Сабақ тақырыбы: Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары



Дата03.07.2017
өлшемі47.31 Kb.
#21576
түріСабақ
6- сыныбы

Пәні

Биология

Сабақ тақырыбы:

Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары


Жалпы мақсаты

Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формаларын білу.

Сілтеме

6 (7) сынып биология оқулығы (Р.Әлімқұлова. Р.Сәтімбекова. А. Соловьева) АКТ электрондық оқулық

Оқыту нәтижесі

Топтаса алады, пікір айта алады, пікірлесе алады, ойлау қабілеттері артады. Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары туралы біледі. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалануы арқылы өздерін- өздері реттеп, білімді меңгереді, АКТ-ны пайдаланып отырып, мұғалімнің көшбасшылығы мен оқушылардың дарындылығын анықтау.

Негізгі идеялары

Оқушылар Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формаларын білу.

Тапсырма көздері

1-тапсырма

Ой қозғау.

1.Лалагүлділер тұқымдастар қандай өсімдік?

2.Олардың тамыры қандай?

3.Жапырақтары қандай?

4. Ұсақ және ірі гүлдері қалай орналасады?

5.Гүлдерінің құрылысы қандай?

6.Жемісі не деп аталады?

7.Лапыз қандай өсімдік?

8.Қазақстанда лапыздың неше түрі бар және қалай аталады?

9.Лапыз қандай ауруларға ем ретінде дәрі алады?

Жауаптар.

1.Даражарнақты, шөптекті, көпжылдық

өсімдік.


2.Тамырсабақты, түйнекті пиязшықты

немесе пиязшықты.

3Қандауыр немесе таспа пішінді.

4. Шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады.

5. 6-күлтежапырақша екі шеңберде үш-үштен орналасады, 6-аталығы екі шеңберден үштен, аналығы-1

6. Қауашақ немесе жидек.

7. Көпжылдық, шөптекті, дәрілік және улы өсімдік.

8. Екі түрі сары лапыз, Кессельринг лапызы.

9. Медицинада дәрі ретінде пайдаланып.Тұқымынан қан ауруларын, подагра, қатерлі ісікті емдеуге

2-тапсырма

“ Жұптық жұмыс”

Лалагүлділер тұқымдасы



дәрілік

сәндік

техникалық

бөлме

өсірілетін.















Жауаптары

Дәрілік: Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп.

Сәндік : секпілгүл, сүмбілшаш,қызғалдақ (немесе жауқазын)

Техникалық: шырыш. Бөлмеде өсірілетін: кірпішөп.

«Сергіту сәті»

Жаңа сабақ


Жуа тұқымдастар – даражарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын даражарнақты өсімдіктер (83 - сурет). Бұлар пиязшықты, кейде түйнек - пиязшықты және тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Таспа тәрізді немесе сопақша жапырақтары жалпақ және түтікшелі болып келеді. Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады. Гүлдері – ұсақ, жай шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, күлгін және қаңқызыл түсті.

Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Гүлдері ашылғанға дейін бүкіл гүлшоғырының сыртын мөлдір қабықша қаптайды. Гүл жарған соң қабықша құрап қалады. Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі – қауашақ. Пияз тұқымдастарды тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады. Тұқымдары жел, құмырсқалар, жануарлар арқылы таралады. Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650 - ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110 - ға жуық түрі өседі. Пияз тұқымдастар – азықтық, мал азықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.

Сарымсақ (Чеснок) — пияз тұқымдастарына жататын шөп тәріздес өсімдік. Отаны — Оңтүстік Шығыс Азия. Жабайы сарымсақ екі жылдық, ал шаруашылық мақсатында өсірілетін сарымсақ бір жылдық. Сарымсақтың дәмі ащы, иісі өткір. Оның себебі құрамындағы эфир майында жатыр. Ауызды сасытып жағымсыз иіс шығаратын да қасиеті бар. Сарымсақ көне заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріледі. Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда сарымсақтар жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушар сарымсақты тамақ ретінде пайдаланған. Сарымсақ жетіспей қалған кезде олар шу көтерген.
Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға сарымсақ жеуді бұйырған.

Ерекше жағдай


Сарымсақ адам денсаулығына жан - жақты пайдалы болғанымен ВИЧ - ке қарсы егілген, қабылданған дәрілердің белсенділігін жояды екен. Бұл жөнінде америкалық бір топ фармацевт ғалымдар өздерінің зерттеулеріне сүйеніп айтқан.
Сарымсақтың құрамында B және C тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, кальций, хлор, темір, марганец, мыс, көмірсулар және тағы да басқа микроэлементтер бар.

Қызықты мәліметтер.


Әлем бойынша сарымсақты ең көп экспорттайтын ел — Қытай. Жылына 12 миллионнан астам тонна сарымсақты шет елдерге сатады. Одан кейін Үндістан мен Оңтүстік Корея елдері.

3- тапсырма

3-топ.

Пияз тустастарына жалпы сипаттама.



2- топ.

“Басты пияз”

3-топ.

“Сарымсақ”



4- тапсырма.

Термин сөздермен жұмыс

5-тапсырма

Семантикалық карта











Міндеттері

Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формаларын білу.

Кейінгі тапсырмалар

Үй тапсырмасы

§31 Кітап соңындағы сұрақтарға жауап



Кері байланыс

6- тапсырма

Білемін

Білгім келеді

Білдім












Бағалау.

Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет