Сабақ Тақырыбы: Қаңқа бөлімдері Пән мұғалімі: Махамбетов С. С вознесеновка 2016-2017 оқу жылы Мақсаты



Дата14.07.2017
өлшемі64 Kb.
#35193
түріСабақ
Ашық сабақ

Тақырыбы: Қаңқа бөлімдері


Пән мұғалімі: Махамбетов С.С

Вознесеновка 2016-2017 оқу жылы

Мақсаты:

Білімді қалыптастыру:Қаңқаның атқаратын қызметін,тірек қимыл жүйесінің маңызы мен қасиеті туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:Бас қаңқасы,дене қаңқасы,кеуде қуысы,иық белдеуі,қалдың еркін қозғалу қаңқасы құрлысы мен атқаратын қызметіне тоқталып кеңірек түсінік беру.

Тәрбиелілік: Адам үшін қаңқа бөлімдерінің маңызын,омыртқа жотасының атқаратын қызметіне тоқталып оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.

Көрнекілігі:Қаңқа құрлысы,бассүйек.

Сабақтың түрі:Баяндау,

 

 



І.Ұйымдастыру.

Амандасу,оқушыларды түгендеу

Сынып бөлмесін дайындау

Оқушыларды сабаққа дайындау.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тақырып:Тері және бұлшық ет сезімі,иіс сезу және дәм сезу.Ұанекей оқушылар үй тапсырмасын қаншалықты білетіндеріңізді биологиялық диктант арқылы тексеріп көрейік.

А)Жасырын сөзді тап! 

 Тері сырқы ортамен қалай жанасады? (тікелей жанасады.)

 Жылу және суықты рецепторлар қайда орналасады? (бетте және ерінде)

Сипап сезу дегеніміз не? ( тері сезімі.)

Сипап сезу мүшесі кімдерде өте қатты дамиды? (соқыр адамдарда)

Дәм сезу бүршіктері неше дәм сезеді?  

 

 Б) Сөзжұмбақ



1.Тілдің ұшы қандай дәмді сезеді?(тәтті)

2.Ауызға түске құрғақ тағамды ерітетеін сұйықтық?(сілекей)

3.Тілдің бүйір шеті қандай дәмді сезеді?(Қышқыл)

В) Тері рецепторларының аттарын атаңыздар?

1)Қысым


2)Жанасу

3)Жылу


4)Суық

5)Ауырсыну

6)ауырсыну
С)Тіл неше түрлі дәм сезеді және оларды атаңдар?

1.Тілдің ұшы.............сезеді?(тәттіні)

2.Орталық және артқы бөлігі..............сезеді?(ашыны)

3.Алдыңғы және бүйір бөлшектері..........сезеді? (тұзды нәрсеге сезімтал)

4.Тілдің бүйір шеті............сезеді? (қышқыл дәмді)
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Жаңа сабақ жоспары:

1.Тірек қимыл жүйесінің маңызы.

2.Бас қаңқасы.

3.Дене қаңқасы.

4.Кеуде қуысы.

5.Иық белдеуі.

6.Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы.

7.Аяқ қаңқасы,аяқтың еркін қозғалысы.
Тірек-қимыл аппаратының маңызы.

Оқушылар! Қаңқа бөлімдері деген жаңа сабағымызды бастаймыз.

Егер адамның тірегі қаңқасын алып тастаса қалай болар еді?

 Қаңқа құрлысы сүйектерден және олардың бір-бірімен байланысынан тұрады. Біздің денемізге тірек болып, пішінін сақтайды, қорғаныштық

қызмет, қан түзілуін қызметін атқарады. Аяқ қол сүйектері иін тірек болып

табылады. Ол арқылы дененің қимыл-қозғалысы жүзеге асырылады.


Бас сүйектің маңызды мүшелері – миды, кеуде қуысы - жүрек , өкпе, жамбас астауы - асқазан, жыныс т.б мүшелерін қорғайды.

Адам қаңқасында 200 ден астам сүйектен құралған. Адам денесіндегі әр бір сүйектің пішіні, мөлшері және қаңқада белгілі бір қызмет атқарады.

 

Ми бас сүйегінің  сүйектері - маңдай,шүйде,жұп самай,төбе сүйектері.

Бұлар миды қорғайды. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар. Ми мен жұлын жалғасады. Сүйектердегі кішкентай тесіктер арқылы жүйкелер мен қан тамырлары өтеді.

Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер – қозғалмайтын үстіңгі, қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері және бет, мұрын, таңдай, т.б. сүйектер құрайды. Жақ сүйектерінде тістер орналасқан. Бұл қаңқаның бірден-бір жалаң бөлігі болып табылады. Тіс түбірі жақ сүйегіндегі ұяда терең орналасқан, сондықтан олар берік бекиді.

Қаңқа құрылысы:

 Омыртқа жотасы дене бөліктерін байланыстырып,жұлынға қорғаныштық қызмет атқарады. Бас, қол, бүкіл дененің тірек қызметін атқарады. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады.

Мойын - 7 омыртқа, арқа - 12, бел - 5, сегізкөз -5, құйымшақ 4-5.

Омырқа жотасы иілім түзеді. Адамда иілімнің болуы омыртқалы жануарлардан ерекшелейді, дененің тік жүруіне байланысты. Омыртқа арасында серпімді омыртқааралық серпімді дискілер орналасқан. Омыртқалар бірінің үстіне бірі орналасып,омырқа тесігі жұлын орналасатын омыртқа өзегін түзеді.



Кеуде қуысы: Арқа омыртқалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Доға тәрізді иілген 12 жұп қабырға болады.

Иық белдеуі: Екі жауырын,екі бұғанадан тұрады. Жауырын кеуде қуысының арқа жағында орналасады,жалпақ үшбұрышты сүйек.

Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы: тоқпан  жілік, кәрі жілік, білек, қол, басы сүйегі.

 Тоқпан жілік жауырын мен қозғалмалы байланысып әртүрлі қимыл қозғалыс жасауға көмектеседі.



Тоқпан жілік:білек,кәрі жілік,шынтақ сүйектерінен тұрады.

 

Қол басы сүйектері: білезік, алақан, майда  саусақ сүйектерінен тұрады.



Аяқ қаңқасы: (Жамбас белдеуі)омыртқа жотасының сегізкөз бөлімінен екі жамбас сүйегінен тұрады. Жамбас бүкіл дене сүйектері тірек түзеді. Жамбас белдеуі ішкі мүшелерді қорғайды,оларды ұстап тұрады.

Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне ортан жілік,асықты жілік,шыбық сүйегі, майда 26-сүйектен тұратын толарсақ, табан, бақай сүйектері жатады. Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін күмбез тәрізді пішінге ие болады.



Сергіту сәті: Оқушылар бүгінгі сабағымыз адам қаңқасының бөліктері туралы болғандықтан, біз сіздермен сүйектерімізге пайдалы әрі биология сабағы салауатты өмірдің қаншалықты маңыздылығын насихаттайтын сабақ болғандықтан қазір дене жаттығуларын жасаймыз. Бірінші мойын және арқа омыртқаларын жаттықтырамыз, содан кейін жауырынмен тоқпан жілігімізді бірге алға және артқа қимылдату арқылы сергітеміз. Ал енді кәрі жілігімізді жаттықтырамыз.

ІV.Ақпаратпен байланыс. Денсаулық зор байлық деп қазақ халқымыз бекерден-бекер айтпаса керек. Күнделікті біз оқып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарында денсаулыққа байланысты ақпараттар немесе мақалалар барма және денсаулықтың маңыздылығын біздің қоғам қаншалықты түсініп келеді? (оқушылар әрбір газеттің таныстырылымын жасауы керек, плакаттар арқылы)



Рефлэкция

Қаңқа бөлімдері

Оны құрайтын сүйектер

  1. Бас сүйектер?

Ми сауыты-маңдай, шүйде, жұп самай, төбе сүйектері.

  1. Омыртқа жотасы?

Мойын 7, арқа 12, бел 5, сегізкөз 5, құйымшақ 4-5 сүйектерден тұрады, жалпы 33-34 омыртқадан тұрады.

  1. Кеуде қуысы?

Арқа омыртқалары, 12 жұп қабырға.

  1. Иық белдеуі?

Екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады.

  1. Қол сүйектері?

Үй бөлімнен: тоқпан жілік, білек, қол басы сүйектерінен тұрады, қол бас сүйектері:білезік сүйектері,алақан,саусақ сүйектерінен, ал білек болса кәрі жілік пен шынтақ сүйектерінен тұрады.

  1. Жамбас белдеуі?

Сегізкөзбөлімінен және екі жамбас сүйегінен тұрады

  1. Аяқ сүйектері?

Ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйегі және майда 26 сүйектен тұратын толарсақ, табан және бақай сүйектері жатады.

 

VІ.Бағалау. Оқушыларды сабаққа араласу белсенділігіне байланысты 5- «өте жақсы»бағасын апельсин арқылы ал 4-«жақсы» бағасын алма беру арқылы денсаулыққа пайдалы жемістер беру арқылы оқушыларды қуанту.
Каталог: uploads -> doc -> 030f
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет