Күні
|
|
Сыныбы
|
9
|
Сабақ тақырыбы
|
§10. Халықтың ұлттық және діни құрамы
|
Мақсаты:
|
Қазақстан аумағында ұлт және дін өкілдерінің қоныстану ерекшелігін оқып үйрену
|
Күтілетін нәтиже:
|
А) Халықтың ұлттық құрамын біледі;
В) Дүниежүзіндегі қазақ диаспорасының таралу ерекшелігіне сипаттама береді;
С) Қазақстанда кең таралған діни ұйымдарға баға бере алады;
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Оқулық, бейнеролик, атлас, кескін карта, Қазақстанның экономикалық картасы, бағдаршам
|
Әдіс-тәсілдер
|
Шығармашылық тапсырма, «Бағдаршам», «Ой қозғау», «Үш қадамдық сұхбат», төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар, «Түйін сөз», «Рефлексиялық нысана»
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс -әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Кіріспе
(6 мин)
|
-сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта психологиялық жағымды орта орнату;
-сынып оқушыларын ұлт өкілдері арқылы топтастыру. (1 мин)
Қазақ, қырғыз, өзбек, түрік, орыс, белорус, украин, неміс, корей, жапон, қытай, дүнгендер
-үй тапсырмасын «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында жазылған эсселерін тексеру. (5 мин)
Мадақтау, сыныптастары «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасып, көңіл-күйлерін айтады;
Оқушылар берілген ұлт өкілдері арқылы топтасады. Әр топ өз топтарында топбасшыларын сайлайды.
Оқушылар шығармашылық тапсырмаларын оқып шығады.
|
Тұсаукесер
(5 мин)
|
Оқушыларға сабақ басында бейнебаян көрсету. Қазақстандағы халықтар Ассамблеясына 20 жыл толуына орай дайындалған роликті көру арқылы оқушыларға «Ой қозғау» сұрақтарын қою (5 мин)
-
Қазақстан Республикасында қанша ұлт өкілі тұрады?
-
Қандай ұлт өкілдері бар?
-
Сенің басқа ұлт өкілінен досың немесе танысың, жақының бар ма?
-
Ара қатынасың қандай?
-
Биылғы жыл тарихта қалай қалмақшы?
-
Халықтар Ассамблеясын қалай түсінесің?
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алу.
|
Оқушылар бейнебаянды тамашалап, сұрақтары болса, мұғалімге сұрақ қояды. «Ой қозғау» сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындайды.
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтаған соң дәптерге жазып алады.
|
Негізгі бөлім
(25 мин)
|
Жаңа сабақты меңгеру үшін оқушыларға тапсырмалар беру;
-
Мәтінді оқып шығу (3 минут)
«Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы тақырыпты жұпта талдайды. (5 мин)
І топ: Халықтың ұлттық құрамы;
ІІ топ: Қазақ диаспорасының таралуы
ІІІ топ: Халықтың діни құрамы;
-
Оқушыларға проблеманы шешу дағдысын дамыту бағытында сыни тұрғыдан сұрақтар қою. (3 мин)
-
Елімізде қалыптасқан діни ұйымдар туралы көзқарасың қандай?
-
Елімізге оралған отандастарымызға жасалып отырған әлеуметтік қолдау туралы қандай пікірдесің?
Кескін картамен жұмыс. (2 мин)
І топ: Қазақтардың басым көпшілігі орналасқан облыстарды тауып белгіле.
ІІ топ: Қазақстандағы басым диаспора қоныстанған облысты белгіле.
ІІІ топ: Қазақ диаспоралары таралған елдерді картадан көрсетіп, тауып жаз.
|
Оқушылар мәтінмен танысады.
Оқушылар жұптасып, «Үш қадамдық сұхбат» әдісімен тақырыпты талдайды.
-Әр топ болашақтағы халық санын арттыру үшін жасалатын жұмыстарды жарнама түрінде көрсетеді.
Жауап берген оқушыларды мадақтау, ынталандыру арқылы бағалау;
Кескін картамен жұмысты жұпта бағалайды.
|
Қорытынды
|
Сабақты «Түйін сөз» әдісімен қорытындылау.
(3 мин)
Сабақ соңында оқушыларды ұлтаралық бірлікке шақыру мақсатында видеоролик көрсетіледі.
Кері байланыс: «Рефлексиялық нысана» әдісі
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан,
Үйге тапсырма:
- §10. Халықтың ұлттық және діни құрамы тақырыбын қайталау.
-кескін картамен жұмысты аяқтау.
|
Оқушылар сабақтың соңғы кезеңінде сабақ барысында өткен термин сөздерді атап, түсіндіріп шығады.
Оқушылар берілген нысанаға
өз рефлексияларын жазады.
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.
|