Көз
Сыныпқа көздіӊ макетін көрсетеміз. Олардан адамныӊ көзі туралы не білетіндігін сұраймыз.
Көз - күрделі оптикалық жүйе болып саналады. Көз алмасының тор қабатында (сетчатка) нәрсенің кішірейтілген, шын, төңкерілген кескіні пайда болады.
Көздің оптикалық жүйесі: қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы (қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір серпімді дене), көз алмасының ішкі бөлігін толтырып тұратын қоймалжың сұйық шыны тәріздес дене.
Көздіӊ диаметрі: ≈ 22 мм;
Көз бұршағының сыну көрсеткіші ≈1,44;
Көздіӊ оптикалық күші ≈58 дптр
Көздіӊ құрылымы
Бейнекөрініс көрсету: http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/10914-optikalyq_qural_koz
1-склера (көз алмасының сыртқы қабықшасы); 2-қасаң қабық (роговица) - склераның алдыңғы мөлдір бөлігі; 3- түсті қабық (адамдар көзінің түсті қабығы әртүрлі болады); 4-көздің қарашығы (зрачок) – жарық өтетін саңылау. Оның диаметрі рефлективті түрде 2 мм - 8 мм-ге өзгеріп отырады; 5-көз бұршағы (хрусталик) - қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір серпімді дене; 6-циллиарлық бұлшық еттер көз бұршағының қисықтық радиусын өзгертеді, яғни оптикалық күшін өзгертеді; 7-көз алмасының ішкі бөлігін толтырып тұратын қоймалжың сұйық шыны тәріздес дене (стекловидное тело); 8-тамырлар қабығы; 9-көз алмасының түбін тұтас жауып тұратын торлама (сетчатка). Торлама көз жүйке тамырларының тармақтарынан тұрады. Көру жүйкесі құтышалар (≈ 7 млн.) мен таяқшалар (≈130 млн.) деп аталатын талшықтардан тұрады; 10-көру жүйкесі; 11- соқыр дақ; 12-сары дақ (центральная ямка) – торламадағы жарықты ең сезгіш орын (мұнда нәрсенің түсін қабылдайтын кұтышалар топталған).
Тапсырма:
Көз аккомодациясы
Әртүрлі қашықтықта орналасқан нәрселердің көз алмасының торламасында анық кескінін пайда болуы үшін көздің оптикалық жүйесінің фокус аралығы өзгеруі керек.
Көз нәрсенің орналасу қашықтығына байланысты өзінің оптикалық күшін рефлективті өзгертуі мүмкін. Бұл процесс аккомодация деп аталады.
Көз торламасында кескінніӊ пайда болу моделі:
(D) http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba083-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_8.swf
Аккомодация циллиарлық бұлшық еттердің (6) сығылуы немесе созылуы нәтижесінде жүзеге асады. Циллиарлық (кірпік) бұлшық еттерінің босаңдық кезінде көздің көретін нүктесі алыстағы нүкте деп аталады. Циллиарлық бұлшық еттерінің ең үлкен күш салуы кезінде көздің анық көретін нүктесі жақындағы нүкте деп аталады. Сау көздіӊ алыстағы нүктесі шексіздікте, ал жақындағы нүктесі 15-20 см қашықтықта орналасқан.
Көз ақаулары
а) сау көз
б) жақыннан көргіштік
в) алыстан көргіштік
Жақыннан көргіштік - көздің алыстағы нүктесі шекті қашықтықта орналасады және күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның алдында пайда болады. Көздің бұл ақауы жақыннан көргіштік деп аталады. Осы ақауды түзету үшін шашыратқыш линзалары (D<0) бар көзілдірік киеміз.
Жақыннан және алыстан көргіштік моделдері:
(D)
Жақыннан көргіштік және оны көзілдірікпен түзету
Жақыннан көргіштер алыстағы нәрселерді анық көре алмайды. Жақыннан көргіштер үшін еӊ жақсы көру аралығы 25 см ден кіші.
Алыстан көргіштік - көздің жақындағы нүктесі алыстап кетуіне алып келетін көздің ақауы. Күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның сыртында пайда болады. Осы ақауды түзету үшін жинағыш линзалары (D>0) бар көзілдірік киеміз.
Алыстан көргіштік және оны көзілдірікпен түзету
Алыстан көргіштер жақын тұрған нәрселерді дұрыс көрмейді. Алыстан көргіштер үшін еӊ жақсы көру аралығы 25 см ден үлкен.
Астигматизм – қасаң қабықтың (роговица) сфералық еместігімен (әртүрлі жазықтықта қисықтықтың әртүрлі болуы) байланысты көздің ақауы.
Бинокулярлық көру
Бір көзбен немесе екі көзбен көрудіӊ айырмашылығы барма?
Бір көзбен көру бізге қай нәрсеніӊ жақын, қай нәрсеніӊ алыс тұрғанын толық айыруға мүмкіндік бермейді. Екі көзбен көру – көру аймағын кеӊейтеді, біз үлкен кеӊістікті көреміз. Екі көзбен көретіндіктен, біз нәрсені жазық емес, көлемді күйінде көреміз.
Адам горизонтал бағытта 1200 шекарасында көреді. Төмендегі суреттерде бинокулярлық көру аймақтары көрсетілген.
(G) Топпен жұмыс
1-топ үшін тапсырмалар:
1. Адам көзініӊ оптикалық жүйесініӊ негізгі бөліктерін атаӊдар.
2. Адамныӊ көз бұршағы өзініӊ қисықтығын өзгертеді. Бұл не үшін керек?
3. Оқушы оптикалық күші +2 дптр болған көзілдірік киеді. Көзілдірік линзасыныӊ фокус аралығы қандай? Бұл көзілдірік көздіӊ қандай ақауын түзетеді?
4. Судан шыққан балықта қандай көз ақауы «пайда болады»? Алыстан көргіштік немесе жақыннан көргіштік. Неліктен?
2-топ үшін тапсырмалар:
1. Көзде пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.
2. Қандай жағдайда адамныӊ көз бұршағыныӊ фокус аралығы үлкен болады: теледидар көргенде немесе кітап оқығанда?
3. Оқушы оптикалық күші -1 дптр болған көзілдірік киеді. Көзілдірік линзасыныӊ фокус аралығы қандай? Бұл көзілдірік көздіӊ қандай ақауын түзетеді?
4. Суретте көз ақаулары көрсетілген. Қайсы суретте көздіӊ алыстан көргіштік ақауы көрсетілген және оны қандай көзілдірікпен түзетеміз?
3-топ үшін тапсырмалар:
1. Қандай оптикалық аспап өзініӊ қасиеті бойынша адам көзіне ұқсас келеді?
2. Көздіӊ еӊ жақсы көру аралығы дегеніміз не? Ол қаншаға теӊ?
3. Оқушы оптикалық күші +2,5 дптр болған көзілдірік киеді. Көзілдірік линзасыныӊ фокус аралығы қандай? Бұл көзілдірік көздіӊ қандай ақауын түзетеді?
4. Суретте көз ақаулары көрсетілген. Қайсы суретте көздіӊ жақыннан көргіштік ақауы көрсетілген және оны қандай көзілдірікпен түзетеміз?
|