Сабақ Тақырыбы: Модель және модельдеу Өткізген: Дүйсембиева Г. Р. информатика мұғалімі



Дата27.04.2018
өлшемі100.46 Kb.
#72702
түріАнализ



Алматы қаласы

Әуезов ауданы

175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы




Ашық сабақ


Тақырыбы: Модель және модельдеу

Өткізген: Дүйсембиева Г. Р.

информатика мұғалімі

2015-2016 оқу жылы


Тексерген: т Пән мұғалімі: Дүйсембиева Г.Р

Сыныбы ; 6Б Күні 28.11.2015

Тақырыбы:




Модель және модельдеу

Күтілетін нәтиже:

Білімдік

Білім

  • «Нысан-модель» байланысын анықтайды.

  • Ақпараттық модельдерді таниды.

Түсінік

  • Ақпараттық модельдердің түрлерін айырып таниды.

Құзырлылық

Қолданыс

  • Модельдердің жіктелуінің сызбанұсқасын сызады.

  • Берілген сызбанұсқадағы терминдердің байланысын анықтайды.

Анализ

  • Бірнеше нысаны бар модельдерге және бірнеше моделі бар нысандарға мысал келтіреді.

Синтез

  • Модельдердің берілген категориясына сәйкес мысалдарды табады.

  • Мысалдардың неліктен дәл сол категорияға жататынын дәлелдейді.

Құнды-лық

Баға

  • Түрлі ғылым салаларындағы модельдерге мысал келтіреді.

Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (15 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (17 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




  • Жаңа терминологиямен таныстыру

  • Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету

  • Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру.

Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




• Модель, модельдеу, модельдердің жіктелуі, материалдық, ақпараттық, вербалды, белгілік модельдер.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




  • Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:




  1. Классификация моделей. Тест № 2. Ақпарат көзі: http://modelir.hut2.ru/test2.htm

  2. Подвинцева О.В. Моделирвание и формализация. Ақпарат көзі: http://informatika.sch880.ru/p26aa1.html

  3. Понятие модели. Сущность метода моделирования. Основные типы моделей. Ақпарат көзі: http://www.infosgs.narod.ru/34.htm

Оқушы жетістігін бағалау:




  • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Үй тапсырмасы:




• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

  • Анықтамаларды жаттау, география мен биологиядағы модельдерге 5 мысал келтір.




• Бонус-балл тапсырмасы

  • Физика мен химиядағы модельдердің әрқайсысына 5 мысал келтір.



САБАҚ БЛОКТАРЫ 




і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

  1. Модельдер.

  2. Модельдер мысалы.

  3. Модельдердің жіктелуі.

  4. Ақпараттық модельдер.

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд Модель дегеніміз не?

  • Модель — зерттеліп жатқан нысанның, құбылыс немесе процесстің маңызды ерекшеліктерін қамтып көрсететін әлдебір жаңа нысан.


жоқ






5-слайд Моделдеу




6-слайд Модель мысалдары


1-команда






7-слайд Бір нысанның бірнеше моделі болуы мүмкін:http://fc07.deviantart.net/fs70/f/2011/020/9/1/human_skeleton_12029879_by_stockproject1-d37nw3e.jpg


2-команда






8-слайд Әртүрлі нысандардың модельдері бір болуы мүмкін:http://www.c.weare1.info/images/phmapoftheworld.gif


иә






9-слайд Модельдеу кезеңдері




10-слайд Модельдердің жіктелуі


  • Модельдер тікелей қабылдануы мүмкін емес нысандар мен процесстерді көрнекті түрде көрсетуге мүмкіндік береді.






жоқ

шарт

Цикл денесі






11-слайд Қолдану облысы бойынша жіктелуі

  • Оқу моделдері – оқытуда пайдаланылады.

  • Тәжірбиелік – бұл жобалық нысанның үлкейтілген немесе кішірейтілген көшірмелері. Нысанның болашақ қасиеттерін болжап, зерттеу үшін пайдаланылады.

  • Ғылыми-техникалық - процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.

  • Ойындық –нысанның әртүрлі жағдайдағы іс-әрекетінің дайындығы.

  • Имитациялық – шындықтың белгілі бір дәрежедегі көрінісі(бұл сынақ пен қаталіктер әдісі).




12-слайд Уақыт факторы бойынша жіктелуі

Статистикалық




Динамикалық

жүйенің белгілі бір уақыттағы күйін сипаттайтын модельдер. Мысалы: отырғызылған ағаштар тізімі, оқушылардың денсаулығы жайлы есеп беру және т. б.




өзгеру процесстері мен жүйенің дамуын сипаттайтын модельдер (нысанның уақыт өте келе өзгеруі).

Мысалы: дененің қозғалысын, химиялық реакциялардың өту процессін сипаттау.







13-слайд Ғылым саласы бойынша

Бұл модельдердің адамның қызмет саласына байланысты жіктелуі: математикалық, биологиялық, химиялық, қоғамдық, экономикалық, тарихи, т. б.






14-слайд Сыну әдісіне қарай

Материалдық модельдерді физикалық не деректі модельдер деп атаса да болады.

Ақпараттық модельдерді қолмен ұстау, не көзбен көру мүмкін емес.





15-слайд Ақпараттық модельдер

Ақпараттық модель – нысанның, процесстің, құбылыстың қасиетін және күйін және қоршаған ортамен өзара байланысты сипаттайтын ақпарат жиынтығы.




16-слайд

Ақпараттық модельдер

Бейнелік

Аралас


Белгілік

суреттер


сызбалар

кестелер


графиктер

схемалар


диаграммалар

карталар


графтар

Блок- схемалар

Сөз сипат-тамалар

Формула-лар







17-слайд Қорытынды

  • Модель — зерттеліп жатқан нысанның, құбылыс немесе процесстің маңызды ерекшеліктерін қамтып көрсететін әлдебір жаңа нысан.

  • Моделдеу – модельдерді құру мен зерттеуге бағытталған таным әдісі, яғни нысандарды құру және тану арқылы зерттеу.

  • Модельдердің жіктелуі

  • қолдану облысы бойынша

  • уақыт факторы бойынша

  • ғылым саласына байланысты

  • ұсыну әдісіне қарай



іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Модельдер.


Модельдер мысалы.


Модельдердің жіктелуі

Ақпараттық модельдер













Қорытынды:___________________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Өткен сабақтағы бақылау жұмысы бойынша қатемен жұмыс орындау.

  2. Қай нысандардың арасында «нысан-модель» байланысы бар:

  1. Ел – оның астанасы;

  2. Тауық – балапандар;

  3. Алматы – Алматыдағы телефондар тізімі;

  4. Тон – тон үлгісі;

  1. Құрамында зерттелетің нысандар жайлы қажетті ақпараты бар қасиеттер жиыны қалай аталады?

  1. Материалдық модель

  2. Натуралық модель

  3. Ақпараттық модель

  1. Төмендегілердің қайсысын нысанның ақпараттық моделі ретінде қарастыруға болмайды?

  1. Негізгі нысанның математикалық формулалар арқылы жазылуы;

  2. Негізгі нысанның елеулі қасиеттері мен белгелерін қамтып көрсетпейтін басқа нысан;

  3. Құрамында негізгі нысанның сапалық және сандық сипаттамасы жайлы ақпараты бар кесте түріндегі мәліметтер жиынтығы;

  4. Табиғи немесе формалды тілдегі негізгі нысанның сипаттамасы.

  1. Келесідей пайымдау дұрыс па? Ақпараттық модельдер нысандар мен процесстерді тек белгілік түрде көрсетеді.

  2. Келесілердің қайсысы бейнелік ақпараттық модель?

  1. кесте

  2. формула

  3. сурет

  4. диаграмма

  5. сөзбен жазылған сипаттама

  6. фотосурет

  7. график

  1. Келесілердің қайсысы сөздік ақпараттық модель?

  1. кесте

  2. формула

  3. сурет

  4. диаграмма

  5. сөзбен жазылған сипаттама

  6. фотосурет

  7. график

  1. Келесілердің қайсысы аралас ақпараттық модель?

  1. кесте

  2. формула

  3. сурет

  4. диаграмма

  5. сөзбен жазылған сипаттама

  6. фотосурет

  7. график

  1. Келесілердің қайсысы аралас ақпараттық модельге тән?

  1. тек графикалық элементтер қолданылады

  2. тек символдық тіл қолданылады

  3. графикалық элементтер символдық тілмен қатар қолданылады

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Модельдердің жіктелуінің сызбанұсқасын сыз.

  2. Ақпараттық модельдерді көрсет (бірнеше дұрыс жауап бар):

  1. физикалық карта

  2. глобус

  3. жолдың уақытқа тәуелділік графигі

  4. ғимарат макеті

  5. тоқу бізімен тоқу үлгісі

  6. алманың нақпішіні (муляж)

  7. манекен

  8. метро сызбанұсқасы

  1. Қай нысандардың арасында «нысан-модель» байланысы бар (бірнеше дұрыс жауап бар):

  1. компьютер-процессор;

  2. автомобиль-автомобильдің техникалық сипаттамасы;

  3. қала-қаланың жолнұсқасы;

  4. ұшақ-ұшақтың радиолық басқарылатын моделі;

  5. адам-манекен;

  6. Астана-қала;

  1. Ақпараттық модельдердің сызбанұсқасын толтыр. Берілген сөздерді дұрыс ретімен орналастыр.


блок схемалар,

аралас модельдер,

ақпараттық

модельдердің

түрлері,

схемалар (сызбанұсқа)

ІiІ деңгей тапсырмалары

  1. Бірнеше нысаны бар модельге мысал келтір.

  2. Бірнеше моделі бар нысанға мысал келтір.



іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінуі тиіс.

Әр топ өздерінде бар оқулықтарды пайдаланып келесідей модельдерге жеті мысалдан табуы тиіс. Тапқан мысалдарың неліктен берілген модельге жататынын түсіндір.

1-топ: Бейнелік ақпараттық модель.

2-топ: Аралас ақпараттық модель.

3-топ: Сөздік ақпараттық модель.






V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________
Каталог: uploads -> doc -> 003e
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет