Сабақ типі: дөңгелек үстел



Дата18.03.2018
өлшемі103.08 Kb.
түріСабақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

КЕНТАУ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ
Тақырыбы: «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕРЛІК, ДАСТАН, ШЕЖІРЕ»

Орындаған: Жаманкулова М.Е._______

«Жалпы тілдер және педагогика»

ПБК отырысында қаралды

Хаттама № ___ «___» ___ 20___ ж.

ПБК төрайымы Жұмабаева А.Н.______


КЕНТАУ - 2016ж.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕРЛІК, ДАСТАН, ШЕЖІРЕ» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Тобы: ББМ-13-1

Күні: 08.12.2016ж.

Сабақ типі: дөңгелек үстел

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың тақырыбы: ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕРЛІК, ДАСТАН, ШЕЖІРЕ.

Сабақтың мақсаты: Өскелең жас ұрпақты Отанды сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, Тәуелсіздік басты құндылығымыз екендігін түсіндіріп, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, бүктемелер, кітаптар, қанатты сөздер жазылған плакаттар, үлестірмелі тапсырмалар.

Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта.


Жоспары:

  1. Тәуелсіздік – басты құндылығымыз.

  2. 1991-2016 жылдар аралығындағы еліміздің жеткен жетістіктері.

  3. Тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен тұлғалар.

  4. Тәуелсіздік қанша жырласа да таусылмайтын дастан.

  5. Тәуелсіздік,туған жер жайлы нақыл және қанатты сөздер.


Сабақтың барысы:

Қазақстан көгінде Тәуелсіздіктің туы желбірегеніне, міне 25 жыл толды. Бүл күн дархан халық қазақ еліне ата-бабаларымыздың елім деп еңіреп, ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы мен кешегі 30 жыл бұрынғы ұлттық намысты қорғап, әділдік үшін алаңға шыққан қандастарымыздың жанымен келген күн. Тәуелсіздік – елімізді тас бұғаудан босатып, төрткүл дүниеге танытты. Тәуелсіздік-Тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Бүгінгі күні еліміздің тарихындағы екі бірдей елеулі оқиғаны еске аламыз. Біріншісі - еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл, ал екіншісі сол Тәуелсіздіктің бастауы болған желтоқсан көтерілісіне 30 жыл. Бұл екеуі бір- бірімен біте қайнасып кеткен оқиғалар. Рас Тәуелсіздік. Азаттық. Бостандық. Қазақ баласы үшін осы сөздерден асқан қасиетті сөз болғмақ емес, болмайды да. Халқымыз азаттықты ғасырлар бойы аңсады. Сол ұлы мақсатқа жету үшін күресіп, қан төкті. Кенесары мен Наурызбай, Исатай мен Махамбеттей аталарымыз, Қайрат пен Ләззат сынды аға - апаларымыз азаттық жолында жандарын қиды.

Кең жазиралы, дархан халық қазақ еліне Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың елім деп еңіреп, ғасырлар бойы аңсаған асыл арманымен, кешегі 30 жыл бұрынғы ұлттық намысты қорғап, әділдік үшін алаңға шыққан қандастарымыздың жанымен келген.



Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!

Баршамызға бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады, - дей келе,

ББМ-13-1 оқу тобының ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕРЛІК, ДАСТАН, ШЕЖІРЕ» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қош келіпсіздер! ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалады.




Тамырын тереңге жайған тарихымызға көз жіберер болсақ, сананы талай ой тұңғиығына батырып, көкейге талай сұрақтың келетіні рас. 16 желтоқсан ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік  күні.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  қол қойған  Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. 
Бейнетаспаға назар аударамыз.



1.Тәуелсіздік – басты құндылығымыз. Кең жазиралы, дархан халық қазақ еліне Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың елім деп еңіреп, ғасырлар бойы аңсаған асыл арманымен, кешегі 30 жыл бұрынғы ұлттық намысты қорғап, әділдік үшін алаңға шыққан қандастарымыздың жанымен келген.

Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттілік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық.Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.

 Сонымен, тәуелсіз ел - өз нышандары, жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел басқарушысы бар еркін ел.

2. 1991-2016 жылдар аралығындағы тәуелсіз еліміздің жетістіктері

1 –студент:1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ алаңы жабылды.

2 – студент:1991ж.7 қыркүйекте Қазақстан Коммунистік партиясы таратылды.

3 – студент: 1991ж. 2 қазанда бүкіл қазақ елін әлемге танытқан қазақ азаматы тұңғыш ғарышқа ұшты. Ол –Тоқтар Әубәкіров еді. 4 – студент:1991ж. 1 желтоқсанда -Тұңғыш президентіміз сайланды. Бұл күн- 2012 жылдан бері елімізде тұңғыш президенттік күн деп аталады .

1991 ж 16 желтоқсан Қ.Р. Тәуелсіздік күні



5 – студент:1992ж. 2 наурызда Қазақстан дүние жүзілік елдердің тәуелсіздігін қорғайтын БҰҰ-ға мүше болып кірді. 6 – студент:1992ж. 4 маусымда Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды. 7 – студент:Күннің бейнесі бейнеленген көгілдір жалауымыз, Елі мен жерін қорғауға бірлік пен бейбітке шақырған әнұранымыз қабылданды. 8 – студент:Аттың жалынымен көмкерілген, ортасында шаңырағымыз бейнеленген елтаңбамыз қабылданды . 9 – студент: Осының бәрі сан ғасыр бойы тәуелсіздік аңсаған ата- бабаларымыздың ақ ниеті арқасы! 10– студент: 1993ж.15 қарашада Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді. 11– студент:1994ж.19 маусымда Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойылды.

12– студент:1995ж. 30 тамызда Қазақ халқын бүкіл әлемге танытатын Жаңа Конституциясы қабылданды. 13– студент:1997 жылдың соңында Қазақстанның өсіп-өркендеуі , қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы мақсатында ел ағасы Назарбаев «Қазақстан -2030» бағдарламасын жасап, бүкіл халыққа жолдап, осыны орындауды аманат етті. 14– студент: «Қазақстан -2030» бағдарламасы 2012 жылы толық жүзеге асқанын елбасының өзі қорытындылады . 15 – студент:1832 жылы Ақмола округтік приказы болып ашылды .Кеңес үкіметі жылдарында 1954-55 жылдары тың игеруге байланысты бұл қаланың атауы өзгере бастады .1961 жылы Ақмола қаласына Целиноград деген атау берілді.1997 жылы- Ақмола- Астана деп өзгертілді. 16– студент:2007ж. «Қазақ тілін қолдау » жылы болды. 17 – студент:2009ж. «Ана мен бала жылы». 18– студент:2010ж. 12 желтоқсан Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті. 19 – студент:2011ж.Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тойланды. 20– студент:2012ж.Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті. 21– студент:2012 ж.Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды. 22– студент:2014 ж.қаңтарда «Қазақстан – 2050» Мәңгілік ел бағдарламасы қабылданды. 23-студент: -2016 ж. Қазақстан спортшылары әлемдік олимпиада ойында үлкен жетістіктерге жетті.
3. Тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен тұлғалар.

Ерлік —бірнеше мағыналы сөз: Адам бойындағы батылдықты батырлықтыұстамдылықтытабандылықты, қайсарлықты, өжеттікті білдіретін ұғым. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де тайынбай, рухын жоғары ұстайды. Басына түскен ауыртпалықты мойымай көтеріп, мұны негізгі борышым деп есептейді. Ерлік, көбінесе, қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның азаматтық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ерлік қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінеді.

Қайрат Рысқұлбековтың ерлігі туралы.
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы наурыздың 13-де Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келді.Қазақта елін-жерін, халқын жан жүрегімен сүйген, ұлтының азаттығы мен теңдігі жолында шыбын жанын құрбан еткен атпал азаматтар аз емес. Сондай азаматтардың бірі - ұлтының басына сын сағат туғанда жас болса да бас бола білген, әділетсіздікке қасқая қарсы тұрып, азаматтық мінез танытқан «Халық қаһарманы» - Қайрат Рысқұлбеков.

Ләззат Асанова жайында
Ләззат Асанова 1970 жылы 27-шілдеде Талдықорған (қазіргі Алматы) облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық (қазіргі Айдарлы) ауылында дүниеге келді. Жастайынан зерек болған Ләззат мектепті үздік бітіріп, Алматыға оқуға келген. 1985 жылы Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен қазақтың қайсар қызы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болды. “Мінезі тік екен, бөлмесіндегі қыздармен қақтығысып қалып, жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлді” дегенге Ләззаттың анасы Алтынай Асанова әлі күнге дейін сенбейді. Анасының айтуынша, сол кездегі 16 жасар (екінші курс) қызының өлімі — әлі күнге дейін жұмбақ.



Сәбира Мұхамеджанова жайында

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы, 1970 жылғы қаңтардың 1-і Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. 1977 жылы «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебінің 1-сыныбына оқуға қабылданған. 1984 жылдары осы мектепті «өте жақсы» деген бағамен үздік бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға түседі... Барлық жоғары және орта оқу орындарының студенттері желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында Ленин атындағы орталық алаңға жиналып, өздерінің бейбіт мақсаттағы тілек мүдделерін жеткізбек болған. Айыпты деп танылған он беске тарта студент қамауға алынды. Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады. Әрине, небәрі он алты жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, ол өз ұлтына жасалған қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт етті.

4. Тәуелсіздік қанша жырласа да таусылмайтын дастан.

Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бұл күнге бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып, бірлігіміздің арқасында жеттік. Жеріміздің кеңдігіне қызыққан дұшпан аз болмады. Амалсыз Ресейдің қарамағына кірдік.

Ресей империясының орнын басқан Кеңес одағы кезінде тарих дөңгелегі өз жүрісінен жаңылып, дағдарысқа түсті. Төл тарихымыздың есімдерін атауға қаймықты. Халқымыздың қанына біткен төзімділігінен, жастар мойымай, өзге ұлттардың өкілдерімен достығын, татулығын ту етіп, сағын сындырмай аман өтті. 1986 жылғы жастар көтерілісі дүниені дүр сілкіндірді. Алматы қаласында болған бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасы қызыл империя жүрегіне мірдің оғындай қадалды. Империяның билеп төстеуінің әбден шегіне жеткендігі аз ұлттардың мұрат-мүддесімен санаспауында болды.

Ширек ғасыр басқарған Д.А.Қонаевтың орнына бұрын Қазақстанды көріп білмеген Колбиннің сайлануы халық ызасын тудырды. Кеңес үкіметі өмір сүрген 70 жылда Қазақстанда басқарған 21басшының 18-і жоғарыдан, яғни Мәскеуден жіберілген басқа ұлттардың өкілдері басшы болды.

Пленум шешіміне қарсы шығып ұлт намысын ту етіп көтерген, қазақтың өрімдей қыздары мен ұлдарының наразылығын «бұзақылық», «нашақорлық пен маскүнемдік» деп әдейі бұрмалап түсіндірді.

Бұл жылдар бойы қалғып жатқан ұлттық намысты оятты.

Қазақстан жастарының Кеңес Одағының үстемдігіне қарсы бас көтеруі «Жалаң қолмен от ұстағанмен бірдей» еді. Олар бұның қаншалықты қауіпті, қатерлі екендігін білді.

Міне, Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ.

1991жылы ақ түйенің қарны жарылып, қазақ халқы Тәуелсіздікке қол жеткізді. Бабалар арманы, балалар үміті үзілген жоқ. Бірлігі, берекесі мол ел болуды армандаған кешегі Ахмет, Мағжан, Шәкәрім, Міржақып, Сәкен, Ілияс, Бейімбеттер арманы орындалды.

Бұл – 1986жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқан өрімдей жас қыздар мен жігіттердің жеңісі. Бұл жиырмасыншы ғасырдың соңғы жылында саяси аренада белсенділік танытқан ірі тұлғалардың жеңісі. Тәуелсіз ел болу дегеніміз – кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт - дәстүріңді, әдет - ғұрпыңды айқындап көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігінді сезіну және ана - тіліңде емін - еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік – мағынасы зор, тамыры терең ұғым.



Осы жерде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, болашақ ұрпаққа қалдыруымыз қажет» деген сөзі еске түседі. Өткеніне табан тіреп, ертеңіне қарай еркін адымдаған ел озатынына тарих куә. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, Отанға адал қызмет ету әрбір жас ұланының қасиетті парызы, міндеті.



5.Тәуелсіздік, туған жер жайлы нақыл және қанатты сөздер.

Тәуелсіздік – қазағымның сан ғасырлық арманы! Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтуіміз керек. Бүгінгі  өткізіліп отырған осы іс-шара соның айғағы.

Мәңгі жаса, Тәуелсіз Қазақстан!

Білімді ұрпақ-тәуелсіз ел тірегі

Еңсесі биік, ынтымағы жарасқан еліміздің мерейі үстем бола берсін!

Тәуелсіздік тұғырлы, Қазақстан ғұмырлы болғай!

Тәуелсіздік- ең алдымен халқымыздың ғасырлар бойғы бостандықты аңсаған рухының жеңісі.

Тәуелсіздік-Тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 20 жыл толыпты.

Тәуелсіздік- теңдік, бостандық, еркіндік, бұл ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандаған арманы, мақсаты, ұраны.

Тәуелсіздік- тәңірдің берген тәтті сыйы.

Тәуелсіздік- мың өліп, мың тірілген, сан ғасыр бойы армандаған қазақ халқының асыл арманы.

Тәуелсіздік- қастерлі ұғым.

Тәуелсіздік қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.

Еншімізге бұйырған ерен бақыт.

Тәуелсіздік тәуекел еткеннің ғана тағдырына бұйыратын бақыт!

Егемендік алу - оңай емес, ол еңсесін тіктеген ел болу тіпті қиын.

Біздің басты байлығымыз - ел бірлігі екенін еш уақытта ұмытпауымыз керек.!

Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!

Келесі кезекте тарих пәнінің оқытушылары Э.Ш.Байкенжеева мен Э.Д.Жамаловаға сөз кезегі беріледі.



Ал, енді біз мерекеге орай бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.

Ол үшін мына туды бір-бірімізге беріп, ізгі тілектерімізді білдірейік.


ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕРЛІК, ДАСТАН, ШЕЖІРЕ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өз мәресіне жетті.
Елінде бақыт тұнған Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын  деп тілейік.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет