Сабақ тақырыбы Ауа райы және метеорологиялық элементтер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата05.06.2018
өлшемі167.92 Kb.
түріСабақ



Бөлім 3 Физикалық география
Бөлімше: 3.1 Атмосфера

Мектеп: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

«Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Күні: 17.11. 17


Мұғалімнің аты-жөні:

География пәні мұғалімі Кашаганова С.У.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауа райы және метеорологиялық элементтер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.3.2.3 -«ауа райы» ұғымын түсіндіреді

7.3.2.4 температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды.



Сабақ мақсаттары

«Ауа райы» ұғымын түсіну.

Жекелеген метеорологиялық элементтерді сипаттап, зерттеу маңыздылығын түсіндіру (қысым, температура, жел).



Бағалау критерийлері

Ауа-райы ұғымы мен оны құрайтын элементтерді біледі.

Жекелеген элементтердің өлшеу жолдарын құралдарын қолдана отырып, сипаттап, зерттеу маңыздылығын түсіндіре алады, өз жұмыстарына талдау жасай алады.



Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Биология. Физика, математика пәндерімен байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім


Оқушылар осыған дейін ауа райы туралы білетін ойларын айта алады. Ауа райының элементтерін айта алады. 5-6 сыныптағы білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

І. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.Оқушыларды топқа бөлу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Бүгін бізде ерекше сабақ болайындеп тұр балалар, сендер көп нәрсе көрсетесіңдер, белсене қатысыңыздар, мен сіздерге сенемін».

«Ауа райы» туралы видиороликті көрсету арқылы тақырыпты ашу .

Сабақтағы видеодан көргендерін сипаттап талқыға сала алады. Олай болса, бүгінгі тақырып не туралы деп ойлайсыңдар және алдарыңа қандай мақсат қоясыңдар?

1) «ауа райы» ұғымын түсіну

2) температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтап,талдайды. Топ атауларын метеоролиялық элементтерге байланысты қойдым.


  1. Ауа температурасы - сары

  2. Атмосфералық қысым - қызыл

  3. Атмосфералық жел - көк



http://r3---sn-n8v7znsz.googlevideo.com/videoplayback?key=cms1&mime=video%2Fmp4




3 минут


2 минут

3+3+3 минут


3 минут

3 минут

3 минут



ІІ. Мәтінмен жұмыс:

  • Ауа температурасы

  • Атмосфералық қысым

  • Атмосфералық жел




  1. Топ – «Ауа температурасы неліктен және қалай өзгереді?» тәжірибе жасау

  2. Топ – «Атмосфералық қысымның өзгеруіне қандай түрткіжаттар әсер етеді?» тақырыбында жоба қорғау

  3. Топ – «Жел және оның түрлері» тақырыбында постер қорғау

1)«Ауа температурасы неліктен және қалай өзгереді?»

А) ауа температурасы дегеніміз не, ол қалай өзгереді?

Ә) ауа температурасына сипаттама, температураны өлшеу құралы мен тәулігіне өлшеу мерзімін айту

Б) тәжірибе жасау арқылы температураның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру.


Тәжірибенің жүру барысы

Оқушы май шамның жануын зерттеу үшін тәжірибе жасады. Тәжірибе сұлбасы суретте берілген. Суретпен танысып, тапсырмаларды орындаңыз.





    1. Оқушы тәжірибесінің мақсатын тұжырымдаңыз.

    2. Тәжірибеден күтілетін нәтижені болжаңыз

    3. Суреттегі екі жағдайды салыстырып, тәжірибе қорытындысы қандай болғанын жазыңыз.

    4. Майшамның өшуіне атмосферадағы қандай газдың жетіспеушілігі себеп болды?


Қорытынды: Неліктен үсті жабылған майшам өшіп қалды?

май шам оттегі болған кезде жақсы жанады; /май шам жануы үшін оттегі қажет;/май шамға стаканды төңкергенде, ол сөніп қалады, себебі, шыны ішіндегі ауа жоғары көтеріледі де, оттегі жетіспейді. Сондықтан егер үй жағдайында өрт шықса, мүмкіндігінше еденге жақын орналасу қажет.


2) «Атмосфералық қысымның өзгеруіне қандай түрткіжаттар әсер етеді?» тақырыбында жоба қорғау. Мәтін бойынша жұмыс жасап, жұмыстың мақсатын, зерттеу нәтижесін тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Жұмыс жоспары:

А) жобаның мақсатын анықтау

Ә) негізгі бөлім: қысымға анықтама беру, қысымның биіктік бойынша өзгеруін есептеп шығару

Б) зерттеу бөлімі: тәжірибе жасау арқылы қысымды талдау

Д) қорытынды



3)«Жел және оның түрлері» тақырыбында постер қорғау.

1. жел дегеніміз не?

2. Жел қалай пайда болу схемасын түсіндіру.

3. Желдің түрлері

4.Желді зерттеудің маңызы

img6 img7
ІІІ. «Жариялау» әдісі. Оқушылардың іс-әрекеті.

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)



Дескриптор Білім алушыны қалыптастыру бағалау арқылы бағалау – смайликтерін беру

  1. Май шам жануы үшін оттегі қажет екенін анықтайды;

  2. Төменгі және жоғары атмосфералық қысым аймақтарының айырмашылықтарын көрсете алады

  3. Желдің пайда болу схемасын түсіндіре алады


Бағалау: Оқушылар бір-бірінің «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
ІV. Оқушылардың іс-әрекеті.

Топпен жұмыс.

Оқушыларға алған білімдерін талдау мақсатында әр топқа практикалық тапсырма беріледі.

Ақтау қаласындағы ауа райының мәліметі оқушыларға беріледі. Осы мәліметтерді пайдалана отырып әр топ тапсырмаларды орындайды.

Тапсырма:

1 – топ . Температураға қатысты: орташа жылдық температураны және орташа жылдық амплитуданы анықтайды.похожее изображение

2 – топ. Ауа қысымына қатысты есептерді шығарады.

3 – топ. Оқушылар кестеге сәйкес желдің бағытын анықтап, жел өрнегін сызады



Оқушылар мұғалім берген ауа райы кестесіне байланысты түрлі есептеулер жасайды.

1 – топ . Температураға қатысты: Ақтау қаласының ауа райы кестесін пайдалана отырып орташа жылдық температураны және орташа жылдық амплитуданы анықтайды.


2 – топ. Ауа қысымына қатысты есептерді шығарады.

  • һ= 1 км көтерілгенде – Р = 100 мм-ге төмендейді.

Мысалы, Таудың биіктігі 4 км. Төбесінде атмосфералық қысым сын. бағ. бойынша 365 мм-ді құрады. Тау етегіндегі атмосфералық қысымды есептеңіз.

Жауабы: 4×100=400

400+365=765 мм

Тапсырма: Егер жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм болса, ұшақ жер бетінен 9 км биіктікте ұшып бара жатыр. Осы биіктіктегі ұщақ қанатындағы қысымды табыңдар?
3 – топ. Оқушылар кестеге сәйкес желдің бағытын анықтап, жел өрнегін сызады


Көкжиек бағыттары

С

СБ

Б

ОБ

О

ОШ

Ш

СШ

Желді күндер

3

4

6

3

2

5

2

0



Тапсырмалардың дұрыс орындалғанын тақтадан тексерейік.

Дескриптор - Білім алушы

- географиялық дереккөздермен жұмыс істей отырып:

- жылдық орташа температураны есептейді;

- жылдық температурсының амплитудасын есептейді.

- Атмосфералық қысым мен температураның өзгерістеріне байланысты есептер шығарады

- Таудың биіктігін есептейді



  • Қысымның өзгеруіне байланысты таудың биіктігін табады

- жел өрнегін сыза алады;



V. «Интервью» әдісі

Тақтада метеоролиялық карта тұрады. Сол картаға Қазақстанның климаттық картасын пайдалана отырып, стикерге жазып желді аймақтарды, ең төмен жоғары қысым аймақтарды, температураларды белгілейді. Тапсырманы орындау кезінде мұғалім атлас картамен жұмыс жасау жолдарын таныстырады.


Дескриптор Білім алушы

- Қазақстанның синоптикалық картасын құрастырады;

- қаңтар айының көрсеткіштерін көк түспен көрсетеді;

- шілде айының көрсеткіштерін қызыл түспен көрсетеді;

- картаға талдау жасайды.

Тақтаға бір оқушы шығып Актау қаласының ауа райын таныстырып өтеді.



7 сыныптың оқулығы, мәтін

https://www.gismeteo.ru/diary/30317/2017/11/



«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.





Сабақтың соңы

3 минут

VI. «Бағалау аялдамасы» Қорытынды жасау.

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Оқушыларға бағалау критерийлерін қайтадан көрсету, сабақ мақсатына қайтадан оралу.

  1. Мақсатқа жетсек не себеп болды?

  2. Мақсатқа жетпесек не себеп болды?

  3. Қай жері қиын, қай жері оңай болды?

  4. Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

Үй тапсырмасы: Бір айлық ауа-райын бақылау күнделігін жүргізуді бастап, 1 апта күнделігін толтырып әкелу.


Бағалау парақшасы





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қабілеті жоғары оқушыларға. Қосымша тапсырмалар беруге болады.



Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау



Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Бағалау парақшасы

Оқушының аты-жөні




Тапсырма



Дескриптор

+/-

Білім алушы

«Жариялау» әдісі

Май шам жануы үшін оттегі қажет екенін анықтайды




Төменгі және жоғары атмосфералық қысым аймақтарының айырмашылықтарын көрсете алады




Желдің пайда болу схемасын түсіндіре алады




Практикалық жұмыс

жылдық орташа температураны есептейді




жылдық температурсының амплитудасын есептейді




Таудың биіктігін есептейді




Қысымның өзгеруіне байланысты таудың биіктігін табады




жел өрнегін сыза алады




«Интервью» әдісі


Қазақстанның синоптикалық картасын құрастырады




қаңтар айының көрсеткіштерін көк түспен көрсетеді




шілде айының көрсеткіштерін қызыл түспен көрсетеді




картаға талдау жасайды





Бағалау парақшасы


Тапсырма



Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Білім алушы

«Жариялау» әдісі

Оқушылар сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтап,талдайды.Сабақтағы видеодан көргендерін сипаттап талқыға сала алады.

Май шам жануы үшін оттегі қажет екенін анықтайды

1

Төменгі және жоғары атмосфералық қысым аймақтарының айырмашылықтарын көрсете алады

1

Желдің пайда болу схемасын түсіндіре алады

1

Практикалық жұмыс

Ақтау қаласындағы ауа райының мәліметі оқушыларға беріледі. Осы мәліметтерді пайдалана отырып әр топ тапсырмаларды орындайды.

жылдық орташа температураны есептейді

1

жылдық температурсының амплитудасын есептейді

1

Таудың биіктігін есептейді

1

Қысымның өзгеруіне байланысты таудың биіктігін табады

1

жел өрнегін сыза алады

1

«Интервью» әдісі


Сол картаға Қазақстанның климаттық картасын пайдалана отырып, стикерге жазып желді аймақтарды, ең төмен жоғары қысым аймақтарды, температураларды белгілейді.

Қазақстанның синоптикалық картасын құрастырады

1

қаңтар айының көрсеткіштерін көк түспен көрсетеді

1

шілде айының көрсеткіштерін қызыл түспен көрсетеді

1

картаға талдау жасайды

1

Барлығы







12


Дискриптор

4 ұпай – «5»

3 ұпай – «4»

2 ұпай – «3»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет