Сабаққа негізделген оқу мақсаты



Дата23.10.2018
өлшемі61.58 Kb.
түріСабақ
Едресова Светлана Алимовна, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласыf:\изображение\изображение.jpg

Қазыбек би ауданы

№6ЖББОМ-нің

химия пәнінің мұғалімі



Темір және оның қосылыстары


Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Оқушыларға темір және оның физикалық және химиялық қасиеттерін оқып үйреніп,есте сақтау арқылы реакция теңдеулерін құру дағдыларын дамыту.

Табыс критерийлері

Барлығы: темірдің периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын,табиғатта таралуын, қолданылуын біледі,сипаттама бере алады, биологиялық маңызын айта алады, өздігінен жұмыс істей алады.

Көпшілігі:формулалар құрастыруды, темірдің қасиеттерін және оның қосылыстарын анықтауды түсінеді

Кейбіреулері: темірдің тіршілікке қажет екенін, алған білімдерін практикада химиялық реакция теңдеулерін жазғанда және есеп шығарғанда қолдана алады.

Тілдік мақсат

Диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: электондық формула, тотықсыздандырғыш, металлургия терминдерімен танысады, түсінеді. Сыныптағы диалог тыңдалым,оқылым, жазылым, айтылым




Алдыңғы оқу

Алюминий




Жоспар




Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

1.Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

4.Оқушыларды 3 топқа бөлу,топ басшыларын сайлау.

5.Топ басшыларына бағалау парағын тапсыру.



2.Үй жұмысы

«Біліміңді сынап көр»

Білу


1.Алюминийдің периодтық жүйедегі орны.

2.Атом құрылысы.

3.Табиғатта кездесуі.

4.Физикалық қасиеттері.

5.Химиялық қасиеттері.

6.Алынуы мен қолданылуы.

7.Алюминий қосылыстары.


1.Интерактивті тақта

2.Презентация

3.Металдар, бейметалдар, екідайлы элементтердің таңбалары жаз

ылған кеспе қағаздар.

Интерактивті тақта


Ортасы

Аяқталуы

Кері байланыс

Үй тапсырмасы

1.Ой қозғау

Бұл қай элемент?

Қара металлургияның ханымын,

Машина, трактордың жанымын.

8-ші қосымша топшада болсам да,

Металл атаулының ең көп қолданылатын түрімін.

Жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын,мақсатын анықтау.

2. Білімланд порталынан темір туралы бейнебаян көрсетіледі. https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10474
2. Түсіну Мағынаны тану

Жаңа тақырыппен танысады,топта талдайды, постер жасайды және қорғайды.



1-топ « Металдар»

Темірдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы.



2-топ«Бейметалдар»

Темірдің физикалық және химиялық қасиеттері.



3-топ «Екідайлы»

Темірдің маңызды қосылыстары,оларды анықтау. https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10472


«Бас бармақ» арқылы бағалау.

3. Қолдану
1-топ «Металдар»

Массасы 6 г темір алюминий оксидімен әрекеттескенде неше грамм темір оксиді түзіледі?



2-топ «Бейметалдар»

1.Темірдің мына заттармен:

а) броммен

ә) мыс сульфаты ерітіндісімен

б) күкірт қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар.

3-топ«Екідайлы»

Айналуларды жүзеге асырыңдар:

Fe---Fe2O3—Fe(OH)3---FeCL3

4.Талдау

https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10288



Бейнебаян көрсетіледі

1.Темірдің күкіртпен әрекеттесуі

2.Темірдің тұз қышқылымен әрекеттесуі.

Реакция кезінде не байқалды?

Реакция теңдеуін жаз.

Реакция типін анықта.



5. Жинақтау.

«Шындық және жалған»әдісі

1.Темір -8 топтың қосымша топша элементі( шындық)

2.Темір қосылыстарда 1 валентті

(жалған).

3.Темірді аспан тасы деп атаған.

(шындық)


4.Адамның денесінде 4-5 г темір бар. (шындық)

5.Темір техникада қолданылмайды. (жалған).

6.Темір тірі организмдерге зиянын тигізеді. ( жалған).

7.Темірдің 3 валентті оксидінің формуласы FeO( жалған).

8.Темір электрөткізгіштігі жағынан 1-ші орында( жалған).

9.Темірдің тотығу дәрежелері +2,+3( шындық)

10.Темір қара металлургияның ханы( шындық)

6.Бағалау. Топтастыру стратегиясы.

Неге нәтижесі ... деп аталады?

Сіздің көзқарасыңыз бойынша...қалай бағалар едіңіз?

Күшті және әлсіз жақтары қандай?



Рефлексивті экран

Бүгінгі сабақтан ұққаным....

Мен үшін жаңалық болғаны...

Мен үшін қиын болғаны...

Сәтті шыққаны...

Жетілдіруді қажет ететіні....

Стикерге жазып іледі.

Бағалау парағы бойынша оқушылар бағаланады.

Үйге 1.Темір және оның қосылыстары тақырыбы

2. 3,5-жаттығу.

3. «Темір –қара металлургия металы» (эссе)


Интерактивті тақтада көрсетіледі




bilimlandБейнебаян

Периодтық жүйе,дидактикалық таратпа материалдар


bilimland

Кеспе қағаз, үлестірмелер

ақ қағаз, маркер

bilimland

Бейнебаян


Интерактивті тақта



Стикер, қалам, плакат



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет