Сабақ/ ортақ тақырыптар: «Тәуелсіздік -қасиет тұнған ұлы ұғым» Р.Ғамзатов



Дата24.10.2018
өлшемі67.07 Kb.
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ/ ортақ тақырыптар:

«Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым»

Р.Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным»



Мектеп: Ембі қалалық № 4 жалпы білім беретін орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:Альменова-Жаимова Айгүл Қантөреқызы

Сынып:

Қатысқандар: 15

Қатыспағандар:0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С 1.

6.3.1.1.

Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып,тарихи және көркемдік құндылығына баға беру



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады:

Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Көркем шығарманы тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік сыни баға береді .

Бағалау критерийі

*Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портреттік мінездемені салыстыру.

*Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.



Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Кейіпкерлерді өзара салыстыра алады, өз ойын еркін жеткізе біледі, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді , сыни ойын білдіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ассамблея,авар,планета, «кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол», дағыстандық суретші,суретшінің анасы,автор

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша.....

Менің түсінуімше....

Менің түйіндеуімше ....

Сөз тіркестері :тіл мәселесі күрделі , тілдің астарында рух мәселесі жатыр, жер бетінде рухты халық жойылмайды.


Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Ақын өз өлеңдерінде қандай құдіретке тоқталып өтті?

2.Р.Ғамзатов шығармасымен үндес қай ақындарды айта аламыз?

3.Ақын шығармаларынан ақынның өз бейнесі қалай көрінеді?


Құндылықтарға баулу:

Өзгелердің мәдениеті және көзқарастарына құрметпен қарау ,мәдениет пен тілдің біртұтастығы , Елжандылық,толеранттық

Пәнаралық байланыс:

География,тарих,қазақ тілі

Алдыңғы білім:

5 минут

«Алаңдағы доп» стратегиясы

Оқушылар шеңберге тұрып,бір-біріне доп лақтырып,сұрақ қояды. Допты алған оқушы жауап береді,жауап бере алмаса ,келесі оқушыға дәл сол сұрақты қояды. Алдыңғы білімді пысықтайды.



ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

7мин

1.«Ой қозғау» стратегиясы

Мұғалімнің жетелеуші сұрақтары :

-Неліктен кез-келген ақын ана тілін жырға қосады?

-Ана тілі құдіретті ме?

-Ана тілім,өз тілім,дана тілім,ана сүтімен дарыған тіл деген тіркестерді қалай түсінесің?

- Туған тілдің адамды тірілтетін құдіреті бар ма?

- Ол құдірет кез-келген тілде бола ма?



2. «Пазл» әдісі (топқа бөлу)

Кеспе қиындылары арқылы пазлды құрастырады. Құрастыру барысында әр пазлдан тілге байланысты ребус шығады. Сол ребусты шешу арқылы 3 топқа бөлінеді.



1-топ «Ана тілім»

2-топ «Қазақ тілім»

3-топ «Дана тілім»





Ортасы

  1. мин

1 . Ж «Болжау кестесі»стратегиясы

Тапсырма 1 . Автор берген мінездемені кейіпкердің іс-әрекетімен салыстыр

Сұрақтар

Бөлім

Қандай мәселелер көтеріледі?

(не болады)

Шындығында қандай мәселелер көтерілді

(не болды)

«Ана тілі»







«Менің Дағыстаным»







Дескриптор : Портреттік мінездемені кейіпкердің іс-әрекетімен салыстырады

Қ/Б ым-ишара арқылы бағалау

2. ТЖ «Ұқсату және даралау»стратегиясы

Тапсырма 2Идеяны анықтап,тарихи және көркемдік құндылығына баға бер.

Дағыстан ақыны суреттеген өз елінің ерекшелігі әдет,әуенінде біздің елмен ұқсастық бар ма? Екі ел ақындарының дариядай дана түйіні неде? Бағалай отырып,салыстыр.



Дескриптор :

-Шығарма идеясын анықтайды.

- тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Қ/Б стикерлермен бағалау

3. ЖЖ «Салыстыру кестелері» стратегиясы

Тапсырма 3 Кестені толтырып, ойыңды дәлелде. Сыни пікір ұсын.

Ерекш-і

бөлім

Кейіпкерлері,олардың суреттеулері


Сюжеттік ерекшелігі

Сөз қолданысындағы ерекшелігі

Тақырыптың ерекшелігі

Негізгі идеяны ашудағы рөлі

«Ана тілі»
















«Менің Дағыстаным»
















Дескриптор :

  • кестені толтырып, ойын дәлелдейді;

  • сыни пікір ұсынады.

Қ/Б «Жұлдызымды саған сыйлаймын» әдісі арқылы бағалау



Соңы

13мин

1 . Бекіту «Атаулар туралы 3 сұрақ»

Сабақ барысында жаңа тақырып бойынша 3 сөзді тақтаға жазып,оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жауап аламын :



1 Қайда?

2.Қалай?

3.Қандай?

Үш сөз : Болашақ , Тіл, Халық

Рефлексия : «СМС хат жолдау»

Оқушы сабақтан әсерін түйінді 1-2 сөйлеммен бір-біріне смс хат түрінде жолдайды. Сабақтың ұнамды тұсы мен әлі де өзі үшін білгісі келетін қажетті ақпаратты жазу керек .





Қосымша ақпарат

Дағыстан халқы мен авар тілі туралы мәлімет жинақтау





Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіреміз?

Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс –денсаулық жəне

қауіпсіздік, АКТ-

мен байланыс,

құндылықтармен

байланыс (тəрбие

элементі)

Оқушылардың бейімі мен қабілетіне ,білім деңгейіне қарай жоспарладым. Оқушыларды әр түрлі топтарға бөліп,деңгейлеріне сай тапсырмалар орындаттым.

Оқыту нәтижесін анықтау мақсатында , сонымен қатар тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда,оқушы үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ете отырып бағаладым.

Өзгелердің мәдениеті және көзқарастарына құрметпен қарау, мәдениет пен тілдің біртұтастығы , Елжандылық,толеранттық құндылықтарға баулу .

Рефлексия.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарлаған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты орындалды. Бүгінгі сабақта оқушылар шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып,тарихи және көркемдік құндылығына баға бере алды. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі сабаққа сәйкес алынған тапсырмалар уақытымен орындалды. Жоспарыма ешқандай өзгерістер енгізген жоқпын. Уақытты тиімді пайдалана білдім.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.Оқушылармен сараланған жұмыс түрлері нәтижесін берді.

2. Өз ойларына сыни көзқараспен пікірлерін білдірді.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Болжау кестесі» стратегиясы

2. «Ұқсату және даралау» стратегиясы

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Жұмыс жасау барысында сабағымды бекіту сатысында «Атаулар туралы 3 сұрақ» стратегиясын алдағы уақытта өткізетін сабақтарыма қажет болуы керек екенін білдім.

2. Сараланған тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне сәйкес әкелу керек екенін қажет еттім.






Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет