Сабақ Тақырыбы: «химиялық элементтер, олардың таңбалары. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы»



Дата05.06.2018
өлшемі82.49 Kb.
түріСабақ
МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРТАЛЫҒЫ

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ашық сабақ

Тақырыбы:
«ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР, ОЛАРДЫҢ ТАҢБАЛАРЫ. ЗАТТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ МАССАСЫ»

«Жас химик» үйірмесінің мұғалімі: Үсіпжанов Е. Б.

Тақырыбы: Химиялық элементтер, олардың таңбалары. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы.

Химиялық заттың салыстырмалы молекулалық массасы.

Білімділік мақсаты:

Заттың салыстырмалы молекулалық массасын және күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды үйрету.



Дамытушылық мақсаты:

Заттың сандық және сапалық құрамын білдіретін химиялық формула жайлы білімді дамыту: негізгі ойды тақырыптан іздеп отырып, оқушылардың біліктілігін жетілдіру.



Тәрбиелік мақсаты:

Оқушының дүниетанымын кеңейтуге, жан-жақты болуға тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) амандасу ә)түгендеу б) оқышының назарын сабаққа аудару

ІІ. Оқушы білімін тексеру.

Атом дегеніміз не? Неліктен су атомын қант атомы деп атауга болмайды

Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатын қою

Химиялық элементтер, олардың таңбаларың жазып оқулуы мен айтылуын оқушыларға үйретіп, заттың салыстырмалы молекулалық массасы. Химиялық заттың салыстырмалы молекулалық массасы дегеніміз не екенін түсіндіру

ІV. Жаңа білім беру

Химияның негізгі түсініктерінің бірі — элемент. Элемент дегеніміз атомдардың жеке түрі. Бұл түсінікті химия ғылымына ағылшын ғалымы Р. Бойль енгізген.



boyler

Р. Бойль

Қазіргі кезде химиялық элементтердің 108 түрі белгілі, олардың ішінде 89-ы табиғатта кездессе, қалған 19-ы жасанды жолмен алынған.



xekitop.jpg

Химиялык әдебиетте элементтерді өздеріне тән таңбалармен белгілеу қабылданған, Бұл дәстүрді швед ғалымы Й.Я. Берцелиус ұсынған. Элементтердің таңбалары олардың латынша атауларының бірінші және келесі әріптердің бірімен белгіленеді. Мысалы, сутек - Hydrogenium (Н), оттек - Oxygenium (0), темір - Ferrum (Fе), мыс - Cuprum (Cu), сынап - Hydrargyrum (Hg), күкірт - Culfurum (S) т.б. Элемент таңбасының алдында тұрған сан коэффициент деп аталады, ол атомдар санын көрсетеді (5Fе, ЗН).



berciluis

Й.Я. Берцелиус (1799-1848)

Жай заттардың молекулалары бірдей атомдардан тұрады, мысалы, Fе,Cu; ал газ тектес жай заттардың молекулалары бірнеше атомнан тұрады, олардың сандары индекспен көрсетіледі, мысалы, 09, Н2. Индекс элемент таңбасының оң жағына астына жазылады.Кейбір жай заттардың атаулары оларды құрайтын элементтің атауымен сәйкес келеді, мысалы, күкірт - S, азот - N2, оттегі - 02, темір - Fе, мыс - Cu, т.б.

Судың құрамында оттек элемент күйінде болса, ауаның құрамында жай зат күйінде болады, сондықтан ауадағы оттегімен тыныс алуға болады және ол жануды колдайды, ал судағы оттек Бұл мақсаттарға пайдаланылмайды.
Сутегі (Н2) жанады, ол жай зат; ал судың Н20 құрамындағы сутек (Н) жанбайды, ол элемент.
Атомдар мен молекулалар өте кішкентай бөлшектер, сондықтан оларды көзбен көріп, қолға алуға болмайды.

Металдарға ортақ кейбір қасиеттері: металдык жылтыры, электр және жылу өткізгіштігі, оңай соғылып тапталатындығы, т.б. Ал бейметалдардың ортақ қасиеттері болмайды



. Қазіргі химия ғылымының жетістігі - химиялық элементтердің сипаттамалары мен қасиеттерінің айқындалуы.
Табиғатта түрлі элементтер кездеседі. Оларды ерте заманнан адамдар өз қажеттіліктеріне пайдаланған. Осы элементтерге жасанды жолмен алынатын радиоактивті элементтерді қоссақ олардың саны 110 - нан асып жығылады. Бізді қоршаған әлем түгелдей осы химиялық элементтерден тұрады. Халықаралық теориялық және қолданбалы химия Одағы реттік нөмірі 110, 111, 112 элементтердің химиялық таңбасын ресми түрде бекітті. Жаңа элементтердің аттары - дармштадтий, рентгений, коперниций (коперники) болып, 2010 жылы шілде айында берілді. Жаңа элементтердің таңбалары - Ds, Rg, Cn. Қазіргі уақытта 114, 116 элементтерге ат қою жүріп жатыр. 114 - ші элементке флеровий деп - Біріккен ядролық зерттеулер институтындағы ядролық реакциялар зертханасы атын алған әйгілі орыс физигі Георгий Флеровтың құрметіне берілуі мүмкін. 116 элементке АҚШ - тағы Лоуренс атындағы ұлттық зертхана орналасқан Ливермор қаласының құрметіне - ливерморий деген атау берілуі мүмкін. Олардың қызметкерлері Дубнадағы ғалымдарға аса ауыр элементті синтездеуге көмектесті. Бүгінде 113 - 118 элементтер синтезделді.

Химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының арасындағы реакцияларды бейнелеу мен түсінуді жеңілдету үшін халықаралық таңбалар қолданылады. Барлық элементтердің өзіндік таңбасы бар. Элементтерді таңбалауды швед химигі И. Берцелиус ұсынды. Таңбада сол элементтің латынша атауының бас әрпі мен келесі әріптердің бірі бейнеленеді. Мысалы, кремний элементінің таңбасы - Si, латынша силициум деп оқылады. Химиялық таңба - элементтің бір атомын бейнелейді. Егер атом саны бірден көп болса, оны таңбаның алдына жазып, коэффициент деп атайды. Мысалы, оттектің 5 атомы болса - 5 О, азоттың 3 атомы - 3N болады. Барлық химиялық элементтің таңбалары мен сипаттамалары орыс ғалымы

Д. И. Менделеев ұсынған кестеде бейнеленген.

images (1)
Химиялық элементтердің санынан олар түзетін қосылыстардың саны әлдеқайда көп. кейбір химиялық элементтердің - сутек, оттек, темір, күкірт т. б. атауы оларға сәйкес келетін жай заттардың атауымен бірдей болып келеді. Оларды бір - бірімен шатастырып алмау қажет. ол үшін мына жағдайды айтып өтейін: "Адам оттекпен тыныс алады", "Судың құрамына оттек кіреді" десек, бірінші сөйлемде оттек жай зат ретінде, екінші сөйлемде химиялық элемент ретінде айтылып отыр.

Атомдардың  массасы өте кіші  болғанымен  олардың сандық  мәні  дәлдікпен  анықталған. Мысалы  ең жеңіл атом атом сутегінің  атомдық массасы:

 mа (H)=1.66*10-24 г немесе 1,66*10-27кг Оттегінің массасы одан 16 есе ауыр:

 mа (O)=2.66*10-23     г немесе 2,66*10-26 кг-ға тең.

 Мынадай сандарды пайдалану ыңғайсыз. Сондықтан атомдық массаны  өлшеу үшін арнайы өлшем бірлігі,  массаның атомдық бірлігі (м.а. б) қолданылады .

Массаның  атомдық бірлігі (м.а. б.) бұл көміртегінің 1/12 атомдық массасына тең. Көміртегі  атомның массасы:

2,0*10-26г немесе2,0*10-26кг,ал мұның 1/12 бөлігі

20*10-26kг      =1.66*10-27кг =1,66*10-24г.

 Осы мәндір м.а.б. деп аламыз. Бір атомдық масса бірлігіне тең  сандық мәнді салыстырмалы атомдық масса деп анықтама беріледі. Салыстырмалы атомдық масса  өлшемсіз шама екенін және оны (индексі ағылшын тілінде  relative- "салыстырмалы ” деген мағына береді ).

 Мысалы оттегі үшін:

                      Ar=2.66*10-23        = 16

                            0.66*10-23

 массасының  атомдық бірлігімен (м.а.б.) алынған  атомдар  массасынан салыстырмалы  атомдық массаның  өлшемсіз шамасын ажырата білу керек.

мысалы;   mа (H)=1м.а.б.             Аr (H)   =1

                  та (O)=16 м.а.б.          Ar (O ) =16

                  та (S)=32 м.a.б.          Ar  (S)  =32

Демек сутегі атомның массасы  көміртегі  атомның массасына 1/12 бөлігіне  тең екенін,  ал оттегі  ал оттегі  атомның  массасы 16 есе, күкірт 32 есе бұл масадан  ауыр екенін көрсетеді.

Элементтердің таңбалары әліпбидін, әріптері тәрізді. Әріптерден сөз құрауға болатыны секілді элементтердің таңбаларын қолданып кез келген молекуланың құрамын өрнектеуге болады. Химиялық формулалар заттың сапалық және сандық құрамын көрсетеді, сандық құрамы индекстер аркылы белгіленеді (бір саны жазылмайды). Жай заттар үшін элементтің таңбасы - формуласы да болады: Ғе, Cu, Ag, Ar.


Мысалы, Н20 (аш екі о) судың формуласы, су молекуласы сутек пен оттек элементтерінен (сапалык құрамы) және сутектің екі атомы мен оттектің бір атомынан (сандық құрамы) тұратынын көрсетеді.
Формуланың алдындағы коэффициенттер молекулалар санын көрсетеді. Мысалы, 5S02(бес эс о екі), Р20. (рэ екі о бес), т.б.

1. Формулалар бойынша зат күрделі немесе жай зат екенін анықтай аламыз: 02 - жай зат; Н20 - күрделі зат.

2. Молекула құрамына кіретін элемент атомдарының сандарының ара қатынасын анықтауға болады. NaOH - Бұл қосылыста атомдар сандарының қатынасы 1:1:1 болады, ал CuS04 молекуласында бұл қатынас - 1:1:4

3. Заттың формуласы бойынша оның молекулалык массасын аныктауға болады.



formula01.jpg sred1.jpg formula02.jpg

Салыстырмалы молекулалық масса деп зат молекуласы массасының атомдық масса бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін шаманы айтады, ол МRдеп белгіленеді.

Бұл шама молекуланың абсолюттік массасы деп аталады. Зат молекуласы атомдардан тұратындықтан, оның салыстырмалы молекулалық массасын табу үшін зат құрамына кіретін элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын (АR) индекстеріне көбейтіп қосамыз.

Мысалы, CuS04 молекуласының салыстырмалы молекулалық массасы:


Mr(CuS04)=Ar(Cu)+Ar(S)+4Ar(0) Mr(CuS04)=64+32+4 • 16=160
Енді осы заттың бір молекуласының массасын табу үшін формуланы пайдаланамыз.
mM(CuS04) = 160 • 1,66 • 10−27 = 2,66 • 10-25 кг.

V. Жаңа сабақты түсінуін тексеру

Химиялық элемент дегеніміз не?

Химиялық элемент таңбасы қайдан шыққан, ол нені белгілейді?

Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасының таңбасын жаз

Химиялық заттың салыстырмалы молекулалық массасының таңбасы қандай?

VІ. Жаңа білімді бекіту

Мына элементтерді ата:

1 нұсқа:             H, ........... AІ................   Na, .................. N

2 нұсқа:            S, ........... Zn,..............    O,  ..................  Mg

3 нұсқа:            Ca,               CІ,               Fe,                   P

VІІ. Бағалау. Күлегештер арқылы бағалау.



VІІІ. Үйге тапсырма Оқып келу.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет