Сабақ тақырыбы: Тері өңдеу. Тері бояу Сабақ мақсаты



Дата22.01.2018
өлшемі84.54 Kb.
#55049
түріСабақ
Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік селосы

Қабижан Абаханов атындағы орта мектептің

технология пәні мұғалімі

Есов Бақыт Өтегенұлы

Сабақ тақырыбы: Тері өңдеу. Тері бояу


Сабақ мақсаты:

1.Оқушыларға тері өңдеу технологиясын үйретіп оны қарапайым жолдармен өңдей білуге, қандай пайдасы бар екенін түсіндіру;


2. Тері бояу тәсілдерін, бояу түрлерімен таныстырып еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ленин орденді «Передовик» колхозы кітабы, С.Құбашев суреті,М. Ауезов суреті ,теріден жасалған бұйымдар. Қамшы жасаудың нұсқау картасы.Иленген тері бөлшегі,тобылғы ағашы , СТД-120 ағаш станогі т.б.
Видеоролик Қамшы өру
Сабақ барыс: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе


Ең алдымен оқушыларға туған ауылдары Өрлік селосының ,кезінде республикаға белгілі озат шаруашылық , Ленин орденді «Передовик» колхозы 1930 жылы құрылғандығын және колхоз 1954 жылдан бастап қаракүл қойын өсіргендігін 1957-1959 және 1962 жылдары колхозға Оңтүстік Қазақстан облысынан 3012 қаракүл тұсағын әкеліп оның қозыларының қаракүл елтірісін көптеп тапсырғандығы туралы мағұлмат беріледі.Сол кезде қаракүл терісі құнды болған.Яғни, қаракүл терісінен илеп , өңдеп сырт киім, баскиім тігілгендігін фотосуреттерін көрсету арқылы түсіндірдім.Сонымен қатар колхозда 5 Социалистік Еңбек Ері болған. Олар: І.Үсенов, М. Сәрсенғалиев,Ш. Сәрсенбаев, С.Өтепов, Дәулетқалиев Сақан сынды аталарымыз туралы мағұлмат берілді. Әрине бұның бәрі еңбектің нәтижесі екені оқушылар айтпай-ақ түсінеді,-деп ойлаймын.

«Ешбір өнерді құрғақ тілек ,құрғақ бұйрық туғызбайды.Қай өнерді алып қарасақ та, әуелі өз елінің халық өнері болып , содан ілгері қарай басқан сатысында ғана жалпы адам баласының ортақ теңізіне барып құяды. Әрбір жұрттың өнері әуелі әр елдің тіршілік қалпындағы белгілі бір шарттарынан тұрады. Сымбатты өнер болмаған елде мағыналы тіршілік жоқ.

М.Әуезов

2. Жаңа тақырып

3. Қорытындылау
4. Үйге тапсырма.
Жаңа тақырып мазмұны.

Теріні (былғарыны) қабылдау мен өңдеу

Жаңа сыпырылған тері буы бұрқыраған деп аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді.

Теріні өңдеу. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен өңдейді. Өңдеу терінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді.

Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс айларында әр 1 кг теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 г тұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.

Өңдеу тәсілі. Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді.

Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады, құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады.

Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады.

Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады.

Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бір-бірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200 шақты теріні қоюға болады. Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып кетпеуі керек.

Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды. Тері шіри бастағанда оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек. Жақсы теріден жүн түспейді, ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып кетеді. Ондай теріні қолдануға болмайды. Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке қарай орналастырып, сосын көлеңкеде кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп қояды. Оны күннің астында не ыстық пештің қасында кептіруге болмайды. Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс.

Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің қажеті жоқ), оның жүнін ішке қаратып, соңғы рет кептіреді.

Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.

Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар:



  1. Теріге өң беру.
    2. Теріні неғұрлым су өтпейтін етіп шыйыршықтау:
    Тері бояудың ең көп тараған әдісі – ағаштың қабығына салып бояу. Бұған талдың, теректің, еменнің қабықтары қолайлы, сондай - ақ жер қынасын, томарбояудың, шөп тамырын, шеңгелдің, көк теректің бүрлері де кеңінен пайдаланылады. Майлы теректердің майын сорғыту үшін оған қышқыл аралас кебектен жасалған ашытқыны салып кептіреді. Оны халық тілінде «былжыр» дейді. Кейде қызыл кірпіштің ұнтағын салып, бүктеп тастаса да жеткілікті.
    Теріні кейде талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтарымен бояйды. Оларды көбінесе күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты көбінесе кесілген, қураған ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң, темір келіге салып түйеді немесе қол диірменге салып тартады. 11 - 12 қой терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтақталған 4 - 4, 5 кг қабықты 1, 5 - 2 шелек суға салып, тұзын татып қайнатады. Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсіне және қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан, бояу шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстіне су құяды. Ал, керісінше, суы көп құйылған бояулар сұйық болса, үстіне қабық қосылады. Талаптарға сай орындалған жұмыстың бояуы шығып, қайнауы қанғаннан кейін ыдыстағы қабықтарды сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояп қанжылы болып суыған соң, теріні бояуға қолданады. Егер ыстық бояуды теріге қолданса, оны пісіріп жіберуі мүмкін. Бояуды теріге қылқаламмен немесе кіршіксіз таза киіз бөлігінің көмегімен жағады. Тері бояуды өз бойына бірқалыпты сіңіру үшін оның өңін ішіне қаратып бүктеп, 2 - 3 сағат кептіреді. Бүктелуі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Теріні кептіру кезінде ол жиырылып, тырысып қалмау үшін тобарси бастаған соң, қолмен уқалап созғылайды.
    Теріні бояудың екінші түрі – томарбояу. Ащылауытқа шығатын қурай тектес өсімдіктің басы дәнге толған кезде ақ үрпіктенеді, жапырақтары сарғайып, қурайдың түбі қызарады. Шамамен алғанда, бұл шілденің аяғы - тамыздың басы. Осындай кезде қурайдың түбірін қазып алады да, оны мұқият жуып, жоғарыда айтылған технология бойынша арналуы ыдысқа салып қайнатады. Бояуы шыққаннан кейін теріге қолданады.
    Теріні қынамен де бояйды. Қына – жерге жабыса өсетін өсімдік. Мұны да күздігүні дайындайды. Оны жинап әкелісімен, топырақтан, басқа шөп – шаламнан тазартып, жылы сумен мұқият жуып алады да, қайнату арқылы бояуын шығарады. 10 - 15 қойдың терісін бояу үшін 2 шелек бояу алатындай есеппен қайнату керек. Қынаның басытқысына тұз, ашудас немесе мүсәтір қосып, аздап май құяды. Кейде көк тікеннің, қызыл мойылдың бастарын өнеркәсіптік бояумен араластырып, қына бояуын күрең қызыл етіп, түсін ашады. Қына бояуы жүн жіптерге, теріге жақсы жұғады. Осы әдіспен боялған теріден неше түрлі бұйымдарды әрлеп құрастырып, тігіп алады. Қоржым, тоқым немесе етік т. б. тері бұйымдарын қосымша оюдың үстінен тігу арқылы әрлейді. Мысалы, қара қоңыр түспен боялған теріге ақшыл сары теріден әзірленген өрнек бөлігін жамау арқылы тіксе, текемет, сырмақ тәріздес әдемі өң береді. Осы әдіспен боялған

Теріден сәнді киім, тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе төрт түлік малдың терілерінен көптеген сыйлық бұйымдары дайындалады.
Бүгінгі сабағымызда қамшы өру технологиясымен танысамыз

Жұмыс барысы

Үлгі кескін


Құралдар

Қайыс- иленгеннен кейін, қайыстан тиісті өрімнің талшықтарын арнаулы пышақпен немесе ұстарамен кесіп алады. Әр өрімнің өзіндік құпиялары бар.

Өрілген қамшы сабын мүмкіндігінше тобылғыдан таңдаған дұрыс, егер ол болмаса, шамшат немесе емен т. б. қызыл ағаштардан қамшы сабын жасайды


Пышақ,ұстара,

тобылғы немесе

қызыл ағаш,СТД-120м

метрлік,бор.



Алты өрімнің қайысын біркелкі етіп кесіп алғаннан кейін, оның қалыңдығы да біркелкі болады, жуан жерлерін тегістеп, қырларын өңдегеннен кейін өруге кіріседі

СТД - 120 М ағаш станогында жонып, арнаулы қамшы сабын жасайды.

Қамшының басын шаш өру тәсілімен өреді.Жылан бауыр етіп те өріледі.



90 см




90 см

Иленген тері



Қамшы 3-83-ке дейін өрілетіндігі туралы түсінік беріледі.

c:\users\инжу-али\downloads\9-сурет.jpeg



Тобылғы ағаш

Қамшы сабы 5 тұтам







Қамшының басы 6 тұтам

Видеоролик Қамшы өру технологиясы

Малшыларға малдың жүнінен, терісінен жасалатын үй мүліктері мен киім-кешектер қандай қажет болса, ат саймандары – ер – тұрман, қайыс, таспалар да сондай қажет. Бұл бұйымдарды ауылдық жерлерде мал бағатын ұжымдарда осы күнге дейін қолданады. Жүген, айыл – тұрман, құлақбау, шілия мен делбе, қамшы мен қайыс т. б. әлі де тұтынудан қалған жоқ. Қайыс өрудің бірнеше өрнекті түрлері мен атаулары бар. Олар төрт таспадан өру, түйемұрындық, өткерме, тастүйін т. б. Жүген, ноқта, делбе, шілияларды өру әдісімен жасайды.

Қолөнерде таспа өрудің сан алуан түрлері кездеседі. Оның үш таспа, төрт таспа, бестемше, алты таспа, бұзау тіс дырау, жыланбауыр, қос бұрым, сегіз қырлы, егеуқұйрық, айыл жырым өрімі, қабырға, таңдай, жиырма төрт таспа т. б. қайыс өнерінде кеңінен қолданылады. Өрімдер 3, 4, 5, 6, 7, 12, 24, 36,..... 83 - ке дейін, кейде одан да көп таспадан өріледі. Өрім өрнектері сан алуан. Кейде құйысқан шілиялардың үстіңгі бетін төрт бұрым, алты бұрым, астын біртұтас «жыланбауыр» етіп жасайды. Ал ішіне өзек салып, алақанын тоқыма өріммен жалпақтап келтірген дойыр, дырау, бұзау тіс қамшылар өте әдемі келеді. Осыншама көп таспалы өрімдердің ұштары жай байлана салмайды. Олар әр түрлі мәнермен түйіліп, шашақталады.

Сыйға беретін әрі киелі бұйымның бірі – қамшы. Ол төрт, алты, сегіз, он, он екі және одан да көп түрде өріліп, әшекейленіп жасалады. Қанша өріммен өрілетіні белгіленгеннен кейін, қайыстан тиісті өрімнің талшықтарын арнаулы пышақпен немесе ұстарамен кесіп алады. Алты өрімнің қайсын біркелкі етіп кесіп алғаннан кейін, оның қалыңдығы да біркелкі болады, жуан жерлерін тегістеп, қырларын өңдегеннен кейін өруге кіріседі. Әр өрімнің өзіндік құпиялары бар. Барлық өрімдердің негізін үш өрімнен байқауға болады. Бұл өрім өте кең қолданылады. Өрілген қамшы сабын мүмкіндігінше тобылғыдан таңдаған дұрыс, егер ол болмаса, шамшат немесе емен т. б. қызыл ағаштардан СТД - 120 М ағаш станогында жонып, арнаулы қамшы сабын дайындайды. Тобылғы – асылы таудың беткейінде өсетін ағаш. Оны шеберлер шілденің аяғы мен тамыздың басынан ары қарай, яғни күзге қарай жинайды. Шеберлер бұтақсыз, неғұрлым түзу жерлерін кесіп алып, толық кепкенше іліп қояды. Егер тобылғы сәл қисықтау болса, оны түзу затқа мықтап қосақтап байлап, бірге іліп қояды. Сонда тобылғы түзу болып кебеді. Әбден кепкен кезде шебер оның сыртын қойдың құйрық майымен ысқылағанда, қоңыр түсі қою қызыл түске өзгереді де, өте әдемі өң береді. Сөйтіп қамшының өрімі шебердің талғамына қарай, тобылғыға бекітіліп әшекейленеді. 


Сабақты қорытындылау:

1.Тері өңдеу үшін ағаш түрлерін пайдаланады екенбіз?
2. Терінің қандай қасиеттерін біліп түсіндік?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Тері өңдеу, тері бояу технологиясын оқып келу.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ленин орденді «Передовик» колхозы кітабы

2.Технология оқулығы 7 сынып

3.Мектептегі технология журналы №3 2010,№5 2009,№9 2012



4.Қазақтың ұлттық ою-өрнектері

5.Электрондық оқулық


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет