14.03.15 жыл
|
№ 2 сабағы, Химия
|
9 «А» сынып
|
Пән мұғалімі: Байғабылова Дина Болатовна
|
Сабақ тақырыбы:
|
«Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстары туралы білімді
қорытындылау».
|
Жалпы мақсат:
|
1. Оқушыларда металдардың маңызы, қосылыстары, қолданылуы мен кең орындары туралы мағлұмат бере отырып тарауды қорытындылау.
2. Оқушылардың химиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалап, металдарды өмірде қолдана білу дағдысын дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, өзара көмекке, металдардың және бейметалдардың адам ағзасына қызметін жадында сақтау.
|
Сілтеме:
| -
9 сыныпқа арналған химия оқулығы
Есептер мен жаттығулар жинағы 9 химия. /бейне-таспа/
|
Күтілетін нәтиже:
|
1. Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Металдар мен бейметалдарды ажырата білу.
2. Металдар м ен бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және физикалық және химиялық қасиеттері туралы түсінеді
3. Металдар мен бейметалдардың адам өміріне қызметін түсініп олардан жасалған бұйымдарды өмірде қолдана алады.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
| -
Интерактивті тақта
-
Power Point –та жасалған презентация
-
Флипчарт, стикер
-
Интернет ресурстары
Қосымша материалдар
|
Оқыту әдістері:
|
Жаңа әдістер
| -
Миға шабуыл «Есептер шығару»
-
Тақырып ашу
-
Сергіту сәті
-
Топтық жұмыс
-
Жұптық жұмыс
-
Жеке жұмыс
-
Диалогтық оқыту
|
Дерек көздері:
|
Кітап : Химия 9 сынып. Н.Н. Нұрахметов, К.М.Жексембина,
Н.А.Заграничная, Ә.Е.Темірболатова, К.А. Сарманова
Есептер мен жаттығулар жинағы 9 химия: Ә.Е.Темірболатова
Қосымша мәліметтер, слайд.
|
Тапсырмалар:
|
Сұрақтарға жауап беру, есептер шығару, постер қорғау, жеке жұмыс, кесте орындау.
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің жұмыс бағыты мен іс-әрекеті
|
Оқушылардың
іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Мақсаты
|
Оқушылапрға психологиялық ахуал туғызу
|
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды қандай деңгейде өткізгіміз келеді көз алдымызға елестетейік. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтеріледі. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімді болайық. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақтап, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
Оқушылар көзін жұмып алдағы сабақта болатын жақсы жағдайларды көз алдарына елестетіп, көңіл күйлері көтеріледі.
|
|
Оқущылардың сабаққа белсене араласуына жағдай туғызу, көңіл – күйлерін көтеру.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу.
Мозайка бойынша оқушыларды топқа бөлу.
Мозайка құрастыру арқылы топтың аты шығады және сипаттама беру.
|
Оқушылар мозайка сәйкестендіру арқылы топ құралады.
Топ шыққан топ атына сипаттама жасайды.
|
|
Оқушылардың сынилығы артады
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Есеп шығару.
-
8 г тұзды 1 л суда еріткенде алынған ерітіндідегі натрий хлоридінің массалық үлесін есептеп шығарыңдар.
-
Магний карбанатының 294 килограмын қатты қыздырғанда 120 кг магний оксиді түзілді. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы магний оксидінің шығымын есептеңдер.
-
Массасы 150 г шойынды оттек ағынында шаққанда 3 г көміртек оксиді түзіледі. Шойынның құрамындағы көмірдің массалық үлесін табыңдар.
|
Құрастырылған мозайка артында жазылған есептерді шығарады.
|
Формативті бағалау
|
Өткенді қайта еске түсіру. Өзара бағалау өзін - өзі бағалау.
|
Тақырып ашу
Миға шабуыл
|
Тақтаға көмір мен метеорит суреті ілінідеі.
Суретке қарап оқушылардың айтқан мәліметіне қарай бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын баяндайды. «Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстары туралы білімді қорытындылау».
|
Оқушылар суретке қарап тақырыптың мәнін ашады.
|
|
Ойлау, сөйлеу қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту
|
Жаңа сабақ
Топтық жұмыс
|
Түстіжолақтары арқылы топтарға тапсырмалар бөлініп беріледі.
Тапсырмалар:
а)Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдың салыстырмалы сипаттамасы
ә) Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металлдардың орны
б) Металдар мен бейметалдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
|
1) Оқулықтағы материалды оқиды, талқылайды, пікірлерін постер арқылы жеткізеді.
2) Постерлерін таныстырады, бірін-бірі бағалайды.
|
«Екі жұлдыз бір тілек» жазу, бағалау.
|
Оқушылардың бойында танымдық қабілетін арттыру. Қызығушылығын арттыру арқылы көру, есте сақтау қабілеті артады.
|
Жұптық жұмыс
|
№1 жұп.
1. Адам организмінде күкірттің массалық үлесі 0,16% . салмақтары бойынша өз организмдеріндегі күкірттің массасын анықтаңдар.
2) Кремнийдің атом құрылысы:
2 жұп
№1 есеп. Төмендегі айналымдарды іске асырыңдар
N2→ NO → NO2 →HNO3→ Zn(NO3)2
2) Физикалық қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты алюминий құймалары техниканың қандай салаларында қолданады?
3 жұп.
№1 есеп. Адам массасының 8 % - ін қан құраса, онда салмағы 60 кг адамның қан құрамындағы темірдің массасын есептеңдер .
2) Шырпының басын қорапқа үйкелегенде не себепті тез тұтанады?
|
Жұптар тобында отырып тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар тақтаға жазылып көршілес топтар көмегімен тексеріледі.
|
Өзара бағалау
|
Оқушылардың білу, түсіну, өмірде қолдану икемділігін арттыру
|
Жеке жұмыс
|
1. Жеке жұмыс «Бейметалдарды сипаттайтын төменде келтірілген кестені толтырыңдар:
2. Жеке жұмыс «Mеталдарды сипаттайтын төменде келтірілген кестені толтырыңдар:
|
Оқушылар кестені толтырады
|
Критериалды бағалау
|
|
Қорытынды
Сабақты бекіту
|
«Сиқырлы шар» әдісі арқылы сабақты қорытындылау
|
Шар ішінде жасырылған сұрақтарға үш топ мүшелері жауап береді. Бірінің айтқанын бірі қайталамайды.
1 – шар. Металдардың биологиялық маңызы.
2 – шар. Бейметалдардың биологиялық маңызы.
3 – шар. Металдар мен бейметалдардың адам ағзасына зияны.
|
Жинақтау бағасы
|
Тез ойланып, тез шешім қабылдап, тез жауап беруге дағдыландыру
|
Үйге тапсырма
|
Есептер жипнағындағы
6/42 – 6/45
Бақылауда кездесетін есептерді шығару
|
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
|
|
Үйде өздігінен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру
|