Сабақтар «Сәлемдесу» жаттығуы. Бір топ «европалықтар»



Дата07.07.2017
өлшемі21.24 Kb.
түріСабақ

ТРЕНИНГ САБАҚТАР

 «Сәлемдесу» жаттығуы.

Бір топ «европалықтар», «екінші топ «африкалықтар», үшінші топ «жапондықтар»  болып бөлінеді. Европалықтар қол беріп, жапондықтар қолдарын бір-біріне түйістіріп, ал африкалықтар «уу»деп айғайлайды. Осылай топ бір-бірімен амандасады.



«Менің есімім» жаттығуы.

Қазір мынандай тапсырманы орындайсыздар, жаныңызда тұрған адамға есіміңізді айтып қолыңызды созасыз. Қолыңызды созып тұрып, «Мен сенімен танысқаныма өте қуаныштымын!», ал  «Ал сіз ше?» деп қолын созған адам әрі қарай осы сөзді айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай тізілу арқылы бір-бірін қолын ұстап шеңбер құрады. (таныстық шеңбері)



Талдау. Қазіргі сезімдеріңіз қандай? Өзіңізді қалай сезіндіңіз?

 «Менің мекен-жайым» жаттығуы.

Қатысушылар өздерінің мекен-жайын бірдей айтады, әркім өзінің мекен-жайын басқалардың барлығы еститіндей етіп даусын шығарып айтуы керек, содан кейін жүргізуші бөлменің соңында отырған адамның мекен-жайын қайталауын сұрайды.

«Сіздің көңіл – күйіңіздің түсі қандай?» жаттығуы

Әр қатысушы слайдтан өзінің көңіл-күйінің түсін таңдайды.

Қатысушыларға бүгінгі тренингке қандай көңіл-күймен келгендігі айтылады

 «Автобус ойыны» жаттығуы

Балалар автобуста тұрғандай бір-біріне тығыз орналасады.

Ойнаушылар міндеті – осы қалың топты жарып өту. Өту жолы  өтірік айту немесе айлакерлік көрсету емес, шынымен дене күшін сала отырып ойнау. «Халық автобуста» қолымен ұстауға немесе жабысуға болмайды, тығыз халықты итере-қыса отырып өту. Автобус жүргізушісі оны «ал, кеттік», «алға», «тағы да» деген сөздері  пайдалана, ойынды қыздырып отырады.



Талдау. Жаттығу соңында топ қатысушылары не көрді, қалай қабылдаулары болды,  әсерлерімен бөліседі. Қандай қиындықтар болды? Қозғалыс барысында өзіңізді қалай сезіндіңіз? Несі ұнады, несі ұнамады?

«Өзіңді теңей біл» жаттығуы.

Балалар шеңбер болып тұрады.  Сіздер өздеріңізді бір затқа немесе табиғат жаратылысына теңейсіздер. Ол «мен» деп есептейсіздер. Мысалы қатысушы өзін бұлақпын десе, не үшін бұлақ екендігі жөнінде айтады.



 Талдау. Осы тапсырма ұнады ма? Қандай әсерлер алдыңыз? Не қиындық келтірді? Образдарды көрсету барысында  өзіңізді қалай сезіндіңіз?

«Қоштасу рәсімі» жаттығуы.

Жалпы тренингтен алған әсерін бір –біріне жылы тілек айту арқылы  қолдарындағы жүрекшелерді бір-біріне ұсынады. (қысқаша жеткізу керек).



Тренингке қатысқандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар.
Каталог: uploads -> doc -> 09ca
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
09ca -> Методы исследования в биологии (10 класс)
09ca -> Рассмотрите рисунок и ответьте на вопросы
09ca -> Сабақтың мақсаты: Балық туралы алған білімдерін бекіту. Сөздік қорларын молайту


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет