Сабақ тақырыбы: Шөлейт және шөл зоналары Мақсаты



Дата25.01.2018
өлшемі61.5 Kb.
түріСабақ
Ашық сабақ тақырыбы: Шөлейт және шөл зоналары

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның шөлейт және шөл зонасының ерекшеліктеріне сипаттама беру. Табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде мағлұмат беру, географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.
Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру. Жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып, оқушылардың географиялық білімін ұдайы кеңейтіп, олардың ғылымға деген қызығушылығын, ой – өріснің шығармашылық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе экологиялық тәрбие беру, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу. Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру,

Құрал-жабдықтары: Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта, суреттер, бағалау парақтары, слайдтар

Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік, еркін талқылау әдісі, салыстыру, картамен жұмыс, жинақтау.

Сабақтың формасы: жеке, топпен.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, биология, жаратылыстану
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сары, қызыл, көк түсті жұлдызшалар таңдау арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланады. Әр жұлдызшалардың артында «Туған жер» туралы мақал-мәтелдер жазылған, топқа отырған соң топ басшылары оқып шығады.

Сары түс - «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»

Қызыл түс - «Басқа жердің отынан , туған жердің түтіні артық»

Көк түс – «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың»

Сабақтың ұраны: 
Айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде қалады, ал өзіме жасатсаң-түсінемін”
(Конфуций)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Жедел жауап» аялдамасы.

1. Қазақстанның табиғат зоналар саны-4

2 .Ең солтүстіктегі табиғат зонасы- Орманды дала зонасы

3.Орманды дала зонасы Қазақстанның қанша пайызын, қанша млн гектар жерін алып жатыр – 0,4%, 1 млн га

4. Орманды дала зонасында қанша көл бар - 6000 мыңнан астам

5. Орманды дала зонасындағы жауын- шашын мөлшері - 300-350 мм

6. Дала зонасындағы салмағы 16 кг жететін құс - дуадақ

7. Орманды дала зонасындағы шілде мен қаңтардағы орташа температура - +18º-+20ºС, -17º-19ºС

8. Дала зонасы Қазақстанның қанша пайызын, қанша млн гектар жерін алып жатыр - 77 млн гек, 29% -ы

10. Дала зонасы батыстан шығысқа қанша км – ге созылып жатыр - 2200 км

11.Дала зонасының жануарлары - суыр, ақбөкен, қасқыр

12.Дала зонасындағы жауын – шашын мөлшері – 220- 310 мм

13.Дала зонасындағы топырақтың шіріндісі қанша пайыз - 6 %

14.Дала зонасындағы өзендер - Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра, Торғай, Шар, Ырғыз.

15.Дала зонасындағы дәрілік өсімдіктер – жанаркүл, шайшөп, итмұрын, дәрілік валерин

16.Дала зонасындағы жаздағы және қыстағы орташа температура - -16-18ºС, +18+23ºС



ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау.                                                                         

«Мен - өзенмін» ойыны

Бұл ойынның шарты бойынша, картадан орманды дала және дала зонасы өзендерін көрсетеді, мысалы, «Мен-Жайық өзенімін, Каспийге құямын?», дейді. Ойын осы ретпен жалғаса береді.


ІV.Жаңа сабақты меңгеру.

а) Әңгіме-дәріс.

Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Ол республиканың барлық аумағының 14%-ын алып жатыр. Зонаның оңтүстік шекарасы 48°с.е бойымен өтеді.


Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз жылдық жауын-шашын мөлшері 180-300 мм аралығында.
Шілдеде орташа температурасы 22º-24º С, кейде ыстық 40ºС- қа дейін барады.
Қаңтардың орташа температурасы -15º-17ºС, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50 ºС) байқалды.
Тұрақты ағатын ең ірі өзендері - Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз. Шөлейт зонасында 3000-нан астам көл бар.
Шөлейттің топырағы – ашық қара қоңыр топырақ. Топырақтың беткі қабатында шірінді аз болады.
Өсімдіктері – бетеге, жусан, түймедағы, боз, изен, ебелек, теріскен, көкпек, долана, мойыл, итмұрын, қарақат, таңқурай, тал, ұшқат.
Жануарлары – саршұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары, сасық күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр, бүркіт, бозторғай, қара шұбар жылан, кіші сарбас жылан, қалқан тұмсық жылан.

Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 117 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады.


Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ. Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды.
Жазы өте ыстық, қапырық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде +24º+26º С, оңтүстігінде +28º+30º С. Құм бетінде температура жазда +70º С-қа дейін қызады.
Өзендері – Жайық, Жем, Сырдария, Сарысу, Шу, Талас, Іле, Қаратал т.б
Құмды шөл – Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сары есік Атырау, Нарын, Тайсойған.

Сазды шөлдер – Үстірт, Бетпақдала және Сырдария өзенінің оңтүстік жағалары.

Тасты шөлдер – Сарыарқа оңтүстігінде, Бетпақдала шығысында және Үстіртте кездеседі.
Өсімдіктері – селеу, боз жусаны, құм бетегесі, еркекшөп, жабайы сұлы, қоңырбас, құм түймедағы, құмаршық, дермене жусаны, жүзгін, құм қарағаны, теріскен, ақ және қара сексеуіл, жусан, бұйырғын, баялыш, ши, селеу, шеңгел, тал, тікенекті жиде, шырғанақ, жыңғыл, жантақ .
Жануарлары – құлақты агамалар, жұмырбас кесертке, сылдырмақты жылан, тасбақа, кірпі, шаян, бүйе, қарақұрт, бұзаубас, ақбөкендер, қарақұйрықтар, қабан, мәлін, қасқыр, азия торғайы, кішкентай торғай, сортаң жер торғайы, айдарлы торғай, сексеуіл жорға торғайы, шөл торғайы, жамансары, жұртшы, сауысқан, қарға, сұр кекілік, қырғауыл, үйрек, қаз, шағала, бірқазан, аққұтан.
в) Топпен жұмыс (постер қорғау)

Сары түстілер тобына. Шөлейт зонасы туралы сипаттама

Қызыл түстілер тобына. Шөл зонасы туралы сипаттама

Көк түстілер тобына. Шөл және шөлейт зоналарының ұқсастығы мен айырмашылығы



с) Сергіту сәті.

Мақал-мәтелдерді жалғастырыңыз

1)Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық

2)Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

3)Ит тойған жеріне, ер туған жеріне

4)Отанды сүю-отбасынан басталады

5)Отансыз адам, ормансыз бұлбұл

6)Ел қадірін көрген біледі, жер қадірін жүрген біледі

7)Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

8)Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.

9)Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды

10)Ел боламын десең –бесігіңді түзе


ІV. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Атлас картадан екі табиғат зоналарының шекараларын тауып, кескін картаға белгілеу.



V. Қорытынды.

Табиғатты жеке дара қорғау мүмкін емес, оны бүкіл ел, қоғам, ұжым болып қорғау керек (Н.Ә.Назарбаев)

Қазақстандағы құмды, сазды, тасты шөлдерді картадан табу, кескін картаға түсіру.


Рефлексия.

«Бес саусақ» әдісі арқылы көрсетіледі.

1)Бүгін мен білдім.....

2)Маған қызық болды.....

3)Маған қиын болды.....

4)Бүгін мен үйрендім.....

5)Мен жасай алдым.....


VІ.Бағалау. Әр топтың басшылары әр оқушыны бағалау парағы арқылы бағалайды 

VІІ.Үйге тапсырма: Шөлейт және шөл зоналары. Атлас, кескін картамен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет