Ұ. Тақтаға 10 оқушыны шақырамын. Соңғы оқушыға 3 жемістің суретін беремін.
Сіздер жеміс ағаштарысыздар. Барлығы қанша?
Қанша ағаш жемісі жиналмаған?
Олар – 1 ағаш
Нешеуі жиналған?
Олар – 9 жеміс ағашы
10 санын қалай шығарып аламыз?
Он санының сандық сәуледегі орны қай жерде?
Жіпке, яғни сандық сәулеге 10 санын орналастырайық.
10-ға дейін тура санау
10 санының басқа сандардан қандай айырмашылығы бар?
10 саны неше цифрдан тұрады?
10 саны 1 және 0 цифрларынан құралғандықтан, екі таңбалы сан деп аталады.1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 – бір таңбалы сандар.
Түсіндіріп көрші?
Тура, кері санайықшы.
Адамның дене құрылысында 10 санына тең қандай мүшеміз бар? (қолдың саусақтары, аяқтың башпайлары).
«Еркін микрофон» әдісі арқылы орындалады.
Ұ. Оқулықпен жұмыс. Суретте барлығы қанша сан бар?
Бір таңбалы сандар нешеу?
Екі таңбалы сандар нешеу?
Ж. Оқушыларға жұппен жұмыс орындату
Сандарды салыстыру <, >, = белгілерін қой.
Тапсырманың қорытындысын шығарып салыстырады.
Қай жазу басқаларынан өзгеше? Неліктен? Өзара бағалау
Т. Қанша жеміс бар?
Топтағы оқушыларға барлық жемісті 10 данадан жинау керектігін тапсырамын (ауызша орындату).
ҚБ Бас бармақты жоғары немесе төмен (қолдаймын, қолдамаймын).
Суреттер салынған қағаздарды балаларға таратамын, «Қар кесегі» ойынын ойнай отырып, он санына қатысты суретті табады.
Дәптермен жұмыс
Ө. Сандарды сандық сәулеге жаз
Әр қапта 10 көкөніс болатындай толықтыруға тапсырма ұсынылады
М.К. 10 санын үлгі бойынша жазу, слайд арқылы көрсету
Ж. «10 санын әртүрлі тәсілмен ал» тапсырмасын орындату
Қ тапсырма
Тапсырма1
Моншақтағы сандар тізбегін толықтырыңыз.
Дескриптор: Білім алушы:
тізбектілікті сақтай отырып, белгісіз сандарды жазады
2-тапсырма
Үлкен доптарды және кіші доптарды санап, бос торкөздерге жазыңыз. Сандарды салыстырыңыз.
Дескриптор: Білім алушы:
- Үлкен доптардың санын анықтайды және сәйкес цифрмен
жазады;
- Кіші доптардың санын анықтайды және сәйкес цифрмен
жазады;
- Сандарды салыстырады және салыстыру таңбасын дұрыс
Қояды.
-
Орындап көр. Білім ленд тапсырмаларын ауызша орындайды.
|