Сабаққа негізделген оқу мақсаты Мәтінді түсініп оқып, игі істер туралы әңгімелеуге үйрету



Дата22.12.2017
өлшемі65.72 Kb.
#50490
түріСабақ

Мектеп:

М.Б.Ықсанов атындағы №36 ОЖББМ

Мұғалімнің есімі:

Ибраимова Нурдана Аубакировна

Сынып:

4

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Мәтінді түсініп оқып, игі істер туралы әңгімелеуге үйрету.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

А. Мәтін мазмұнын біліп түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

В. Мәтін мазмұнын әңгімелеп, ондағы кейбір адамдардың жануарларға деген жағымсыз көзқарасы туралы үзінділерді тауып оқып, баға береді.

Кейбір оқушылар:

С. Мәтін мазмұнына сай табиғат суретін салып, төрт түлікке қамқорлық жасау ережесін құрастырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Мәтін мазмұнын әңгімелеп, кейбір адамдардың жануарларға деген жағымсыз әрекеттеріне баға бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

«Ат арыса тулақ», «сүйегі асыл», Тулақ-малдың кепкен терісі, көтерем-әбден жүдеген мал, көбең ат-қоңды, тойынған ат .

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)

Жылқы малының қасиеттерін кеңінен сипаттау

Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?(айтылым)

Сайгүлікті осындай жағдайға жеткізген...

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Төрт-түлікті қорғау ережесін құрастыру;

Алдыңғы тақырып

Сайгүлік

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Формативті бағалау

Ресурстар

Басталуы

Оқушылармен амандасу, «Шаңырақ» әдісі арқылы топқа бөлу. (оқушылар шаңырақта байланған түрлі түсті ленталарды таңдап айнала тұрады. Бірдей түстер арқылы төрт топқа бөлініп отырады)

Үй тапсырмасын тексеру. Төрт топтан 4 оқушы шығады.

«Әліпби желісі» әдісі. (Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, оқушылар кезек-кезекпен үйге берілген «Шеберлік шежіресі» тақырыбы бойынша негізгі сөздерді, тіркестерді атау.

А- ағаш шебері, Ә-әдемі, сәнді өнер, Б-бұйымдар т.б.)


Қолпаштау, қолдау, сенім білдіру, мадақтау, ынталандыру.

Тақырыпқа сай суреттер, Әліпби қатары, оқулық

Ортасы

Таныстырылым «Сүйегі асыл-жануар».

- Балалар бүгінгі тақырыбымыз не туралы болуы мүмкін?

Оқушылар бейне көрсетілімді көре отырып, бүгінгі сабақтың қандай тақырыпта өтетіні туралы өз ойларын білдіреді, бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.

«Сайгүлік»

Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Сабақтың табыс критериін мұғаліммен біріге отырып құрады.



Табыс критерийі:

- Мәтінді оқи отырып, мазмұнын түсіне білу;

-Мәтін мазмұнын әңгімелеу арқылы, ондағы кейіпкерлер әрекеттеріне баға беру;

- Мәтін мазмұнына сай табиғат суретін салып, төрт түлікке қамқорлық жасау ережесін құрастыру.

«Сайгүлік» сөзіне ассоциация" жасау. Топтық жұмыс жүргізіледі. Әр топтан бір-бірін қайталамайтын жауаптар алу және өз жұмыстарын толықтырып отыру.

Сайгүлік-жылқы, жануар, жарыс, қатты шабады, жүйрік, төрт-түлік, ірі қара, жалы бар, төрт аяқты, шөп жейді, құрлық, тұлпар т.б.

Түсіну. Мәтінді өз беттерімен түсініп оқиды.

Сұрақ: -Ақбозды осындай жағдайға жеткізген адамға не айтар едің?

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен мәтіннің мазмұнын ашу.

Оқушылар өз жауаптарын немесе идеяларын жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын жұпта біріктіреді (Жұптас) және соңында идеяларын топта талқылайды (Талқыла) .

Мәтінмен жұмыс жасап талдайды, талқылайды, білімдерін толықтырады.



Критерий

1ұпай - тапсырманы талдауға қатысқандар.

2ұпай-тапсырманы талдауға қатысып, өз идеяларын ұсынғандар.

3ұпай- тапсырманы талдауға қатысып, идея ұсынып, ұтымды жауап бергендер.

0 ұпай- қатыспағандар

Сергіту сәті

Тақырыпқа қатысты және қатысты емес негізгі сөздер айтылады.

Мысалы:Тақырыпқа қатысты: Сайгүлік, Ақбоз, Теңбілкөк, Кемел ата, бәйге, тулақ т.б.

Қатысты емес:Көбелек, зергерлік, Сәлім бай, хат, домбыра т.б.

Тақырыпқа сай болса қол шапалақтайды;

Сай емес болса қолдарын айқастыра жоғары көтереді.

Жаңа тақырыпты толық меңгеру мақсатында «Әр қалыпты жазулар» әдісі арқылы топтық жұмыс.

І-топ:Жұмбақ, жаңылтпаш жазып, сурет салу;

ІІ-топ: Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар дайындау;

ІІІ-топ: Төрт-түлікті қорғау ережесін құрастыру;

ІҮ-топ:Кейіпкерлерге мінездеме жазу;



Критерий

3ұпай- Тапсырма толық орындалған, жұмыс эстетикалық талапқа сай, жұмысты таныстырып қорғап, дәлелдеп шығуы жоғары деңгейде.

2ұпай – жұмыс талапқа сай жасалған, жұмысын қорғап түсіндіре білді.

1ұпай –тапсырма толық орындалмаған, мәліметтері аз.

0 ұпай- жұмыс тапсырылмаған жағдайда.

Үйге тапсырма

Жылқы жануары туралы қосымша қызықты мәліметтер алып келу.

Балалар үй тапсырмасын

күнделікке жазады.


Ынталандыру, қолдау.

Критериялды бағалау.

«Бағдаршам» әдісімен топтық өзара бағалау.

Топты критериялды бағалау.


АКТ таныстырылым

А4 форматы, маркер

Әдебиеттік оқу.

Авторлары: Б.А.

Тұрғынбаев, З.Муфтибекова

Алматы: 2015.

ЖББМ

4-сыныбына арналған оқулық.



Маркерлер, флипчарттар, суреттер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі- түсті бояулар.


Аяқталуы

Табыс критерийі бойынша, әр оқушының сабаққа қатысуына, жұмыстану деңгейіне қарай бағалау.

6-5 өте жақсы.

4-3 жақсы.

2-1 орташа

Мұғалімнің қорытынды бағасы.

Кері байланыс

«3 : 2 :1» әдісі арқылы кері байланыс парағын толтырады.



3-Есімде қалған 3 факті

2-Үйренген 2 қызық нәрсе

1-Тақырып бойынша 1 сұрақ

Сабақтың табыс критерийі бойынша өзін өзі бағалау.

Рефлексия парағы.




Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы М.Б.Ықсанов атындағы №36 ОЖББМ,



1 санатты бастауыш сынып мұғалімі Ибраимова Нурдана Аубакировна

c:\users\админ\desktop\фото\20160505_113842.jpg
Каталог: 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
2016 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет