Сабақ тақырыбы Сурет сабағы. Суретші ата Қастеев Сілтеме: Ана тілі оқулығы



Дата25.01.2018
өлшемі86.58 Kb.
түріСабақ
Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей

Бастауыш сынып мұғалімі: Самал Еспанова



Ана тілі

Сыныбы: 1 «а»

Күні:

Сабақ тақырыбы

Сурет сабағы. Суретші ата - Қастеев

Сілтеме:

Ана тілі оқулығы

Жалпы мақсаты

Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушыларды талдау, талқылау, салыстыру және қорытынды жасауға үйрету; Зейіндері мен есте сақтау, оқу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатындағы белсенді оқу стратегияларына қатысуы;

Атақты суретші Ә.Қастеев туралы түсінік беру.Сурет –өнерінің мәні мен маңызы туралы түсініктің қалыптасуына ықпал ету



Оқу нәтижелері

Өлең мазмұнын түсінеді,атақты суретші Ә.Қастеев туралы мағлұмат алады.Өзара бірлесіп оқу үлгілерін сынамалауға қатысады,сұрақ қою,баяндау, талқылауәрекеттеріне қатысады.Сурет өнерінің қасиеттерін сезінеді, сурет сала білуге үйренеді Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады.Бір-біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.

Түйінді идеялар

Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы өзара белсенді әрекеттесу идеясы

Жаттығулар

Жеке, жұптық, топтық тапсырмалар.

Сабақ түрі

Ана тілі, бейнелеу өнері, музыка пәнімен кіріктірілген сабақ

Мұғалімнің жазбалары: Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерін сипаттау

І.Мотивациялық кезең:

А) Топқа бөлу

Ә)Түстерге анықтама беру

Психологиялық дайындық:

Топ ережесін еске түсіру

Бағалау түрлерімен танысу

(5минут)
Өткен сабақты еске түсіру кезеңі

Сұрақтар қобдишасы:

Ән сабағы өлеңін әнімен айту

ІІ.Ой шақыру


ІІІ. «Ой қозғау»

ІV.Операциялық кезең(жаңа сабақ тақырыбын хабарлау)

а) көркем жазу минуты
Жұптық жұмыс:

Сергіту сәті: ойын «Кім жылдам?»



2. Оқулықпен жұмыс

1) Тұлғаны танып біл:


Мәтінмен жұмыс


Жеке жұмыс

Топтық жұмыс «Талапкер» Хокку әдісі

1 – топ

Жақсылықты қолдаймыз

Табиғатты қорғаймыз

Гул егеміз бақтарға

Айналасын қоршаймыз

2 – топ

Гулдер нәзік болады,

Қаулап, өсіп, толады.

Қарамасақ аялап,

Солып, қурап ,қалады.

3 –топ

Жомарт мынау табиғат,

Өсіргендей бізге арнап.

Қып-қызыл боп жалындап,

Қырға өседі қызғалдақ

Сергіту сәті


V.Рефлекциялық кезең

Кезектескен интервью әдісі
Кері байланыс



Оқушылар топқа бөлінеді.

Оқушылар сары ,жасыл,қызыл бояу қарындаштар арқылы топқа бөлінеді

Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, нұр сәулені білдіреді. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.                           Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар.  

«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай бүгінгі сабақтың табысты,сәтті болуы өз қолдарыңда.

Формотивті бағалау түрлері( бағдаршам, бармақ, қол шапалақтау, жұлдызшалар жинау)



Ән сабағы жаттау, өнер туралы мақал –мәтел айту

1.Құлагер сөзі қалай жазылады?

2. Жасыл сөзіне қандай сұрақ қоямыз?

3. Кім?Кімдер? сұрағы қандай сөздерге қойылады?

4.Күләш,Шара апаларымыздың қандай өнері болған?

5.Адамға өнер не үшін қажет?

6. Қандай өнер адамдарын білеміз?

Өткен сабақта ән құдыреті жайлы білдік.Ән адамның көңіл-күйін көтереді, жан дүниесін ашадыӘншілер туған жерге, Отанына,еліне деген досына ата-анасына деген сезімдерін ән арқылы жеткізеді екен

Ал, балалар мына суретке қараңдаршы?



  • Не көріп тұрсыңдар?

  • Жайлау

  • Көрініс ұнады ма?

  • Неліктен

-Не арқылы сурет әдемі болып тұр?

-бояу арқылы, суретшінің өнері арқылы


Көркем жазу дәптерлерінен жұмыс орындайды



155- жаттығу. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып көшіріп жазыңдар.

Көйлекті ... тігеді?-Көйлекті матадан тігеді. ...сүттен ұйытады?-Айранды сүттен ұйытады.

Алманың дәмі ....?-Алманың дәмі тәтті. ...түсі қызыл?-Шиенің түсі қызыл. Құстың қанаты ...?Құстың қанаты екеу

2. Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгісі қойылған?

Қарындашыңның ұшын үшкірлеп ұшта,

Үшкірлеп ұштап, сақтап ұста

Түрің түрленіп, кідірмей оқы, 
Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы.


Талғат балға тап,

Оншақты жаңғақ шақ,

Шақсаң, сақ шақ.

Оспанхан Әубәкіров 1936 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы, Үшбұлақ ауылында дүниеге келген.
Әзіл - сықақ жанрының шебері болған. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Жасыратын не бар?», «Сыйлық», «Ұзын сөздің қысқасы», «Өзіміз білеміз» атты сықақ әңгімелері мен өлеңдер жинақтары жарық көрген.
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.

Нұрсұлтан Әлімқұлов

14 наурызда Алматы облысының Қаскелең қаласында туған. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Көп жылдар бойы республикалық, облыстық газет редакцияларында, Қазақ радиосында, баспаларда қызмет істеген. 1957 жылдан бірыңғай шығармашылық қызметпен айналысты. Шығармалары: Барабаншы қоян. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Жалын», 1976; Баспалдақтар. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982; Таң самалы. Ән өлеңдері. А., «Өнер», 1984.

- Өлеңді мұғалімнің оқуы;

- Оқушының іштей , тізбектеп мәнерлеп оқуы;

Өлең не туралы екен?

Қандай бояулар жайлы айтылды?

Суретші болу үшін не қажет?

Өзің қандай сурет салғанды ұнатасың?

Суретшілерден кімдерді білесің?

Слайдтан Ә.Қастеев суреттерін көрсету, таныстыру
Қызғалдақ суретін бояу, Сарғалдақ суретін бояу , Жапырақ суретін бояу

Сарғалдақ  — сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктердің үлкен тегі. Текте 360-тай биологиялық түрлер бар

Суда өсетін түрлері бар. Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. 

Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағыГрейг қызғалдағыКауфман қызғалдағыШренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”енгізілген.

1 – топ

.....................қолдаймыз

................... қорғаймыз

..................... бақтарға

.................... қоршаймыз

2 – топ

...............нәзік болады,

..........., өсіп, толады.

....................... аялап,

................ қурап ,қалады.

3 –топ

Жомарт мынау ............,

Өсіргендей бізге ...............

Қып-қызыл боп ................,

Қырға өседі .................



  • Бүгінгі сабақтан не білдік?

  • Қандай суретшілермен таныстық?

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Акварель бояумен бояйды


Топтар бір-бірін бағалайды

Топ ұпайларын санау, бағалау


Ескертулер
Слайдтан көрсетіледі

Мәтінмен жұмыста үлес қосқан әрбір топ мүшесін марапаттап ынталандырып отыру


Оқушылар- ға видеосы көрсетіледі
Әр топқа ұпай қорапқа салынып отырады

Өткен тақырыптарды еске түсіру

Музыка пәні мұғалімі
Ана тілі пәні мұғалімі

Заттың атын, сынын,санын білдіретін сөздер қайталанады

Жұптар бір- бірін күлегеш арқылы бағалау
Әр топтан оқушылар жаңылмай айту керек
Автор суреттері

Слайдтан көрсетіледі

Бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Әр топ өз түсіне сәйкес бояйды

Ана тілі пәні мұғалімі

Топтарға жұмыстар беріліп, өзара келісе отырып орындайдыТоптық жұмысты бағалау



Музыка пәні мұғалімі



Кейінгі орындауға арналған тапсырма

Өлеңді жаттау,мәнерлеп оқып келу.Өлеңде айтылғандай жайлау суретін салу

Каталог: uploads -> doc -> 12d8
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
12d8 -> «анчар» Александр Сергеевич Пушкин
12d8 -> Тарих пәнінің мұғалімі: Ыбырай Г.Қ. Астана қаласы 2015жыл «Атажұрт» интеллектуалы ойынының мақсатты Білімділік
12d8 -> Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет