Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 3 3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды



Дата01.03.2019
өлшемі94.03 Kb.
түріСабақ
Сатыбалдина Гулайым Магауиевна,

Қарағанды қаласы №59 ЖББОМ КММ

география пәні мұғалімі

Қазақстанда таралған топырақ типтері

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

  • 7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды;

  • 7.3.4.4 Топырақ қимасы қабаттарын сипаттайды, картасхема және диаграмма құра алады

  • 7.3.4.5 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде, топырақ жамылғысының зоналық заңдылықтарын түсіндіреді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Қазақстанның топырақ түрлерін біледі. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстармен жұмыс жасай алады.

Бағалау критерийі:

Дағдылар:

Білу, түсіну және

қолдану, талдау,

жинақтау,

бағалау

  • Қазақстанның топырақ түрлерін біледі.

  • Карталарды салыстырады, топырақ жамылғысы сызбасын құрайды, диаграммада көрсетеді, топырақтың кестесіне талдау жасайды

  • Қазақстанның топырақ ресурстарына баға бере алады,

алынған нәтижелерді диаграммаға салып өңдейді, топырақ жамылғысының зоналық заңдылықтарын түсіндіріп, қорытынды жасайды

Тілдік құзіреттілік

Пәндік лексика және терминология: топырақ түрлері, типтері,

топырақты жамылғысының және биіктік белдеулігінің зоналық заңдылықтары



Оқытудың тілдік мақсаты: Оқылым: Мәтінді оқи отырып Қазақстандағы топырақтың типтері мен таралуы туралы зерделейді.

Тыңдалым: Электронды оқулықтан, оқушылар өзара пікір алмасуы.

Айтылым, жазылым: Оқушылар Қазақстандағы топырақ ерекшеліктерін ауызша және жазбаша сипаттайды

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қазақстанның топырағы............өйткені.......Тыңдалым

Қазақстанның топырақ түрлері



Құндылықтарды дарыту

1.Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім. Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, 2.қоғамда білім мен ғылымдық, елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз. 3.өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау.

Ресурстар

Электрондық оқулық, bilimland.kz: «Жер қыртысының түрлері», оқулық, интербелсенді тақта, презентация, бейнефильм Ол кім, бұл не?,«Топырақ», «Көңілді күн» музыка, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, постер қағаздары, бағалау парағы, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау, ойын элементтері, блум таксономиясы, сұрақ-жауап, рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, биология, экология.

Алдыңғы тақырып

Биосфера. Топырақ және оның құрамы мен құрылымы.

Сабақ жоспарл

кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Басталуы 6 минут


1.Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты 4 топқа бөлу. 1 топ- орманды дала, 2 топ – дала, 3 топ- шөлейт, 4 топ - шөл зонасы

Топ бойынша бірін-бірі бағалау парағына бағалайды, бір дұрыс жауап1ұп



2.Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Табиғат үні» Музыка әуені ойнайды,



«Жылы лебіз» шаттық шеңбері орындалады.

Сабақ тақырыбы анықталады.

Мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.


Топтарға бөлінеді.

(топта бір-біріне сәттілік, тілек айтады.)

Презентацияда

Слайд 2,3,4,5,6,7


Ортасы 3минут

3мин


3мин

2 мин


3 мин

4 мин



І. Қызығушылықты ояту – еске түсіру «Кім жылдам»

1.Білу және түсіну 3 минут

  1. Биосфера дегеніміз не? (тіршілік қабаты)

2. «Биосфера» тіршілік бесігі деп атаған ғалым, табиғат зерттеушісі кім? (В.И.Вернадский)

3.Топырақ дегеніміз не? (жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты)


4..Жұқа топырақ қабаты алғаш қай кезде пайда болған? (кембрий дәуірі, 500 млн жыл бұрын )
5.Топырақтану ғылымының негізін кім қалады? (В.В.Докучаев)
6.Топырақ құрайтын факторларды ата (су, ауа, өсімдік, тірі ағзалар, жылу)

7.Топырақтың құрамы неден тұрады? (қарашірік, тау жынысы, су, ауа)


8.Шұбалшындар топырақты қалай өңдейді? (Асқазан шырынымен шылап,өңдейді)
9.Құнарлы топырақ қандай топырақ? (құрамында қарашірігі басым)
10.Құрылымсыз топырақ қандай? (құнарсыз, қарашірігі жоқ)

Тыңдалым: дерек көз Бейнефильм Ол кім, бұл не? «Топырақ» көрсетіледі

Тапсырма картамен жұмыс, сұрақты топтарға бөлу

1 топ:

  1. Картаға қарап, Қазақстан бойынша және өздеріңнің тұрған жерлеріңде қандай топырақ түрлері бар екенін айтыңдар?

2 топ:

  1. Физикалық және топырақ карталарын салыстырыңдар. Топырақтың өзгеруіне жер бедерінің қалай әсер ететінін түсіндіріңдер ?

3 топ:

  1. Не себепті топырақтың құнарлылығы оның ең маңызды және негізгі қасиеті болып саналады?

4 топ:

  1. Топырақ картасына қарап, топырақтың жазық аумақта, әлде тауларда көбірек орналасқанын көз мөлшерімен анықтаңдар?

Жаңа сабақ материалы

Оқылым. Жаңа сабақ бойынша ақпарат алу, дереккөздері: Тыңдалым, көрсетілім: Электрондық оқулық: «Топырақ»

Дидактикалық материал 4 топқа беріледі

Білу, түсіну 5 минут

Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде).



Қара топырақты зона
Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.

Қара қоңыр топырақ зонасы
Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона. Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі.

Сұр қоңыр топырақты зона
Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.

Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сібір ойпатынан оңтүстіктегі Алатау өңірлеріне дейінгі аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейінгі 3000 км-ге жуық өңірлерді әр түрлі топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзіліп, орналасуы географиялық белдемділік, зоналылық заңына байланысты орналасқан. Мысалы, Қазақстанның 86% жерін алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі ендік зоналылық заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерін алып жатқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы алқаптарында — тік белдемдік (биіктік белдеулік) заңына сәйкес болады.



ІІ. Мағнаны ашу.

3.Қолдану, талдау тапсырмаларын орындау, Постер жасату

Жазылым, айтылым

Сыныптағы қатар бойынша оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа оқулықтан топырақ типтері туралы мәлімет алып, түсінік айту, картадан сол аймақтарды табу тапсырмасы беріледі.



1 топ: Қазақстанның топырақ жамылғысының негізгі 3 типін зонасын, жазық бағытта және таулы аймақта таралуын сызбамен көрсет?

2 топ: Қара топырақты зонаны зона аралығына бөліп, сызбамен түсіндір?
3 топ: Қара қоңыр топырақ зонасын зона аралығына бөліп, сызбамен түсіндір?

4 топ: Сұр қоңыр топырақты зонаын зона аралығына бөліп сызбамен түсіндір?

Слайд 8

сұрақ-жауап

уақытқа жылдам жауап беру



БП- бағалау парағына 1 ұпаймен бағалайды

Дереккөздер: Бейнефильм

Ол кім, бұл не?

Электрондық оқулық: «Топырақ»

Көреді, тыңдайды.

Картаман жұмыс, жылдам ауызша жауап береді.

Бұрынғы білім мен жаңа сабақ материалымен байланыс жасалады. БП



Электронды оқулық: «Топырақ»

Дидактикалық материалмен жұмыс «Қазақстанның топырақ жамылғысы типтері» жұмыс жасайды

Слайд-9,10

Постер жасайды

өз ойларын постерге жазып сызып көрсетеді, бірін-бірі тексереді,.



1т-2т, 3т-4т БП

Тақтада постер қорғайды.



Слайд - 12

Топырақ түрлері



Сергіту сәті

2 минут


«Көңілді күн» ән тыңдап, жаттығу жасап, билейді



Сергіту жаттығуын жасайды

Слайд-12



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет