Сабақ типі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдер: ауызша есептеу, өз бетінше жұмыс, тақтамен жұмыс, проблемалық сұрақтарды шешу



Дата26.10.2018
өлшемі32.08 Kb.
#94576
түріСабақ
Семей қаласы. «№3жалпы орта білім беретін мектеп-кешені»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Аймакина М К.

Математика 2-сынып
Тақырыбы: Өтілген материалдарды пысықтау.

Мақсаты: Есептің шығару тәсілдерін, сандардың құрамын меңгеру.

Оқушылардың ауызша қосып-азайту дағдыларын

жетілдіру.
Өз бетінше еңбектенуге, адамгершілік, қайырым-

дылық қасиеттеріне тәрбиелеу.


Сабақ типі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: ауызша есептеу, өз бетінше жұмыс, тақтамен

жұмыс, проблемалық сұрақтарды шешу.


Көрнекілік: интерактивті тақта, карточкалар, суретті плакаттар,абак


Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық дайындық.

3.Сандардың разрядтық құрамын қайталау

Абакпен жұмыс. (әр оқушы жекелей жұмыс жасайды )
-35 санын көрсетіңдер. Неше ондық, неше бірлік бар?

-5 онд 7бірл. санын көрсетіңдер Бұл неше деген сан?

- 3ондыққа арттырындар. Қанша болды? 87

- Осы санды 7 бірлікке кемітіндер. 80.

- 80-нен 1-уі артық санды көрсетіңдер.

- 90-нан 1-уі кем санды көрсетіңдер,ол неше? 89

- 89-да неше бірлік бар?

-Балалар, сендер мульфильмді жақсы көресіңдер ме? Олай болса мына экранға қарайық



(Интертақтадан мультфильмнен үзінді көрсетіледі)




  • Балалар, құстың балапаны не істеді? Ұясынан құлап түсті.Ендеше оған көмектескілерің келе ме?

Олай болса, оқулықтағы №1-тапсырманы орындайық (слайдта)

- Өте жақсы. Сендер балапанды ұясына қондырып, құсқа көмек

беру үшін барлық күштеріңді салдыңдар. Қазір сендерге құстар өз рақметін айтатын болады. (итертақтадан мултьфильмнің соңы көрсетіледі)



(суретті плакат көрсетіледі)


  • Ал енді, мына бір көрініске қараңдаршы.Кімге көмек керек болып

тұр? Иә, олай болса, алдымен қарт анаға жолдан өтуге көмектесейік. Сонан соң кішкентай баланың неге жылап тұрғанын біліп, өз көмегімізді берейік. Өмірде басқа біреудің көмегіне мұқтаж адамдар аз емес.

(балалар суреттегі көрініс бойынша өз пікірлерін айтады)



Теңдеу шешу.(интерактивті және жай тақтаны пайдалану)
Х+30=90 Х-5=6 80-а=50 20+в=70

Х=90-30 Х=6+5 Х=80-50 в=70-20

Х=60 Х=11 Х=30 в=50
№3-тапсырма орындалу жолын түсіндіре отырып шығару
70-(20+30)= 6+(15-7)=

(28-20)-8=

(интерактивті тақтада орындалады) кезекпен шығады.
С е р г і т у с ә т і
-Ал балалар, мына суреттегі өздеріңдей балалар дұрыс істеді ме?

Олар туралы не айтар едіңдер? Өздерің қандай үлгі көрсетер едіңдер?


(суретте саябақтың ішін шемішке шағып және балмұздақтың қағазын лақтырып кеткен балалар бейнеленген)


  • Қанекей, олар ақылды болу үшін, мына тапсырманы ауызша

шығарайық.
№4-тапсырма (интерактивті тақтада жазылған; жауабы егер

дұрыс айтылса, астынан ашылады)



20см = □дм 50см * 50дм

6дм = □см 7см * 7дм

90см = □дм 3дм2см * 3дм5см


3 қатарға 3есеп беріледі. Өз бетінше орындайды.
Аралап жүріп тексеріледі. Соңында интерактивті тақтадан есептің

дұрыс жауабы көрсетіледі)


№5-тапсырма

  • Тиін өзіне 8 саңырауқұлақ жинады, ал кірпі одан 5

саңырауқұлақ артық жинады.Кірпі неше

санырауқұлақ жинады?




  • Тігінші бірінші күні 12 көйлек тікті, ал екінші күні 7көйлек тікті.

Тігінші бірінші күні екінші күнгіден неше көйлек

артық тікті?





  • Бір сағатта инелік 30маса аулады, ал бақа 20маса аулап жеді. Олар екеуі барлығы қанша маса аулады?

(Әр тапсырманы орындаған сайын фишкалар беріліп отырылады.

Көп жинаған бала баға алады.)


Қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма: Теңдік тура шығатындай етіп жақша қой.(өрнек)

«Ойлан тап»
Каталог: 111
111 -> Отравления фтором, фенолом, формальдегидом. Токсикодинамика, токсикокинетика, лечение, профилактика. Освоение методов определения
111 -> Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Сабақтың мақсаты: Сан есім жайлы түсінік беру
111 -> Неоднородность поголовья
111 -> Сабақтың түрі : кіріктірілген сабақ Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы, жарнамалау
111 -> Кіріспе Кіріспе
111 -> Кат. №1113 Фасовка 500 г. Срок годности 4 года. Хранить при температуре 20°с основа кровяного агара с азидом
111 -> 5. изменения в геноме вариантов вируса кори, выделенных от пациентов, страдающих хроническими заболеваниями центральной нервной cистемы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет