Сабақ Шейх Мұхаммед Салих Мунажжид



бет1/3
Дата30.06.2017
өлшемі391.55 Kb.
#16834
  1   2   3
بســــــــم الله الرحمــن الرحيـــــم
" Жүрек амалдар сериясы"

Екінші сабақ

Шейх Мұхаммед Салих Мунажжид
"Әт-тауакул"- әсері зор өте құрметті дәреже. Негізінде ол мейірімді Аллаһ Тағалаға жақын қылатын амалдар мен ғибадаттардың ең абзалы. Және де ол Аллаһ Тағаланы бір деп білудің ең жоғары дәрежесі. Шын мәнінде барлық істер Аллаһқа деген тәуекелсіз, одан жәрдем талап етілместен ешқашан жүзеге асырылмайды. Және тәуекелдің орны инабаттың орнынан жоғары тұрады. Өйткені тәуекел мақсатқа жетудегі қолданылатын әдіс немесе құрал болса – ал, инабаттылық мақсаттың өзі. Және де ол (тәуекел) мәртебелердің ең құрметтісі әрі абзалы, қадыры ең зоры.

Ибнул Қайим р.а. айтты :" Тәуекел діннің жартысы; ал екінші жартысы болса – инабаттылық ( яғни, күнәдан тыйылып, Аллаһқа қайту немесе бүтіндей берілу ). Өйткені дін – көмек тілеу және ғибадат қылу. Ендеше тәуекел – көмек тілеу болса – инабаттылық ғибадаттың өзі. Және де тәуекел пенденің уәжіптерімен нәпілдер онсыз толық болмайтын барлық діни істеріне байланысты. Тәуекелдің беделі дәрежесі ең толы әрі өте ауқымды.

Тәуекел әр нәрсеге байланысты, уәжіп , мустахап, тіпті мубах нәрселерге де. Адамдар қажеттері көбейуіне байланысты, олар сол қажеттерін өтеу үшін Аллаһқа тәуекел етулері ауадай қажет. Сөйтіп тәуекелге деген қажет көбейеді. Аллаһ Тағаланың шынайы пенделері, оларға қайсыбір (қиын) жағдай түскенде , Аллаһ Тағалаға инабаттылықпен қайтып, Оған тәуекел етеді. Сол себепті Аллаһ Тағала қиыншылықтарды жеңілдетіп , қиналғанға жеңілдік береді. Міне осылайша пенде жүрегі орнығып , нәпсі тыным тауып , Аллаһ Тағала қазасымен тағдырына разы болған халде қалаған нәрсесіне қол жеткізе алады.

Ибнул Қайим р.а. айтты: "Егерде тауды өз орнынан кетіруге бұйырылған пенде Аллаһ Тағалаға шынайы тәуекел қылып кетіре (бастағанда) кетірер еді".

Мұсылман барлық істеріндегі тәуекелді тек уәжіп ретінде ғана қарамайды, керісінше, оны діни істерімен ғана байланысты емес, керек десеңіз дүние істерімен де байланысы бар діни борыш ретінде қарайды. Және де дүние істерімен ризық талабына шектелмей , оны Аллаһ Тағаланың ғибадатымен байланыстырады. Сонымен, тәуекел – ғибадат. "Аллаһқа тәуекел етіңдер егер мүмін болсаңдар!". Сол үшін тәуекел діннің жартысы болды. Негізінде ол иман негіздерінен болғаны үшін уәжіптің өзі. Негізінде ол иман негіздерінен болғаны үшін уәжіптің өзі.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия (Аллаһ одан разы болсын) былай деген : " Расында Аллаһқа тәуекел ету – ұлы уәжіптердің бірінен . Аллаһқа ықылас ету уәжіп болғандай, Аллаһ Тағала бірнеше аятта тәуекел етуді (қылуды) әмір етті, дәрет және ғұсылда әмір еткеніндей; сонымен қатар Аллаһтан өзгеге тәуекел етуден қайтарды ".

Ибнул-Қайим айтты :" Тәуекел – "тафуид" (тапсыру) және көмек тілеу разылық дәрежелерін қосушы (жинаушы нәрсе) , осы үшеуінсіз тәуекел орнына келмес(пайда бола алмайды).

Шейх Сүлейман бен Мұхаммед бен Абдулуаһһаб айтты: "Амалдармен ғибадаттар бөлініп шығатын жинақтаушы негіз – Аллаһқа қылынатын тәуекел және одан шынайы пана тілеу мен жүректі Оған сүеу(байлау, тіреп қою). Және де ол тәуекел махаббат, қауіп, үміт (сияқты шарапатты дәрежелердің әр қасысын пайда қылушы таухидтің тоқ етері (қорытындысы) Оның Раббы әрі Құдай екеніне риза болу, Оның жазған тағдырына риза болу сиақты шарапатты дәрежелердің әр қайсысын пайда қылатын таухидтің қорытындысы. Кейде тәуекел пендені қиыншылықтар арқылы ләзәттануымен оны нығмет деп есептеуге дейін жеткізеді".

Хадисте келгендей " Жетпіс мың адам есепсіз және азапсыз жаннатқа кіреді"- делінген. Қалған пендесін қалаған нығметтерімен артық етуші Аллаһ Тағала барлық кемшіліктерден пәк! Аллаһ Тағала ұлы (мол) кеңшілік иесі.

Тәуекел – таухид иләһидің рүкіндерінің бірі(?). Бұның дәлелі , Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деді: " Саған ғана құлшылық қыламыз және Сенен ғана көмек тілейміз". Және де бір дәлел :" Оған тәуекел қыл ! Раббың қылып жатқан амалдарыңнан ғапыл емес!". Және айтты: " Егер олар теріс қарап кетсе –" Маған Аллаһтың Өзі жетерлі "-де. Одан басқа (ғибадат қылуға лайық) тәңір жоқ және де Ол ұлы тақтың иесі".

Бұл тәуекел, оның толық жасауға жоғарыдағы жетпіс мың кісі туралы хадистегідей мүміндердің кейбіреулерінің ғана қолынан келеді. Демек, бұл тәуекелді кез-келген адамдар емес, негізінде адамдар ішіндегі пайғамбарға с.ғ.с. зікір еткен азғантай топ қана жүзеге асыра алады. Пайғамбарымыз с.ғ.с. айтты: " Сенің бұл үмметің, олардың ішінен жетпіс мың кісі есепке тартылмастан (есепсіз) жаннатқа кіреді" – деп, олардың кім екенін, қандай сипатта екенін түсіндірместен (үйіне) кіріп кетті. Сол кезде қауым сөзді көбейтіп , жорамалдай бастады. (кейбіреулері айтты): "Біз Аллаһқа иман келтіргендерміз және Оның елшісіне ілестік .( Сол үшін пайғамбарымыз с.ғ.с. айтқан жетпіс мың кісі) өзіміз шығармыз немесе Исламда туылған біздің балаларымыз шығар, ал біз болсақ жәһилисте туылдық қой дейді. Олардың осындай әңгімелері пайғамбарымызға с.ғ.с. жеткенде , пайғамбарымыз с.ғ.с. оларға шығып :" Олар – ауырса дем салуды сұрамайтын (талап етпейтін), ырымға сенбейтін, денесін күйдірумен емдемейтін және Аллаһ Тағалаға тәуекел етушілер"- деді. Сол кезде Укаша ибн Михсан деген сахаба:" Ей, Расулаллаһ! Мен оларданмын ба ?- деп сұрағанда пайғамбарымыз с.ғ.с.:"Иә"-деп жауап берді. Сонда тағы бір сахаба:" Мен оларданмын ба ?"- деп сұрағанда пайғамбарымыз с.ғ.с. :" Укаша (жаннатқа) сенен озып кетті"-деді.

Сахабалардың да арасында тәуекел етушілер бар еді. Солардың бірі Ғұмран бен Хусайн р.а. Ол кісіде геморрой дерті бар еді. Сол ауруға сабыр еткенде , оған періштелер сәлем беретін еді. Сөйтіп жүргенде денесін күйдірумен емделсе – періштелердің оған беретін сәлемі тоқтап қалды. Соны білгеннен кейін күйдіру арқылы емделуді тастап , ауруға сабыр қылғанда – сол кезде періштелер оған сәлем беруге қайтқан еді.

Муфарриқ арқылы жеткен хадисте , ол кісі айтады:" Маған Ғұмран бен Хусайн былай деді:" Мен саған хадис айтып берейін Аллаһ Тағала оның пайдасын саған тигізер . Шын мәнінде Расулуллаһ с.ғ.с. қажылықпен умра (арасын) қосып , кейін қайтыс боларына дейін одан қайтарған жоқ. Және оны тыйым салатындай бірер аят түскен емес. Және де мен дене күйдірумен емделмегенге дейін маған сәлем беретін еді. Сөйтіп ем қабылдап жүрдім. Одан кейін сол "кәй"ді қойғанымда , періштелердің сәлемі маған қайтып оралды.

Аллаһқа тәуекел қылу – Аллаһ Тағаланың пенделерінің ұлы сипаттарының бірі. Өзгелерден ерекше болатын рәміз (ұраны), иман иелерінің нақ көрінер белгісі. Аллаһ Тағала айтқандай : "Шын мәнінде , мүміндер, оларға зікір етілгенде жүректері езіліп, ал Оның аяттары оқылғанда имандары арта түседі және олар Аллаһқа тәуекел етеді"-деген.

Олар Аллаһтан өзгені үміт етпейді, және Одан өзгені мақсат тұтпайды, Одан өзгенің ұлылығына бас имейді, Одан басқасынан өз қажеттерін тілемейді, және Одан басқадан сұрауды (қасында болуды) қаламайды. Оның қалағаны болатынын және Оның қаламағаны болмайтынын біледі. Және Ол билігін жүргізуші, сол билікте Оның ешбір серігі жоқ екенін, және Оның үкіміне ешкім қарсы бола алмайтынын жақсы біледі. Және де Ол тез есеп алушы.

Ибн Кәсир және Сағид ибн Жубейр айтты:"Аллаһқа тәуекел ету – иманның толықтығы"(жиынтығы, қосындысы).

Аллаһ Тағала Ибраһим және онымен бірге болған иман келтіруші Өзінің әулиелері турасында (олардың қылған дұғаларын жеткізіп):" Ей, Раббымыз! Өзіңе ғана тәуекел еттік және қайтар жер де (барар жақ) Өзіңнің алдың"- деді. Яғни, барлық жағдайларымызда Өзіңе тәуекел еттік, және оны Өзіңе ғана тапсырып , Өзіңе қалдырдық!".

Олардың имандарымен тәуекелдерінің күштілігінен Аллаһ Тағала оларды көркем –үлгі тұтуға әмір етті:"Ибраһим және онымен бірге иман келтіргендер" , осылайша олар Аллаһ Тағалаға тәуекел етіп, барлық істерін Аллаһ Тағалаға бүтіндей тапсырған еді. Және барлық жағдайларында Аллаһқа тәуекел етуді, Оның ризалығы үшін еңбек етіп күш жұмсауды бірге тұтар еді.

Және Мұхаммед с.ғ.с-ның сахабалары, олар Ухуд соғысына шыққанда , адамдар оларға :"Расында адамдар (мүшріктер) сендермен соғысуға жиналды, олардан қорқыңдар"-дегенде имандары көбейіп :"Бізге Аллаһтың Өзі жетерлі , және Ол тәуекел етушілердің (қылынушыларды) ең жақсысы "-деген. Сол үшін Ибн Аббас р.а . айтты:"Бізге Аллаһтың Өзі жетерлі және Ол тәуекел етушілердің ең жақсысы"-сөзін Ибраһим ғ.с. отқа тасталғанда айтып еді және Мұхаммед пайғамбарымыз с.ғ.с.(олар."Адамдар сендерге қарсы жиналды, олардан қорқыңдар"-дегенде имандары көбейді) деген кезде айтқан еді.

Сонымен тәуекел – адамдарды қорқытып, дұшпандардың көптігінен сескендірген күні мүміндердің күш-қуаты, Ибраһим ғ.с. отқа тасталғанда ең алғашқы және ең соңғы айтқаны

حسبنا الله و نعم الوكيل" –яғни, Ол (Аллаһ) жақын, жауап беруші, көмек тіленуші Мені ғибадат және тәуекел қылатын Аллаһ Тағала өзіме жетерлі.

Тәуекелдің (фазилет) артықшылығын білдіретін тағы бір аят бар: "Егер олардан көктермен жерді жаратқан кім"-деп сұрасаң, "Аллаһ"-дейді. Оларға :"Егер Аллаһ маған бір зиан тигізуді қаласа, Аллаһта өзге шоқынғандардың Оның зианын айықтыра алады ма? Немесе Аллаһ маған бір игілігін қаласа, олар Оның игілігін тосып алушы ма? (Ей, Мұхаммед айт):"Маған Аллаһтың Өзі жетерлі , тәуекел етушілер оған тәуекел етсін!"(39:38)

Егерде мүміндер әркез "Бізге Аллаһтың Өзі жетерлі!" – сөздерімен Аллаһқа тәуекел етуші және Одан пана тілеуші болса, ол жағдайда Аллаһтың елшілері, пайғамбарлар, (мүміндерге қарағанда) таухидтерімен тәуекелдері әлде қайда толық болуы тиіс.

Аллаһ Тағала тәуекел етуді бұйырып , "Мүміндер Аллаһқа ғана тәуекел етсін"-дегендей, бірнеше орындарды(жерлерде) соған қызықтырған. Бұл бұйрық Құран Кәрімнің жеті жерінде келген. Олар:

1 – "Аллаһқа тәуекел ет! Әлбетте сіз анық ақиқат үстіндесіз"(27:79)

2 – "Оған құлшылық әрі тәуекел етіңдер!"(11:123)

3 - ,,,,,,.........???????????????????????????????????

4– "(Ей, Мұхаммед!) Аллаһтың берген рахметімен оларға жұмсақ (мінезді) болдың (боласың). Егер дөрекі (тұрпайы), қатал жүректі болғаныңда (болсаң еді), әлбетте олар маңайыңнан тарқап таралып кетер еді. Сондықтан оларды ғафу ет, олар үшін кешірім (жарылқау) тіле және де іс жөнінде олармен кеңес қыл. Ал егер бір нәрсеге шешім байласаң (бір істі жасауға шешім қабылдасаң)-Аллаһқа тәуекел ет. Әлбетте , Аллаһ Тағала тәуекел етушілерді жақсы көреді."(3:159) Сонымен, тәуекел Аллаһтың махаббатына ие болудың бірден-бір себебі және мүміндерді өзгелерден ерекшелеп тұратын сипат. Сол үшін , Аллаһ Тағала тәуекелді уәжіп етті.

5 – Егерде:"Тәуекел етудің үкімі не ?"-делінсе ,оған :"Тәуекел ,Аллаһты жақсы көру, сабыр қылу, инбаттылық сиақты уәжіп және иманның шарты"-делінеді, және :"Аллаһқа тәуекел етіңдер, егер мүмін болсаңыз"(5:23)

Алтының түсінігі сол, егер тәуекел жоқ болса (таусылса) - иманда жоқ болады (таусылады) деген мағынада.

6 – Аллаһ Тағала тәуекел етуді әмір қылды да, осы нәрсенің екі бөлігі екендігін дәлелдеу үшін оларды байланыстырып айтты. Тәуекел етуші (уәкіл Аллаһқа) тәуекел ету – иманның өзі.

Тәуекел етуші (адамды) жақсы көретінін хабарлағаннан кейін Аллаһ Тағала Өзіне іспен және сөзбен тәуекел етуді әмір етті.

" Ей, Мұхаммед! Айт :"Ол – Мейірімді (Аллаһ). Біз Оған иман келтірдік , әрі Өзіне ғана тәуекел еттік, ендеше тайауда сендер білсеңдер кімнің нағыз адасуда екенін" (67:29)

Және иманға (қоса) тәуекелді шарт қылды. "Егер мүмін болсаңдар Алллаһқа тәуекел етіңдер!"-деді. Ал, мына аят Мұса ғ.с-ның қиссасында келген еді: "Ей қауым! Егер Аллаһқа иман келтіріп мұсылман болсаңдар Оған ғана тәуекел етіңдер."(10:84) Өйткені біріншісі үшін екіншісі қажет.( Демек бір-біріне өте қажет)

Шейх Сүлейман бен Абуллаһ ат-Тамими былай деді:" Аяттың мағынасы ,Мұса ғ.с. өз қауымын Аллаһ Тағала өздеріне бұйырған (жазып қойған )қасиетті жерге кірулерін (әмір етті), және (жәбәбиралардан ) залым басшылардан қорқып артқа қайтпауларын, керісінше, Аллаһқа тәуекел етіп ,олардан қорықпай алға басуды әмір етті.

7 – Сөйтіп Аллаһқа тәуекел етушілер, жер бетінде сыпайы түрде (арқайын) жүретін , Рахманның (Аллаһтың) нағыз құлдарына айналды. Және Аллаһ Тағала оларды құрметті әрі ірі дәреже-мақаммен сипаттады. Сондай-ақ, Аллаһ Тағала Өзіне тәуекел етушілерге оның ісін басқарып, оған жетерлі болуды (немесе, сақтауын) кемілдік беруді Аллаһ Тағала Өз дінімен кітәбіне көмек қылушы және құлдарын аман сақтауда Өзі жетіп асады. Аллаһ Тағала айтты: "Кімде-кім Аллаһқа тақуалық қылса – (Аллаһ оған)қиыншылықта шығу жолдарын қылып, оған (ойламаған жерден) күтпеген жерлерінен ризық береді. Кімде-кім Аллаһқа тәуекел етсе (Ол оған жетіп асады) Оның Өзі жетеді. Әлбетте, Аллаһ Тағала Өзі қалаған ісіне жетуші (Өз бұйрығын атқарады). Расында Аллаһ Тағала әр нәрсе үшін өлшем жасап қойған"(65:3) Ибн Кәсир айтты :"Кімде-кім Аллаһ Тағалаға Оның бұйырған істерімен тыйым еткен істерінде тәуекел етсе – жағдайының шешімін тауып (қиыншылықтан шығар жол тауып) күтпеген (ойламаған) жерден ризық беріп қалды. Яғни, ойына келмеген тараптан. Бұл аятта, тәуекел етудің фазылеті (артықшылығы) және оның пайда келтіріп, зиан келтірудегі ең ірі (үлкен) себептердің бірі екендігі айтылады. Өйткені пайғамбарымыз с.ғ.с. айтты:"Егер сендер Аллаһқа шынайы тәуекел еткеніңізде , Ол сізді құсты ризықтандырғандай ризықтандырар еді. Ертелеп аш шығып ,(оралғанда)тоқ болып қайтады". Термизи риуаят қылып, Албани сахих деген.

Демек, құстың жүрегі Аллаһқа деген тәуекелге толы. Егерде біз Аллаһ Тағалаға құстар тәуекел қылатындай тәуекел қылғанымызда – құсқа ризық берілгендей бізге де ризық берілер еді.

Пайғамбарымыз с.ғ.с. Аллаһқа тәуекел етушілерді екі сипатпен сипаттаған еді:

1 – Ризық талап етудегі еңбек(талпыныс).

2 – Себептерді себеп етушіге (туғызушыға), себепшіге( Аллаһқа) жүгіну(сүйену).

Бұл хадис тәуекел ету мәселесі түсінігімен себептерді ұстануда өте маңызды. Өйткені құс таңергең ризықты іздеу үшін ұясынан шығып кетеді. Бұның өзі – амал, еңбек, әрекет болса – ұшу. Сөйтіп, өзіне және ұяластарына тағам арқалап келеді. Демек ризық талап етудегі еңбек – рұқсат етілген себептердің себепшісіне (Аллаһқа) үлкен бір сүйену (жүгіну) болады. Аллаһ Тағала айтты:" Кімде-кім Аллаһ Тағалаға тәуекел етсе - әлбетте, Аллаһ Тағала үстем әрі Дана (даналық иесі). (8:49) Азиз-аяттың соңымен тәуекелдің байланыстырушысы. "Азиз"-дегеніміз өзінен пана тілегенді қор қылмайды. Және Оның ұлықтығын дәріптегенді зия етпейді. Ал, Хаким болса- Өзіне тәуекел етушіні Өз хикмет даналығымен көркем басқарып қоятынды айтады. Ибн Касир р.а. айтты."Кімде-кім Аллаһ Тағалаға тәуекел етсе яғни, Оның ұлылығына сүйенсе - әлбетте, Аллаһ Тағала Үстем әрі дана; ал тәуекел – онсыз жүріс болмайтын жүретін көлік. Қай кезде (азап) сол көліктен түссе- дереу одан ажырап, жүрісінен тоқтап қалады. Бұл – Ибнул Қаиймның байқағаны және де бұл – тәуекелдің мәртебесімен тәуекелдің фазылет-артықшылығын айқындап тұрушы нәрсе.

Аллаһ Тағала тәуекелді барлық жағдайларда, ғибадаттармен деңгейлерде әмір еткені, оның артықшылығымен жоғары дәрежесіне дәлел болады.



1 – Ғибадат деңгейі:

Аллаһ Тағала :"Оған ғибадат қылып, тәуекел етіңдер"-деді. Демек Аллаһ Тағала (бұл аятта) пайғамбарымыз с.ғ.с.мен мүміндерді және барлық жаратылыстарды (адамдарды) ғибадат және тәуекел етуге бұйырды. Және де айтты:"(Ей,Мұхаммед!) Сен Раббыңнан уахи етілгенге ілес-әлбетте, Аллаһ Тағала істеп жүргендеріңнен толық хабардар. Және Аллаһқа тәуекел ет – Аллаһ тәуекел етілуге Өзі жетерлі"(33:3). Барлық істеріңмен жағдайларда Аллаһқа тәуекел қыл – бұл нұсқау (Аллаһтың) Өз елшісіне с.ғ.с.-ға Аллаһқа тәуекел етіп, Оған тақуалық қылуға және құлшылық жасап, Раббысынан келген уахиге ілесу нұсқауы. Бұл оған және өзінен кейінгі қиамет күніне дейінгі үмметіне бір бұйрық.


2 – Дағуат деңгейі.

Пайғамбарымыз с.ғ.с.ға хитаб (үндеу) келді. Бірақта, пайғамбарымыз с.ғ.с. келген хитабтар (үндеулер), оның өзіне ғана жолданғанына ерекше дәлел болмаса , негізінде, оның үмметіне жолдаған бір хитаб (үндеу) болады. Аллаһ Тағала :"Егер олар сенен теріс қарап кетсе ??????????-"Маған Аллаһтың Өзі жеткілікті, Одан басқа ешбір Тәңір жоқ, мен Оған тәуекел еттім, және Ол ұлы баршаның Раббысы!"-де"-деген. Демек, барша қуат, иелік, үстемдік және бедел Оның Өзіне ғана тән. Және Ол Өзін дәріптегенге жетерлі, пана тілегеннің сақтаушысы, барша жамандықтардан қорғаушысы.

Нұх ғ.с.(қиссасы) түскен аяттарда дағуат деңгейінде :"Нұх айтты:"Ей қауым! Егер сендерге (араларыңда ұзақ өмір сүріп) тұрғаным (бұл тұрысым) және Аллаһтың аяттарын үгіттеуім ауырлық қылған болса, онда мен Аллаһтың Өзінен тәуекел еттім""(10:71). Нұх ғ.с-ның осы дағуаты, және ұзақ қорқытуы мен жалғасымды ескерулері, сонымен бірге болған өз қауымынан көрген өтіріксінулерімен қарсылықтары (яғни, уахиды жеткізгеннен кейін көргені) -өзі дағуатта болсада Аллаһқа тәуекел ету және істерді Оған тапсырудың өзі. Сонымен егерде дағуатшы, өзі дағуат қылғандар тарапынан қарсылық, түсінбестік ???. сөз қайтару және қабылдамаушылыққа кезіксе-әлбетте, ол Аллаһқа тәуекел қылады. Ал, Аллаһ Тағала оны әлгілердің жамандықтарынан сақтап, қарсылықтарымен қинағандардың жүректерін кең етіп қояды.

3 – Хүкім және қаза.(билік және жазым, жазмыш)

Аллаһ Тағала айтты:"Сендер қасы бір (мәселеде) келіспесеңіз (тартыссаңыз) – оның хүкімі Аллаһқа тән. Міне, осы Аллаһ менің Раббым. Оған тәуекел еттім және Оған муниб (инабатты) болдым".(42:10) (Яғни, күнәні қойып , Аллаһқа нақ қайттым) пайғамбарымыз с.ғ.с. барлық істері Аллаһқа тән, ол Аллаһқа қайтып, Оған тәуекел етті және барлық істерін Оған тапсырды.

Қалайша адамдар, егер істеріндегі бір нәрсеге тартысып қалса – Аллаһтан өзгенің билігіне көнулері қалай? Ал Оның жіберген елшісі бола тұрып, қалдырылады да, оны өздері тартысқан мәселедегі кесінді сөзін айту үшін ешкім билік қылушы етіп алмайды, әрі Ол билік етуге ең лайықты болған халде? Қалайша олар пайғамбарымыз билік қылып тұрған кезде өздерінің істерінде өзгелерге жүгінеді? Қазы (би) және үкім беруші анық жақ үстінде болса да – олар не нәрсемен қайтарғанына және үкімдерін қайтарушыларға , және үкім қылып тұрған шариғат бойынша үкім жүргізуді қарсы шығатындарға бірер де мән бермес. Сондықтан хакім (төреші,сот)пен қазы Аллаһқа тәуекел қылуға тиісті.

4 – Жиһад және дұшпандармен соғысу деңгейінде.

Аллаһ Тағала айтты:"(Ей,Мұхаммед!)Үйіңнен ерте шығып, мүміндерді соғысатын жерлерге (орындарына) орналастырғаныңды (есіңе ал). Аллаһ Тағала Естуші және Білуші. Сендердің араларыңда, екі топ ұйымдап, үрейленуі Аллаһ Тағала екеуініңде уәлиі бола тұрып (яғни,ұтыламыз ба?-деп ойлана бастады)."والله وليهما "-"Мүміндер Аллаһқа тәуекел етсін!"аят (3:120). Соғысқа әзірленіп , әскерді дайындауы және жерлерді белгілеп, әскерді реттестіру, яғни, есептерді жасаумен бірге

Пайғамбарымыз с.ғ.с. тәуекел қылуға бұйырылған еді, жеңіс Аллаһтың қолында болғаны үшін. "Егер Аллаһ сендерге жеңіс берсе (көмектессе) сендерді жеңуші ешкім жоқ. Ал, егер сендерді тастап кетсе , одан кейін сендерге көмек беруші кім? Мүміндер Аллаһқа тәуекел етсін!"(3:160) Яғни, "Егер сендер әлсіздеу болсаңыз – жеңіс Аллаһтың қолында, сол үшін Оған тәуекел етіңдер"-дегісі келгендей.

"Ей, иман келтіргендер! Аллаһтың сендерге берген нығметін еске алыңдар! Бір қауым сендерге қол сұғуды ойлағанда (көтеруді ниет қылғанда) қолдарын сендерден қайтарғанын еске алыңдар. Сондықтан Аллаһтан қорқыңдар және мүміндер Аллаһқа тәуекел етсін!"(5:11). Ал, егер сендер көп және күшті болсаңдар да – бәрібір сендерге тәуекел ету керек, өйткені Аллаһқа тәуекел етпесеңдер сандарыңның көптігі сендерге пайда бермейді.((және "Хунейн" күнінде (......) Сендерді көпшіліктерің таң қалдырған еді . Сонда ол, өздеріне еш пайда бермегенін естеріңе алыңдар. Егерде олар (мұсылмандар) ұрыста болып, жау өзінің жеңілгенін мойындап, (және соғысты тоқтатып) келісімге келуді талап етсе де және мұсылмандар өздерінің жеңдік деп ойласа да Аллаһқа деген байланыспен (Аллаһқа) тәуекел қылуы тиіс. Тіпті егерде жаулар сендерге "берілгіміз келеді"- деседе.

"Егер олар бейбітшілікке бейімдесе – сенде оған бейімделде Аллаһқа тәуекел ет, әлбетте Ол Естуші әрі Білуші" (8:61). Ұрыс (шайқас) тоқталғанмен (тәуекел ету тоқталмайды) соғыс біткенмен, жау бітімге келіп, қор бола өзін-өзін тапсырғанмен – тәуекел ету тоқтамайды. Худайбиа (келісімінде) пағамбарымыз с.ғ.с. жиһадпен соғысты жалғастыруға, керек десеңіз басып алуға (?) шамаса келер еді. Және өзі де маған өлімге биғат қылыңдар بايعوني деп еді, бірақ бітімге келу ұсыныс етілгенде оларға дағуат қылудың бір мүмкіншілік-фурсаты болсын деп бітімге келісті. Сондықтан-да, Худайбиа келісімнен кейін , Исламға кіргендердің саны алдыңғы жылдарға қарағанда бірнеше есе көп болды. Демек, егерде олар мұсылманнан сұрап кәзіргі соғысты толқтатуды сұраса – тәуекел етуі керек, тіпті олар сендерді алдап кетуді ойласада. Өйткені, саған жетерлі – Аллаһтың Өзі. Және де дұшпан үстінен егер үстемдікпен жеңіс өзіңде болады, тәуекелді жалғастыру керек. Мұса ғ.с-ның қиссасында Аллаһ Тағала айтты:"(Мұса қаумы): "Ей Мұса! Әлбетте (ол қалады) қорлықшы қауым бар, олар шықпайынша , біз онда кірмейміз. Егер олар (сол жерден) шықса ғана , әлбетте кіреміз"-деді. Сонда қорыққандардан болып, Аллаһтың нығметіне бөленген екі кісі:"Олардың үстіне қақпадан кіріңдер , кірген кезде әлбетте үстем болсаңдар. Және егер мүмін болсаңыз Аллаһқа тәуекел етіңдер"-деді.(5:22-23)

5 – Кеңесу, ақылдасу деңгейінде:

Аллаһ Тағала айтты: "(Ей Мұхаммед!) Оларға Аллаһтың мейірімен жұмсақ (мінезді) болдың. Егерде тұрпайы, қатал жүректі болсаң, олар маңайыңнан қашып кетер еді, оларға кешірім етіп, оларға жарылқау тіле, іс жөнінде олармен ақылдас. Сонда қашан (бір істі) шешсең Аллаһқа тәуекел ет, әлбетте Аллаһ Тағала тәуекел етушілерді жақсы көреді". Бұл жердегі ақылдасу-кеңес себептерді ұстану бабынан алынып тұрمن باب . Сонымен, адамдардың ойлары, көзқарас-пікірлері дұрыс жолды табумен, дұрыс шешім қабылдауға көмектесуші себептер. Бірақ, бұл жағдайдағы мүміндер кеңесшілері қандай мықты болсада, Аллаһқа тәуекел етуден бас тартпайды. Сол үшін олардың кейбіреулері, кеңесшілердің көзқарастары бар болғанда, тәуекелдің қажет емес деп ойлап алданды. (Бұл жерде) біздің айтарымыз сол кеңесші, ақылшылардың барлығыда бірігіп (қосылып) қате шешім (қарар) қабылдауы әбден мүмкін, немесе дұрыс шешім тапсада оны орындау барысында қателесуі мүмкін. Демек, көзқарас-пікірлер ұстанғанмен міндетті түрде Аллаһқа деген тәуекелдің болуы тиіс.



6 – Ризық талап теу деңгейінде.

Аллаһ Тағала айтты: "Сендерге (не нәрседен) не берілседе – дүние өмірінің (осы дүниенің) қызығы ғана. Ал, иман келтіріп, Раббыларына тәуекел етушілер үшін Аллаһ қасындағы нәрселер әлде қайда қайырлы және мәңгі (ұзағырақ)"(42:36). Және айтты: "Кімде-кім Аллаһқа тақуалық қылса оған бір шығар жол пайда қылады және ойламаған жерден (жерінен) ризық береді. Және кім Аллаһқа тәуекел етсе Оның Өзі жетерлі. Әлбетте, Аллаһ Тағала Өз бұйрығын атқарушы, шын мәнінде Аллаһ Тағала әр нәрсеге өз өлшемін қылған"(65:3).



7 – Уәделер және келісім деңгейінде.

Аллаһ Тағала Иусуф ғ.с. және оның ағалары қиссасында Йағқуб ғ.с. туралы оның: "Бәрін бір-ақ қолды болып кетпейінше, оны міндетті түрде маған әкелулеріне байланысты Аллаһтың атымен серт бергенге дейін оны сендермен бірге жібере алмаймын (жібермеймін) деді(. Сөйтіп олар әкелеріне серт берген сәтте, әкелері:"Айтқанымызға Аллаһ Тағала уәкіл (яғни, куә-???)"-деді " (12:66). Серт (موثق ) – жауапкершілігі өте ауыр уәделермен анттар. Және айтты: "Әй балаларым! Қалаға бір қақпадан кірмей, бөлек-бөлек қақпалардан кіріңдер . мен сендерден Аллаһтың ешбір үкімінен қайтара алмаймын. Үкім – Аллаһтың Өзіне ғана тән, мен Оған тәуекел еттім және тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін!" (12:67).



8 – Аллаһтың жолында һижрет қылу деңгейінде.

Нәпсіге ең ауыр және ең қатты болып келетін нәрсе – адамның отырған жерін (Отанын, жерін, елін), үйімен малдарын, (қоныс немесе жер аудару). Және жақындарың құрбандық (тастап кетумен) етумен (???) , жақсы көргендерің еске түсірумен (бір жерде) бөтен болып отыру. Дегенмен, осының бәрін Аллаһ Тағалаға қылған тәуекел жеңілдетеді. Аллаһ Тағала айтты :"Зұлымдыққа ұшырағаннан кейін Аллаһ жолында һижра қылғандарға дүние жайлы қонысқа орналастырамыз. Және олар білгенде еді, ақырет сауабы (оданда) зор. Олар сондай сабыр қылып Раббыларына тәуекел еткендер" (16:41-42). Демек, һижрамен (Отаннан) бөлініп қалуды жеңілдетуші – Аллаһқа тәуекел ету. Қатты таршылықтар көрген Хабашаға қоныс аударушылар, ол жаққа екі рет белгілі һижрет қылған еді. Және пайғамбарымыз с.ғ.,с-мен оның досы (Абу Бакр) һижрет жолында сынақтармен қауіптерді бастарынан өткізген еді. "кәпірлер оны (Меккеден шығарған кезде, үңгірдегі екінің бірі болған сәтте, ол) екінің екіншісі болып шығарғанын (есіңе ал), сонда екеуінің үңгірде болып, досына:"Кейіме, әлбетте Аллаһ бізбен бірге"-дегенін (есіңе ал). Сол кезде Аллаһ Тағала оған өз "сакинасын" (яғни, тыныштығын түсіріп) және оны сендер көрмеген (көрмейтін( әскермен қуаттады" (9:40)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет