Сабақ тақырыбы: «Есептеу техникасының даму тарихы. Эем кезеңдері»



Дата21.12.2017
өлшемі48.38 Kb.
түріСабақ
Бекітемін: Келісемін: Келісемін:

Мектеп-лицей директоры Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ жетекшісі

Казиева Н.А Алиев Н.М Колхосова С.С

_______________ _ _____________ ____________



Ашық сабақ

ТАҚЫРЫБЫ: «Есептеу техникасының

даму тарихы. ЭЕМ кезеңдері»







картинки по запросу римский абакhttp://img0.liveinternet.ru/images/attach/c/3/75/765/75765952_3424885_635243_noviirazmer.jpg

Өткізген:

информатика пәні мұғалімі - Жұмағазина Шолпан

Алматы, 2016ж


Күні : Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы.

ЭЕМ кезеңдері



Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Оқушыларды есептеуіш техникасының даму тарихы және оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру, ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру;

Тәрбиелілік: жүйелі және ретті жұмыс жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, таратпа карточкалары, видеоматериалдар, слайд

Оқыту формасы: ұжымдық, жеке

Пәнаралық байланыс: ағылшын, тарих

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Сабақ «Серуен сабақ» ретінде өтеді, оқушыларды серуен сызбасымен таныстыру.

1. «Мектеп»

2.«Футбол» алаңы

3.«Кинотеатр» әлемі

4.«Дәмхана» тамақтану орны

5.«Дисконт карталары»

6.«Театрға» бару

7. «Менің үйім»



II. Үй тапсырмасын тексеру.

«Мектептен» шығып «Футбол» алаңына ойнауға барамыз, яғни бұл кезеңде оқушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне сұрақ қояды. Тақтада слайдпен ойын алаңы көрініп тұрады.



Жауабы: беру, сақтау, өңдеу, қабылдау

Жауабы: галактика, жұлдыз, ғаламшар



Жауабы: Питер

Жауабы: Мелисса, Winzip, Chih, word



  • Зақымдаушы программа: Вирус

  • Мұрағаттаушы программа: Winrar

  • Тез тарайтын вирус қалай аталады? *Мелисса

  • Вирустың көзі бола алмайды: модем

III. Жаңа түсініктер мен әрекеттердің қалыптасуы. «Кинотеатр әлемі» бұл кезеңде слайд және видеоматериалдар арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.

Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.



bd14578_ Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында болған.

bd14578_ Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған.

bd14578_ 17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Непер логарифм түсінігін енгізді, логарифм кестесін құрды.

bd14578_ 1761 ж. Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған.

bd14578_ 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.

bd14578_ 1694 ж неміс математигі Лейбиниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды. Есептеуіш техниканың даму ХІХ ғасырдан қарқындап дами бастады.

bd14578_ 1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады. Оны қазіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.

bd14578_ Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.

bd14578_ ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфарациялық машинасын құрды.Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлерит есепші-перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. IBM фирмасына айналды.

bd14578_ 1944 американ математигі Говард Айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.

Электронды есептеуіш машиналар.



bd14578_ Бірінші электрондық машина 1946 жылы Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.

ЭЕМ буындары:

Бірінші буында - бірінші электрондық машина ENIAC, EDSAC машиналары болды. 1940-1955 жылдар.

Екінші буынға - 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер транзисторлар пайда бола бастады. Онда бағдарламалық тілдер: Фортран, Алгол, Кобол қолдана бастады.

Үшінші буынға - интегралдық негізде құрылған ЭЕМ-дер.

Қазіргі кезегі компьютерлер төртінші буынға жатады.



Бесінші буындағы комтьютерлер әлі шыққан жоқ.

Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни "жасанды интеллект" ЭЕМ-дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені (есепті) шешетін болады.



IV. Қолдану. Біліктілік дағдысын қалыптастыру (Қорытындылау).

«Дәмхана» тамақтану орнында оқушыларға карточкалармен сұрақтар беріледі.



  • Блез Паскаль жасаған машина қалай аталады? Паскалина

  • Ежелгі Римдегі есептеу құралы. Абак

  • Аналитикалық машинаны ойлап тапқан ғалым: Ч.Беббидж

  • Алғашқы программист : Ада Лавлейс

  • ЭЕМ бірінші кезеңі: 1946-1958

  • ЭЕМ екінші кезеңі: 1958-1964

  • ЭЕМ үшінші кезеңі: 1964-1972

  • ЭЕМ төртінші кезеңі: 1972 ден бүгінге дейін

  • Соғыс қажеттілігі үшін жасалған компьютер: ENIAC

  • Суперкомпьютерлер қай буынға жатады? 4


V. Сабақты бекіту.

Компьютермен жұмыс. «Дисконт карталары» - бұл кезеңде оқушыларға жеке таратпа карточкалары арқылы тест сұрақтары беріледі.

VІ. Үй тапсырмасы туралы мәліметті алу кезеңі.

6-шы тақырыпты оқу. 42 беттегісұрақтарға жауап беру



VIІ. Сабақты бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

VIIІ. Рефлекция кезеңі. Оқушылар өздеріне таратылған смайликтерге сабақтан алған өз әсерлері туралы жазып қалдырады. Балалар, сонымен біздің бүгінгі серуен сабағымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңдар!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет