Сабақ негізделген оқу мақсаттары Орфографиялық және орфоэпиялық норманы дұрыс қолдану



Дата05.04.2018
өлшемі67.51 Kb.
түріСабақ
Бейіс Бану,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылы

«Л. Н. Толстой атындағы орта мектебі»,

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

1.Орфографиялық және орфоэпиялық норманы дұрыс қолдану.

2.Cалт-дәстүрлерге байланысты атауларды игеру, мағынасын түсіну.

3.Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындай алу.


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.



Ресурстар

Оқулық, суреттер, постер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс,

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, музыка

Алдыңғы оқу

Отбасылық мерекелердің тәрбиелік мәні

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы


Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда бақыт,қуаныш,шаттық деген сөздер болу керек.

Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Сурете байланысты тілек» тренинг

оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған (жұлдызша т.б. )әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.


1-топ: бақыт

2-топ: қуаныш

3-топ: шаттық


Суреттер


Жаңа білім

10 минут



Қазақтың салт-дәстүрлері. Шарана шайқау, Кіндік шеше, Қыз айттыру, Табалдырық аттау, Құйрық-бауыр (салт), Жасау, Сәлем салу, Киіт, Түйе мұрындық, Есік ашар, Өңір салу, Құрсақ той, Жарыс қазан, Төркіндеу, Ілу салу, Қыз алып қашу, Құда түсу, Неке қияр

Сауын алу (салт) "Ердің күйін сұрама, жұрттан сауын сауған соң"("Ел аузы" кітабынан). Бұрын кедейлер мен малы аз адамдар ауқатты байлар мен жақын ағайындарынан сүтін пайдалану үшін сауынға деп құлынды бие немесе бұзаулы сиыр, кейде бірнеше қой, ешкіні де белгілі бір уақытқа сұрап алады. Сауынға алған малдың сүтін, май, қаймағын пайдаланып, қысқа құрт, ірімшігін дайындайды. Сауын тәртібі бойынша, алған адам малдың күйін төмендетпей және оның төлін де мезгілінде аман әкеліп тапсыруға кепілдік береді, шығын болса сөз айтпай төлейді. Сауын алудың ереже, тәртібі осындай, оған ешкім дау айта алмайды. Ертеректе кедейлер байлардан сауын беруге міндетті болған. Бұған ел ағалары мен ақсақалдары да араласып, ауқатты кісілерді осындай жәрдемге шақырып, ықпал етіп отырған. Бұл да қазаққа біткен қайырымдылық қасиетінің бір көрінісі екені анық.

Оқулық



Ортасы

10 минут



Қолдану

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Ортақ тапсырма: «Пкірлер» парағы әдісі

«Қазақ халқының ертеден келе жатқан аса үлкен тойы-ас беру» деген тақырыпта ойбөліс ұйымдастырады. 4-тапсырма бойынша дәптерлеріне жазады.



1-топ: бақыт

Жауабын жазады.



2-топ: қуаныш

Тексеріп, қосымша мәліметтер қосады.



3-топ: шаттық

Ұсыныс жазады.



Талдау

Оқушылар топ ішінде бір-бірімен пікірлесіп шешуіне болады.


«Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар,қалам.

Оқулықтағы мәтінді оқып алады.




Сергіту сәті

2 минут


Көркем гимнастикадан бір-екі әрекет жасайды.

Миды сергіту жаттығуын жасайды.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

8 минут


Синтез

«Сұрақ – жауап » әдісі

Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін атауға болады?

2-тапсырма.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты беріп тұрған сөздер қайсы?

Қазақ дәстүрлерінде қайырымдылық қалай жүзеге асқан?

(дәптеріне жазады)



Карточкада жазылған терминдер





Бағалау
3 минут
Кері байланыс

2 минут


Оқушы өзін-өзі бағалайды және топтар өзара бағалайды.


  1. Бүгінгі сабақта нені жақсы түсіндің?

  2. Өзіңді сабақта қалай сезіндің?

  3. Тақырыпты толық түсіндің бе? Жақсы, орташа, түсінбедім. Себебі?




Бағалау (дәптерге бағалау)
Кеспе қағаздарға жазып тапсырады.

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс







Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Үйге тапсырма: 6-тапсырманы оқып, мазмұндап келу.





Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет