СабақҚа арналған әдiстемелiк өңдеу Пән: «Адам анатомиясы» Пән коды: аа 1209



бет1/4
Дата30.06.2017
өлшемі0.66 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4




ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Морфологиялық пәндер кафедрасы



044 -42/18


«Анатомия» пәні бойынша силлабус


Тәжірибелік САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДIСТЕМЕЛIК өңдеу

Пән: «Адам анатомиясы»

Пән коды: АА 1209

Мамандық – 5В110300 - «Фармация»

Оқу сағатының көлемі (кредит) – 90 сағат (2 кредит)

Оқытылатын курс – І, семестр - І


Шымкент – 2014







ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Морфологиялық пәндер кафедрасы



044 -42/18


«Анатомия» пәні бойынша силлабус

Морфологиялық пәндер кафедрасының мәжілісінде талқыланды


Хаттама №_____ «_____» _______ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор __________ Сисабеков Қ.Е.




ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Морфологиялық пәндер кафедрасы



044 -42/18


«Анатомия» пәні бойынша силлабус


Сабақ №1
1.Тақырыбы: Мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқалары. Қабырғалар және төс. Белдеу сүйектері және қол-аяқ сүйектері. Бассүйектің құрылысы, оның милық және беттік бөліктерге бөлінуі. Милық бассүйек (мисауыт) сүйектерінің құрылысы.

2. Мақсаты: Омыртқалардың, қабырғаның төстiң құрылыс ерекшiлiктерiн үйрету. Бас сүйектерiнiң құрылысын зерттеу.

3. Оқыту мақсаты: Мойын, кеуде, бел, омыртқаларын тауып, атап көрсету, студенттерге үйрету. Сонымен бiрге қаңқадан жеке сүйектерден сегiзкөздi түсіндіру. Қабырғаны, төстi тауып, бөлiктерiн көрсетiп, олардың құрылысын айтып беру. Бүтiн бас сүйегiнен маңдай, төбе, шүйде, тор, сына және самай сүйектерiн тауып, көрсетiп, олардың бөлiктерiн, құрылысын айтып бере алу, студенттерге үйрету. Оң және сол сүйектердi ажырата алуға, олардың проекциясын бүтiн бас сүйегiнен көрсете алуға үйрету.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Сүйек ағза ретінде, формасы, құрылысы, орналасуы.

  2. Дене айналуының бiлiктерi мен жазықтықтары.

  3. Омыртқа бағанасына жалпы сипаттама.

  4. Омыртқалардың жалпы белгiлерiн айтып шығу.

  5. Мойын омыртқаларына сипаттама және оның типтік өкілдері.

  6. I-мойын омыртқасын айту.

  7. II- мойын омыртқасын тауып атау, оның ерекшелiктерiн айту.

  8. Кеуде омыртқаларына жалпы сипаттама.

  9. I- XI-XII кеуде омыртқаларының ерекшелiктерiн айту.

  10. Бел омыртқаларының ерекшелiктерiн айту.

  11. Төс, оның құрама бөлiктерi.

  12. Қабырғалар , жалпы сипаттама.

  13. I- XI-XII қабырғаларының құрылыстық ерекшеліктері

  14. Сегiзкөз, жасқа байланысты ерекшелiктерi.

  15. Кұйымшақтың құрылысы.

  16. Бүтiн бастың ми және бет бөлiктерiне бөлiнуi.

  17. Бас төбесiмен негiзiнiң арасындағы шекараны көрсету.

  18. Ми сүйектерiн айтып беру.

  19. Шүйде сүйегi, оның бөлiктерi, құрылысы.

  20. Маңдай сүйегi, оның бөлiктерi, құрылысы.

  21. Төбе сүйегi оның құрылысы, бiр бiрiнен айырмашылық белгiлерi.

  22. Шүйде сүйегiнiң құрылыс ерекшiлiктерi.

  23. Маңдай сүйегiнiң құрылыс ерекшiлiктерi.

  24. Тор сүйегiнiң құрылыс ерекшiлiктерi.

  25. Сына сүйегiнiң бастағы орналасуы, құрылысы.

  26. Тор сүйегiнiң барлық құрылымдарды көрсету.






ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Морфологиялық пәндер кафедрасы



044 -42/18


«Анатомия» пәні бойынша силлабус




  1. Самай сүйегiнiң бастағы орналасуы, бөлiктерi, функциональдық маңызы, құрылысы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- қанқадан, жеке сүйектерден оқулық материалды талқылау

- студенттермен әңгiмелесiп олардың материалды қалай түсiнгенін байқау, берілген анатомиялық препараттарының топографиясын анықтау

- топпен жұмыс

- презентация

- бақылау


6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,ІІ том. 2004.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

  3. Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М., Жұмабаев У., ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. I,II,III,IV том. Астана: «Фолиант», 2005

  4. Әубәкіров Ә.Б., Сүлейменова Ф.М. Адам анатомиясы, атлас. I,II том. Астана: «Сарыарқа», 2011.

  5. Досаев Т.М. редакциясымен. Адам анатомиясы. Алматы, «Ақнұр», 2013.

Қосымша:

1. Тебенов М.Е.Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы.Қарағанды,»1993

2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы,2007
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):

Тесттер:

1.Көрсетілген сүйектердің қайсылары біліктік қанқаға жатады?

А) бас сүйектері.

Б) аяқ сүйектері.

В) омыртқа бағанасының сүйектері.

Г) кеуде қуысының сүйектері.

2. Омыртқаларда қандай өсінділер болатынын көрсет?

А) құс тұмсық тәрізді өсінді.

Б) жота өсіндісі.

В) тәж тәрізді өсінді.

Г) буындық өсінділер.

3. Омыртқалардың қосымша бөліктерін көрсет?

А) доға.

Б) аяқтары.

В) буындық өсінділері.

Г) емізік тәрізді өсінді.

4. Мойын омыртқаларына қандай анатомиялық құрылымдар тән болады?

А) көлденең өсінділерінің тесіктері.

Б) жота өсінділерінің екіге бөлінуі.

В) көлденең өсінділерінің алдыңғы, артқы төмпешіктері.

Г) емізік тәрізді өсінді.

5. Кеуде омыртқаларына тән анатомиялық түзілістерді көрсет

А) массивті боб тәрізді денесі.

Б) ұзын қылқан тәрізді өсіндісінің болуы.

В) көлденең өсінділерінің алдыңғы, артқы төмпешіктері.

Г) емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.

6. Бел омыртқаларына тән анатомиялық түзілістерді көрсет

А) массивті боб тәрізді денесі.

Б) ұзын қылқан тәрізді өсіндісінің болуы.

В) қабырғалық шұңқырлардың болуы.

Г) емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.

7. I кеуде омыртқасына тән анатомиялық түзілістерді көрсет

А) денесінде 1 толық және 1 төменгі қабырғалық жартылай шұңқырлардың болуы

Б) денесінде 1 жоғары қабырғалық жартылай шұңқыршақтың болуы.

В) денесінде 1 толық емізікті өсіндісінің болуы.

Г) емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.

8. X I кеуде омыртқасына тән анатомиялық түзілістерді көрсет

А) денесінде 1 толық және 1 төменгі қабырғалық жартылай шұңқырлардың болуы

Б) денесінде 1 жоғары қабырғалық жартылай шұңқыршақтың болуы.

В) денесінде 1 толық емізікті өсіндісінің болуы.

Г) емізік тәрізді және қосымша өсінділерінің болуы.

9.Қандай қабырғалар нағыз қабырғалар болып табылады?

А) I

Б) II


В) III

Г) X


10.Қандай қабырғалар жалған қабырғалар болып табылады?

А) I


Б) II

В) III


Г) X

11.Қандай қабырғалар теңселетін қабырғалар болып табылады?

А) I

Б) II


В) XII

Г) X


12.Төс сүйегіндегі анатомиялық түзілістерді көрсет

А) сабы


Б) денесі

В) семсер тәрізді өсіндісі.

Г) мойыны

13.Сегізкөздің алдыңғы бетінде болатын анатомиялық түзілімдерді көрсет

А) көлденең сызықтар

Б) жамбастық сегізкөз тесіктері

В) дорсальды сегізкөз тесіктері.

Г) құлақтық беттері.

14.Сегізкөздің артқы бетінде болатын анатомиялық түзілімдерді көрсет

А) көлденең сызықтар

Б) жамбастық сегізкөз тесіктері

В) дорсальды сегізкөз тесіктері.

Г) құлақтық беттері.

15.Сегізкөздің бүйір бетінде болатын анатомиялық түзілімдерді көрсет

А) көлденең сызықтар

Б) жамбастық сегізкөз тесіктері

В) дорсальды сегізкөз тесіктері.

Г) құлақтық беттері.

16. Төстің бүйір беттерінде қандай анатомиялық құрылымдар тән болады

А) қабырғалық жүлге

Б) жамбастың сегізкөздік тесігі

В) қабырғалық тесіктер

Г) құлақтық бет


  1. Ми сауытын құрайтын сүйектерді көрсет.

А) маңдай

Б) сына тәрізді.

В) тор

Г) шүйде.



  1. Бастың күмбезін құрайтын анатомиялық құрылымдарды көрсет.

А) самай сүйегінің қабыршағы

Б) шүйденің қабыршағы

В) маңдайдың қабыршағы

Г) төбе сүйектері



  1. Маңдай сүйегінің қандай бөліктері болады?

А) қабыршығы

Б) денесі

В) көздік бөлігі

Г) мұрын бөлігі



  1. Маңдай қабыршығының сыртқы бетінде қандай анатомиялық құрылымдар болады?

А) самай сызығы

Б) маңдай қыры

В) торлық ойық

Г) глабелла.



  1. Шүйденің қандай бөліктері болады?

А) базиллярлі бөлігі.

Б) денесі.

В) латеральді бөліктері.

Г) қабыршығы.



  1. Шүйденің латеральді бөліктерінде қандай анатомиялық құрылымдар болатынын айт?

А) көлденең синустың саны

Б) тіл асты каналы.

В) мойындырық өсіндісі.

Г) шүйде айдаршығы.

23. Төбе сүйегінің сыртқы бетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқанын көрсет:

А) tuber parietale

Б) glabella

В) sulcus sinus transversi.

Г) protuberatia occipitalis externa.

24. Маңдай сүйегінің сыртқы бетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқанын көрсет:

А) tuber parietale

Б) glabella

В) sulcus sinus transversi.

Г) protuberatia occipitalis externa.

25. Шүйде сүйегінің сыртқы бетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқанын көрсет:

А) tuber parietale

Б) glabella

В) sulcus sinus transversi.

Г) protuberatia occipitalis externa.

26. Шүйде сүйегінің ішкі бетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқанын көрсет:

А) tuber parietale

Б) glabella

В) sulcus sinus transversi.

Г) protuberatia occipitalis externa.

27.Алдыңғы бас қаңқасы шұңқырын құрайтын сүйектерді көрсет.

А) сына тәрізді сүйек

Б) маңдай сүйек

В) төбе сүйек

Г) тор сүйегі

28. Торлы сүйекте өтетін иіс жіпшелерінің анатомиялық құрылымдарын белгіле

А) lamina cribrosa

Б) lamina perpendicularis

В) conchae nasalis superior

Г) sinus sphenoidalis

29. Мұрын пердесін құруға қандай анатомиялық құрылымдар қатысады:

А) hiatus maxillaris

Б) conha nasalis inferior.

В) crista lacrimalis posterior

Г) vomer.

Д) cornua majora

30.Сына тәрізді сүйектің денесінің беттерін көрсет.

А) жоғарғы беті.

Б) артқы беті.

В) алдыңғы беті.

Г) бүйір беттері.

31. Сына тәрізді сүйектің анатомиялық құрылымдарын белгіле

А) lamina cribrosa

Б) lamina perpendicularis

В) conchae nasalis superior

Г) sinus sphenoidalis



Жағдайлық есептер:

1. Көшеде алған жарақаттан кейін зардап шеккен адамда жүрек жұмысы тоқталды. Алғашқы көмекті қалай көрсетеміз және қаңқаның қай бөліктеріне зақым келді?



Жауап: Төс сүйегі аймағында ритімді қозғалыс арқылы жүрекке жасанды массаж жасау керек.

2. Көшеде алған жарақаттан ұйқы артериясының тармақтарынан мойын аймағынан қан ақты, қан ағуын уақытша тоқтатуға бола ма?



Жауап: Мойын аймағындағы ұйқы артерияларының қан ағуын тоқтату үшін оны VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісіндегі төмпешікке басады.

3. Омыртқалардың қысқа қырқа өсіндісінде және көлденең өсіндісінде кішкене тесіктер бар. Омыртқаны анықта



Жауап: Типтік мойын омыртқасы

4. Автомобиль авариясынан адам басының бүйір беті жарақаттанды. Самай сүйегінің қабыршығы пирамидадан бөлінді. Бұндай жағдайда самай сүйегінің қай каналы бұзылды?



Жауап: Бұлшықет-түтікті өзек зақымдалады.

5. Операция кезінде хирург самай сүйектің астыңғы бетіндегі пирамидасында мойындырық тесікке бағытталған. Оператордың дұрыс емес әрекетінде қандай канал бұзылуы мүмкін?



Жауап: Оператордың дұрыс емес әрекетінде ұйқы артериясының өзегі бұзылуы мүмкін, арты қан кетуге соқтыруы ықтимал

6. Бір жасар балада рентгенологиялық суретте бассүйектің маңдай бөліміндегі ортаңғы сызығында саңылау байқалады. Оның себебі неде?



Жауап: Маңдай сүйек екі бөліктен дамиды, 2 жасқа таман метопикалық тігіспен бітіседі.

7. Жол апатынан кейін зардап шеккен адамда мұрын жарақаттанды. Бұл жерде мұрын пердесінің сынуы байқалды. Бұл жағдайда қай сүйек зақымданған?



Жауап: Торлы сүйек пен өре сүйек.
Сабақ №2
1. Тақырыбы: Сүйектер қосылысы. Қол және аяқ сүйектерінің қосылыстары.

2. Мақсаты: Тұлға және қол, аяқ сүйектерiнiң байланыстарын зерттеу.

3. Оқыту мақсаты: Омыртқа бағанасындағы байланыстардың түрлерiн бiлу. Қабырғалардың омыртқаларымен және төспен байланыстарын, жеке препараттардан бассүйектердің, тұлғаның, қолдың және аяқтың сүйектерін көрсету, тауып беруді үйрету.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Бас сүйектерiнiң арасындағы байланыстардың түрлерi.

  2. Атлант-шүйде байланысы, құрылысы, жалғамалары, функциональдық маңызы.

  3. Атлант-аксиальдi байланыс құрылысы, жалғамалары, функциональдық маңызы.

  4. Самай-астыңғы жақ буыны, құрылысы, жалғамалары, функциональдық маңызы.

  5. Бас тiгiстерi, орналасуы, формасы.

  6. Байланыс түрлерi.

  7. Буындар классификациясы.

  8. Омыртқалардың бiр бiрiмен байланысы.

  9. Бүтiн омыртқа бағанасы. Функциональдық иiндерi, қозғалыстары.

  10. Қабырғалардың омыртқаларымен байланысы.

  11. Қабырғалардың төспен байланыстары.

  12. Бүтiн кеуде қуысы, мөлшерлерi, функциясы.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

    • презентация

    • препараттау

    • препараттарды айту

    • ылғалды анатомиялық препараттармен жұмыс iстеу

    • қаңқа сүйектерiмен жұмыс

    • сурет салу

    • бақылау

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,ІІ том. 2004.

2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М., Жұмабаев У., ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. I,II,III,IV том. Астана: «Фолиант», 2005

4. Әубәкіров Ә.Б., Сүлейменова Ф.М. Адам анатомиясы, атлас. I,II том. Астана: «Сарыарқа», 2011.

5. Досаев Т.М. редакциясымен. Адам анатомиясы. Алматы, «Ақнұр», 2013.


Қосымша:

1. Тебенов М.Е.Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы.Қарағанды, 1993

2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы,2007
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):

Тесттер:


  1. Сүйектер байланысының қандай түрлері бар?

А) синдесмоз, синхондроз, синостоз.

Б) синартроз,диартроздар, гемиартроздар.

В) бір білікті, екі білікті, көп білікті.


  1. Синартрозға байланыстардың қандай түрлері жатады?

А) синартроз,диартроздар, гемиартроздар.

Б) гиалинді, талшықты.

В) синдесмоз, синхондроз, синостоз.

Г) синдесмоз, синхондроз, синостоз.



  1. Бір білікті буындардың қандай формалары болады?

А) эллипс тәрізді

Б) цилиндр тәрізді.

В) блок тәрізді.

Г) шар тәрізді.

4. Самай – төменгіжақ буынға қандай анатомиялық түзілістер жатады

А) membrane atlantooccipitalis anterior

Б) ligg flava

В) disci intervertebralis

Г) ligg capitis costae intraarticulare

Д) ligg laterale

5. Омыртқа доғасының байланысы қандай анатомиялық түзіліске жатады

А) membrane atlantooccipitalis anterior

Б) ligg flava

В) disci intervertebralis

Г) ligg capitis costae intraarticulare

Д) ligg laterale

6. Омыртқа денелерінің байланысы қандай анатомиялық түзіліске жатады.

А)membrana atlantooccipitalis anterior

Б)ligg. flava

В)disci intervertebrales

Г)ligg. capitis costae intraarticulare

Д)ligg. laterale

7. Омыртқа қабырғаларымен байланысы қандай анатомиялық түзіліске жатады

А) membrane atlantooccipitalis anterior

Б) ligg flava

В) disci intervertebralis

Г) ligg capitis costae intraarticulare

Д) ligg laterale



Жағдайлық есептер:

1. Самай-астыңғы жақ буынында бірнеше қозғалыстар болады: жақты көтеру, түсіру, алға, артқа қозғалу, оң-солға қозғау. Кейде артық қозғалғанда осы шығып кету болады. Бұның болмауына қандай анатомиялық құрылым кедергі жасайды?



Жауап: Самай-астыңғы жақ буынның алға шығып кетуіне кедергі жасайтын самай сүйегінің буындық төмпешігі.

2. Биіктіктен вертикальді құлаған адамда бел омыртқасында компрессиондық сынық болады. Омыртқа бағанасының бел бөлігіндегі лордоз үлкейеді. Бұл иілімнің үлкеюіне омыртқа бағанасының қай жалғамасының жарақаттануы әкеліп соқты.



Жауап: Омыртқа бағанасының бел бөлігінің лордозының үлкеюіне алдыңғы ұзына бойлы жалғаманың жарақаттануынан болады.
Сабақ №3

1. Тақырыбы: Бас, мойын, кеуде бұлшықеттері мен шандырлары. Қолдың бұлшықеттері мен шандарлары.

2. Мақсаты: Бастың, мойынның, тұлғаның бұлшық еттерiмен фасцияларын зерттеу.

3. Оқыту мақсаты: Муляждардан, планшеттерден мимикалық және шайнау бұлшықеттерiн тауып, атап көрсете алу, олардың басталуларын, байлануларын, құрылысын және функциясын айтып бере алу, студенттерге үйрету. Мойын, тұлға бұлшықеттерiн, топографиясын бiлу.

4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Төбе бұлшықеттерi.

  2. Көз айналысындағы бұлшықеттер

  3. Аүыз айналасындағы бұлшықеттер.

  4. Мұрын айналасындағы бұлшықеттер

  5. Шайнау бұлшықеттерi, құрылысы, басталуы, байлануы.

  6. Мойынның беткi бұлшықеттерi.

  7. Тiл асты сүйегiнiң үстiндегi бұлшықеттер.

  8. Тiл асты сүйегiнiң астындағы бұлшықеттер.

  9. Мойынның тереңгi бұлшықеттерi.

  10. Мойын үш бұрыштары.

  11. Кеуде бұлшықеттерi.

  12. Іштің бұлшықеттері

  13. Арқаның беткей бұлшықеттері

  14. Арқаның терең бұлшықеттері


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

    • презентация

    • кiшi топтар

    • препаровка жасау

    • анатомиялық құрылымдарының сүретiн салу

    • препараттарды айту

    • бақылау



6. Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Сапин М.Р., Никитюк Д.Б., Швецов Э.В. Атлас нормальной анатомии человека, 2-х томах. М.: «МЕДПресс-информ», 2006.

2. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека, в 2-х томах. М.: «ОНИКС Альянс-В», 2001.

3. Синельников Р.Д. Атлас анатомии челове­ка - I, II, III, IV тома, М.: «Медицина», 1999.

4. Привес М.Г., Лысенков Н.К., Бушкович В.И Анатомия человека, С-П.: «Медицина», 2000.

5. Гайворонский И.В. Нормальная анатомия человека, в 2-х томах. СПб.: «СпецЛит», 2004.

6. Михайлов С.С. Анатомия человека. М., 2000.

Қосымша:

1. Гайворонский И.В. Анатомия и физиология человека: Учебник для мед. ВУЗов., СПб.: «СпецЛит», 2004.



Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І,II том 2004

2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.



Қосымша:

1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.



Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.

2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.

Қосымша:

1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.


7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):

Тесттер:

  1. Төменгі жақ сүйегінің шайнау бұдырына байланатын бұлшықетті көрсет.

А) m. masseter

Б) m. pterygoideus medialis

В) m. pterygoideus lateralis

Г) m. epicranius

Д) m. temporalis


  1. Төменгі жақ сүйегінің қанат тәрізді бұдырына байланатын бұлшықетті көрсет.

А) m. masseter

Б) m. pterygoideus medialis

В) m. pterygoideus lateralis

Г) m. epicranius

Д) m. temporalis


  1. Төменгі жақ сүйегінің тәж тәрізді өсіндісіне байланатын бұлшықетті көрсет.

А) m. masseter

Б) m. pterygoideus medialis

В) m. pterygoideus lateralis

Г) m. epicranius

Д) m. temporalis


  1. Төменгі жақ сүйегінің айдаршықты өсіндісі мойынына байланатын бұлшықетті көрсет.

А) m. masseter

Б) m. pterygoideus medialis

В) m. pterygoideus lateralis

Г) m. epicranius

Д) m. temporalis


  1. Бас күмбезі бұлшықетін көрсет

А) m. Masseter

Б) m. pterygoideus medialis

В) m. pterygoideus lateralis

Г) m. epicranius

Д) m. temporalis

6. Тәкапар бұлшық етін көрсет

А) m. Procerus

Б) m. zygomaticus major

В) m. Risorius

Г) m. buccinator

Д) m. mentalis

7. Үлкен бетәлпет бұлшықетін көрсет

A) m. procerus

Б) m. zygomaticus major

В) m. risorius

Г) m. buccinator

Д) m. mentalis

8. Күлкі бұлшықетін көрсет

А) m. Procerus

Б) m. zygomaticus major

В) m. Risorius

Г) m. buccinator

Д) m. mentalis

9. Трубкада ойнайтындар бұлшықетін көрсет

А) m. Procerus

Б) m. zygomaticus major

В) m. Risorius

Г) m. buccinator

Д) m. mentalis

10. Иек асты бұлшық етін көрсет

А) m. Procerus

Б) m. zygomaticus major

В) m. risorius

Г) m. buccinator

Д) m. mentalis

11.Самай сүйегінің емізік өсіндісіне байланатын мойын бұлшық еттерін көрсет.

А) m.milochyoideus

Б) m.sternocleidomastoideus

В) m.digastricus

Г) m.stylochyoideus

Д) m.omochyoideus

12.Екі бүйірі бар мойын бұлшық еттерін көрсет.

А) m.milochyoideus

Б) m.sternocleidomastoideus

В) m.digastricus

Г) m.stylochyoideus

Д) m.omochyoideus

13.Біз тәрізді өсіндісінен басталатын бұлшық еттерін көрсет.

А) m. longus capitis

Б) m. scalenus medius

В)m. sternotyroideus

Г) m. mylohyoideus

Д) m. stylohyiodeus

14. Ауыз қуысының қуысын құрайтын бұлшықетті көрсет.

А) m. longus capitis

Б) m. scalenus medius

В) m. sternotyroideus

Г) m. mylohyoideus

Д) m. stylohyiodeus

15. Төс сүйегінің артқы бетінен басталатын бұлшық еттерін көрсет.

А) m. longus capitis

Б) m. scalenus medius

В) m. sternotyroideus

Г) m. mylohyoideus

Д) m. stylohyiodeus

16. Мойынның терең омыртқа алды бұлшықетін көрсет.

А) m. longus capitis

Б) m. scalenus medius

В) m. sternotyroideus

Г) m. mylohyoideus

Д) m. stylohyiodeus

17. Омыртқа жотасының мойын бөліміндегі алдыңғы бетте орналасқан бұлшықетін көрсет

A) m. longus capitis

Б) m. scalenus medius

В) m. sternothyroideus

Г) m. mylohyoideus

Д) m. stylohyoideus

18.Арқаның беткі бұлшық еттерін көрсет.

А) m.trapezius

Б) m.levator scapulae

В) m.erector spinae

Г) m.obliquus capitis inferior

Д) m.splenius capitis

19. Арқаның тереңгі бұлшық еттерін көрсет.

А) m.trapezius

Б) m.levator scapulae

В) m.erector spinae

Г) m.obliquus capitis inferior

Д) m.splenius capitis

20. Жауырынды көтеретін бұлшық етті көрсет.

А) m.trapezius

Б) m.levator scapulae

В) m.erector spinae

Г) m.obliquus capitis inferior

Д) m.splenius capitis

21.Арқаның ең жалпақ бұлшық етінің байланатын жерін көрсет.

А) m.crista tuberculi minoris

Б) m.crista tuberculu majoris

В) m.angulus superior scapulae

Г) m.margo medialis scapulae

Д) m.spinae scapulae

22.Латералды жолға жататын бұлшықетті көрсет.

А) m erector spinae

Б) m semispinalis

В) m. pectoralis major

Г) m. transversus toracis

Д) m. subcostales

23.Медиалды жолға жататын бұлшықетті көрсет.

А) m erector spinae

Б) m semispinalis

В) m. pectoralis major

Г) m. transversus toracis

Д) m. subcostales

24.Қол бұлшықеттеріне жататын кеуде бұлшықетін көрсет

А) m erector spinae

Б) m. semispinalis

В) m. pectoralis major

Г) m. transversus toracis

Д) m. subcostales




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет