Сабақ Сабақтың тақырыбы Сабақтың түрлері, құрылысы Ресурстар



Дата21.01.2018
өлшемі83.98 Kb.
#53432
түріСабақ

Апта

Күні:28.10.15ж

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың түрлері, құрылысы

Ресурстар

Тірек-сызбалар, суреттер, постер, оқулық, слайд,мұғалімге арналған нұсқаулық, интерактивті тақта

Сабақтың міндеті

  • Тақырып тұжырымдамасын оқушылардың түсінуін бағалау;

  • -Сабақ сатыларына арналған сұрақтар көмегі арқылы талқылау,ойлы тұжырым жасауға мүмкіндік беру;

  • -Оқушылардың жаңа әдіс- тәсілге деген көзқарасын, пікірін білу.

Сабақтың мақсаты

Оқушыға берілетін тақырыпты тереңдете, жан –жакты әрі жеңіл түрде игерту.Оқушылардың өздігінше ізденуін дамыта отырып,сабақтың құрылысы, атқаратын қызметтеріне жалпы білім алуға қызығушылығын арттыру.


Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар сабақтың құрылысын нақты білулері тиіс.

  • Сабақтың түрлері мен түрөзгерін оқушылар түсінеді;

  • Сұрақтарды талқылауға қатыса алады;

  • Жоғарырақ деңгейдегі сұрақтарға жауап бере алады.

Негізгі идея

Сабақ-өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек

Тапсырма көздері



1-тапсырма.

Мәтінмен жұмыс



1- модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Жұптық жұмыс. (диалог арқылы оқыту)


2-тапсырма.

«Топтастыру стратегиясы» (топпен жұмыс)



5- модуль.талантты және дарынды балаларды оқыту.


Сергіту сәті.

3-модуль.АКТ


3-тапсырма. «Іздену,зерттеу, ой қозғау»

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Топтық жұмыс. Постер.



4-тапсырма: «Білгенге маржан» әдісі Жеке жұмыс. Сыни тұрғыдан ойлау


Бағалау

Топтық бағалау, жұптық бағалау, өзін-өзі бағалау

Кейінгі тапсырмалар

Венн диаграммасы

Рефлексия

«Жетістік ағашы»


Сабақтың этаптары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру
Сыныппен байланыс орнату

/1-мин./


Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту

/2- мин/


Топқа бөлу

/2-мин/


Сыныптың білім деңгейін анықтау

/1-мин/


Сабақ тақырыбын ашу

/2-мин/


-Қайырлы күн, оқушылар!

Бейсенбінің сәті

Сәттілікке толсын,

Бүгінгі алған бағаң

Кілең бестік болсын
Әрбір адам?

Әрбір сабақ?

Әрбір ісің?

Әрбір сөзің?



Өткен тақырыпқа шолу

  1. Өркен дегеніміз не?



  1. Буын, буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?



  1. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде?



  1. Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылықтарын талдаңдар?

Гүл суреттері арқылы топқа бөлу

Өсімдіктің бойлап өсер тірегі,

Көп мүшенің ішіндегі бірі еді.

Жоғары-төмен тұратұғын таратып,

Осы мүше өсімдіктің жүрегі.

Сабақ өсімдіктің қандай мүшесі?

Сабақ өсімдікке неге керек?




Шаттық шеңберде тұрады.

Досым, сыныптасым

Үйрену, оқу, іздену

Тірлік, тірек, адамдық

Шындық, бірлік, адалдық
Оқушылардың болжамды жауаптары:

-Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты айтамыз.


-Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін буын, ал бір буын мен екінші буынның арасын буынаралық деп аталады.

- Егер буынаралығы ұзын болса ұзарған өркен, қысқа болса қысқарған өркен болады.


-Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде ғана орналасады, одан өркен мен жапырақ өсіп шығады.Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады,оған гүлшанақтар бекиді.
Оқушылар гүл суреттері арқылы топқа бөлінеді.


Оқушылардың болжамды жауаптары:

Сабақ


Оқушылардың болжамды жауаптары:

Сабақ - өсімдіктің маңызды мүшесі.


Ол өсімдіктің барлық мүшелерін жалғастырады.Тамыр арқылы қорек жеткізеді.

Тұсаукесер

Қызығушылығын ояту

/2-мин/
Логикалық ойлауға жетелеу

/5-мин/


Түсіндірме жалпылама сұрақтар:

/5-мин/


Мұғалім.І.Жансүгіровтің «Жер түгі» өлеңінен үзінді оқу.

Тірек-сызбалармен жаңа тақырыпты түсінуге ықпал жасау. (слайд)

Солтүстік Американың күн гүлі қалай аталады?
Мына берілген сөйлемде қандай өсімдіктің аты бар? Сіз тұратын қала қай жерде орналасқан?
Мына жұмбақты шешіңіз. «Біреуін бердім,онын тердім».
Француз ханшасы қандай бақша өсімдігімен өзін әшекейледі?

-Балалар бүгінгі сабақта не айтылды?

-Сабақтың құрылысы туралы нені білдік?

-Өсімдіктің сабағы қандай болады?





Оқушылар слайд арқылы жаңа сабақты түсінеді

Оқушылардың болжамды жауаптары:

Күнбағыс.І Петр алып келген.


Қалақай

Тұқым


Картоп гүлі. Оңтүстік Америкадан Францияға әкелінген.

Сабақтың құрылысы,қызметі,түрлері туралы айтылды.

Сабақтың құрылысы 4 қабат: қабық, камбий,сүрек,өзектен тұратынын білдік.

-Тік, өрмелегіш, жатаған,қысқарған болады.



Негізгі бөлім

Түсіну үшін тапсырма



/3-мин/

Сергіту сәті:

/2-мин/


Топтарға бағыт беру

/10-мин/


Қорытынды шығару

/2-мин/

Жеке оқушымен жұмыс.

Дәптермен жұмыс /3-мин/



1-тапсырма.Оқушылар мәтінмен танысу. Әр топ постерде сабақтың құрылысын құрастырып шығады.

Сабақтың қызметі

Сабақтың түрлері

Сабақтың ішкі құрылысы

Сергіту сәтін орындату

2-тапсырма. Үш топта «топтастыру» стратегиясы бойынша жұмыстану.

1-топ: тамырсабақ

2-топ: түйнек

3-топ: пиязшық


3-тапсырма.

1-топ: Кестемен жұмыс

2-топ: Биологиялық диктант

3-топ: Кубизм әдісі


Әр топ берілген өсімдіктер туралы ақпарлама береді. «Білгенге маржан» әдісі.

1-топ:Бидайық, кактус,

2-топ: Жусан, картоп

3-топ: Бақбақ,пальма


Венн диаграммасы

1-оқушы:Түйнек,тамыр

2-оқушы:Тамырсабақ,тамыр


Оқушылар жұптық жұмыс жасайды.
Оқушылар сергиді.

Оқушылар топта «топтастыру» стратегиясын қолдана отырып постермен жұмыс жасайды.


Оқушылар сабақтың құрылысы мен ерекшеліктерін кестемен,биологиялық диктант, кубизм әдістері арқылы жұмыс жасайды.


Оқушылардың болжамды жауаптары:

Оқушылар өздері дайындап келген өсімдіктеріне сипатама береді

Оқушылар дәптерлеріне түйнек пен тамырдың, тамырсабақ пен тамырдың айырмашылықтарын жазады.


Қорытынды

Сабақтың басты сәттеріне тоқталу

/2-мин/


Рефлексия

/1-мин/
Бағалау

/1-мин/

Кейінгі тапсырма:


-Балалар бүгінгі сабақта не айтылды?


-Сабақтың құрылысы туралы нені білдік?

-Өсімдіктің сабағы қандай болады?

Кері байланыс. «Жетістік ағашы»

Смайликпен бағалау

Венн диаграммасы



Оқушылардың болжамды жауаптары:

-Сабақтың құрылысы, түрлері,қызметі туралы мағлұмат алдық.
Сабақтың құрылысы қабық, камбий,сүрек,өзек қабаттарынан тұратынын білдік.
Өсімдіктің сабағы тік,жатаған,өрмелегіш,қысқарған,шырмалғыш болып келеді.

Оқушылар кері байланыс жасайды.


Оқушылар бағалау бетшесіне смайлик жапсырады


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет