Сабақ тақ-бы: "Сүт және сүт тағамдары"



Дата21.12.2017
өлшемі42.7 Kb.
түріСабақ
Сабақ тақ-бы: "Сүт және сүт тағамдары".

Сабақ мақсаты:

Білімділік:Қазақтың ұлттық сүт және сүт тағамдарының түрлері, дайындау тәсілдері туралы түсінік беру, білімдерін тереңдету, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, теориялық және практикада алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдалануға бағыт-бағдар беру;

Дамытушылық: Өздіктерінен жұмыс істеуге, салыстыруға, бірінің пікірін бірі дамыта отырып, өзара сыйласуға, қорытынды шығаруға машықтану, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

Тәрбиелілігі:Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, әдептілікке баулып, салт-дәстүрді сақтап, өз орнын таза ұстауға, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу 

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту 
Пәнаралық байланыс: халықтық педагогика, әдебиет, биология, тарих 
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру: 

ІІ.Қызығушылығын ояту сатысы – сыныпты 2 топқа бөліп, әр топқа 4 түлік малдың суреті мен, олар туралы мәліметтерді беру. 7 мин танысып, 7 мин уақытта материалды жинақтап ортаға салу,ұлттық педагогикамен байланыстырып қорғау. Сонымен қатар экономика және қаржы сауаттылығы бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беру:
1. Адам ағзасындағы ақұыздың 1 күндік нормасы;

2. Үй сүтінің және сатып алыңған дүкен сүтінің айырмашылығы;

3. Сүттен дайындалатын тағам түрлері немесе сатып алынған дайын продукт.
Мал және одан алынатын өнімдер қазақ елі үшін басты тамақтарының бірі. Сүт – мал баққан қазақ жанұясының негізі тағамы. Қазақ халқында сүт тағамдары ерекше орын алады, ол - құнды өнім.

Төрт түлік малдың аттарына қарай: Бірінші топқа:



  • сиыр - көктем, жаз айларында 3 рет сауылады

  • бие - сағат сайын; бір жақ жанынан

Екінші топқа: сауылады;

  • түйе - жиі, бірақ биеден сирек сауылады

  • қой, ешкі - күніне 1 рет тал түсте, тура артында отырып сауылады.

Жас төлдеген малдың алғашқы бір – екі күнгі сүті уыз болады. Қай түліктің болса да соңғы иіндісі, соның ішінде қойдың жаңа ғана сауған сүті қою, әрі майлы, жұғымдылығы да жақсы келеді. Мұны қазақ шаруалары ғасырлар бойғы бай тәжірибелерінен жақсы біледі.

Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған сусындарды халқымыз "ағарған" немесе "ақ" деп атаған. Осы ақтан көптеген жылдар бойы әжелеріміз, аналарымыз тәжірибе жинақтай келе одан көптеген тамақ түрлері мен дайындау әдістерін білген және олардың көптеген қызықты атаулары, ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Одан қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты алуан түрлі тағам әзірлейді.

Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған.

Сүт дәрумендердің көзі. Сүттің құрамында адам ағзасына қажетті барлық дәрумендер (ақуыз, майлар, көмірсутегі, минералды тұздар) бар. Көбінесе оны балалар тамағында және емдік қасиетіне қарай қолданылады. Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректі қасиеті де мол. Ақуыз ағзаның ішінен өздігінен пайда болмайды, ол ағзаға тек қана тағам арқылы келеді, сол себепті күнделікті тағам мәзіріне сүт тағамдарын қосып тұру керек.

Сүт тағамдары – сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Оларды дайындау кезінде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін (қойытылған сүт, т.б.), ашытылған сүт (айран, қатық, құрт, қымыз, сүзбе, шұбат, т.б.) дайындау ісі ертеден белгілі. Кезінде академик И. П. Павлов сүтті "табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы" деп бағалаған. Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Алматы обысында "Райымбек", Ақтөбеде -"Айс", БҚО -да "Береке" зауыттары шығарады.

Сонымен қатар Қазақстанда “ФудМастер”, “Адал”, “Смак”, “Қайсар”, “Агропродукт”, қымыз және шұбат өнімдерін шығаратын “Саяқ”, т.б. шетелдік және отандық компаниялар сүт өнімдерімен қатар сүтке әр түрлі биоқоспалар қосып, тәтті йогурт, айран т.б. өнімдерді сатады.

Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі ақ екенін жоғарыда айттық. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. «Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының түріне сан жетпейді» - деп жазған ертедегі бір зерттеуші.
ІІІ. Ой қозғау. Сарамандық жұмыс:

1 топ - десерт салаты (йогуртпен)

2 топ - Сүт коктелін дайындау.

Сөздік жұмыс
Сүт -малдан алынатын өнім.
Уыз – жаңа төлдеген малдың алғашқы қою сүті.
Ұйытқы – сүтті ұйыту үшін мәйек, айран, сүзбе сияқты ащылар "ұйытқы" деп аталады.
Торта – май қайнатқанда шығатын тұнба
Адал – таза, жейтін тамақ

Сүт және сүт тағамдарына ырымдар мен тиымдар.

1. Жерге төгілген ақты (сүт,айран,т.б) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді.

2. Сауылған сүттің бетін ашық қоймайды.

3. Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.

4. Сүттен жасалған тағамдарды жерге төгіп тастауға болмайды.

5. Сүт сауатын шелекті су басына апаруға болмайды, құты кетіп қалады.

6. Түнде тамақтың бетін жауып кояды.

7. Қол жумай ақты ішпейді.


V.Қорытынды.

1-топ: Ақ алып шығу салты 


Оқушының пікірі. Ақ алып шығу(салт -ырым)қазақ халқы сүтті, қымызды, шұбатты, айранды т.б сүт тағамдарын "ақ"деп атайды да оны қасиетті киелі, зат санатына жатқызады. Сол сияқты ақ түсі де киелі, адалдық ұғымдарды блдіреді. Халық дәстүрінде ауылға келген көш алдынан шығу-адамгершілік, мұсылмандық, көршілік парыз. Ақ алып шығу "осы ақтай таза болайық"деген тілекті білдіреді. Мұндай жағдайда жаңа көшіп келгендер ризалық білдіріп алғыс айтады.

2-топ: Ақ құйып шығару салты 


Ақ құйып шығару(салт-ырым)."Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады"(мәтел). Халқымыз ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды. Ал кейде сол ақты жерге төгетін де ырымдар бар, мысалы:қалың өрт келгенде алдын ақ шашады, сол сияқты үйге жылан кіріп кеткенде де оның басына ақ сүт немесе айран құйып, үйден шығарады. Мұндай әдет халықтың өз аулына немесе үйіне дос, дұшпанына да алдымен құрметпен қараудан шыққан болуы керек.
Каталог: uploads -> doc -> 0f46
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0f46 -> Сабақ: 36 Судың кермектігі және оны жою жолдары Күні: 19. 01. 2014


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет