортаға салды, салыстырды. «Жарты» деген сөзге мән берулеріне көңіл аударттым. Оқушылар бұл тапсырманы диалогтік оқыту арқылы белсенді орындады. Әсіресе, А. оқушының байқампаздығы арқасында дұрыс нәтижеге көз жеткізді. Бұл сабақтағы сәттілік болып саналады. Өйткені, «жарты» сөзінің мәнін ашуда,шырылдауық шегіртке жаздың әр тәулігінің жартысын ұйқымен,1/3 бөлігін билеумен, 1/6 бөлігін ән салумен өткізді, ал қалған уақытын қысқа дайындалуға жұмсаймын деп шешкен. Сұрақ: Шегіртке тәулігіне неше сағатты қысқа дайындалуға арнады? Осы арада «Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап,талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады» (Нұсқаулық,52-бет) деген тұжырымдаманың маңыздығын білдім.

Менің байқағаным, сабақ қызықты және белсенді түрде жүргізілді. Барлық кезеңдерде оқушылар өзара және мұғаліммен диалог құру арқылы

тапсырмаларды орындап шықты. Сұхбаттасу арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық, құзыреттілік және пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруға болады деген шешімге келіп отырмын.

4-сабақта «Өткенді пысықтау» деген тақырыпты үлес пен бөлшекті қайталау арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту және ауызша, жазбаша есептеу тәсілдерін меңгерту. Осы сабақта топпен жұмыс істеу барысында, әр топқа бөлімдері бірдей сандарды салыстыруға мынандай тапсырмалар берілді:

1-топ Бөлімдері бірдей сандарды салыстыру.

2-топ Суретті бөлшекке сәйкестендіру.

3-топ Бүтінді бөлшектерге бөлу.

Бірінші тапсырма бойынша бөлшектердің аз не көп екенін салыстырды. Екі оқушы шығып, жұпта жазып әрі түсіндіріп дәлелдеді. Бұл тапсырма сәтті орындалды. Екінші тапсырмада екі оқушы суреттердегі ұқсас бөлшектерді ұтымды сәйкестендірді. Осы жұптағы озат оқушы үлгерімі төмен оқушыға тапсырманы ұғындырып, сеніміне еніп, тақтаға алып шыққаны үлкен сәттілік және бірлесе оқудың нәтижесі. Сонымен бірге бұл әрекет пікірлесу арқылы іске асып отыр. Үшінші топ бүтінді бөлшекке бөлуді тәжірибе арқылы көрсетті. Олар бүтін қағазды 4 бөлікке бөліп, 2/4 бөлігін қиды да, дәлелдеді. Көріп отырғанда бұл есте жақсы сақталады. Осының барлығы әңгімелеу тәсілі арқылы іске асты. Бұл туралы

нұсқаулықта, «Мерсер (2005 ) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады,» делінген. ( Нұсқаулық,29-бет). Бұдан шығатын қорытынды, топтық, жұптық жұмыстардың нәтижелі болатындығында, мүмкіндігі зор екендігінде.

Оқушылар тапсырманы талдап, талқылау барысында, білімді бірлесіп алудың арқасында, мынандай қорытындыға келдім. Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы артық болса, сол бөлшек үлкен болады деп ой түйіндеді. Келесі кезеңде оқушыларға геометриялық тапсырма берілді. Ол «Абайла!» деп аталады. Шарты: Үшбұрыштың өлшем бірлігі берілген, қабырғалары 7см, 5см, 3см; 5см, 3см, 1см. Осы өлшемнен үшбұрыш сызуға бола ма?

Бұл тапсырманы оқушылар практикалық іс- әрекет арқылы өзара талдап, салыстырып, қағазға сызып, дәлелдеу арқылы сәтті орындап шықты. Әсіресе түсінбей қалған, ұялып сұрамайтын оқушыларға топпен жұмыс, диалогтік оқыту өте пайдалы болды. Себебі олар бір-бірінен сұрайды, талқылап қорғайды. Берілген тапсырмаларды орындағанда, топтың мүшелері кезекпен сөйледі, белсенді тыңдады, ой- пікірін ортаға салды және бір-біріне көмек берді де, реттелуі қалыптаса берді. Келесі кезеңде, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру үшін, қызықты есептер ұсындым. Мысалы, Менің әкем 31 жаста болғанда,мен 8 жаста едім. Ал қазір әкем менен екі есе үлкен. Қазір мен неше жастамын?

Осы тапсырма орындау барысында, А тобындағы оқушылар байқампаздықтарының арқасында 31-ден 8-ді азайту амалын орындау арқылы есепті дұрыс шешті. Оқушының сыни ойлауы да, осындай тапсырмалар барысында дамиды. Ал, бұл есептің жауабын жеткізуде диалогтің пайдасы мол болды. Себебі диалог арқылы сұхбаттасады, тақырыпты талдайды, үйретеді, түсінеді, ой қорытады.

«Білім алу – білімнің сандық ұлғаюы» болса, ал «білім беру – кешенді үдеріс» болып табылады. Олай болса, бағдарламаның жеті модулі де баланың білім алуына, ойлауды дамытуына ықпал етеді. (мұғалімге арналған нұсқаулық,15 бет). Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасағанда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндігі бар. Шығармашылық іздену, мұғалімнің еңбегіне, біліміне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді, бұл арада диалогтің маңызы зор.

Қорыта келе, диалог әдісін қолдана отырып, талқылау, ынтымақтастық атмосферасын орнату, білімді бірлесіп алу, топтық жұмыс жасау, тапсырманы қорғау, дәлелдеу, пікір айту, мағынаны ашу,зерттеу жұмыстарын іске асыруға болады. Осыларды іске асырған кезде сындарлы оқыту теориясы іске асады.

Бұл әдісті жүзеге асыру үшін мынандай болжамдарды алып отырмын.

Олар:


  1. оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыру;

  2. оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтау;

  3. оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына және ойлау туралы ойлануына ықпал ету;

  4. оқудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтау;

  5. Диалогтік оқытуды тәжірибеде жетілдіру

  6. Бағдарламаның негізгі идеясын ұстану

  7. Жеті модульді сабақтарда ықпалдастыра қолдану.

  8. Сабақтарда жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану арқылы сапалы білімге қол жеткізу.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»



ДББҰ,2012.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет